Бұл жобада оқушыларға ұлттық тәрбие беру жөнінде жазылған

Раздел Музыка
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып: Мектептерде музыка пәні арқылы халықтық тәрбие берудің мән-мағынасы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 Оқушылардың ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыру

1.1 Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру

1.2 Жеке тұлға қалыптастырудағы музыкалық мәдениеттің рөлі

1.3 Музыка мен әдебиеттің байланысы

2 Тәжірибелік жұмыстағы әдістер

2.1 Музыка сабағындағы шығармашылық қабілетті дамытуда тәжірибелік жұмыстар

2.2 Музыканы тыңдай, қабылдай білуге тәрбиелеу әдістері

2.2.1 Музыкалық тәрбие берудің маңызы мен міндеттері

2.2.2 Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің негізгі шарттары

2.3 Шығармашылық тапсырмалар

3 Жас ұрпақты музыка арқылы тәрбиелеу

3.1 Музыка пәні мұғалімінің музыка сабағында оқушыларды ұлттық тағылым арқылы өнерге баулуындағы кәсіптік шеберлігі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тәуелсіз елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан ілгерілесу саясатты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-ахуалының артуын жүзеге асырудың аса маңызды құралы қоғамның барлық саласын, соның ішінде өнер саласында мәдениет пен білімді дамытуда аса маңызды рөл атқарды. Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырымдамасында (1996): "Тәрбиенің түп мақсаты - коғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшуі кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, өмірге икемделген, білікті, жанжақты мәдениетті жеке түлғаны тәрбиелеу" - деп өнер мен мәдеиетті дамытуға ерекше мән берілген. Тәуелсіз еліміздің дамуы үшін мәдени - рухани мұраның жетістіктерін келешек үрпаққа қалдырудың үлесі зор. Халықтың даналық мұрасын сақтаудың негізі халықтық тәрбиеде. Күнделікті өмір мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау, пайдалану үшін балалардың сезім-түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр, терең білімді азамат болуы керек. Осындай ұрпақтың өмірге деген эстетикалық көзқарасы оның қызметінің барлық саласында көрініп түрады. «Ата-бабаларымыздың рухани мәдени мұраларының тарихи ескерткіштермен ғана шектелмейтіні мәлім. Аязды, аңызақ желді, қақаған қысы мен аптап ыстығы жеткілікті ұлан-ғайыр кеңістіктегі шаруашылық ұйымдастыру мен күнкөріске байланысты қалыптасқан қазақтың қол өнері, әуез аспаптары, тіпті қырыққа тарта жанрлары мен қосалқылары бар өте бай ауыз әдебиеті белгілі бір мазмұнға құрылатын күйлері, ақындық шешендік өнері, халық әуендері мен билері, ұлттық әдет-ғұрып, ізгілік, имандылық дәстүрлері қазақ ұлтының ақжанын сезілтіп оятатын құбылыстар». Музыка пәні арқылы тәрбие беру тек қана жекеленген нысандарды елестете ұғыну ғана емес, ол мәдениетті сезіну мен түсінудің негізі. Бұл өмірге деген эстетикалық қатынасқа тығысатын барлық үйреншікті заттарға, дағдылы әлемге жаңа қатынас орнатады.

Жоғарғы оқу орнының болашақ түлектеріне: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», - деп, ұлы Абай айтқандай, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға үлес қосатын ұстаз орны әрқашан ерекше. Сондықтан да бүгінгі өмір талабы ұстаздарға қажымай-талмай жемісті еңбек етіп, ыждағаттылықпен, шығармашылық ізденімпаздықпен жұмыс істеуді міндеттейді. Ұрпақ тәрбиесі ісіне жете көңіл бөліп, жас жеткіншектерге музыка әлемінің қыр-сырын үйретуде талапқа сай ұзтаздарымыз еңбек етіп жүр.

Курстық жобада- халықтың дәстүрлері арқылы оқушыларда халықтық музыка өнеріне деген дүниетанымын қалыптастыру жұмыстары қарастырылады. Мұғалім үшін бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ оқыту процесіне мынадай міндет қойылады: оқушылардың музыка ұлттық қазына арқылы қызығушылығын ояту, шығармашылық қабылдау қабілетін дамытуды жүйелі түрде ұйымдастыру және халықтық мұра-орындаушылықты насихаттау. Музыкадағы оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі басты мақсат - әрбір жас адамды қоғамның тірегі, рухани бай, мәдениетті, эстетикалық талғамы зор, өз Отанының елжанды азаматы етіп тәрбиелеу болып табылады. а) музыканы тыңдау және ән салу, күй, жыр сияқты музыкалық шығармалардан үзінділер орындау (кез-келген музыкалық аспапта); ә) музыкалық шығарламалардың мазмұны мен үлгісіне қатысты төл ерекшеліктері және қазақ халқының дәстүрлі музыкалық мәдениеті туралы білім қалыптастыру; б) ән мен күйдің идеялық, эстетикалық мәнін түсіну, олардың сезім тербер дүниелі мазмұнын болжау; в) оқу барысында (оқытушы мен оқушының қарым-қатынасы) еркін шығармашылық ахуал орнықтыру мақсат тұтылады. Ойдағыдай нәтижеге қол жеткізу үшін музыка мұғалімі ұдайы өзін-өзі шындап, дамытып отыру керек, жаңаша ізденіс үстінде болуы қажет; г) басқа пәндермен байланыс жасау, шешендік өнерін дамытуға ден қою, тіл ұстарту мәселесіне көңіл бөлінеді. «Әлемнің басты өлшеушісі - ол Адам». XXI ғасыр табалдырығын аттау сәтінде тұрып, жан-жақты дамыған қоғам ретінде адамгершілік қасиетті жоғары сақтауды талап етеді. Көпқырлы қоғам бағытын жетілдіру процесінде, ой-өрісі жоғары, мәдени тәрбиелі, сезінуі, эмоциялылығы, өмірдің бағасын сезіне, болжай білуіне үйретеді. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан қорытынды, әдебиет тізімінен тұрады. Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, маңызы, мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері анықталып, жұмыстың тәжірибелік мәні жарықтандырылады. Бірінші тарау оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту қарастырылады. Екінші тарауында теория мен тәжрибе ұштастырылып халық музыкасы арқылы оқушыларды тәрбиелеу жолдары қарастырылады.

  1. Тарау. Оқушылардың ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыру.

1.1.Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру.

