«Музыкалық жанұя» байқауы балабақшада

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер, әріптестер және біздің кішкене бүлдіршіндер! Біз сіздерді «Музыкалық жанұя» атты музыкалық байқауымызда  көргенімізге қуаныштымыз. Ал, онда байқауымызды бастайық. Бүгінгі байқауымызға қатысушылар біздің бөбекжайымыздың ортаңғы «Ақбота» тобының бүлдіршіндері мен ата – аналары. Ал, олай болса, бүгінгі сайымызды бастамас бұрын, жеребе тастау арқылы қатысушыларымыздың реттік нөмірлерін реттеп алған болатынбыз.   Қарсы алыңыздар! 1. Жұмабек Саялы, а... Жүргізуші:  Ой, бізге қонақ келіп қалыпты ғо. Сәлеметсіз бе? Күлдіргі: Сәлеметсіздер ме? Мен қалып қойған жоқпын ба? Жүргізуші:  Қайдан қалып қойдыңыз? Күлдіргі: Мен музыканттар байқауына кешіккен жоқпын ба? Жүргізуші:  Сіз біздің байқауымызға асығып келсеңіз, онда кешіккен жоқсыз.  Бірақ, бүгін бізде музыканттар байқауы емес, музыкашыл жанұялар байқауы өткелі жатыр. Күлдіргі: Енді не істеймін? Мен мұнда бекер келдім бе? Жарайды, кетейін онда. Жүргізуші:  Жоқ, әрине, ешқайда кетудің қажеті жоқ, ... Әділқазылар қорытындысы. 3 кезең: Әнді тап (бірнеше әнді тауып, жалғасын айту) Қатысушылар балалар әнінің үзіндісін тыңдайды, мен реттік нөмірі бойынша айтып жасырамын, ал егерде ол қатысушыларымыз таба алмай қалған жағдайда,  басқа қатысушыларға мүмкіндік беріледі, олар әнді тапса қол көтеріп айту керек. Және ол әнді жалғастырады. Әділқазылар қорытындысы. 4 кезең: Жаңылтпаш, мақал -  мәтелдер (балалар өнер, шығармашылық туралы мақал – мәтел жаттап келу) Ата – аналарға жаңылтпаш айтамын, соны жылдам айтып беру керек. Ал, балалар шығармашылық, өнер туралы мақал – мәтелдер жаттап келу керек. Мақал – мәтелдер 1.Өнерлі өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар. 2.Өнерлі өрге жүзер. 3.Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер. 4.Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын. 5.Өнерлі бала сүйкімді. 6.Өнер білсең – өлмейсің. 7.Өнерді үйре... Әділқазылар қорытындысы. Жүргізуші: Өнер білім еңбекке, Жақын болар ұрпақпыз. Он саусағы майысқан, Шебер болар ұрпақпыз, -дегендей, 5 кезең: Үй тапсырмасы (үйден музыкалық аспап жасап әкелу және сол аспаппен ән орындау) Әділқазылар қорытындысы. Қорытынды шығару. Жүргізуші:   Сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі. Әділ қазылар алқасы дайын болғанша, музыкалық сәлемдемені тарту етеміз. Ересек «Раушан» тобыны... Жүргізуші: Біз бөбекжайымызда осындай дарынды отбасылардың бар екендігіне қуаныштымыз және барлықтарыңызға: қатысушыларға,  көрермендерге біздің мерекемізге белсене қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Күлдіргі (балаларға шар таратады):Сіздерге ғажайып байқау үшін мың алғыс. Енді менің сиқырлы қалама қайтатын уақытым болды. Жүргізуші: Жоқ, күлдіргі, сіз бізбен бірге би билеңіз, сосын барасыз. Әйтпесе, біздің бүлдіршіндер ренжейді ғо. Солай ма, балалар? (қатысушы балаларға қарап) Күлдіргі: Жа... Жүргізуші: Бөлендік сырлы әуенге сиқырлы, Өмір жолы, білесің ғо, сан қилы, Жүрегінде ән ойнаған жандардың Алда әлі болашағы, сан жылы.   Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар, Барымен шат –шадыман болыңыздар. Қоштасайық келесі кездескенше, Әрдайым сау – саламат болыңыздар!              
Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат jpg
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
© 2010-2022