«Ән-көңілдің ажары» ән байқауы

«Ән-көңілдің ажары» ән байқауы.Мақсаты:Мектебіміздегі әнші,өнерлі оқушыларды анықтау. Құрметті көрермендер, ұстаздар,балалар. Бүгін өзін-өзі тану апталығына арналып өткізілгелі отырған «Ән-көңілдің ажары» ән байқауына қош келдіңіздер!1-жүргізуші: Көңілдері марқайып бір қалсыншы Өнерпаздар шырқап әнге салсыншы.2-жргізуші:Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздегі береке мен тыныштық мәңгі жасасын. Иә қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен. «Сал, сері» деген атаулар бері...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ән-көңілдің ажары» ән байқауы.

Мақсаты:Мектебіміздегі әнші,өнерлі оқушыларды анықтау.
Құрметті көрермендер, ұстаздар,балалар. Бүгін өзін-өзі тану апталығына арналып өткізілгелі отырған «Ән-көңілдің ажары» ән байқауына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Көңілдері марқайып бір қалсыншы
Өнерпаздар шырқап әнге салсыншы.
2-жргізуші:
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздегі береке мен тыныштық мәңгі жасасын.
Иә қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен. «Сал, сері» деген атаулар беріп ыстық ықыласқа бөлеген.
1-жүргізуші:
Менің ойымша оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім мен шеберлікті қажет етеді.
Ендеше біздің мектебімізде осындай өнерлі балалар бар ма?
2-жүргізуші:
Олай болса тұрмайық байқауымызды бастайық.Әділ баға беретін Әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1- жүргізуші:

Ауылымның аңсаймын,

Таңғы жұпар ауасын.
Шаршағанда жаныма,

Өзің ғана дауасың,- деп ақындарымыз жырлағандай ортаға «Бұлқынды жүрек» әнімен Оралғазин Нұрасылды қарсы алыңыздар.

2- жүргізуші:

Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.

Сахна гүлін ортаға шақырайық,ортада Тамен Айдина «Аппақ гүлдер»әнімен, тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:

Орындап ата-ана өсиетін
Баламын жасы үлкенге бас иетін
Паш етем ер жеткен соң бар әлемге
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін,

-ортаға Семейханова Аяулымды «Армансыз күнің болмайды»әнімен шақырамыз.

2-жүргізуші:

Қазақ халқында әншілік, бишілік, сазгерлік, ақындық қасиеті тоғысқан сегіз қырлы бір сырлы жандарды «өнерлі» деп атаған.
Ендеше осы өнер қайдан шығады.

1- жүргізуші:
Сен бір нәрсені айтпай тұрсың. Қазақта «Асыл тастан, өнер жастан» деген мақал бар. Қай өнер болса да жастайынан машық болу керек.Әрине бар.
2-жүргізуші:

Жас дәуірдің түлегіміз,

Ән салу біздің өнеріміз

Әрқашанда аман бол,
Осы біздің тілегіміз- дей келе сахнаға Нұрахметова Жансаяны шақырамыз

«Жаса, Қазақстан!» әнімен,қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:
Сахнада ән сап жүреді,
Еркежанды бәрі біледі.
Қазіргі бізге тартуы,
«Мерекең» Әсем әні де.
Жақсыбекова Еркежан «Мерекең» әнімен, қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:

Достық, достық жасасыншы мәңгілік,
Достықты жүрейік тек ән қылып.

-дей келе,Бекетаева Дильназ,Берікқалиева Еркежан,Аскербекқызы Зейнеп «Алтын бесік» әнімен қарсы алыңыздар

  1. жүргізуші:

Татулық пен достық біздің Отанды,
Жарастырсын бейбітшілік сән құрып.

Асанова Мөлдір «Туған ел» әнімен тамашалаңыздар!

2- жүргізуші:
Ертең-ақ мен ержетіп,
Әншілердей боламын.
Үлгі тұтып жақсыны,
Менде әнге саламын,- Назарбаева Еркежан,Тохтахунова Тахмина,Оралғазина Айым «Туған жер» әнімен қарсы алыңыздар.
1- жүргізуші:
Енді «Ән-көңілдің ажары» байқауының жеңімпазын анықтау үшін ортаға әділқазы алқаларын шақырамыз.Әділқазылар ең жақсы ән орындаған балаларды айтып, алғыс қағазбен марапаттайды.

2-жүргізуші:Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар,баршаңызға көп рахмет!!!


«Ән-көңілдің ажары» ән байқауы.

«Ән-көңілдің ажары» ән байқауы.

© 2010-2022