Біздің қоғамымыздың жас мүшені нағыз адамзаттық көзқарасын дәйекті көзқарасының қалыптасуын тек білімге ғана негізделмейді, оған қоса өзінің сезім түйсігінен, ар-ожданның елегінен өткен ақыл-ой қызметі қажет. Бұл жерде өнердің алатын орны ерекше, себебі біз өнер бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың музыка және өнер әлеміндегі ірі-ірі тұлғалардың ғасырлар бойы жинаған бай тәжірибесінің арнасын одан әрі кеңітіп дамытуымыз керек. Оқытушылардың музыкалық тәрбиесінің тәжірибелік нәтижелілігі жоғары көтерілуінің қажеттілігінің алғы-шарттары олардың білімі мен музыкалық дамуы болып саналады. Жастардың жеке музыкалық дамуын бақылау, олардың өнер жолында ең жақсы дәрежеде өсуін қамтамасыз етуде мүмкіндік туғызады. Бұл мәселелерді көптеген ғалымдарымыз зерттеді. Қазақстандағы музыкалық сын саласында әр кезеңдерде белгілі музыка танушылары - Б.Ерзакович, М.Ахметова, А.Темірбеков, Л.И.Гончаров, З.Қоспақов, Б.Қарақұлов және А.С. Райымбергеновтар. Музыканы қабылдау, әрине күрделі процесс, осыған орай Д. Кабалевский былай деп жазды: «Музыкаға деген қызығушылық музыкаға әуестену және оны ұнату, оның ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт. Сонда ол өзінің тәрбиелік және танымдық ролін атқара алатын болады. Ал музыкаға қызықпаған, онымен айналыспаған, оны ұнатпаған адамға білім мен тәрбие беремін деу сәтсіздікке ұшыратпай қоймайды» Әрбір оқушының сана- сезімі, мінез-құлқы, мәдениеті, өмірге көзқарасы, музыкалық қабілеті бірдей болып келе бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігі- тәрбиесіне, шыққан ортасына да байланысты. Демек, оқытушы өзінің тәрбие жұмысында әрбір оқушыға өз алдына жеке-жеке педагогикалық тәсілдер қолданады. Болашақ маманның ең негізгі міндеті - таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің зор көмегі болады. Адамның тұлға болып қалыптасуы жолында халық музыкасының әсері ұлан-ғайыр. Музыка өнері тек эстетикалық құрал ғана емес, оның өзге сипаттары да бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Бұл турасында, орта мектеп бағдарламаларында осы тұрғыдан да зер салып, әдістемелік тәсілдеріміздің мазмұнын байыта түсуіміз керек-ақ. Сондықтанда жастардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу керек сияқты. Байқасақ, әрбір жүргізілген музыка сабағының тәрбиелік мәні өте зор. Мектепке мұғалімдерді кәсіптік мамандыққа сәйкес даярлауда негізгі нысана музыка болуы керек. Бастауыш сынып оқушыларының әсемдікті көре, түсіне, жасай білуі мен рухани өмірін байыту, туған еліне, жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігін және ұлтымыздың бай қазынасы - қазақ фольклорына қызығушылығын арттыра отырып, олардың бойында эстетикалық мәдениетті тәрбиелеу - бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр. Оқушының әсемдікпен әрсіздікті, жақсы мен жаманды, мейірімділік пен зұлымдықты, қуаныш пен қайғыны түсініп ажырата білуіне байланысты оның эстетикалық мәдениеті мен мінез-құлық дағдылары айқындалады. «Жаратылыстың, һәм өнердің сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, сұлу суреттен, біреудің поэмадан. Тәрбиешінің міндеті балада өнердің қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету», - деп А. Жұбанов айтқандай, бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық мәдениетінің дамуы сынып жетекшілерінің және пән мұғалімдерінің шеберлігі мен тәрбие құралдары қазақ фольклор жанрларын тиімді қолдана алуына, әдіс-тәсілдеріне байланысты. Оқушылардың музыка өнеріне дүниетанымын қалыптастыру әдістері алуан түрлі және ол оқушының жас мөлшеріне тәуелді. Музыка өнеріне дүниетанымын қалыптастыру әдістерін көрнекі және ауызша деп бөлуге болады. Педагогикалық ғылым мен практика оқушының шығармашылық қабілетінің неғұрлым тиімді әдістерін анықтап отыр. Олар: оқушылардың музыканы қабылдауы мен эстетикалық мәдениетінің бастапқы көріністерін дамытуға бағытталған сендіру әдістері: а) қоршаған ортаны жасампаздандыруға және мінез-құлық мәдениеті дағдыларын қалыптастыруға арналған практикалық іс-әрекеттерге үйрету, жаттықтыру әдістері; ә) шығармашылық және практикалық іс-әрекеттерге итермелейтін проблемалық жағдайлар сияқты әдістер жатады. Шығармашылық қабілетті қалыптастыруда қолданатын сендіру әдісінің ерекшелігі оны қабылдайтын құбылыс әсем болған жағдайда ғана пайдалану керек екендігі. Оқушыда эмоциялық үн қосу өнер шығармаларымен тікелей ұшырасқанда пайда болады. Бұл әдісті көрнекілік, сондай-ақ ауызша әдіс деп те санауға болады. Үйрету - жаттықтыру әдісінің мәні - оқушыны тыңдай, көре бағалай білуге және соған сәйкес белсенді іс-әрекет етуге үйрету. Үйрету, жаттықтыру әдісі көп қайталауды талап етеді және түрлі жағдайларда қолданылады. Аталған әдістерді кешенді пайдалана отырып оқушының қабылдау белсенділігін тәрбиелеу керек. Оқушылар әдебиетті оқуға, музыканы тыңдауға ынталы келеді. Әртүрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін оқушыларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздың міндеті. Оқушылардың шығармашылық қабілеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы шығармашылық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады. Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие беру саласында көп өзгерістер жаңалықтар болып жатыр. Бүгінгі күнде негізгі мақсат жан-жақты дамыған білімді тұлғаны тәрбиелеу. Өзгерістер өнер саласын да қамтыды. Тәрбиелеудің бір құралы кең сан қырлы ұғымды қамтитын музыкалық өнер. Халық тағлымының байлығын өн бойына жинақтаған ертеден қалыптасқан педагогикалық тәжірибеде, тәлім-тәрбиеде оқу-ағарту мәселелері әлі де жетерлік. Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі, ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Қазақ халқы құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күйді ұнатқан. Домбыра сөйлейді, қобыз жеткізеді, сыбызғы білдіреді деген сөз тіркестері қазақ мәдениетінде кездейсоқ кездеспейді. Сабақта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда музыка мұғалімінің негізгі міндеті толықтырылған кеңейтілген бағдарлама негізінде оқу-тәрбие үрдісін және ұстаздың педагогикалық шеберлігін дамыту. Жас өспірімнің бойында талғампаздық эмоциялық сезімпаздық қалыптастыруында, оның мәдениетті болып өсуінде музыка әлемін түсінуде мектептегі музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше. Әр түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды тану, музыкадағы түрлі кезеңдермен көңілді ажыратуда оқушының музыкалық шығармашылығын дамытады. Жас өспірім - тыңдаушы, орындаушы музыкаға деген өзінің ой-пікірін көрсететін, түсінетін оқушы. Сондықтан музыкалық шығармашылық қабілеттің басты саласының бірі ол музыка арқылы тәрбие. Эстетика мен музыкалық шығармашылық қабілеттің ортақ мәселесі адамның табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап бағалауға және түсінуге тәрбиелеп оқыту. Мұғалімнің міндеті оқушының жай ғана музыкалық икемін дамытып, оған музыка білім ғана беру емес, оған музыкаға күнделікті байланыс керектігін таныту арқылы оның шығармашылық белсенділігін арттыру. Музыкалық тәрбие әдебиет бейнелеу өнері, тіл, тарих тағы басқа пәндермен байланысты. Сонда ғана біз оқушының мәдениетті жан дүниесі бай ой-парасаты кемелденген білімді оқушы етіп тәрбиелей аламыз. Музыка тіл айтып жеткізе алмайтын адамның киелі нәзік сезімі. Музыка бұл сезім тілі, адам жанын баурап алатын, моральдық сезімдік эстетикалық бірлігі болып табылады. Мектептегі музыка пәні оқушыларға басты тәрбие құралы болып есептеледі. Олардың рухани өмірі мен тәжірибенің музыка әлемін түсініп қабылдауы. Оқушының талғампаздығы, эмоциялық сезімталдығы, білімділігі, мәдениеттілігі, жас өспірімге ақыл-ой, сана-сезімдігі жақсы мінез-құлықтың қалыптасуына әсерін тигізеді. Музыканың қажеттілігі - ол музыка өнерінің негізімен оның өмірі мен байланысы жайлы түсінігін жетілдіру, баянды меңгеруіне көмектесу. Музыкалық тәжірибелік іскерліктерін дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқушының бойында рухани мәдениеттің маңызы мен ажырамас келбетін байытатын музыканың әсері мол. Олардың бойында түсінігі, сезімдік қабілеттілігінің тұрақтылығы музыка тілінің ерекшелігін меңгеру. Музыка сабағында, сыныптан тыс уақыттарда бастауыш сынып оқушыларымен музыкалық тәрбие жұмысын жүргізе білуге, күнделікті өмірге музыка өнерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңірек пайдалана білуге даярлау. Негізгі мақсаты: оқушының бойында рухани мәдениеттің аса маңызды ажырамас бөлігі музыкалық мәдениетті қалыптастыру арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру. Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілік, халық музыкасына, өз халқының рухани мәдени мұрасына, салт-дәстүріне сезімдерін оятады. Әр түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне деген достық, ұлт аралық бірлікке сезімдерін ояту, оны жетілдіру. Балалардың музыка арқылы түсінігін сезіну қабілетін музыка ерекшелігін меңгеру. Бүгінгі таңда балаларды жастайынан өнерге баулу музыкалық тәрбие арқылы жаңа тұлғаны, жаңа адамды тәрбиелеп қалыптастыру. Сухомлинский былай деді: «музыка адамның табиғаттың әсемдігінен, еңбекке деген құлшынысын арттырады, музыканың арқасында адамның айналаға, өмірге, тіпті өзіне деген көзқарасты өзгертеді.» Оқушыларға музыкалық тәрбие беру олардың өнерге деген сезімін ояту, таңдаулы халықтың шетелдік және классикалық музыкасын, Қазақстан композиторларының шығармаларын сүйіп тыңдай білуге дағдыландырып үйрету негізінен музыка сабағында, іске асырылады. 1.2. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы музыкалық мәдениеттің рөлі. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше дараланған жеке тұлға. Адамдар жеке тұлға болып бірден дүниеге келмейді. Әрбір адамды қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Жеке тұлға дегеніміз адамның мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындығы ерекшелігімен даралануы . Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай болуына қарамастан, өзін қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, ал енді біреулер сын көзімен қарап ой қорытуы, сыни пікірлер айтуы мүмкін. Адамдардың қоршаған табиғи ортадағы құбылыстарды қабылдап түсінуі де әр түрлі. Ол адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктермен тығыз байланысты. Мәселен біреулердің бір нәрсені жасауға іскерлік қабілеті болса, екінші адамда оның болмауы, біреудің ұйымдастырушылық қабілеті күшті болса, ал екінші бір адамның ұйымдастыру ісіне қабілетсіз болуы, біреу бір айтқаннан білімді тез қабылдаса, ал екінші бір адамның абстракциялық ойлау қабілетінің баяу дамуы, біреулердің сурет салуға, ән салуға бейімділігі болуы мүмкін. Жеке бастың бұл ерекшеліктер адамдардың басқалармен ұжымдық қарым-қатынасында байқалады. Сонымен бірге адам баласы өмірде үздіксіз тәрбие құшағында болатынын, бұрынғы игерген білім, білік, дағдылары біртіндеп көмескіленіп, оның орнына жаңа білім, білік, дағдыларды меңгерумен шұғылданатынын ескеруге де тура келді. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толығуымен байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, оның жаңаруы мүмкін. Бұған қоса әлеуметтік ортаның, отбасы мүшелерінің, жолдас-жораларының, таныстары мен достарының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ескерсек, жеке тұлғаның ерекшелігінің басым болуына оның да ықпалы зор. Сондай-ақ басқалардың көзқарасын, ой-пікірлерін қабылдау дәрежесі де түрліше болады. Сондықтан да әр адамды бір-біріне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігімен дараланған тұлға дейміз. Жеке тұлға өзін-өзі бағалауға да, өзінің іс-әрекетін, оның нәтижелерін басқалардың іс-әрекетімен салыстырып байқауға, басқалардың бойындағы артықшылық қасиеттерді көре, тани білуге, соған теңелсем, сондай болсам деп ұмтылыс, іс-әрекет жасауға да қабілетті. Жеке тұлғаға тән қасиет - ақыл, ес, яғни олар өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұрады. Сондықтан өмірді танып білу дегеніміз миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады. «Тұлға» дегеніміз адамның келешек өмірдегі жобасының келбеті. Яғни адам өз бейнесін өзі жасаушы. Тұлға-жеке адамның өзін өмірде көрсетудегі мақсатының орындалуы ғана емес, оның ерік-жігерінің іске асуы. Яғни өзі жөніндегі ойын еркін іске асырудың дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі, көрінісі. Сонымен бірге, тұлға дегеніміз сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі. Тұлғаның құрылымдық компоненттері үш бөліктен тұрады. Біріншіден -оның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру; екіншіден-адамзаттық өркениетті тұлғаның бойына біртіндеп сіңіру; үшіншіден-жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы үш компонент органикалық бірлікте қызмет етеді. Баланың тұлғасын жан-жақты дамытуды қаншалықты ерте бастау керек. Туған күннен-ақ бастап, балаларға әр түрлі жағдайлар әсер етеді. Үй тұрмысы, үлкендердің сөзі, қарапайым балалық өлеңдер, теледидар бағдарламалары және тағы да басқа әр түрлі жағдайлар баланың білімі мен сезіміне жастайынан айрықша әсер етеді. Үлкендердің сөйлегендері баланың тұлғасына тек жағымды әсер еткен жағдай қазіргі уақытта қол жетпейін арман. Бірақ баламен қарым-қатынаста болатын адамдар оның рухани байлығы өте төмен екенін жақсы түсінеді. Сондықтан да әрбір мектеп баланың сана-сезімін байыту мақсатымен ән-күй пәндерін кешіктірмей беру керек. Кейбір кезде балалар музыкалық білімді алмай барлық пәндерден өте төмен балды алып жүрген жағдайлар да аз емес. Оқушыларға өнер саласын ашқаннан кейін, баланың дамуына үлкен әсер етеді. Музыкалық тәрбиені беру үшін алдымен оның мақсаты мен мүмкіндіктерін бөліп шығару қажет.

