ӨНЕРГЕ КӘСІБИ МАМАНДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҒЫТТАР

ӨНЕРГЕ КӘСІБИ МАМАНДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҒЫТТАР   Нұрымбетова Ж.И.   Қазақ халқының мәдениеті – оның ұлттық тарихының өнімді өзегі, құрамдас бөлігі, маңызды саласы. Сондықтан оны игеру, өз алдына ғылым ретінде танып, оқып үйрену қазақпын дейтін әрбір адамның азаматтық парызы, қасиетті борышы, тұрмыс тіршілігінің таусылмас талабы, қажеттілігі. Ғалым ағамыз А.Сейдімбек «халықтың рухани өмірі, біртұтас рухани ғұмырнамасы, өмірдің ғана емес, өнердің де сабақтастығы дейтін құдірет – осы» десе, өнертану ғылымдарының докторы Б.И.Қаракулов: «Қазақтың кәсіби музыкасы, дәстүрлі фольклоры сияқты, көшпелі тұрмыс жағдайында туды және онымен тығыз бірлікте дамыды. Қазақ халқы өзінің өмірі мен тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты өнердің барлық түрлерін рухани қазына етті. Бұл тұрғыда саз өнері мен сөз өнерінің маңызы ерекше. Өнердің бұл түрлерінде... Қазақ мәдениетіндегі маңызды салалардың бірі - өнер. Өнер – ой мен сезім бірлігі арқылы әлемнің тұтастай көрінісін жасайтын адам әрекетінің бір түрі. Халық өз салты мен дәстүрін, ғұмырлық тарихын ең алдымен өнерге сіңірген, сол арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген. Музыка – ерекше өнер түрі. Оның көп жақты сырын игеру, түсіну, қабылдау, тереңдеу тым ерте, яғни сәби шағынан басталуы тиіс. Сонау Эллада дәуірінде ақылман Аристотель адамның жан-жақты мәдени және рухани дамуына ерекше мән беріп, әсіресе, өнер, соның ішінде музыка адамдарды тәрбиелеудің негізгі құралы деп таныған. Ата-баба ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қолы жеткен еліміздің білім, тәрбие беру ісіндегі басты мақсат – рухани жан дүниесі биік, жеке тұлға қалыптастыру. Ал тұлғаны музыкаға тәрбиелеу дегеніміз – ол баланың бойында белгілі бір қызығушылықты ояту, қажетті құндылық бағдарын, соның ішінде пайдалы іс-әрекеттерді қалыптастыру, дарындылық көзін ашу деген сөз. Қабілет дегеніміз – белгілі бір немесе бірнеше істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттері, ал дарындылық д...  Музыканы қабылдау, әрине, күрделі процесс, осыған орай Д.Кабалевский былай деп жазды: “Музыкаға деген қызығушылық, музыкаға әуестену және оны ұнату, оның ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт. Сонда ғана ол өзінің тәрбиелік және танымдық рөлін атқара алатын болады. Ал музыкаға қызықпаған, онымен айналыспаған, оны ұнатпаған адамға білім мен тәрбие беремін деу сәтсіздікке ұшыратпай қоймайды”. Көптеген ғасырлар бойы музыканың ауызша дамуы арқылы аспаптық өнер қалыптасты. Халық музыкасының бұл... Музыкалық білім мен тәрбие берудің негізі, ұлттық дәстүрімізде. Біздің  қазақ халқымыздың мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де жас ұрпақ тәрбиесінде ерекше маңызға ие болды. Оқушы музыка әуенінің өзіндік ерекшелігін түсінуі керек. Шығарманың шығу тарихымен танысу керек.  Кез келген музыкалық шығармадағы характер, құрылым, мазмұн, жанр, стиль, шығу тарихы алғашқы сатыдағы терең талдау әдісіне бағынышты. Екінші кезеңде музыканы өңдеу, штрихтарын жөндеу, саусақтарын қою. Ал, үшінші... Студенттің шығармашылық бағыты 3 кезеңге бөлінеді. Біріншісі –өнер ортасында тәлім алған жас талант болашақ ұстазының шеберлігінен тікелей немесе оның мәнері мен машығын өзгелердің орындаушылық өнері арқылы үйренеді, екіншісі – ұстазынан үйреніп, оның білім-танымын, тәжірибесін, орындай үлгісін тікелей қабылдайды. Бұл кезеңде шәкірт ұстазының ел арасында өнер көрсеткен сапарларында бірге жүріп, халықтың әр түрлі әлеуметтік ортасындағы шынайы өмір мектебінен өтеді. Яғни, тек шығармашылық қырын ға...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ӨНЕРГЕ КӘСІБИ МАМАНДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҒЫТТАР


Нұрымбетова Ж.И.


Қазақ халқының мәдениеті - оның ұлттық тарихының өнімді өзегі, құрамдас бөлігі, маңызды саласы. Сондықтан оны игеру, өз алдына ғылым ретінде танып, оқып үйрену қазақпын дейтін әрбір адамның азаматтық парызы, қасиетті борышы, тұрмыс тіршілігінің таусылмас талабы, қажеттілігі.

