Музыкалық кеш сценариі Біздің өміріміздегі әндер

Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Біздің өміріміздегі әндер»

атты

мектепалды, ересектер топтары мен ата-аналар арасында өткізілетін

музыка кешінің сценариі.

Би: «Қаражорға»

Жүр: Құрметті балалар,ата-аналар! Бүгін біз сіздермен күнделікті радиодан, теледидардан, немесе тойларда, мектепте, балабақшада айтып жүрген әндеріміздің музыкасын жазып жүрген композитор аға-апаларымыз, ата-әжелеріміз туралы айтамыз. Сазгелерді екі жікке бөлуге болады: олар халық композиторы және кәсіби композитор. Халық сазгерлері байлардың әділетсіздігіне көнбей оларға күштері жетпегесін өздерінің реніштерін, айтатын ойларын күй арқылы, музыка арқылы жеткізіп отырған.Сол кездегі көне өлеңдерді, күйлерді біздің заманымызға халық құлақпен есту арқылы, есте сақтап кейін бұл шығармалар нотаға түсіріліп, міне осы күнге дейін жеткен екен. Ал кәсіби сазгерлер осы салада әдейі білім алып, оны қорғап, нотаға салып, көркемдеп халыққа жеткізеді екен.

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй- деген екен ақын, ақын, жазушы және халық композиторы Абай Құнанбаев атамыз. Нұрғиса Тілендиев Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген композитор, дирижер. Оның қаншама балаларға арналған әндері, арнау күйлері бар. Кеңес Дүйсекеев композитор, музыкант, көптеген шығармаларын балабақшадағы , мектептегі балалар сүйсіне орындайды. Құрманғазы, Дина Нүрпейсова, Дәулеткерей, Е.Хасанғалиев т.б. көптеген композиторларымыз туралы қазір айтамыз, өйткені өткізгелі отырған осы музыкалық кештің тақырыбы «Біздің өміріміздегі әндер» деп аталады.

Бұл кештің мақсаты:

1. Халық және кәсіби композиторларымен таныстыру. Олардың шығармаларымен таныстырып, шығармаларының аттарын естеріне сақтап, суреттерін көрсетіп таныстыру. Музыка жанрларын бала жасынан бойына, санасына сіңіре білу.

2. Баланың ән салуға қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру, балабақша өміріне, оқу-тәрбие жұмысына, бірлескен шығармашылық іс-әрекет түрлеріне белсене қатыстыру.

3.Қазақ және басқа да халықтардың музыкасын әндерін және халық әндерін, шығармаларын тыңдау,баланың өнерлі жан-жақты өсуі үшін мүмкіндіктер жасау. Ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты жалғастыру.

Мемлекеттік стандарттың «Отбасы тәрбиесін ұйымдастыру»бөлімі

Осы кешке 2 топтың арасынан бірнеше ата-аналар мен балалар келіп отыр.Ендеше кезекті қатысушыларымызға береміз.

12 «Алақай» ересектер тобы ортаға шығып,қандай композиторлар туралы айтасыздар, оның атын, шығармаларын атап оқыңыздар және орындап берулеріңізге де болады.

1.Амина

2.Лаура

3.Шоқан

4.Ажар

Жүргізуші:Балалар мына әннің музыкасынан үзінді тыңдаңдаршы сіздерге таныс па?

-Ия!

-Бұл қандай ән?

-Ана туралы ән

-Бұл әннің музыкасын жазған сазгер кім ?

Балалар: А.Филиппенко

Жүргізуші:Кәне, осы әнді шырқап жіберейік.

Ән: «Жан Анашым», А.Филиппенко

Жүргізуші:Ал енді кезекті ата-аналарымызға берейік, осы кешке не дайындап әкелді екен.

(ата-аналар композиторлардың өмір-баяны мен шығармашылығынан буклет жасап әкелгендерін көрсетеді, таныстырады)

Жүргізуші: №11 «Ақбота» мектепалды даярлық тобының ата-аналарын ортаға шақырайық. Дайындап келген сазгерлеріңдің атын, өмір баянын баяндап беріңіздер.