Музыка ең алдымен эмоционалдық қанағаттандыруды береді. Екіншіден, музыкалық тәрбиенің негіз - ақыл-ойды ғылымның көмегімен жетілдіру. Үшіншіден - бұл эмоционалдық тәрбие. Ең алдымен балалардың қызығушылықтарын ескеріп, мектепте және оны бітіргеннен кейін толық музыкалық білімді алуды қамтамасыз ету керек. Әрбір әдістің негізін музыканың теориясы емес, практикалық жұмыстары қарайды. Балалар музыкаға қызығып кеткеннен кейін ол туралы көбірек білгісі келеді: музыкалық ноталардың белгілерін жазып үйрену, оларды әнге ауыстыру және тағы басқа. Музыка пәніне қызыққан бала кейін музыкалық теорияны да оқуға талпынады. Музыкалық практика тек қана өлең айту мен аспапта ойнаумен шектелмейді, сонымен бірге әнді тыңдауда практиканы құрайды. Әндер жеңіл, аспаптар-элементарлы, ал әуендер қарапайым болуы мүмкін бірақ қаншалықты құралдар мен материалдар жеңіл болғанмен, олардың көркемдік сапасы жоғарғы сатыда болуы ықтимал. Әрине дамудың ең бірінші сатысында музыкаға деген сүйіспеншілік фундаменті қаланады. Келесі сатыда балалар меңгерген білімін музыканы тереңдетіп тануға жұмсағылары келеді. Міне, дәл осы уақытта баланы әр түрлі кезеңдердегі музыкамен, оның бағыттарымен, стильдерімен таныстыру қажет. Сондай-ақ классикалық шығармалармен қатар жаңа заман шығармаларын беру қажеттілігін ұмытпау керек. Тұлғаны тәрбиелеу - бұл қарым-қатынастың барлық түрлерін сатылы әрі үздіксіз дайындау және іске асыру деген сөз. Бұның нәтижесінде тұлға қоғамдық және мектеп құндылықтарын, әлеуметтік рәсімдерді, нормаларды, ұйымдастырушылық қабілетін және т.б. игереді. Білім беру және тәрбиелеу процессі кезінде тұлғаның әлеуметтендірілуін қамтамасыздандыру қажет. Бұл жаңа ашылыстарды игеруді, өзіндік күн көруді үйренуді, мәдениеттің минимумдық негізін салуды білдіреді. Музыка туралы білім біздің заманымызда күннен күнге үлкен рөль атқарады. Егерде бұндай жұмыс нәтижесінде оқушылар музыка пәнінде эмоционалдық қанағаттанса, онда олар музыкаға деген сүйіспеншілікті бүкіл өмір бойы өткізе алады. Солардың біреулері болашақта композитор, біреулері - әнші, тағы біреулері - жақсы, музыканы сүйсіне тыңдайтын тындарман болуы мүмкін. Музыкалық тәрбиешілер жастарды осы екінші, үшінші топқа қосылып кетулеріне себеп болу керек.

1.3.Музыка мен әдебиеттің байланысы.

