Дархан даланың үні - сыбызғы

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 1

Тоқсандық тақырыбы: Ғажайып сырлы аспаптар үні.

Сабақтың тақырыбы: Дархан даланың үні сыбызғы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні :Сан ғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптармен таныстыру.

Дамытушылығы:Оқушылардың жан - жақты білімдерін арттыру.

Тәрбиелік мәні : Музыкалық асапаптар арқылы көптеген ұлттардың өнерін танып, білу, аспаптардың туыстастығын көрсету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет, технология.

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сыныпты түгендеу.

Өткен әндерді қайталау.

Жаңа сабақ: Дархан даланың үні сыбызғы.Ән орындайық!

Домбырасыз сән қайда?

Қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Көне аспаптар сыр шертеді.

Сыбызғы қазақтың үрмелі аспабы. Көбіне қамыстан, ағаштан жасалады. 3-4 ойығы бар.

Сыбызғы аспабында күй орындаушы, күйші Сармалай күйші. Ол Орал жерінде туған. Қазақ халқының музыкалық аспаптары домбыра, қобыз, шертер, дабыл, дауылпаз, қоңырау, асатаяқ, тұяқтаст.б.

Музыка сауаттылығы: Үрмелі аспаптар үріп арқылы орындалады.

Ән орындайық!

Домбырасыз сән қайда?

Елдің жырын жырлаған

Қайғысын да толғаған.

Домбырасыз ешқашан,

Жүрекке ем қомбаған.

Қ-сы:

Домбырасыз ән қайда?

Домбырасыз сән қайда?

Ән мен күй бар өмірде

От та лаулап жанбай ма?

Құрманғазы ,Тәттімбет

Домбырамен сайраған.

Жүрекке от жақсын деп,

Елге күйін арнаған.

Абай , Жамбыл, сал Біржан,

Таңғалдырып ән салған.

Жүрегіңді жандырған

Естіген жан тамсанған.

Қорытындылау :

* Үрмелі аспаптар қалай ойналады?

* Сармалай күйші қандай аспапта ойнаған ?

* Үрмелі аспаптарды ата.

Үйге тапсырма: Дархан даланың үні сыбызғы.Домбырасыз сән қайда?әні


© 2010-2022