Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар

Раздел Музыка
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдар



МУЗЫКА ПӘНІ БОЙЫНША

ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР


Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар



Дайындаған: Құлысбаева Серіккүл


Алғы сөз

Музыка пәні бойынша 5- сыныпқа арналған дидактикалық материалдар.

Тапсырма беру барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл- ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т.б көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шыңдалып, қабілеттерінің артуына, ой-өрісінің дамуына оң әсер етеді.








Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар

Аты-жөні: Құлысбаева Серіккүл Жапбасбаевна

Мекен-жайы: Жалағаш кенті, Ізтілеуов № 65

Телефоны: 32-2-64

Жалпы ақпарат:

Туған жылы: 15 маусым 1971 жыл

Ұлты: қазақ

Жынысы: әйел

Отбасы жағдайы: отбасылы

Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматшасы

Санаты: Жоғары

Білімі: Жоғары, Қызылорда "Сейхун" академиясы

мамандығы: музыкалық білім.

Тілді білуі: қазақша, орысша

Жұмыс өтілі: 24 жыл

Компьютерді меңгеруі: компьютерді меңгерген



Дидактикалық материалдар

5-сынып

Дидактика - білім беру және оқыту теориясы.

Дидактика - педагогиканың маңызды саласы.

Дидактика (didakikas - оқушы, didasko - оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз.

Дидактика - білім ьеру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады.

Дидактиканың зерттеу пәні - оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.

Зертеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінініңмазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп те аталады.

Мысалы, музыка әнін оқыту әдістемесі.


І бөлім

Айтыс және жыраулық өнер


Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар


Айтыс - Дәстүр

Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той, әр түрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады. Бұған айтыстың сауықшылдық, эстетикалық ләззат беретін сипаттары да айтарлықтай қызмет атқарады. "Аттың жалы, түйенің қомында" дегендей көп дайындықты керек етпейтін айтыс кез келген жерде өте береді де, мұның тыңдаушысы да, бағасын беріп төрелік айтушысы да халық немесе қадірлі ел ақсақалдары болады. Айтыстың дәстүрлі өнерге айналуына көшпелі өмір салты тікелей әсер еткені байқалады. Көшпелі елде шілдехана, ойын-тойға ерекше мән беріліп, қонақ кәдеден бастап, кішігірім ауыл айтыстары да өтіп отырған. Бұлар ертеңгі көрнекті айтысқа бастайтын дайындық тәрізді бүкілхалықтық сипат алған. Арқалы айтыс ақындары бірін-бірі іздеп келіп айтысатын дәстүрге жалғасты. Бір де бір үлкен жиын, ас-той ақындар айтысынсыз өтпейтін болды. Бұл дәстүр айтыстың сан алуан мазмұнды, мол ауқымды жанрға ұласуына қолайлы жағдай жасады.






Ұйқас сөздер табу

Дыбыс үндестігінен жасалған сөздерді ұйқас сөздер деп атаймыз.

Өлең құрау үшін әуелі ұйқас сөздерді табу қажет. Ұйқас сөздер сөз басында немесе ортасында тұратын дауыссыз дыбыстардың ауысуынан пайда болады.

Ұйқас сөздер - дыбыс үндестігінен жасалған сөздер

Қане, жас ақыным, кестені пайдалана отырып,

ұйқас сөзді іздеп көрелік!

Сөз ортасындағы дауыссыз дыбысты ауыстыру арқылы жасалған ұйқас сөздерді табамыз. Мысалы, «Талып» сөзіндегі «Л» әрпін кестедегі әріптермен орнын ауыстарамыз.


Тамып

Таңып

Танып

Талып

Татып

Тасып

Тағып




Бес-жеті буындық өлең.

Өлеңнің көптеген түрлері бар. Олар буын арқылы ерекшеленеді. Өлең 7-8 және 11 буындық болып келеді. 11 буындық өлең құрау үшін алдымен 5 буындық өлең құрап аламыз.