Бұл - музыка пәні сабақтарының ішіндегі аса маңызды тақырыптардың бірі. Мұғалім тақырып ауқымының молдығына байланысты бұған өз жоспарлауымен бірнеше сабақ өткізгені жөн. Сабақ өткізген кезде оқулықтағы материалдарды негізге ала отырып, мұғалімнің қосымша мына жайларға да оқушылардың көңілін аударғаны пайдалы болмақ. Музыка мен әдебиеттің байланысы әртүрлі музыкалық және әдебиет жанрларының арақатынасы шеңберінде алып, енді олардың өрісін ұлғайта отырып, кең, үлкен ауқымда қарастыру керек. Бұл туралы мұғалім алдымен оқушылардың әдебиет пәнінен алған білімдеріне назар аударып, олардың әдебиет сабақтарында өткен халықтық және әдеби ертегілерден, әңгімелерден, прозалық, поэзиялық көркем шығармалардың тілдік ерекшеліктерінен, ырғағынан, ұйқасынан нені байқағандықтарын, алған әсерлері мен тұспал түсініктері жайында сұрап біледі. Музыка пәні сабағында әдебиет пәні бағдарламасындағы шығармаларды пайдалану және аралық байланыстың орнығып, нығая түсуіне көмектеседі. "Музыка және әдебиет" тақырыбында үйірме ретінде жиын өткізіп, онда бәрі бірге музыка тыңдап, әдеби-музыкалық бағдарлама жасап, концерт ұйымдастырудың да маңызы зор. Әрине мұндайда музыка мен әдебиет пәндері мұғалімдері шығармашылық тығыз байланыста болуы қажет. Жүзеге асырылған мұндай шаралар оқушылардың музыка мен әдебиеттің байланысын жете түсінулеріне көмегін тигізетіні сөзсіз. Музыка мен әдебиеттің байланысының ән жанрындағы бірлігі мен тұтастығы, бірінсіз-бірі олқы соғып тұратыны, бірін-бірі толықтырғанда ғана әннің мазмұны мен мағынасы тереңдей түсіп, маңызы артатыны жайлы түсінік орныққан соң, мұғалім біртіндеп оқушылар назарын күрделі жанрларға қарай бұрып, музыка мен әдебиеттің, әсіресе операда, одан соң балетте (музыка мен либретто), опереттада драмалық қойылымдар мен кино өнеріндегі байланыстарына жеке-жеке арнайы тоқталуы тиіс. Мысалы, опера жанрында музыка мен сөз, яғни әдебиет бірдей тепе-теңдікте қызмет атқаратыны, бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтындығы дәлелдене ұғындырылғаннан кейін мұғалім оқушылардан: «Тағы қандай музыкалық жанр әдебиетпен тығыз байланысты?»- деп сұрайды. Бұл сұрақтың жауабы «музыкалық - әдеби жанр-балет болуы тиіс» дегенді балалардың өздері-ақ ойлап таба алады. Мұнда музыка сөзсіз орындалғанымен, кейіпкерлердің айшықты образын, мінез-құлқын, іс-әрекеттерін айқындау арқылы әдебиеттегі, спектакльдегі либретто желісі бойынша алға қойған мақсатты орындау міндетін атқарысады. Осылайша мұнда да музыка мен әдебиеттің байланысы анық байқалады. Сондай-ақ оператта жанрында да музыка мен әдебиет арасы ажырамас бірлікте, тығыз байланыста болады. Ал сахналарда қойылатын драмалық спектакльдер мен кино өнерінде де музыка әдебиеттің көмекші құралы ретінде пайдаланылады. Мұғалім хор, поэма, контата, оратория тағы басқа жанрлардағы музыка мен әдебиеттің байланысы жөнінде тоқталуына болады. Ақырында «Музыкасыз әдебиет, әдебиетсіз музыка жанрлары қандай күйде болар еді? Бір-бірінсіз өмір сүре алар ма еді?» деген сұрақ төңірегінде қорытынды сабақ өткізген орынды. Мұны адам үшін мидың, жүректің немесе ақыл мен сезімнің қандай рөл атқаратынымен, қалай бағаланатынымен салыстыруға болады. Сөйтіп, музыка мен әдебиеттің ажырағысыз бірлігі мен байланысын бекіту қажет. Музыка мен әдебиет әр түрлі көркемдік-образдық құралдар арқылы бір-бірін толықтыра байытып, өмір құбылыстарының күрделі әлемінің сырын ашуға, адамдардың оған және өзара қатынастарына, қуаныштары мен жан күйзелістеріне байланысты іс-әрекеттерін көрсетуге өзара бірлікте қызмет ететіндігі жөніндегі ұғымды орнықтырудың мәні зор. Мұғалім тақырып саясында сабақ өткізу барысында бұрында өткен, тыңдаған, жаттап үйренген шығармалардан мысалдар келтіре отырып түсіндіруі тиіс. Сонымен бірге "музыкалық сауат" тақырыбына байланысты оқулықта өтілген материалдар негізінде лад, тоналдық, интервал, акцент сияқты терминдеріне тиісті түсініктемелерді де нақтылы шығарма мысалдары арқылы беріп отырған орынды. Адам сезімін тәрбиелеу проблемасы бірқатар факторлармен шешіледі, оның ішінде өнер басты роль атқарады. Өнер арқылы адам өзінің шын мәніндегі өз ішкі көңіл-күйін білдіреді. Олай болса, бүгінгі мектепте өнердің басты бір мақсаты - ол адам баласының барлық әрекетіндегі сезімталдықты тәрбиелеу. Адамның рухани дамуы белгілі дәрежеде сұлулықты қажетсінуінің пайда болуымен байланысты. Ал, рухани қажетсіну практикалық іске тікелей белсенді араласу нәтижесінде туады. Сондықтан жаңа қоғамның азаматын тәрбиелеуде партикалық іске қатыстырудың өзі адамның дұрыс шын мәніндегі әдемілікке, әсемдікке деген көзқарасын қалыптастырады. Бұл жерде, себеп пен салдардың өзара ықпал етуі пайда болып, өнерді қабылдауда шығармашылық процесс белгілі дәрежеде практикалық әрекеттен тауып, ал практикалық әрекет өнерді шығармашылықпен қабылдап, оның сұлулыққа деген қатынасының өзгеруін туғызады. Педагог-ғалымдардың бірқатар жеке адамды өнер арқылы тәрбиелеуде мектептің рөліне ерекше мән береді. Өнер табиғатының өзі адамды саяси-идеялық, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиелеріне, жасөспірімдердің рухани өсуінің үйлесімді даму мәселелеріне комплексті тұрғыдан қарауды көздейді. Оның әсер ету мүмкіндігін оқу-тәрбие процесінде ескеріп отырғанда ғана іске асады. Өнердің әлеуметтік-адамгершілік, эстетикалық табиғатын ескерудің зор тәрбиелік маңызы бар. Өнер арқылы адамды әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеуде оның педа- гогикалық негізімен қатар психологиялық аспектілерін де ескеру керек. Өнер - адамның айнала қоршаған ортамен көңіл-күй қатынасымен ғана жүзеге асатын бейнелі, образды, эмоционалды ұғымдардың синтезі. Мұнда эмоциялық таным жан-жақты дамып, субъективтік сезімталдық интеллект-парасатын айқындайды. Жас өспірімдердің өнерге деген жоғары талғамы біріншіден, мазмұны терең және көркемдік формасы жоғары өнер шығармаларын қабылдау арқылы; екіншіден, өнер түрлерінің біреуінен жоғары қабілеттің болуы арқылы қалыптасады. Адамда мұндай қасиеттер болмаса, әсемдік қабылдауда, өнер шығармаларын таңдауда талғамы төмен, идеялық-эмоциялық бағалауы нашар болады. Осыған орай адамның үш типін анықтауға болады:

1) өнер шығармаларын дербес, өздігінен бағалай білетін қабылдауы мен эмоциялық сезімдері дамығандар; 2) айналадағы әсемдік пен әдемілікті қабылдауы мен эмоциялық сезімі онша жетілмеген, өнердің ықпалына түсе қоймайтындар; 3) эстетикалық жағынан дамымаған, өнер шығармаларынан ешқандай әсер ала алмайтындар. Өнер арқылы тәрбие беру жүйесінде музыка мен театр ерекше орын алады. Музыка жөнінде ертеде өткен ұлы адамдар оның үнінде адамның әрекеті мен сезіміне әсер ететін құдіреті керемет күш жатқанын айтқан. Музыканың мұндай қасиетін қазақ халқы да жоғары бағалаған. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қанатты сөздерінде бұл пікір жиі ұшырасады. Мысалы, «Тіл жеткізбегенді-үн жеткізеді», «Жақсы ән-жан азығы» т. б. Шынында да, музыка тілімен жеткізе алмайтын адамның тереңде жатқан нәзік сезімінің қылын шертеді. Атамыз Абай: «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй», - десе, Л. Н. Толстой: «Жақсы музыка көңіл-күйдің, жан сезімінің шежіресі», - деген. Музыканың осындай құдіретті қасиетінің өзі-адамды барлық сұлулықты қабылдауға, оны жан-тәнімен сезінуге, адамды сүюге, құрметтей білуге, рухани байытуға арналған. Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық музыкасы бар. Оның дамуы ұлттық мәдениетінің деңгейіне байланысты. Қазақ халқының да ғасырлар бойы қалыптасқан өзінің тәжірибесі, білімі, көркемдік пен сұлулыққа деген көзқарасы, рухани өмір байлығы болып табылатын бай тарихи өмір жолымен тығыз байланысты.

Ана әлдиі, бесік жыры, қыз ұзату, келін түсіру, мереке, салтанат кештері, ақыр соңында, адамның дүниемен қоштасуы - бәрі-бәрі көз алдыңыздан өтеді. Мұның бірі - қуанышты, бірі мұңды болып келгеніне қарамастан, бәрі адамның жүрек тебіренісі мен сезім-түйсіктерінің оянуы мен байланысты. Бұрын қазақтың көшпелі дәуірінде ауыл-ауыл болып жиылып, ел мақтанышы болған ақындарды, жыршыларды, әншілерді қонақ қылып, айлап жібермей өнерін тамашалаған. Елдің қабілдетті жастары хат танып, қағазға түсіре білмесе де, өлең-жырларды, термелерді қағып алып, кейіннен өздері нақышына келтіріп айтып жүрген. Ақын-жыраулар қабілетті жастарды қастарына ертіп, үлкен өнерге баулыған. Сонау ежелден келе жатқан өлең-жырлар мен шешендік сөздердің, ән-күйлердің қазақ елінің барлық түкпіріне кеңінен таралуы халқымыздың өнерге деген ерекше сүйіспеншілігінен екені белгілі. Мұндай ұлы дәстүрді біз күй атасы Құрманғазының, Тәттімбеттің, Дәулеткерейдің, Сүгір күйшінің, ән атасы Біржан салдың, Қанапияның, Ақан Серінің, Үкілі Ыбырайдың, Балуан Шолақтың, Естай ақынның, Жаяу Мұсаның, Мұхит әншінің, Жамбылдың, Кененнің, Исаның, Әсеттің, Мәдидің тағы басқа қазақ халқының ақын-компазиторларының, өнер мектебінен өткен ұлы адамдар шығармаларының халық ішіне кеңінен таралуынан көреміз.

