Домбыраға арналған ашық сабақДинамикалық белгілермен жұмыс

Раздел Музыка
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Домбыраға арналған ашық сабақДинамикалық белгілермен жұмысДомбыраға арналған ашық сабақДинамикалық белгілермен жұмысДомбыраға арналған ашық сабақДинамикалық белгілермен жұмысДомбыраға арналған ашық сабақДинамикалық белгілермен жұмысҚазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі



Ашық сабақ

«Динамикалық белгілермен жұмыс»



Өткізген: Ыбрашева Г.Д



2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Динамикалық белгілермен жұмыс»

2 сынып Жолдасбаев Саят

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Әнді ойнаған кезде динамикалық негізді орынды пайдалана отырып, нотаны бірден оқып ойнау арқылы техникасын орындаушылық шеберлігін жетілдіре түсіру .

Дамыту: Оқушының бойында музыкалық қабілетінің дамуына себепші болу,ырғақты сезіну,ести білу және есте сақтау қабілеттерін,аспапта ойнау шеберлігін шыңдау.

Тәрбиелілігі: Оқушының зейін жинақылығын қалыптастыру және оның тапсырманы ұқыпты меңгеруге тәрбиелеу,сабаққа жауапкершілікпен қарауға және ұқыпты болуға үйрету.

Сабақ типі: Жаңа сабақ

Сабақ көрнекілігі: Буклет.

Сабaқ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасы: His dur гаммасын штрихтар мен арпеджиосына қол

жүргізу

Л. Хамиди Этюд-1 жатқа ойнау.

Мұғалім сөзі: Біз ән-күйді не болмаса шығармаларды ойнаған кезде оны өз мәнінде ойнауымыз керек. Аспапты ойнау кезінде ондағы динамикалық белгілерді де ескеруіміз қажет. Олай болса бүгін біз осы динамикалық белгілермен кеңінен танысатын боламыз.

Жаңа сабақ: «Динамикалық белгілермен жұмыс»

Динамика дегеніміз (гр тілінен аударғанда-күшейту)-дыбыс күшін азайту немесе арттыру дәрежесі. Шығарманың мазмұны мен табиғи болмысы, орындаушылық ерекшеліктері мен дыбыс күшейту немесе азайту дәрежесі динамикалық белгілер арқылы көрсетіледі. Динамикалық белгілер орындау мағынасын білдіретін итальян сөздерінің бас әрпімен (кейде арнайы белгілермен де) белгіленеді.


Негізгі динамикалық белгілер


Айтылуы

(итальянша)

Жазылуы

(таңбасы)

Мағынасы (қазақша)

Форте

f

Қатты, күшті

Пиано

p

Ақырын, жай

Меццо-форте

m

Орташа, күшпен

Меццо-пиано

mp

Ақырын

Фортиссимо

ff

Өте күшті, қатты

Пианиссимо

pp

Өте ақырын, жай

Крещендо

Бірте-бірте күшейте

Деминуэндо

Бірте-бірте азайта

Сфорцандо

sf

Кенеттен күшейтіп

Бүгін біз жаңа сабақта орыс композитор Василий Сергеевич Калинниковтың «Тырна» әнінде кездесетін динамикалық белгілермен жұмыс жасаймыз.

Василий Сергеевич Калинников

13 қаңтар 1866 - 11 қаңтар 1901

1866 жылы 13 қаңтарда Орлов облысында, Мценской ауданында шенеулік отбасында дүниеге келген. Әкесі хор ұйымдастырушысы, дирижер болған. Өзі Орлов үрмелі семинарында білім алады. 1884 жылы Консерваторияның дайындық класна түседі. Алайда, оқу ақшасын төлеу алмағандықтан көп оқымай оқудан шығып кетеді. Оған қарамастан ол Музыка драма училищесіне түсіп, онда фагота и композиции класын 1891 жылға дейін оқып шығады. Оның ұстаздары С.Н. Кругликов , А.А. Ильинский, П.И. Бларамберг болды. Калинников Москва университетіндегі В.О. Ключевскогоның лекцияларын тыңдап жүрді. Оған тапшы болғандықтан ол театр оркестрінде скрипка, фаготе аспабында ойнап, нота жазумен айналасты. Оған көмек берген музыка дәріптеуші Пётр Чайковский оған театрда дирижер болуға ұсыныс тастайды. Сонымен қатар ол жеке музыка әдебиеттен сабақ береді.1893 жылдың күз айында денсаулығы нашарлап ол Крым қаласына кетіп, қалған өмірін сол жақта өткізіп, сол жақта шығаршылығын жалғастырды.

Бүгін біз Василий Сергеевич Калинниковтың «Тырна» деген пьесасымен танысатын боламыз.

Сергіту сәті: Қимыл қозғалысты жаттығу

Альтерация белгілері : Фа, до, соль диез. A dur гаммасында жазылған.

Өлшемі: 2/4

Пьеса тез ойналады. Пьесада кездесетін динамикалық белгілер пиано, меццо-форте, крещендо, форте, деминуэндо.

Олай болса «Тырна» пьесасын жақсылап тыңдап алайық.

Дамыту: В.С Калинниковтың «Тырна» пьесасын нотамен талдау.

Бекіту: 1/ В.С Калинников қай жылы дүниеге келді?

2/ Динамика дегеніміз не?

3/ Пьесада қандай динамикалық белгілер кездеседі?

Қорытындылау: Бүгінгі сабақты қорыта келе, орыстың талантты композиторы В.С Калинниковтың өмірі мен «Тырна» пьесасын үйрендік. Пьесада кездесетін динамикалық белгілермен кеңінен таныстық.

Қазақтың киелі домбырасында тек ән-мен күй орындап қана қоймай әр елдің пьеса, шығармаларын шебер орындауға болатына көз жеткіздік. Киелі аспапты меңгеру, оқушының домбыраға деген қызығушылығын арттырып қана қоймайды, одан әрі шебер орындау және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін мұрагер болатынына сенімім мол.

Үй тапсырмасы: В.С Калинниковтың «Тырна» пьесасын белгіленген жерге дейін ойнау.

Бағалау:





© 2010-2022