«Сиқырлы сандық» ашық сабақ

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-күй Тақырыбы: «Сиқырлы сандық» Мақсаты: М.Монтессорий технологиясының элементтерін қолдана отырып, өткен тақырыптар бойынша музыкалық репертуарды қайталау, пысықтау,бекіту. Көрнекі құрал: Сиқырлы сандық, музыкалық аспаптар, жіп, кружка. Қостілдік құрам: ән – музыка, би – танец, сандық – сундук, қуаныш – радость. (Көңілді музыка қосылады. Балалар залға саппен ұйымдасып келеді). Балалар саппен келіп түрлі қимылдар жасайды. Орташа екпіндегі музыка қосыла... МЖ:Балалар, мен мына жіпті бекер қойған жоқпын, сендер осы жіппен қолдарыңа мына ішінде суы бар кружканы алып, жүру керексіңдер. Бір айналып болған соң, кружканы орнына әкеліп қойыңдар. Жарай ма? Балалар келіседі де, жіптен өте бастайды.     Музыка қосылады, залға қолында хабарлайтын аспабы бар Хабаршы келеді. Балалар таңырқап тыңдайды. Хабаршы: Уа, халайық, жараңдар! Бәрің бері қараңдар! Сұлтан ханның жарлығын тыңдаңдар! Сұлтан ханның жан дегенде жалғыз қызы, ай десе ай, күн десе күн, Шахизада ханшайымның көңіл – күйі жоқ. Ханшайымның көңілін кімде – кім көтерсе, сол адамға алтын беріледі, алтын.(дейді де, шығып кетеді) МЖ:Балалар, естідіңдер ме? Сұлтан ханның қызы Шахизада ханшайымның көңіл – күйі жоқ екен. Сұлтан ханның сарайына аттануымыз керек. Көңілін көтереміз ба? Бірақ қалай? Балалар, таптым мынау центрмен көреміз ба?... Музыка тыңдау: Көңілді Музыканы тыңдайды. Балалар, мына музыканың көңіл – күйі қандай? Ал, біздің көңіл – күйіміз қандай? Көңілді. Біздің көңіл – күйіміз де көңілді. Ал, онда кеттік, жолға шығайық. Жолға шығуға келіседі. Бойымызды жазып барайық: Қолымызды шапалақтаймыз clap – clap - clap Аяғымызбен тебінеміз stamp – stamp - stamp Міне, былай билейміз dance – dance - dance Жоғарыға ұшамыз fly – fly - fly Балық сияқты билейміз swim  - swim - swim Сергіту сәтін айтады. Ханның сарайына келіп, ханм... Хан: Менің қызымның көңіл – күйі жоқ. Не істейміз? (деп көңіл – күйі болмай отырады) МЖ: Сұлтан хан біз ханшайымға көмектесуге келдік. Оның көңілін қайтаруға барынша көмектесеміз. Хан: Ой, сендер ма? Қолдарыңнан келмейді, текке әуре болмаңдар! Жан – жақтан сайқымазақтар келсе де, Шахизадамның көңілін көтере алмады. МЖ: Жоқ, бізге көңілін қайтарып береміз. Хан: Сендер оған көмектесе аласыңдар ма? Көмектессеңдер, сендерге алтын беремін. МЖ: Сәлеметсіз бе, Ханшайым! Біз сіздің көңіл – күйіңіз жоқ ... (Ханшайымның билегісі келіп, иығы қозғалып, көздері жыпылықтап отырады) Қолдарына жалбыршақтар ұстап, бәрі бірге шеңбермен билейді. Бидің соңында балалар бәрі шеңбермен айналады, сонда Шахизада ханшайым да олармен билейді. Балалар шеңбермен айналып билеп жүреді. Ханшайым: Жарайсыңдар, балалар! Сендер менің көңілімді көтердіңдер! Рахмет сендерге! МЖ: Ханшайым сіздің көңіл – күйіңіз орнына келді, бізбен бірге ойын ойнайсыз ба? Ханшайым: Әрине, ойнаймын. МЖ: Келіңдер, балалар. Бәріміз ойын ойнайық... Ойынның шартымен түсіндіріп кетейін. Ортаға орындық қойып, үстіне бір сылдырмақ қоямын, сендер екі топқа бөлініп, шеңбермен билеп жүресіңдер, ал мен домбыра тартып отырамын, мен тартуды қойғанда сылдырмақты алып үлгеру керек. Кімде – кім алып үлгереді, сылдырмақты сылдырлату керек. Сол бала жеңімпаз болады. Ойынды бірнеше рет қайталайды. МЖ:Алақай! Біздің қолымыздан келді. Хан: Жарайсыңдар, балалар! Сендер өздерің тек қана өнерлі емес, алғыр да екенсіңдер! Сендер бізге ән айтып, би билеп бердің... МЖ: Сұлтан хан, ол біздің емес, мына сиқырлы сандықтың арқасы. Солай емес па, балалар? Біз әнді де, биді де осы сандықтың арқасында айттық. Енді, біздің кететін уақыт болды. Мүмкін, сіздерде тағы да қиындық болып қалып жүрер,мына сиқырлы сандықты сіздерге тастап кетейік. (Ханшайым сандықты айналып, қарап жүреді)   (Балалармен бірге музыка залын бір рет айналып, әртүрлі қимыл жасап, орындыққа келіп отырамыз.   МЖ: Балалар, сендерге сабақұнады ма? Несімен ұнады? Біз бүгінгі сабақта қайда бардық? Қандай ән айтып, қай халықтың биін биледік. Сұрақтарға жауап береді. Қоштасып топтарына саппен қайтады. Бүгінгі сабаққа ат салысқан балаларды жеке – жеке мақтау. Мақтауға көңілдерін білдіру Балалар, маған сендердің жіптің бойымен жүргендерің ұнап қалды, тағы да жүріп көріңдерші. Бүгінгі сабағымыз аяқталды, балала...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат jpg
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
© 2010-2022