Лириканың бірнеше атауы - көңіл сазы, табиғат сазы, махаббат сазы, азаматтық әуен болып тарамдалғаны сияқты, күйді де шалқыма, жайылма, ілме, ақпа, төкпе, шертпе деп бөлуге болады. Осы айтылған қасиеттерді меңгерген дарынды күйшілер халқымызда көп болған. Мысалы, Тәттімбет, Құрманғазы. Ал Сүгір шалқыма, шертпе күйдің шебері болған. Мысалы, оның «Шалқымасы» ілік-шалыс тартылып, жөргемделіп, аяғы «аһ» ұрған арманға айналады. Ықыластың ауызданған ол тіпті қобыздың сарынын да домбыраға түсірген. Ол осы екі аспаптың сарынын ұштастырғанда - бірде қамығады, бірде сағынады, бірде төгіледі, бірде сөгіледі. Музыканы түсінген адам оны сыйламай тұра алмайды. Қуғындағы ақын Плещеевке қамқорлық жасаған Перовский тұтқындағы Құрманғазыны да құтқарады. Омбының жандаралынан көреді. Атбасар-Қараөткелдің дуанбасы Ерден баласы өліп аза тұтқанда, Ықыластың күйінен қуаныш табады.

Абай атамыз: «Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй», - деп адамның рухын көтеретін, жан сарайын жаңартатын, шабытына шабыт, жігеріне жігер қосатын ән мен күйдің құдіретін қалай дәл берген. Ал, қазақ халқы- қашаннан ән мен жырдың отаны. Туған өлкеміз бүгінде даму, өсу, түлеу, жаңару үстінде. Білімді де зерделі, парасатты да инабатты ұрпақ өсіп келеді. Қазіргі жыр арқауы да осылар болуы тиіс. Жырларда, шырқалған әсем әндерде, қосыла шерткен күйлерде замана үні, кешегі-бүгінгі ұрпақтар дауысы дабыл қағады. Өйткені, халқымыздың тыныс-тіршілігінде, өнер мәдениетінің қалыптасуында музыкалық шығармалардың ролі ерекше. Мұны мынадай екі жағдайдан байқауға болады: қазақ халқының өнер шығармасының барлығы музыкамен беріледі; 2) әрбір музыкалық шығарма халық өмірінің нақты бір кезеңін, дәстүрі мен салтын, қоғамдық талғамын, халықтың сол өнерге деген көзқарасын т. б. білдіреді. Сондықтан да қазақтың музыкасы мен күйі түсінікті, әсерлі, тез үйретуге болатын, жанға жақын келеді. Мысалы, халқымыз әнді, күйді тыңдап, кейіннен бірден домбырамен айтып кете берген. Тіпті, қазақ сахарасын, жазира даласын зерттеуге келген саяхатшылар қазақ халқының бұл қасиеті жөнінде «Әрбір екінші қазақ өлең шығарады, жыр жырлайды, өлең айтады»,-деп таңданған. Ол халық творчествасында халқымыздың ұлттық небір ұнамды жақтары, жоғары ой-өрісі, мәдениеті жарасымды көрініс табуынан еді. Яғни, халқымыздың тамаша әндері мен күйлеріне еңбекші бұқараның жарқын болашаққа ұмтылған ой-арманы, ел басынан өткен тарихи кезеңдері, туған елдің табиғаты, мөлдір махаббаты т. б. жайлар көрініс тапқан.

Мысалы:

«Жан ана, жарық күн-жанарың,

Бір сенде кеңдігі даланың,

Балаңды құшақтап сүйгенде,

Сеземін көктемнің самалын», - деп анаға деген махаббат арқылы, ананың балаға деген махаббаты арқылы бүкіл әлемде достық орнасын деген халқымыздың ізгі тілегі жатыр.

Ал, Сәкен Сейфуллин туған жер табиғатын былай деп жырлайды: «Ауасы дертке дауа, жұпар иісі, -

Көкірек қанша жұтсаң, - тоясың ба?» Ия, қандай тамаша, туған өлкенің сұлу табиғат көріністері көз ал- дыңызда тұра қалады. Бір сәтке көзіңізді жұмсаңыз, даланың ермен-жусан аралас жұпар атқан иісі танауыңызға келеді. Әрине, қандай өнер туындылары болмасын жас ұрпақтың эстетикалық талғамының аясын кеңейтуде, оларға тәрбие беруде маңызы зор.

2.ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАҒЫ ӘДІСТЕР

2.1 Музыка сабағындағы шығармашылық қабілетті дамытуда тәжірибелік жұмыстар

Мектепте қажетті білім алу, тәжірибе жинақтау, шығармашылық белсенділік пен қызығушылықты қалай ұйымдастыруға болады? Бұларсыз оқушылардың музыкалық шығарманы үйренуге, игеруге деген ынта-ықыласын ояту мүмкін емес. Бізге балалармен бірге жұмыс істеудің алуан түрлі тәжірибесі белгілі. Жалпы білім беретін орта мектептердегі тәсілдер ұлттық аудиториямен жұмыс істегенде айтарлықтай нәтиже бере қоймады. Тәжірибе жұмысы үш бағытта жүргізілді. Олар: орындау, сүйемелдеу және шығарманың көркемдік келбетін анықтау. Бұл бағыттар негізінен бір-бірімен сабақтасып жатқандықтан, оларды жеке-жеке талдамас бұрын шығармалық тапсырма берілгенде оқушы белсенділігінің деңгейін байқататын сабақ үлгілеріне тоқталу қажет болады. Бастапқы жұмыс кезеңі. Балалар дыбыс бояуы, ауқымы (регистрі) жағынан әр түрлі аспаптарда «Елім-ай» әнінің шағын, зарлы да әсерлі, сонымен қатар, бейнелі әуенін орындайды. Әнді үйрену барысында өзге тәсілдер де қолдануға болады. Алғаш балалар бірте-бірте жоңғарлар, артынан қайта орнына түсетін «Елім-ай» әуенін толық айтуға дағдылылынады. Сол негізде шығарманың құрылымы орындаушылық еркешеліктері тұтас қамтылған соң, музыка аспабының сүйемелдеуімен қайта айтылып, ептеп өңдеу, көркемдеу, құбылту тәсілдері қолданылды. Ән музыкалық аспапта ойналып, соңынан толығымен айтылып пысықталды. Осы жұмыс барысында оқушылар әуенді жатқа орындап, кейбіреуі мұғалімнің көмегімен С - moll әуезіндегі алғашқы ноталарды атап та берді.

Сөйтіп оқушылар тәжірибе барысында мына дағдыларды: а) қарапайым музыкалық шығарма сипаттарын айқындауды; ә) басқа баланың ән айтуын, аспапта орындауын тыңдауды; б) тыңдағанын талқылап, одан қорытынды жасауды; в) естіген әуенін аспапта қайталауға; г) өздері талдаған әнді есіне сақтап, қайталауды меңгерді.

Музыка сабағында әр кез жаңа материалдар игеріліп, сабақ сайын берілген тапсырмалар күрделендіріліп отырылады.

Мысалы, сабақ барысында Тұрмағанбет Ізтілеуовтың термесінен мынадай жолдар оқылады: Қабаға қарсы ұмтылма ер дегенге, Сартапқа тұқым шашпа жүр дегенге…

Балалар терме жолдарының мазмұндық сипатына қызыға ден қояды, жыр жолдары классикалық қара өлең құралымында сай келгендіктен балалар оған әуен шығаруға да талпынды. Осы ізбен балаларға өз бетінше терме үйрену тапсырылды. Ал келесі сабақта балалар шығармашылық белсенділігінің арта түскенін аңғардық. Орындалған әрбір термені балалар мұқият тыңдап, бағалап отырды. Мұның өзі олардың талғамын, көркем туындыға сын көзбен қарау қабілетін өсіруге ықпал еткенін байқатады. Сабақ процесінде балаларды бірін-бірін тыңдауға, бір-бірінің пікірімен санасуға дағдыландыру ісі де жолға қойылып отырады. Оқушылардың бірі белгілі аймаққа тән терме үлгісін шабытпен шырқаса, екіншісі басқа аймақта жиі айтылатын термені шама-шарқынша орындап, ортаға салды, үшіншісі - музыкалық - эпикалық үрдістегі талдау орындаса, төртіншілері - аспаптық шығарма ойнаумен шектелді. Терме сөзін үйрену барысында қызықты педагогтық сәттерге кез болдық. Бір оқушы бұрын өзіне белгілі поэзиялық мәтінді дәстүрлі әуенге салып орындады. Әрине, оның әуені дегеннен әсем әрі шебер шықты дей алмаймыз. Кейде ол он бір буынды ұйқасқа жеті өлшемді ырғақты қосып отырғанын сезбей де қалады. Көп ұзамай балалар шығарманың поэзиялық және композициялық нысандарын ажырата білуді меңгере бастады. Кейде ойдан шығарған терме саздарына олар пікір айтып, талдау жасап отырды. Балаларды музыкалық аспапта орындалған әуенді сол қалпында қайталап шығуға үйрете жүріп олармен жұмыс істеудің түрлі әдістерін қарастыруымызға тура келді.