Өлең құрау үшін ең басты ұйқас сөздер болуы шарт. Мысалы, ғашық сөзін алайық. Ғашық сөзіне ұйқас сөздерді кесте бойынша іздейміз. Бір шумақ өлең төрт жолдан тұратындықтан, төрт сөзді іріктеп аламыз. Олар: ғашық, лашық, ашық, қашық.

Бес буындық өлең құрау үшін әрбір сөздің мағынасына сай үш буынды сөз тіркесін табамыз.

Қане, жас ақыным, өлең құрап көрелік!

Бос тордың ішіне сөз тіркесін тауып жазалық!

Көңілі

Ауызы

Лашық

Қашық

Ашық

Қаладан

Далада

Тұрған үй



Сонда да

Ғашық


Ауылдан

Қыздарға


Ұйқас сөздердің сөз тіркесін табу арқылы бес буынды өлең құрай алдық.

Көңiлiм ашық,

Тұрған үй лашық,

Қаладан қашық,

Сонда да ғашық

Немесе:

Ауызы ашық

Далада лашық,

Ауылдан қашық,

Қыздарға ғашық

Бес буынды өлең құрау үшін әрбір сөздің мағынасына сай үш буынды сөз тіркесін табамыз.



Сен білесің бе?

Бiр қатар өлең жолын - тармақ деп атаймыз.

Мысалы: "Деп едің айтысайын меніменен"

Төрт немесе онан да көп тармақтан құралған өлең жолдарын - шумақ деп атаймыз.

Мысалы: " Деп едің айтысайын меніменен.

Келмейді менің хошым сеніменен.

Келгенде менің хошым сеніменен,

Кетермін қағып-соғып жеңімменен".

Тармақ айтылу ырғағына қарай бірнеше бунақтарға бөлінеді.

меніменен

айтысайын

Деп едің

Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

Мысалы: Деп е-дің ай-ты-сай-ын ме-ні-ме-нен

Жеті буындық өлең

Қазақтың жыр-дастандары мен терме-толғаулары 7-8 буындық болып келеді. Бұл өлеңнің ең көне түріне жатады.

Жеті буындық өлең құрау үшін еді, деді, болды сөздерін қолданамыз. Ол үшін ұйқастырған бес буынды өлеңімізге мағынасына сай етіп аты аталған сөздерді тіркейміз.

Қане, жас ақыным, жеті буынды өлең құрап көрелік!

Көңiлiм ашық

Тұрған үй лашық

еді

Қаладан қашық

Сонда да ғашық

Үлкендеу бала

Киімі ала

Болды

Жүргені дала

Тұрғаны қала

Ағашта алма

Қолығды салма

деді

Қалаға барма

Досыңнан қалма



Қазақтың жыр-дастандары мен терме-толғаулары

7-8 буындық болып келеді.



Сен білесің бе?

Қазақтың көнеден келе жатқан көптеген халық жырлары бар. Олар: "Алпамыс", "Қобыланды", "Қыз Жібек", "Ер Тарғын", т.б. Сонымен бірге, Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Ақтамберді, Бұхар жырау, Махамбет сынды ақын-жыраулар өмір сүрген. Халық жырлары мен ақын-жыраулардың терме-толғауларының барлығы 7-8 буындық өлеңдерге құралған.

Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар

Он бір буындық өлең.

Қане, жас ақыным, он бір буындық өлең құрауға көшелік!

Қара өлең - қазақтың он бір буынды өлең түрі


Қане, балалар, ұйқас сөзді іздеп көрейік!

«Ағып» сөзінің бірінші әрпін ауыстыра отырып, ұйқас сөздерді іздеп көрелік.

Ағып

Қ

Б

Л

Н Т Ж Ш


Сен білесің бе?

Ақын тек қана айтысып қана қоймай, көшпелі өмір салтында жаршы міндетін атқарған. Яғни, үйлену тойында той бастар, беташар жырларын айтқан. Сонымен бірге адам өлімінде қазалы хабарды жеткізіп, көңіл айтқан. Ақын қазақтың ырым-салтына байланысты барлық рәсімдердің басы-қасында болып, маңызды қызмет атқарған.

Өлең құраудың әдіс-тәсілдері.

