Жайдары жаз музыкалық кеш

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« Жайдары жаз » атты музыкалық кеш.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ата - аналар,кішкентай бүлдіршіндер,ұжымдас- тар,бүгінгі « Жайдары жаз » атты музыкалық кешімізге қош келдіңіздер!

Балалар қараңдаршы,бүгін дала қандай керемет,жайдары жаз мезгілі.Күн нұрын төгіп тұр,айналаның барлығы жасыл түс,әдемі түрлі - түсті гүлдер, құстардың даусы.

Ал біздің алдымызда түрған балалар,қандай әдемі,бірінен - бірі өткен.Көздері күлімдеп көңілдері тасып,ерекше нұрлануда.Өйткені:

Жазда келіп жанымызды жайнатты.

Көңіліміз күн шуағындай.

Ұл қызымыз қыран құстай қайратты.

Өміріміз жаздың таңындай.

Жаз жайдары алақай,

Жатыр жайнап даламыз

Жүр канекей балақай

Шомылуға барамыз.

Маусым мағыналы болсын, шілденің - шырайы келсін,тамыз тамылжып тұрсын - дей келе бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалайық.

Алғашқы әнімізді « Балауса » тобы шырқап береді, « Балдәуреннің шаттық жыры » әнін қабыл алыңыздар.

Келесі кезекте « Бәйтерек » тобы « Чунга - чанга » әнімен жалғастырады. (Қабыл алыңыздар, қошеметтеп тұрыңыздар)

Осы топтың орындауында Владимир Шаинкийдің әні « В траве сидел кузнечик » әні.

Ал қанекей балалар,ортамызды ашайық.

Ән мен күйді төгілтіп,мың бұралған биге берейік кезекті.

Ортаңғы топтың балаларының « У меня у тебя » әніне қойылған, биін қабыл алыңыздар.

Айголек ау Айголек,айдың жүзі доңгелек деп ортаға « Айголек » тобын шақырамын.

« Мен өмірдің гүлімін » және « Бұл не » 2 әнін тамашалыңыздар.

Ендігі кезекті « Балбұлақ » тобына береміз. « Анамызға көмек » әнін қабыл алыңыздар.

Ал ендігі кезекті « Айголек » және « Балбұлақ » топтарының биіне берейік.

« Буги - Вуги » биін қабыл алыңыздар.

Керемет екі әнімен

Корерменге арнаған

Шырқайды әнді сәнімен

« Өркендегі » балалар. Бұл топтыңда екі әнін тамашалаңыздар.

« Бәрін білгім келеді »

« Ата - анаға көз қуаныш »

Ортаға « Күн шуақ » тобын шақырамыз, қарсы алыңыздар.

« Қуыршағым » әнін орындап береді

« Отанның жас оркені » әнін қабыл алыңыздар.

Таңданайық өнерге тамсанайық

Әншілерді ортада қарсы алайық

Шабыттансын,көңілі көтерілсін

Өнерліні мадақтап жар салайық дей келе ортаға « Шаттық » және « Балдаурен » топтарын шақырамын.

Болсын дейтін келешекте жақсы адам

Жаңа елдің арманы сол аңсаған

Өн бойында өнері көп тамаша

Биді билеп, әуелетіп ән салған дей келе « Музыкант » әнін тамашалаңыздар.

Ең алғаш ән үйреткен

Ең алғаш би билеткен

Бізді қорғап жүретін Тәрбиеші,Тәрбиеші дей келе « Тәрбиеші » әнін қабыл алыңыздар.

Ортада ересектер топтары.

Есік ашты бізге бақша алақай

Қуанады бал бөбектер,балақай

Айналамыз жарқыраған жайнаған

Шат қуанып айтамыз біз алақай деп бүлдіршіндеріміздің « Детский сад » әнін қабыл алыңыздар.

« Просто - просто » әнін тамашалаңыздар. Ортада « Вокальді Инструментальді Ансамбль » « Шұғыла бүлдіршіндері »

Ендігі кезекті « Полька » биімен жалғатырамыз қабыл алыңыздар.

Шұғыла ғажайып ертегі,

Шұғыла балалар мекені дей келе, балалар барлығымыз ән ұранымызды шырқап берейік.

Көңілдің ақ тілегін қол етеміз

Тілектермен нығайсын мерекеміз

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс

Осымен аяқталды концертіміз.

Концерттік кешімізді аяқтай отырып,

« Жадырап жанымыз, жарасып әніміз » деген сөзден қуат алып

« Жайдары жаз » атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз.

Көңіл боліп тамашалағандарыңызға көп -көп рахмет,жолыққанша күн жақсы!

Қызылорда, , № 1 « Шұғыла » балабақшасы. 2015жыл Маусым.



© 2010-2022