1.Дәулет

2.Нурислам

Жүргізуші:Құрметті ата-аналар мына ноталарды мұқият тыңдаңызшы сіздерге таныс па?

-ия!

-қандай ән естеріңізге түсті?

-қазақтың халық әні «Қамажай»

-ендеше осы биді ортаға шығып билеп беріңіздер

Ата-аналардың орындауында «Қамажай» биі

Жүргізуші:Балалар сіздер тосын сыйды жақсы көресіңдер ме?

Балалар:Ия!

(«Скрипка» кілті кіреді).

Салеметсіздер ма ата-аналар, балалар, Ләззат Зуруллақызы!

-Бар нотаның анасы,

Скрипка кілті мен боламын.

Көңілді, мұңды әуендер,

Үнімнен тербеп ағылар.

Әдемі әсем әуендер,

Бойымнан менің табылар.

Әуен басшысы мен боламын,

Баршаңыз іздеп сағынар!

Жүргізуші:Сәлеметсің бе Скрипка кілті. Біздің балаларымыз әнші,өнерлі. Біздің осы кешімізге келгеніңіз қандай жақсы болды.Біздің өнер сүйер қауымға не әкелдің?

Скрипка кілті:Дұрыс айтасыз Ләззат Зуруллақызы! Мен бір музыкалық ойын ойнатайын. Кәне мына жерге дөңгелене отырыңдар.

Музыкалық ойын « Оркестр»

Жүргізуші:Жарайсыңдар Скрипка кілті, ойының көңілді екен.

Балалар:Рахмет!

Скрипка кілті: Балалар,мен енді ата-аналармен «Әуенді тап» ойынын ойнағым келіп тұр! Музыканы, әндерді тыңдайсыздар, сазгерлердің әндерін біліп жүрсіздер. Қазір осы ата-аналар екіге бөлінеді. Мына экранда бірнеше композиторлардың суреттері тұр.Таңдаған композитордың әндерінен үзінді тыңдайсыңдар, соны атайсыңдар, әннің аттарын білмесеңдер сөзін айтып беруге болады. Бұл ойынның шарты мынадай: Мыс: Ш.Қалдаяқовтың әні: 1 ата-ана былай дейді: мен мына әнді 7 нотадан білемін,2-шісі: ал мен бұл әнді 5 нотадан білемін,1-шісі- ал тауып ал. Әннің 5 нотасы ойналады, шешсе ұтқаны, шешпесе 2-ші үміткер айтады.

Шамшы Қалдаяқов :

1. «Арыс жағасында»

2. «Ақ бантик»

3. «Кешікпей келем деп ең»

Абай

1 «Көзімнің қарасы»

2. «Айтым саған, Қаламқас!»

3. «»Желсіз түнде жарық ай

Шаинский

1. «Голубой вагон»

2. «Чебурашка»

3. «Дружба крепкая»

Ойын бірнеше рет ойналады.

Жүр: ойын қызықты өтті, рахмет!

Скрипка кілті: Рахмет, құрметті ата-аналар, балалар! Қазақтың халық сазгерлерінің әндерін, күйлерін тыңдап, біліп жүріңіздер. Өнерлеріңіз үстем болсын! Менің сіздерге ең қымбат сыйлық кітап әкелдім. Сау болыңыздар достарым! (қатысқан топтарға бір-бірден кітап сыйлайды)

Балалар:Рахмет!

Жүргізуші: Дүние есігін ашады өлеңменен,

Өлеңмен жер қойныңа кірер денең.

Қадірін, қасиетін білгенде сен,

Өнерің сақталады бойыңда тұл!- деп Абай атамыз айтқан екен.

Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздердің балаларыңыз ертең өседі, әр бала өздері таңдаған маман иелері болады,шет елге барып жұмыс жасайды, мейлі олар музыкант болмасын,бірақ қайда жүрсе де өзіміздің қазақтың халық күйлері «Балбырауын», «Еркесылқым»-ды тыңдағанда ұлы халық композиторлары Құрманғазы, Тәттімбет, Қазанғап, Динаның шығармалары екенін біле жүріңіздер. Бұл сіздердің сауатты, жан-жақты екендеріңізді көрсетеді.Бүгінгі ұйымдастырылған музыка кешінен алған әсерлеріңіз көп деп ойлаймын, өйткені біздің балаларымызға осындай шараларды жиі өткізу керек, қазақ және басқа да халықтардың музыкалық шығармаларын білу, тыңдау, жаттау, сіздердің,балаларыңыздың шығармашылық өсуі үшін біздің балабақша бар мүмкіндіктерді жасайды.