Мысалы: 1) Оқушы естіген музыкалық әуенін, оның ырғақ-сазын жеке дауыспен болмаса музыкалық аспаппен орындап шығуы керек.

2) Оқушыларға жеке дауыспен немесе музыкалық аспаппен сұрақ - жауаптық жүйеге құралған терме әуенін қайталап шығу ұсынылды. Алдымен ырғаққа салып мәнерлеп орындау тапсырылды. Кейін олар ырғақты музыкалық аспаптарында орындады. Барлығына берілген үй тапсырма - нақты ырғақтық жүйеге әуен жазу болды. Келесі сабақта оқушылар жазған әуендерін айтып, орындады. Бұл тәжірибелер оқушылар тарапынан асқан қызығушылық тудырды. Мұның өзі олардың ашылуына себеп болды. Кейде ауызша мәтін ырғағына да, күн ілгері берілген ырғаққа да көңіл аударылып, балалардың мәтінді өз еркінше ырғақтауға мүмкіндік берілді. Осындай тәсілмен оқушылар кезекті шумаққа әуен шығаратын болады. Оқушыларға әуен шығару тапсырмалары үнемі беріліп отырылды. Әрине, қиыншылықтар да туып отырды. Себебі оқушылар фортепьяно (болмаса баян аспабын) еркін қолдана алмайды. Олар өз қиялында туындаған әуенді ғана елестете алады. Сезіну, қабылдау қасиетін дамыту - музыкалық шығармашылық қабілеттің ең қажетті буындарының бірі қарапайым музыкалық сұрақ-жауап, әннің бір бөлігін қайталаудың өзі музыкалық сезімді тәрбиелеу болып табылады. Бала шығармашылығындағы ең қолайлы әдіс те осы музыкалық сезім нышанын тәрбиелеу болмақ. Музыка - тыңдау, көркем қабылдау, түйсіну процестерімен тығыз байланысты пән. Бұл реттен, ең алдымен, балалардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу мәселесін нысанаға аламыз.

Оқушыларды ән, терме айту ғана емес, аспаптық сүйемелдеу ісімен тығыз байланыста баулығанда ғана елеулі нәтижелерге қол жетпек.

Кез-келген оқу-тәрбие жұмысы сол мәдени - музыкалық мұрамызға негізделуі шарт. Мектептегі музыка сабағы оқушыларды әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп көркемдік аталуына, шынайы сезінуге, одан рухани ләззат алуға, өмір жолы ой толғауға ізгілікті мұрат-мақсаттарға жетелеп өнегелі істерге баулиды. Эстетикалық талғамын қанағаттандыра отырып, музыка жөнінде түсінігін кеңейтуде, ой-өрісін дамытуда, жоғары сапада болуы үшін құрылған музыка сабағының маңызы өте зор. Сабақты ұйымдастыру формасы басқа сабақтар сияқты музыка сабағы да оқушылар қабілеттеріне, икемділігіне, қызығушылығына қарай бөлінбейді бәрі бірдей тәлім алуы тиіс. Сабақтың ұзақтылығы, материалдарды түсіндіру, пысықтау, өткен сабақтардан алған білімін тексеру. Сабақта қолданылатын іс-әрекеттер формасының қабілеттеріне қарамастан сабақтың тұтас болуы белгілі. Бірінші сабақта қолданылатын іс-әрекеттер түрлері оның мақсатына, тақырыбына қарай анықталады. Негізгі әдістері: түсіндіру, ауызша баяндау, проблемалық жағдай туғызу. Музыка сабағының басқа сабақтан айырмашылығына, ерекшелігіне келсек негізгісі өнер сабағыны екендігі, музыканы оқыту барысында ақыл-ой мен эмоция, түсіну мен сезіну қатар жүзеге асырылады. Келесі ерекшелігі музыканы тыңдап, қабылдау барысында адамның психологиясына, физиологиялық процестеріне кемелді түрде әсер етеді. Музыка сабағы эмоция мен саналылықтың бірлігін қамтамасыз етіп сабақтың әрбір элементі оқушының белсенділігін, қызығушылығын арттыруы тиіс. Оқушыларды өмірден, музыкадан тіпті өтілген сабақтан көрген тәжірбиелерін тереңдете түсуі белсенділігін арттыру, жаңа ережелермен танысу, алған білімдерін бекіту.

Синтез және анализ - шығармалардың айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білу, оны талдау. Мысалы «Қос алқа» мен «Қара жорға» ұқсастығы: күй, домбырада, оркестрде орындауға болады, билеуге болады. Айырмашылығы: екпіні, сипаты, ырғағы, құрылысы тағы басқа. Сондықтан сабақ өткізілместен бұрын алдын-ала мақсаты мен міндеті және оларды іске асырудың жолдары, мазмұны мен құрылысын, оқыту әдістері мен құралдарын тәрбиелік, білімділік мәнін дамытпалы мүмкіндіктерін анықтап алған жөн. Музыка сабағының кестесінде қай уақытта өтілетініне де назар аударған жөн. Музыка сабағы қандай пәндерден кейін қойылғанын да ескеру керек. Музыка сабағында күтпеген жағдайлар болып тұрады. Электр тоғы жоқ, күйсандық ойнамайды, аспап істен шықты, музыка мұғалімінің тамағы ауырып қалды тағы сол сияқты. Осындай жағдайлардан жол тауып сабақты сәтті өткізіп шығу мұғалімнен ерекше дарындылықты, тапқырлықты қажет етеді.

Сабақтың мақсаты мен міндетін ойлай отыра мазмұны мен құрылысын, құралын және әдісін табу сабақтың нәтижесіне жетудің жолы, қорытындысы. Сабақтың мазмұнында әр түрлі шығармалар бар. Олардың сипаты, көңілі болады. Біртұтастылығын табу сабақтың әр түрлі іс-әрекетінің бірізділігі, сабақтың эмоциялық суреті, бір шығармадан келесі шығармаға көшу сыныптың эмоицялық көңілін көтеру, балалардың ықыласын, көңілін табу мұғалімнің табысы.

Мысалы бірінші сыныпта балалар «Апорт деген тәтті алма» әнін үйренсе «Күз ырғағы» атты әнді тыңдайды, күз әуенін тыңдап сурет салады.

Сабақты құру кезінде балалардың физикалық, физиологиялық ой-өрісіне ықпалын тигізіп, әр сыныптың ерекшелігін байқау, дер кезінде іс-әрекеттерді ауыстыру, ол балалардың ықыласын, назарын, құштарлығын төмендетпейді. Сондықтан мұғалім иілмей жағдайға байланысты өз жұмысына шығармашылықпен қарап, әр сабақты қайталайтын болады. Музыка сабағы өнердің бір саласы болғандықтан мұғалім білімді болып қана қоймай сол алатын білімдері арқылы тәрбие жұмысын жүзеге асырады және де оқу пәні ретінде оқушының пейіл, сезіммен эстетикалық идеал ретінде тәрбие құралы деп есептеуге болады.

Сондықтан музыка сабағы педагогикалық-психологиялық заңдылықтарға сүйене отырып жоспарланады, яғни оқушылардың жас ерекшеліктері, қабылдау мүмкіндіктері, ой-санасы, қиялы тағы басқа.

Мектептегі музыка сабағының негізгі мақсаттары: оқушылардың музыка мәдениеттілігін тәрбиелейді. Ол деген эстетикалық сезімін қалыптастыру, әрі қарай дамыту музыкалық ой-өрісін кеңейту, талғамын тәрбиелеу, композитордың шығармашылығымен, өмірінен мағлұмат алу. Шығармалардың сипатын, образын ашуда, қолданылған мәнерлігін анықтап, шығармаға қандай көрік беріп тұрғанын қарастырады, музыкаға деген қызығушылығын, эмоциялық көзқарасын қалыптастырады, әр шығарманың мәнерлік құралдарын ажырата алатын болады. Сурет салу, музыка туралы өз ой-пікірін айта білетінін жеткізу, халық музыкасын білу, тану, түсіну, музыка ән жанрларының түрлерін ажырата білуін тәрбиелеу. Сондықтан музыка сабағында оқушылар бәрі бірдей тәлім-тәрбие алады. Музыка сабағының айырмашылығы, ерекшелігі оның өнер сабағы екендігін сезеді.

Ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген ата-баба күмбірлі күй, асыл ән арқылы бала бесігін тербетіп, ой-санасын парасаттылыққа тәрбиеледі.

Оқулық бағдарламада негізінен ойлы да сазды, философиялық айтар ойы бар халық әндеріне көңіл бөлінеді. Сұлу сазды, кең диапазонды халық әндерін нақышына келтіре орындау, оны үйрету алғашқыда оңайға соқпайды. Халық әндерінің қыр-сырын меңгере алмай үлкен вокалдық партияларды айту мүмкін емес. Нағыз әншінің шеберлігі халық әндерін айту арқылы қалыптасады десек артық кетпейміз.