Ғалым ағамыз А.Сейдімбек «халықтың рухани өмірі, біртұтас рухани ғұмырнамасы, өмірдің ғана емес, өнердің де сабақтастығы дейтін құдірет - осы» десе, өнертану ғылымдарының докторы Б.И.Қаракулов: «Қазақтың кәсіби музыкасы, дәстүрлі фольклоры сияқты, көшпелі тұрмыс жағдайында туды және онымен тығыз бірлікте дамыды. Қазақ халқы өзінің өмірі мен тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты өнердің барлық түрлерін рухани қазына етті. Бұл тұрғыда саз өнері мен сөз өнерінің маңызы ерекше. Өнердің бұл түрлерінде халықтың сан ғасырлық ақыл-ойы, парасат пайымы, өмірге көзқарасы мен наным сенімдері жинақталған», - деп тұжырым жасайды.

Қазақ мәдениетіндегі маңызды салалардың бірі - өнер. Өнер - ой мен сезім бірлігі арқылы әлемнің тұтастай көрінісін жасайтын адам әрекетінің бір түрі. Халық өз салты мен дәстүрін, ғұмырлық тарихын ең алдымен өнерге сіңірген, сол арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген.

Музыка - ерекше өнер түрі. Оның көп жақты сырын игеру, түсіну, қабылдау, тереңдеу тым ерте, яғни сәби шағынан басталуы тиіс. Сонау Эллада дәуірінде ақылман Аристотель адамның жан-жақты мәдени және рухани дамуына ерекше мән беріп, әсіресе, өнер, соның ішінде музыка адамдарды тәрбиелеудің негізгі құралы деп таныған.

Ата-баба ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қолы жеткен еліміздің білім, тәрбие беру ісіндегі басты мақсат - рухани жан дүниесі биік, жеке тұлға қалыптастыру. Ал тұлғаны музыкаға тәрбиелеу дегеніміз - ол баланың бойында белгілі бір қызығушылықты ояту, қажетті құндылық бағдарын, соның ішінде пайдалы іс-әрекеттерді қалыптастыру, дарындылық көзін ашу деген сөз. Қабілет дегеніміз - белгілі бір немесе бірнеше істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттері, ал дарындылық дегеніміз - қабілеттердің өте жоғары деңгейі, адам мүмкіншіліктерінің әр түрлі сапада ерекше сипатқа ие болуы.

Музыканы қабылдау, әрине, күрделі процесс, осыған орай Д.Кабалевский былай деп жазды: "Музыкаға деген қызығушылық, музыкаға әуестену және оны ұнату, оның ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт. Сонда ғана ол өзінің тәрбиелік және танымдық рөлін атқара алатын болады. Ал музыкаға қызықпаған, онымен айналыспаған, оны ұнатпаған адамға білім мен тәрбие беремін деу сәтсіздікке ұшыратпай қоймайды". Көптеген ғасырлар бойы музыканың ауызша дамуы арқылы аспаптық өнер қалыптасты. Халық музыкасының бұл түрі дәстүрлі қазақ қоғамының аясында дами отырып, кәсіби өнер талаптарына сай деңгейге дейін көтерілді. Әрбір оқушының сана-сезімі, мінез-құлқы, өмірге көзқарасы, мәдениеті, музыкалық қабілеті бірдей болып келмейді. Ерекшелігі - тәрбиесіне, шыққан ортасына да байланысты. Демек, оқытушы өзінің тәрбие жұмысында әрбір студентке өз алдына жеке-жеке педагогикалық тәсілдер қолданады. Студенттің музыкалық қабілеттігін арттыру үшін әр-түрлі этюдтар, жаттығу және шығармалармен қамтамасыз етеді. Болашақ маманның ең негізгі міндеті - таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің зор көмегі болады.

Музыкалық білім мен тәрбие берудің негізі, ұлттық дәстүрімізде. Біздің қазақ халқымыздың мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де жас ұрпақ тәрбиесінде ерекше маңызға ие болды. Оқушы музыка әуенінің өзіндік ерекшелігін түсінуі керек. Шығарманың шығу тарихымен танысу керек. Кез келген музыкалық шығармадағы характер, құрылым, мазмұн, жанр, стиль, шығу тарихы алғашқы сатыдағы терең талдау әдісіне бағынышты. Екінші кезеңде музыканы өңдеу, штрихтарын жөндеу, саусақтарын қою. Ал, үшінші кезеңдегі шығарманың әсемдігін сезініп, еркін орындай білу, шығармашылық шеберлігін шыңдау.

Студенттің шығармашылық бағыты 3 кезеңге бөлінеді. Біріншісі -өнер ортасында тәлім алған жас талант болашақ ұстазының шеберлігінен тікелей немесе оның мәнері мен машығын өзгелердің орындаушылық өнері арқылы үйренеді, екіншісі - ұстазынан үйреніп, оның білім-танымын, тәжірибесін, орындай үлгісін тікелей қабылдайды. Бұл кезеңде шәкірт ұстазының ел арасында өнер көрсеткен сапарларында бірге жүріп, халықтың әр түрлі әлеуметтік ортасындағы шынайы өмір мектебінен өтеді. Яғни, тек шығармашылық қырын ғана меңгеріп қоймай, адам, азамат ретінде де қалыптасады. Үшінші кезең - шәкірттің тікелей өнер жарыстарына қатысуы. Мұндай өнер жарыстары өнерпаздардың музыкалық өміріндегі ірі оқиға болып қана қоймай, сонымен бірге олардың өнерін дамытып, қоғамдық сыннан өткізеді. Осының бәрі өнер саласындағы өнерпаздардың талантының ашылуына, шығармашылық шеберлігінің шыңдалып, өсуіне үлкен ықпал етеді. Өнерін халық алдында сынға салудың өнерпаз үшін осындай әлеуметтік, тәрбиелік мәні болды.



© 2010-2022