Өлең құрауда мына ерекшелікті есіңде сақта. Он бір буындық бір шумақ өлеңнің үшінші тармағы ұйқасқа құралмайды. Өйткені, үшінші тармақта айтылатын ой төртінші тармақта жалғасын табады. Ал өлеңнің әрбір тармағы 3 - 4 - 4 бунақтарынан құралған сөздерден тұруы қажет.

3 4 4

Келеді

тау бойынан

өзен ағып

Құлаққа

қыздар жүрер

сырға тағып.

Ауылда

тоймен думан

бола қалса,

Жігіттер

айтысады

тұра қалып.

Он бір буынды бір шумақ өлеңнің үшінші жолы ұйқасқа құралмайды.

Біліп ал!

Айтыс ерте замандарда кейбір көшпелі халықтар арасында болған. Олар қарақалпақ, қырғыз, монғол-түркмен халықтарында кездескен. Әсіресе қазақ халқында айтыс ақындар арасында бүгінгі күнге дейін шоқтығы биік ірі дәстүрге айналған.

Ойлан да айт:

Қазіргі орындаушылардың ішінен кімді сері деп ойлайсың?

Шығармашылық тапсырма:

Өлеңінің үшінші тармағын құра

Қойшылар жүрер екен қойын бағып.

Ұсталар кәсіп етер балға қағып.

………………………………………

Ақындар айтысады сөзбен

Айтыстың тағы бір түрі

Ақындардың аяқ астынан бір-бірімен сын-сықақ ретінде ұтқыр жауаптасуын қағыспа айтыс дейміз. Қағыспа айтыс ақындардан тапқырлық пен шапшаң ойлауды талап етеді. Сондықтан ақынның ойы ұшқыр, тілі жүйрік болуы қажет.

Біржан сал мен қыздың қағыспа айтысы

Бiржан сал жолаушылап бiр кедей адамның үйiне кездеседi. Сол үйдiң қызы қатықсыз қара көже құйып берсе, Бiржан ернiн ғана тигiзiп қайтарады.

Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар

Сонда қыз: - Байлардың жейтiн асы - жая мен жал,

Шығады нақ кедейден осындай сал.

Қыс аяғы шаруаға қиын болды,

Көжеге кекiреймей ернiңдi мал! - деген екен.

Сонда Бiржан: - Атанғам ақындықпен Бiржан серi,

Серiнiң күнде думан жүрген жерi.

Қарындасым, ағаңа сөзiң өттi

Көжеңдi басып - басып әкел берi, - деген екен.

Қағыспа айтыс - ақындардың аяқ астынан бір-бірімен сын-сықақпен ұтқыр жауаптасуы


Ойлан да айт:

Егер сен Біржан салдың орнында болсаң не істер едің?

Сен білесің бе?

Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдарБіржан сал Қожағұлұлы (1834-1897) - тек қана ақын емес, әнші әрі халық композиторы. Оның «Теміртас», «Жанбота», «Адасқақ», «Жонып алды» сияқты көптеген әндері бар. Біржанның Сарамен айтысы қазақ даласында аты аңызға айналған айтыстардың бірі болды. Мұқан Төлебаев осы айтыстың желісімен «Біржан - Сара» атты опера жазды.

Еске түсірейік:

Жорықбай мен жолаушы

Біржан сал мен қыз

Қағыспа

айтыс

Ақындар айтысы


Құлыншақ пен

Майлықожа

Базарбайдың Бекетбайдан бата алуы



Қайталау сұрақтары:


  1. Қағыспа айтыс дегеніміз не?

  2. Не себепті қыз Біржанмен айтыса бастады?

  3. Біржан сал табан астынан қандай жауап қайтарды?

  4. Құлыншақ пен Майлықожаның айтысы айтыстың қандай түріне жатады?

  5. Құлыншақ ақын Майлыға қандай мін тақты?

  6. Майлықожа жауап қайтара алды ма?

  7. Айтыс ақындарының өлеңдері неше буыннан құралады?

  8. Он бір буындық өлеңнің ерекшелігі неде?

  9. Он бір буындық өлеңдерді қалай атайды?