Дауыс - адамға берілген табиғи құрал. Ән үйрету процесінде оқушыға қажырлық пен ұстамдылық, әнге деген сүйіспеншілік қажет. Оқушы алғаш ән айтқанда, фортепьяно үнін тыңдап түрлі дыбыстарды ажырата білуге үйренеді. Осы кезеңде әннің орындалуына байланысты дұрыс артикуляция, терең тыныс алу және дыбыс аппаратының күшеюіне көңіл бөлу қажет. Ән үйрену процесінде оқушының негізгі музыкалық қабілеттері: есту, ритм, эмоционалды көңіл-күйі дамиды. Ән-дыбыстандыру кезіндегі күрделі процесс. Оқушы репертуарына тек қана халық әндері емес, Қазақстан композиторларының кәсіби әндерінің бай туындыларын да енгізу қажет.

Е. Брусиловский, А. Жұбанов, Л. Хамиди, М. Төлебаев, Е. Рахмадиев сынды композиторлардың әндері, романстары оқушылардың сүйіп айтар туындыларына айналды. Ән үйрету кезеңі. Құнды идеялық және көркемдік жағынан тартымды шығармаларды (әндерді) таңдау мұғалімнің негізгі міндеті болуға тиіс. Репертуар таңдау үшін мұғалім оқушылардың орындау мүмкіншілігін, өсу деңгейін міндетті түрде ескеруі керек. Қандай бір қарапайым ән болса да, мұғалім оны үйретуге кіріспес бұрын алдын - ала әнді орындауға қойылатын барлық талаптарды белгілеп алуы тиіс: тыныс алу, динамикалық белгілері, музыкалық сөйлемдерге (фразаларға) бөлу, үйренуге қиын ырғақ өрнектері, интонациялық таза айтуға назар аударатын тактілер, күрделі сөздер, оны дұрыс және анық айту жолдары, т.б. Осындай жан - жақты талдау жүргізу мұғалімнің өз оқушыларына әнді үйрету барысында қандай әдіс - тәсілдер керек екендігін анықтауға көмектеседі. Оқушыларға әнді үйрету мына кезендерді қамтиды: кіріспе әңгіме, әнді орындап көрсету, тыңдаған әнді талдау (әңгіме), әнді үйрету, мәнерлеп орындауға дағдыландыру.Қысқаша ән үйрету барысындағы іс - әрекеттерге сипаттама. 1) Кіріспе әңгіме. Әнді үйретуден бұрын мұғалім шығарманың мазмұнымен сипаты туралы, авторлар туралы, т.б. кіріспе әңгіме өткізеді. Мақсаты - оқушылардың назарын ән үйретуге дайындау. Үйрету барысында ең бастысы музыкалық есту қабілетін дамытып, есту қабілетінің ықыласын тәрбиелеу. Композиторлар, әннің сөзін жазған ақындар, шығу тарихы, композитор өмірінен қызықты оқиғалар жайлы қысқа да нұсқа әңгімелер айтуға болады; 2) Әнді орындап көрсету. Әнді алғаш рет оқушыларға таныстыра білу өте маңызды. Мақсаты: үйренетін әнге балалардың қызығуы, ұнатуы, оны қабылдауы мен мәнерлеп, әдемі, жұмсақ, құлаққа жағымды орындап беру. 3) Көрсетілген әнге талдау - әңгіме. Мақсаты - әннің көркемдік образын белгілеу және орындауға құштарлығын көтеру. Әннің көркемдік құндылығын, мәнін, мазмұнын тереңірек жеткізу. Ән туралы талдауда сипатын, мазмұнын белгілеу, композитор қолданған мәнерлік құралдарын табу және орындау жолдарын белгілеп, музыкалық тілін түсіну. Қосымша көрнекілік құралдар қолдануға бейнелеу өнері, әдебиетіне, тарихқа байланыстыруға болады. 4) Әнді үйрету. Әнді үйрету сыныптағы балалардың жас ерекшеліктеріне, қабылдау мүмкіндіктеріне байланысты жүргізіледі. Дегенмен де әнді үйретудің барлық жастағы балаларға ортақ жолдары бар. Көрнекілік пен техникалық принципі қолданылады. Сондықтан үйретудің жолдары: фразамен, жолмен үйретеді, сонан соң, толық шумағын айтқызады. Қайырмасы болса дәл солай баулынады. Ал, интонациялық жағынан қиын жерлеріне, ырғақтық, жылдам айтылатын сөздер (дикция) қиыншылығы кездесетін жерлермен мұғалім өте тыңғылықты жұмыс жүргізуді қажет етеді. Жоғары регистрдің дыбысына таза интонациялау үлкен білімділікті, дауысты үнемі шынықтыруды талап етеді.

Интонация жағынан қиын жүрістерді үйренуге негізгі әуенді жұлқыламай, ән құрылымының тазалығын сақтай отырып байланыстыра орындау абзал.

Ән - халық мұрасы. Халық әндері - сарқылмас қазына.

Ән деген - ән салу, көңіл көтеру емес, тебіренісі мен толғанысы, қуанышы мен жұбанышы. Ән - табиғат суреттемесі. Ән - халықтың көркем ой - санасы, көркем тарихы. Ән - өмір айнасы. Әншілік дағдыларының құралдары арқылы әннің мазмұны мен көңіл - күйін, көркем образы мен сипатын түсіне білу, сезіне және де мәнерлеп орындау шеберлігін арттыру қажет. Әнді жай ғана мәнерлеп орындау, оның музыкалық интонациясын, нәзік иірімдерін дәл сезініп, оны бар болмысымен жеткізе білуге баулу міндетіміз.

2.2. Музыканы тыңдай, қабылдай білуге тәрбиелеу әдістері

Бүгінгі таңда музыка мамандарының алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі - ата-бабаларымыздай музыканың құдіретін терең түсініп, оны өзінің рухани азығы етіп адам өмірін нұрландыруға ат салысатын музыкалық білімді азамат тәрбиелеу. Ал, оның түп -тамыры, негізі - музыканы қабылдай білуде жатыр, оны тәрбиелеу, тәрбиелеудің әдісінде. Бұл мұғалім мен оқушының арасындағы әртүрлі әдіс арқылы іс-әрекеттің бірлігі, осы әрекетте негізгі жүктеу - арқау мұғалімдікі. Баланы музыка тыңдауға тыңдай отырып, оны саналы түрде қабылдауға баулу, музыкалық тәрбие беру тұрғысындағы күрделі міндеттердің бірі. Музыканы қабылдау музыка сабағында қолданылатын іс-әрекеттердің кез-келген түрінің іргетасы, бастапқы нүктесі. Кез-келген түрі деген ол музыка таңдау, хормен ән айту, музыкалық білімдерін арттыру, нота сауаты, ырғықтық - музыкалық қимылдар, балалар, шулы - соқпалы аспаптарда ойнау, музыка сабағында балалардың шығармашылығы т.б. Музыканы қабылдау - ол жалпы білім - беретін, мектепте балаларға музыкалық тәрбие берудің негізі. Музыканы дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу, оның заңдылықтары музыка пәні мұғалімінің басты назарында болуы тиіс. Музыканы қабылдау - барынша күрделі процесс. Оған арқау - шындықтың көркемдік бейнесін, сәулесін сезіне, ести және толғана білу. Музыка тұтас күйінде, өзінің мәнерлік құралдары арқылы әсер етеді.

