Презентация Музыка бейнелейді Ақсақ құлан

Раздел Музыка
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Музыка бейнелейді.

«Ақсақ құлан» халық күйі.

Мақсаты: Оқушыларға халқымыздың аңыз күйлерін,олардың шығу тарихы жайлы мағлұмат бере отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру, сұрақ жауап арқылы алған білімдерін пысықтап,одан толықтыру, музыкалық есту,тыңдау,ырғақты сезіну қабілеттерін дамыта отырып, адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;

Білімділік: музыкалық білімдерін толықтыру,ән айтуды үйрету,музыка тыңдау ережелерімен таныстыру, аңыз күйдің шығу тарихымен және домбыра аспабымен таныстыру;

Тәрбиелік: халық күйлері мен ұлттық аспаптардың үнін тыңдау арқылы ұлттық музыка өнеріне деген қызығушылығын ояту, адамгершілікке тәрбиелеу;
Дамытушылық: музыкалық білімін тереңдету,музыкалық қабілетін дамыту, әнді әдемі сезіммен орындауға дағдыландыру, оз ойын әңгімелеп жеткізе білу дағдысын қалыптастыру;
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, үнтаспа,баян аспабы;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: музыка тыңдау,ән айту, музыкалық сауаттылық, оқулықпен жұмыс, әңгімелеу,сұрақ-жауап т.б

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру: Музыкамен амандасу,оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындығын қадағалау;

  • Ән орындау: «Отаным» Ө.Байділдаев

  • Өтілген тақырып бойынша сұрақтар.

Жаңа сабақ: «Ақсақ құлан» халық күйі.

«Ақсақ құлан» аңызы

Көрнекіліктермен жұмыс: интерактивті тақтадан көріністерді тамашалай отырып, аңыз күйдің шығу тарихы жайында түсіндіру;

Домбыра аспабы.

Музыка тыңдау: «Ақсақ құлан» халық күйі.

Музыкалық теориялық талдау жасау

Музыка сауаты:домбыра, күй, күйші.

Сергіту сәті: «Көңілді музыкант»

Домбырада мен ойнаймын: дың, дың, дың.

Қозы-лақтар би билейді: дың, дың, дың.

Енді ойнаймын мен қобызда: зың, зың, зың.

Ботақандар би билейді: зың, зың, зың.

Енді ойнаймын дауылпазда: дұң, дұң, дұң.

Төлдер састы, тұра қашты: дұң, дұң, дұң.

Дауысқа жаттығу:үш дыбыстық.«Тауға шығамын,таудан түсемін». Биік-төмен дыбыстарды айту;

Ән айту:«Құлыншақ» Ө.Байділдаев

  • Әнді орындап көрсету;

  • Әуенін аспаппен үйрету;

  • Қосылып хормен орындау;

Ой қозғау:құлыншақ деген не?

Шығармашылық жұмыс: «Құлыншақтың» суретін салу;


Сабақты қорытындылау:сұрақ жауап.

Үйге тапсырма: «Құлыншақ» әнінің сөзін жаттау, суретті аяқтау;



© 2010-2022