  10. Жас ақын Бекетбайға не үшін келеді?

  11. Жас ақынға Бекетбай батасын берді ме?

  12. Өлең тармағындағы бунақтар қалай құралады?

  13. Жорықбай не себепті өлең шығарады?







Сөзжұмбақ шешейік!

А

Қ

Ы

Н

К

Ү

Й

Т

Ә

Т

Т

І

М

Б

Е

Т

А

Ғ

Ы

П

С

А

Р

А

1 Өз ойынан өлең шығаратын адам.

2 Аспапта орындалатын белгілі мазмұны бар шығарма.

3 Шертпе күй шебері.

4 «Тамып» сөзінің синонимі.

5 Біржан ақынмен айтысқан қыз.




Қазіргі заманның айтыскер ақындары:

Нұрмат Мансұров - Оразбай Болатбек, Жансая Мусина - Ержан Әміров, Айнұр Тұрсынбаева - Айбек Қалиев, Сырым Әуезхан - Біржан Байтуов, Еркебұлан Қайназар - Жандарбек Бұлғақов cөз сайыстырса, екінші бөлімде: Қалижан Білдәшев - Жақсылық Орынбасар, Әсем Ережеқызы - Төлеген Жаманов, Сара Тоқтамыс - Әсет Дүйсебаев, Балғынбек Имашев - Мейірбек Сұлтанхан, Мақсат Ақанов - Нұрлан Мұсаев, Мұхтар Ниязов - Бекарыс Шойбековтер қазіргі кезде өздерінің қарсыластарымен сахна төрінен айтыс алаңында бақтарын сынап жүр.

Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар


Суреттерден айтыскер ақындарды тауып, аттарын жазыңдар.

Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар

Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар



Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар

Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар




Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар

Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар




Мына суреттердің ішнен «Айтыс» хабарының жүргізушісін тап.


Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар


Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар


Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар

Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар



Айтыс ақындарынан алғашқы «Алтын домбыра» иегерін атап, жазыңдар.


Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар

Айтыстың тағы қандай эмблемасын ойлап таба аласың?

Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар

ЖЫРАУЛЫҚ ДӘСТҮР

Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар


Жыр - батырлар ерлігін баяндайтын ауыз әдебиетіндегі

ең көлемді шығарма.

Ойлан да айт!

Батырлар жырын бұрын-соңды тыңдап көрдің бе?

Біліп ал!

Жыраулық дәстүр көптеген түркi тектес халықтарына да ортақ мұра. Атап айтсақ, Сiбiр жерін мекен еткен Тува, Хакас, Алтай, Бурят, Якут халықтарында жыраулық дәстүр сақталған. Сонымен бірге, Орта Азиядағы Қырғыз, Өзбек, Қарақалпақ, Түркмен, Азербайжан, т.б. халықтарда жыраулық дәстүр кеңінен таралған.

Қазақ халқында кездесетін батырлық жырлар басқа да көптеген халықтарда сақталған. Мысалы "Алпамыс" жыры өзбек, қырғыз, қарақалпақ халықтарына белгілі болса, "Қобыланды" жырын өзбектер де жырлаған. Ал, "Көрұғлы" жырын қазақ, түркмен және азербайжандар орындайды.

Ойлан да айт!

Не себепті Абылай хан Бұхар жыраудың айтқан кеңесін алады?

Түсініп ал!

Пұсырман деген сөз - Мұсылман деген ұғымды білдіреді.

Біліп ал!

Тарихи жырлар - өмірде болған, ел аузында сақталып келген тарихи оқиғаларды жырлайды. Тарихи жырлар батырлар жырларынан бастау алады. Мұндай жырларға - "Қабанбай батыр", "Бөгенбай", "Сырым батыр", "Исатай-Махамбет", "Бекет батыр", "Жанқожа", "Досан"- сияқты жырлар жатады.

Ойлан да айт!

Сен өзіңнің құрбы-достарыңа қандай өсиет айтқан болар едің?

Түйін!

Жыраулардың атқарған негізгі міндеттері:


  1. Хан-сұлтандарға өсиет айтқан ақылгөй-кеңесші.

