Өнерін өрлеткен топ 6 сынып

Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:


Пәні :

Музыка

Сыныбы:

6

Уақыты:


Тоқсанның тақырыбы:

Өнер тұлғалары 10

Сабақтың тақырыбы:

Өнерін өрлеткен топ.

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Қазақтың халық ұлттық топтардың құрылуы, оның іргетасын қалаған өнер қайраткерлері туралы түсінік беру.


Б)Коммуникативтік

Топтардың әлемдік деңгейдегі құдыреттілігін ұғындыру, өнер қайраткер-

лерінің оркестр құрудағы қолтаңбаларын бағалауға үйрету, өнер

қайраткерін өнері мен еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.


В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Оқушылардың ұлттық топ ұжымдары туралы түсініктерін қалыптастыру, музыкалық қабілетін жетілдіру.

Түрі:

жаңа материалды түсіндіру

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік технология

Әдістер:

Музыка тыңдау, ән айту, тапсырмалар, сұрақ- жауап.ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс:

Саз теориясы

Пайдаланылған көрнекілігі:

Үнтаспа

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу;

«Сәламатсыз ба ?-балалар .

Ұстаз еңбегін бағалар »

2.Оқушыларды түгелдеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

3.Дауыс жаттықтыру:

C-dur» гаммасы .Стакатто,лигатто .

Аспаппен жетектейді.

1.Оқытушымен амандасу;

«Сәлематсыз ба ? - ұстазымыз,

Өнер - білімге құштармыз.»

2.Кезекші оқушының есеп беруі;

3. Қосылып орындайды.:

Оқушы бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға дайын

ІІ. Үй тапсырмасы.

Фортепиано аспабына арналған шығармалар тыңдау, талдау. Концерт пен этюдті салыстыру, үйден дәптерге жазу.Ән жаттау.

Оқушы үй тапсырмасын жеткізе білуге бағытталады.

ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі

Өнерін өрлеткен топ 6 сынып Өнерін өрлеткен топ 6 сынып Досмұқасан - эстрадалық вокальді аспаптар ансамблі. 1967 ж Қазақ политехнологиялық иниститутының(қазіргі Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университеті) жанынан құрылды. Ансамбль аты оны ұйымдастырушылар (Д.Сүлеев, М.Құсайынов, Қ.Санбаев, А.Литвинов) есімдерінің (Досым, Мұрат, Қамит, Саня) алғашқы буындарынан құралған. Ансамбльдің аталған алғашқы құрамына кейіннен М.Молдабеков, Қ.Әжібаева, Ш.Омаров, Б.Жұмаділов, Н.Құсайыновтар қосылды. Репертуарынан электронды музыкалық аспаптар сүйемелімен орындалатын қазақтың халық әндері ("Назқоңыр", "Ахау бикем", "Он алты қыз", "Сұлу қыз", "Құдаша", "Ауылың сенің іргелі", т.б.), халық композиторларының (Естай, Ақан сері, Мариям Жагорқызы, т.б.) әндері және қазіргі қазақ композиторларының әндері ("Сағындым сені" - Е.Хасанғалиев; "Алатау", "Куә бол" - Н.Тілендиев, "Жыр жазамын жүрегімнен" - Ұ.Жұбанов; "Шофер келді қырманға" - С.Мұхамеджанов, т.б.), сондай-ақ, ансамбльдің өз мүшелерінің шығармалары ("Той жыры", "Күт мені" - Сүлеев; "Қайдасың" - Молдабеков; "Қуанышым менің", "Туған жер" - М.Құсайынов) орын алды. Досмұқасан дәстүрлі фольклорлық-музыка туындыларды өз кезеңіндегі эстрадалық музыка мәнеріне сай өңдеп, жаңа сипат беріп, құлпырта орындады. Бұл сипат, әсіресе, "Жерұйық" рок-операсы (1980), "Дала және ғарыш" (1985) сияқты күрделі шығармалардан айқын танылды. Досмұқасан халыққа кеңінен танылды, жастарға үлгі таратты. Досмұқасан - бүкілодақтық "Халықтар достығы" фестивалінің (Ташкент, 1971), кәсіби орындаушылар байқауының (Минск, 1973), сонымен қатар, 1973 жылы Берлинде, 1985 жылы Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің халықаралық фестивальдерінің, Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты (1974). Ансамбльдің көркемдік жетекшісі - 1972 жылдан бері композитор М.Құсайынов. Ансамбль құрамы екі рет (1975, 1985) жаңарды. 1997 жылы Досмұқасанның құрылғанына 30 жыл толуына байланысты "Әуен" музыка студиясынан "Той жыры" деген атпен ансамбльдің 1967 - 75 жылдары орындаған ең таңдаулы әндерінің "Үнтаспа"-альбомы шығарылды. "Досмұқасан" тобы Алматыда "Алтын Қыран" сыйлығымен марапатталды Өнерін өрлеткен топ 6 сыныпҚазақ мемлекетінде инструменталды тенденцияны құрушы жалғыз ғана топ бар. Ол классикаға мен дәстүрлі аспабымыз домбыраны қосып дәріптеуші - «Ұлытау» тобы. 2001 жылы құрылған топ дәл сол жылы-ақ, Голливуд сахнасының төрінен көрінді. Сөйтіп, бүкіләлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында бас жүлдені жеңіп алды. Арада үш жыл өткенде әлемдік жұлдыздар санатындағы түрік әншісі Тарканның концертінде өнер көрсетті. Топ музыканттары 2005 жылы Шешенстан мен Ингушетия Республикаларының еңбек сіңірген және халық әртістері құрметін иеленді. Топтың алғашқы альбомы - Махамбеттің «Жұмыр қылышы» жарыққа шыққаннан бастап, өзіндік құнын жоғалтқан емес. Оның бұлай аталу себебінің де өзіне тән мәні бар. Атауының өне-бойында даланың рухы болған соң, альбом «Жұмыр қылыш» атанды. Он композиция енген күйтабақта, күй атасы - Құрманғазының «Адайы», Вивальдидің «Жыл мезгілдері» мен өзге де қазақ күйшілерінің үздік туындылары бар. Альбомның өзі Мәскеудегі танымал студиялардың бірінде жазылса, АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Парамант Рецордс» студиясында өңдеуден өтті. Үнтаспа негізінен ТМД елдері мен Еуропаның тыңдармандарына арналған.
2006 жылы Лондонда белгілі америкалық продюсер Тим Палмердің қатысуымен «Ұлытау» жобасының көпшілікке таныстырылымы өтті. «Жұмыр қылыш» альбомы да Лондонда тұсауын кескендігін еске саламыз. Сол кезде ұйымдастырылған баспасөз мәслихатына арнайы келген ресейліктер: «Бұл азиялық музыканттардың Еуропаны жаулау жолындағы алғашқы қадамы. Поп музыкасы дүрілдеген заманда «Ұлытау» сияқты жобаның пайда болуы, шын мәнінде, игі бастама» - деп шынайы бағасын берді.
Топ мүшелерінің ендігі мақсаты - Азия музыкасын Батысқа мойындату. Ал туындыда басымдық берілетін аспап - домбыра. Біздің міндет - қазақ күйлерін жаңаша үлгімен Еуропа елдеріне насихаттау.
Міне, топтың құрылғанына бүгінде - 10 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде топ мүшелері өз тыңдармандарын жинап үлгерді. Өнерін өрлеткен топ 6 сынып

Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүйелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Музыкалық сауаттылық: Кода, унисон, кантилена

Унисон-бірнеше дыбыстың бір уақытта ,бірдей дыбыс қатарында айтылуы.

Кантилена-өте сазды әуен.

Кода-музыкалық шығарманың қорытынды бөлімі.

Сөз қорына жаңа сөз қосылады

Ән жаттау: Ауылың сенің іргелі

Халық әні

Жатыр едім жайлаудай пішен шауып -ай

шай көйлегім су болды ай

Жаңбыр жауып ай

Кішкентайдан бірге өскен -ай құрбым менің

Сенсіз қалай енді мен

Жүре аламын ай

Ауылын сенің іргелі

Шай көйлегін бүрмелі

Айтарынды айтып қал

Отырмын ғой жүргелі

Қош бол сәулем көргенше

Қайтып айналып келгенше

Уәдеңе берік бол

Мен сендікпін өлгенше

Жайсыз жерде жабағы көре алмаймын ай

Сенсіз жерде ойнап мен

Күле алмаймын ай

Көрген жерде сұлу қыз міне сондай ай

Неге кеттін шіркін ай

Сол арадан -ай

Жаңа ән үйрену.

Музыка тыңдау:

«Досмұқасан» , «Ұлытау

Екі топтың ән және шығармалары тыңдалады, талданады

Ұлттық өнер туралы ұғымы кеңейіп,музыка тыңдайды.

Баланың танымын кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.

Жаңа сабақты бекіту

Бірнеше жылдық тарихы бар эстрадалық вокальді аспаптар ансамблі .

Аты қандай себепті «Досмұқасан» аталды?

Қандай жетістіктері бар?

Қазақ мемлекетінде инструменталды тенденцияны құрушы топ қалай аталады?

Қандай шығармаларды ойнайды?

Жетекшісі кім?

Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы жаңа материалды қорытындылай-ды



© 2010-2022