Бүгінгі «Біздің өміріміздегі әндер» атты музыкалық кеш өз мәресіне жетті.

Хор: «Атамекен» Е.Хасанғалиев

Ат салысып қатысқандарыңыз үшін сіздерге көп-көп рахмет!Сау болыңыздар!









(« Скрипка» кілті кіреді).

Скрипка кілті:Сәлематсыздар ма ата-аналар, балалар,

Ләззат Зуруллақызы!

-Бар нотаның анасы,

Скрипка кілті мен боламын.

Көңілді, мұңды әуендер,

Үнімнен тербеп ағылар.

Әдемі әсем әуендер,

Бойымнан менің табылар.

Әуен басшысы мен боламын,

Баршаңыз іздеп сағынар!

Жүргізуші:Сәлематсың ба Скрипка кілті. Біздің балаларымыз әнші,өнерлі, тапқыр,мәдениетті,инабатты, шығармашыл. Біздің осы кешімізге келгеніңіз қандай жақсы болды.Біздің өнер сүйер қауымға не әкелдің?

Скрипка кілті:Дұрыс айтасыз Ләззат Зуруллақызы! Мен сіздердің балаларыңызды, ата-аналарыңызды сынауға келдім. Бірнеше музыкалық ойындар әкелдім, қазір балаларды ойнатайын. Кәне мына жерге дөңгелене отырыңдар.

Музыкалық ойын «Домбыра»

Жүргізуші: Жарайсыңдар Скрипка кілті, ойының көңілді екен.

Балалар:Рахмет!

Скрипка кілті: Балалар,мен енді ата-аналармен ойын ойнағым келіп тұр! Музыканы, әндерді тыңдайсыңдар, сазгерлердің әндерін біліп жүрсіңдер. Қазір осы ата-аналар екіге бөлінеді. Мына экранда бірнеше композиторлардың суреттері тұр.Таңдаған композитордың әндерінен үзінді тыңдайсыңдар, соны атайсыңдар, әннің аттарын білмесеңдер сөзін айтып беруге болады. Бұл ойынның шарты мынадай: Мыс: Ш.Қалдаяқовтың әні: 1 ата-ана былай дейді: мен мына әнді 7 нотадан білемін,2-шісі: ал мен бұл әнді 5 нотадан білемін,1-шісі- ал тауып ал. Әннің 5 нотасы ойналады, шешсе ұтқаны, шешпесе 2-ші үміткер айтады.

Ойын бірнеше рет ойналады.

Жүргізуші: ойын қызықты өтті, рахмет!

Скрипка кілті: Рахмет, құрметті ата-аналар, балалар!Қазақтың халық сазгерлерінің әндерін, күйлерін біліп жүріңдер. Өнерлерің үстем болсын деп менің сендерге әкелген сыйлығым бар,топтарыңа барып апайларыңмен бірге балалар әнін шырқаңдар.Сау болыңдар достарым!(қатысқан топтарға бір-бірден кітап сыйлайды)















Балаларға арнап музыка шығаратын композиторлар:

1.Қ.Қуатов

2.Н.Тілендиев

3.Шаинский

4.А.Филиппенко

5. Д.Кабалевский

6.К.Дүйсекеев

7.Ғ.Тамендаров

8.Құрманғазы

9.Дина Нүрпейсова

10.Дәулеткерей

11.Е.Хасанғалиев

12.А.Крылов

13.А.Красев

14. Бертман

15.Ө.Байділдаев

16.Е.Құсайынов

17.П.Чайковский

18.Б.Дәлденбаев

19.Л.Хамиди

20.Ә.Бейсеуов

21.Д.Омаров

22.Б.Ерзакович

23.Е.Өміров

24.И.Нүсіпбаев

25.Б.Ғизатов















© 2010-2022