  2. Жауынгерлерге рух берген қолбасшы.

  3. Хан мен халыққа өсиет айтқан ақылгөй-дана.

  4. Батырлық эпостар мен тарихи жырларды орындаған абыз.











Қане, балалар!


Суретке қарап, жырауларды атаңдар.



Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар

Жырау

Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар















Мына өлең шумақтарынан жыраулардың

атқарған міндеттерін анықтап айтып бер.

Құлаты тауға қол салып,

Садақтың оғын мол салып,

Бетпақтың ен бiр шөлiнен.

Төтелеп жүрiп жол салып,

Қолды бiр бастар ма екемiз?!

Соғыспа деп жырлайды

Бұқар деген кәріңіз,

Соғыссаң кетер сәніңіз...

Пұсырман болсаң, кетіңіз,

Сырдарияның суынан

Көлденең кесіп өтіңіз…

Биiк тауға жарасар

Ығынан тиген панасы,

Терең сайға жарасар

Тобылғылы саласы.

Ер жiгiтке жарасар

Қолына алған найзасы,


Хан мен қара болса да

Қайдан жақсы болады,

Бір-біріне кездесіп

Қарым-қатынас етпесе

Болымсыз жайды сылтау қып

Араз болып кектесе…


ІІ бөлім

Ғасырлармен сырласқан сазды аспаптар



Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдар


Қазақ Түркмен Әзірбайжан Қырғыз

домбыра дутар саз қыяқ






ӘЛЕМДІ ТАҢ ҚАЛДЫРҒАН ШАҢҚОБЫЗ


Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар

Якут-Саха және Алтай халықтарында комус аспабы кең тараған аспаптардың бірі. Бұл аспапта ойнау дәстүрі ғасырдан ғасырға ұласып келеді. Сол себепті бұл аспапты сібір халықтары барынша меңгеріп алған. Олар табиғат, қоршаған ортаның түрлі дыбысын салып, үлкен шеберлікпен аспапта ойнай біледі. Комус аспабы темірден жасалады.

Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдарМузыка пәні бойынша дидактикалық материалдар


Алтай халқының комус аспабы.Якут-саха халқының варган аспабы

Қазақ, Қырғыз және Башқұрт халықтары кішкене аспапты шаңқобыз немесе темір қомыз деп атайды. Аспап темірден жасалады. Шаңқобыз аспабының тілшесі қысқа болады. Сол себепті шаңқобыз аспабымен сұлу сазды ән-күйлер мен тез ырғақты билердің әуенін орындауға болады. Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар

Әлем халықтарында бұл аспаптардың бірбіріне ұқсас жүздеген түрі кездеседі. Осындай көптеген аспаптардың ішінде қырғыз халқының темір қомызы әр түрлі ырғаққа салып әуендетіп орындауымен ерекшеленеді. Қырғыз халқының темір қомызға арналған күрделі ырғақты, көркемдік мазмұны бар көптеген шығармалары сақталған.

КИЕЛІ АСПАП


Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар







Қазақтың қобыз аспабында ойнаған қобызшы күйшілерді атап айтыңдар.

Ойлан да айт!

Қорқыт кім?

Қандай аспапты ойлап тапты?



ӨЗ БІЛІМІҢДІ ТЕКСЕР!








    1. Домбыра тектес аспаптарды ата?

    2. Шаңқобыз аспабы қай халықтарда бар?

    3. Қурай аспабын қалай жасаған?

  1. Арфа тектес аспаптар қалай пайда болды?

  2. Не себепті қобыз аспабын қасиетті де киелі санаған?






ІІІ бөлім

Әлем халықтарының музыкалық театры

Біліп ал!

Жапон халқының арасында кеңінен танымал болған Но театрын ерекше атауға болады. Бұл театрдың 600 жылдық тарихы бар. Но театрының ерекшелігі актерлер беттеріне арнайы дайындалған маскалар киетін болған. Ол маскалар әр түрлі көңілкүйді білдіреді. Мысалы, қуаныш, ашу, таңдану тағы басқа. Ал музыка көне аспаптарда орындалып, кейіпкерлердің ішкі көңілкүйі мен іс-әрекетін айқындауда маңызды орын алған.









.

Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар

Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар


Вина

Музыка пәні бойынша дидактикалық материалдар

Саранги

Табла


Ойлан да айт!

Үндінің қандай аспабы қазақтың домбыра аспабына ұқсас келеді?




ІУ бөлім

Жыр - Опера - Кино

Опера (итал. орега - дәлме-дәл шығарма, лат. орега - еңбек, бұйым, туынды) - музыкалық өнер жанры. Операның әдеби негізі (либеретто) музыкалық драматургия және ең алдымен вокалдық музыкалық формаларының тәсілдері арқылы өзінің көркемдік шешімін табады. Ол - вокалдық пен аспаптық муз., драматургия, хореография (балет) және бейнелеу өнерінің (декорация, костюм) бірлестігінен туған театр шығармасы, яғни осындай әр түрлі өнер түрлерін біртұтас театр әрекетіне біріктіретін синтезді жанр. Жеке айтылатын ән (ария, ариозо, каватина, монолог, баллада), речитатив (тақпақ сазды қысқа әуен), ансамбль (дуэт, трио, квартет, квинтет), хор көріністері, би, оркестрлік нөмірлер (увертюра, антракт) опералық музыканың түрлеріне жатады.

Жыр (көне түркі тілінде - иыр)

1) кең мағынада, поэзиялық шығармалардың жалпы атауы. Көне түркі тіліндегі "иыр" сөзі де қазіргі "поэзия" терминінің мағынасында қолданылған. Бұл атау дәл осы мағынада қазірғі қарақалпақ, қырғыз, ноғай, қарашай, балқар, башқұрт, татар, тағы басқа түркі тілдерінде әлі күнге дейін қолданылады;

2) тар мағынада - қазақ халық поэзиясындағы 7 - 8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры. Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, тарихи жырлар, лиро эпостык жырлар, жоқтаулар, жыраулар поэзиясы, толғаулар, термелер, тағы басқа түгелдерлік поэзияның осы өлшемдегі үлгісіне құрылған. Поэзиядағы бұл жанрды жазба әдебиет өкілдері де (Абай, С.Торайғыров, тағы басқа) орнымен пайдаланған. Буын санының бірқалыпқа түсіп тұрақтануы - Жыр жанры дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған құбылыс. Ежелғі замандардағы Жыр өлшеміне аралас буын тән болған. Мұндай өлшем қазақ халкының толғауларында, ногай халқының йырларында, башкұрт халқының қобайырларында, қырғыз халқының санатында сақталған.

Кино(гр. kіneo - жылжытамын, жылжимын), кино өнері - өнердің бір саласы, кинематографияның техникалық негізде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі. Фильмді жа-сауға әр алуан мамандықтағы шығармашылық қызметкерлер: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор, продюсер, каскадер, экономист, менеджер, т.б. қатысады. Фильм жасауда кинорежиссер жетекші рөл атқарады. Сондай-ақ фильм жасау ісіне техника саласындағы мамандар да (инженерлер, техниктер, лаборанттар мен өзге қызметкерлер) үлес қосады, алуан түрлі күрделі аппаратуралар мен аспаптар қолданылады.

Кино, негізінен, 4 салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі, мультипликациялық және ғылыми-көпшілік кино. Көркем фильм кино өнерінің негізгі және кең таралған түрі. Ол әдеби шығарма желісі немесе арнайы жазылған сценарий бойынша актерлердің қатысуымен жасалады. Деректі киноға тарихта, өмірде болған мәні зор оқиғаларды баяндайтын фильмдер мен киножурналдар жатады. Мультипликациялық кино суреттер мен қуыршақтарға қимыл бере отырып жасалады. Ғылыми-көпшілік кино - жұртшылыққа жаратылыс пен әлеуметтік құбылыстарды ұғындыратын, өнер сырларымен таныстыратын фильмдер жиынтығы. Қазіргі заманда жарнамалық кино өндірісі кең тарап отыр. Сондай-ақ кино тарихында жалпы халыққа арналған фильмдермен қатар эксперименттік фильмдер де түсіріледі. Фильм жасау, оны көпшілік қауымға көрсету ісі шебер техниканы, қыруар қаржыны талап етеді. Әсіресе, фильм түсіру, жасау әрі оның көшірмелерін көбейтіп басып шығару аса күрделі процесс. Монтаждау - кинематографиялық шығарманың бар істелген жұмысын тиянақтайтын кезең. Бұл процесс кезінде монтаждалатын кадрлардың ұзындығы (метражы) белгіленеді. Соның нәтижесінде фильмдегі оқиғаның логикалық жүйесі анықталады.

Күй- музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, Күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй -қазақ,қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М.Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.

Күй XIV ғасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. Күйлер мазмұны аңыз-ертегілерге, нақтылы тарихи оқиғаларға қүрылып, көбіне бағдарламалы түрінде дамыды. Онда халықтың басынан өткен тауқымет мен әділетсіздікке қарсы күресі, азатөмірді аңсаған асыл арманы мен қуаныш сезімі терең толғаныспен өрнек-бояуын тапты. Күйдің мелодиялық-формалық құрылысы, ырғақтық-орындаушылық әдістері сан алуан. Мысалы, Құрманғазының күйлері жігерлі, екпінді, ал Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық-лирикаға негізделген, Тәттімбеттің күйлері әуейі әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді.





Тест тапсырмалары


  1. Айтыс деген не?

А) Екі ақынның өлең сөзбен жарысуы

Б) Ән айтып жарысуы

В) Күй тартыс арқылы айыс

2 Түре айтыс деген не?

А) Бұлжытпай қайталап айту

Б) Ақындардың қысқаша айтысуы

В) Ұзақ айтысуы

3 Ұйқас сөз дер деген не?

А)Қара өлең

Б) Қара сөздерден жасалған сөздер

В) Дыбыс үндестігінен жасалған сөздер

4 Қара өлең деген не?

А) Он бір буынды өлең түрі

Б) 7-8 буынды өлең түрі

В) 5 буынды өлең түрі

5 Ақтамберді жыраудың соғысқа аттанып бара жатып айтқан жыры қалай басталады?

А) Құлаты тауға қол салып

Б)Жұртынан шауып бостырып

В)Майданда дабыл қақтырып

6 Бұқар жырау қай ғасырда өмір сүрген?

А) ХV

Б) ХVІІІ

В) ХVІ

7 Базар жырау қай өңірдің жырау-жыршысы?

А) Сыр бойы өңірі

Б) Батыс өңірі

В) Арқа өңірі

8 Ақтан жырау қай ғасырда өмір сүрген?

А) ХІХ

Б) ХV

В) ХVІ

9 Түркіменнің ұлттық аспабы қалай аталады?

А) Дутар

Б) Саз

В)Қомыз

10 Жетіген тектес аспап

А) Чаткан

Б) Игил

В) Қыяқ

11Киелі ысқыш аспап

А) Кобыз

Б) Лира

В) Цинь

12 Түркі халықтарының үрлемелі аспаптары

А)Сазсырнай

Б) Сыбызғы

В) Мүйізсырнай

13 Ерте заманда ұрмалы асапатарды не үшін пайдаланған?

А) Жауға қарсы шыққанда

Б) Тойларға көрік беру үшін

В) Ойындарға

14 Қандай халықта Но деп аталатын театр бар?

А) Жапон

Б) Үнді

В)Түркі

15 Үндінің би өнерінде неше түрі сақталған

А) 2 түрі

Б) 4 түрі

В) 3 түрі

16 «Маком» жанры қандай халықта сақталған?

А) Ислам халықтарында

Б) Орыс халықтарында

В) Жапон халықтарында


Пайдаланған әдебиеттер:


  1. «Мұрагер» оқулығы, әдістемесі


  1. Педагогика: оқу құралынан үзінді


  1. Айтыскер ақындардың суреттері «Егемен Қазақстан» газеттері



© 2010-2022