Бұл деген - ладогармониялық қалып, бояу, қарқын, динамика, метроритм, күші, екпіні т.б. Олар шығарманың сипатын, көңіл-күйін жеткізеді. Шығарманың негізгі түйіні өмірдегі қбұлыстармен, адамның сезімдерімен байланысып, астасып жатады. Музыканы тыңдау процесіне балалардың жас ерекшеліктерін - ескере отырып, кеңірек тоқталамыз. 7-8 жастағы балалар әдетте музыканы таңдап отырған сияқты болып көрінеді. Негізінде олай емес, тәжірибе көрсеткендей, көлемі ұзағырақ болса да тез екпінде орындалатын көңілді, динамикалық белгілерге бай шығармаларды балалар шаршамай тыңдайды да, қысқа да болса бір сарынды орындалатын шығармалардан жалығып кетеді. Сондықтан, мұғалім тыңдау үшін репертуар таңдауда өте мұқият болғаны жөн. Бірінші кезеңде балаларды орындалып жатқан музыканы бастан-аяқ тыңдауға және естуге үйрету негізі міндеттердің бірі болып саналады. Музыканы тыңдауда мынадай төрт кезеңге бөлуге болады: 1) Кіріспе әңгіме; 2) Шығарманы тыңдау; 3) Шығарма туралы әңгіме - талдау; 4) Қайталап тыңдау (бекіту). Бірақ төрт кезеңге тек шартты түрде ғана емес, әр сабақ барысында сол сабақтың тақырыбына, мазмұнына қарай музыка тыңдауды осы көрсетілген төрт кезеңнің әрқайсысынан бастауы мүмкін. Қалай болғанда да мұғалім музыка тыңдауда балаларды алдын-ала ұйымдастыра білуі тиіс. Мысалы: сұрақтар қою, бағыттама беру, қандай іс-әрекеттер, неге көңіл аудару керек, т.с.с. Тыңдар алдында белгілі композитордың өмірі, шығармашылығы, шығарманың шығу тарихы, орындаушылар туралы, өмірде кездесетін бейнелеу, суреттеу сәттер жайлы айтуына болады. Сонда ғана тыңдалатын шығарманың мазмұны, құндылығы, композитордың стилі ашылады, есте сақтап сезінетін болады. Музыканы тыңдап, қабылдай білуінің жемісті болуына сол тыңдалатын шығарманың орындалу сапасы өте әсер етеді (мәнін жеткізе алмаса, жазылғаны сапасыз болса, әңгіме нашар болса, сөйтіп, музыкалық тәрбие беру жұмысындағы үлкен саланың бір - музыканы тыңдау өз деңгейіне көтере алмайды). Музыка тыңдағанда мұғалімнің жүріс-тұрысы , өзін ұстауы өте үлкен роль атқарады. Ал, өзі орындаса, нотасыз орындаса - оның тәрбиелік мәні бар, оқушылар алдында үлкен абыройға ие болып, сыйластыққа бөлінеді. Күйтабақ, аудиотаспа, бейнетаспада тыңдау үшін , алдын-ала тыңдап, дыбыс күшін, сапасын тексеріп - балалармен бірге «тыңдаушы» болады. Шығарманың сипатына орай - түрлі ырғақтық қимылдар жасатуға, аспапта қосылып орындауға, оның негізгі әуенін үйренуге болады. Музыканы қабылдау тек оны тыңдау барысында ғана емес, сабақтың барлық кезеңінде де жүзеге асырылады. Мысалы, ән үйрену үшін алдымен тыңдау керек, сонан соң орындау барысында интонация тазалығына, мәнерлігіне назар аудару керек. Соқпалы аспаптармен ырғақ өрнегін орындағанда, әуенін, би қимылдарын жасағанда, қалай өзгеретінін байқап, сол көңіл - күйді жеткізе білсе - осының бәрі қабылдау кезеніне жатады.

1) Кіріспе әңгіме. Бастауыш сыныпта кіріспе әңгіме өте қысқа, ең маңыздысы, баланың сезімталдығына, күйзелісіне бағытталсын. Балаларды музыка қабылдауға қызығушылығын арттырып, алдын-ала ұйымдастыра білуін талап етеді. Бұл деген композитор, ақын туралы қысқаша мағлұмат беру, шығарманың аты, кім орындайды (қандай аспап, дауыс т.с.с.), шығарманың шығу тархы, оқиға т.б. Тыңдар алдында қойылатын сұрақтарға назар аудару (Жауапты шығарманы тыңдағансын жауап береді).

2. Шығарманы тыңдау (қабылдау).

Кіріспе әңгіме арқылы музыкалық шығарманы қабылдауға балалардың қызығушылығын арттыру үшін сол тыңдалатын шығарманың орындалу сапасы өте әсер етеді. Орындалатын шығарманың мәнін мұғалім балаларға жеткізе алмаса, мұғалімнің шығарма туралы айтқан әңгімесі оның мазмұнына ашық болса, бала ол шығарманы қабылдайды. Сөйтіп, музыкалық тәрбие беру жұмысындағы үлкен саласының бірі - музыка тыңдау, өз деңгейіне көтеріле алмайды.

Оның себебі әртүрлі: а) музыкалық шығарманы орындауға мұғалім дайын емес; ә) күйтабақ, күйтаспада жазылған шығарма сапасыз болады; б) балалардың ықыласы кіріспе әңгімені қабылдады, ал тыңдауға (қабылдауға) шамасы жетпеді; в) тыңдалатын шығарма өтілетін тақырыпқа сай келмесе, көрнекілік құралдармен жабдықталса (суреттер, табиғаттың көрінісі, композитордың портреті, арнайы кабинет емес т.б.) Сондықтан, мұғалім өз шамасына қарай шағын шығарманы өзі орындап берсе, не музыканы жақсы меңгеретін оқушыларды орындауға дайындаса, не жақсы сапалы жазылған күйтабақ, күйтаспа арқылы тыңдатса дұрыс нәтеже берері сөзсіз. Музыканы тыңдап отырған кезде сөйлеуге, мұғалімге сұрақ беруге болмайды. Еркін отырып, қозғалмай, байсалды тыңдауына жағдай жасауына тәрбиелеп, түсінуі қажет. Әуел бастан оқушыларды музыканы тыңдай, қабылдай білуге дағдыландырса, тәрбиелесе, музыка орындалып жатқан кезде сыныпта тыныштықты сақтай білсе - адам толғанады, сезімталдығы қалыптасады да тыңдаушылық мәдиниеті өз деңгейіне көтеріледі де музыкаға деген сүйіспеншілігі мен құрметтілігі қалыптасады.

3) Тыңдалған шығармаға талдау жасау (әңгіме құрастыру). Балалардың музыкалық сөздік қоры шамалы болғандықтан, әңгіме ұзаққа созылмасын, көп сөзді болмасын. Сондықтан, бастауыш сынып оқушыларына мұғалім жауап бере алатындай жеңіл сұрақ қою керек, балаларды қорытындылау, салыстыру тапсырмаларын орындауға көмектесу керек. Әңгіме еркі, қызықты, жанды өту керек. Бала дұрыс жауап бере алмаса жазалауға болмайды, қайта тыңдалған шығарма туралы біртұтас пікір, оның авторы, аты туралы, оның сипаты мен мәнерлік құралдары туралы әңгіме туғызу қажет. Мектеп дайындығына музыкалық талдау ерекше: ол, қарапайым талдау, талдау-әңгіме, көркем -педагогикалық талдау.

Көркем -педагогикалық талдау арқылы оқушыны музыкаға деген қызығушылық, әуестену, ұнату жүйелілік пен бірізділік арқылы асырылады да музыканың негізгі заңдылықтарына сүйеніп -түсінеді. Талдау жай ғана емес, балардың елестеуін оятып, музыкалық-есту елестеуін, өзіндік ассоциациясының дұрыстығын қалыптастырады. Сондықтан, қоғам өміріне байланысты, жеке адам тұлғасына байланысты композитор, дәуір, тарих, оқиға т.б. хабарламалар талдау кезінде анықтау ролін атқарады. Талдау кезінде мұғалімнің бейнелік, айқын, мәнерлік сөзі үлкен роль атқарады.

4) Қайта тыңдау (бекіту).

Қабылданған музыкалық шығарма қайта тыңдауды қабыл етеді. Неге? Қабылдау процесі бірнеше сабақта жалғасады, тіпті тоқсанда, жылдарда болсын. Ол деген, сабақтың тақырыбына байланысты, балалардың есту қабілетіне байланысты, музыкалық ой-сезімінің дамуына байланысты. Музыкалық шығарманың жаңа бейнесінің қыры, шығарманың мазмұнын, сипатын терең түсіну үшін, жеке жаңа элементтерін табу, т.б. балаларға шығарма түсінікті, жақындығы, қалауы өте айқын. Қайталағанда музыкалық шығарманың үзіндісі, тақырыбы, бөлімі, тіпті толық тыңдалуы мүмкін. Ол сабақтың тақырыбына байланысты.

Мысалы: Батыс өңіріндегі әншілік пен күйшілік дәстүрінің туын тіккен киелі мекенінде дүниеге келген Ғарифолла Құрманғалиевтің өмірбаянына тоқталу. Ғарифолла «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Біржан-Сара» сынды көптеген операларда 20-дан астам операларда ойнайды.

Қорытынды айтар болсақ, музыканы қабылдау - баланың рухани өмірі мен адамгершілік кемелі қалыптасады. Сондықтан, ұсынылатын бағдарламалар тоқталсақ, оқушыларды қызықтыру керек, сабақтың тақырыбына сай болып жатқан іс-әрекеттерге эмоциялық қарым-қатынасты дамыту, музыканың жайын, сұлулығын түсініп, музыкалық өмірмен байланысты екенін түсініп, қабылдау сезімталдығын қалыптастырып, музыкаға берген құштарлықты, ынталықты дамытудың қажеттілігі. Музыканы қабылдағанда - сапалы түрде, образдардың сипатын түсіну, идеялық негізін ұғуға үйрету. Тақырыпқа байланысты музыканы қабылдаудағы мақсаты, әдіс-тәсілдері т.б. шаралар, нұсқаулар келтіреміз:

1-сынып. Музыкалық шығармаларды тыңдағанда оның түрлерін анықтау:

Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні», халық әні «Бесік жыры», халық күйі «Нар идірген», «Тепең көк», «Ақсақ құлан» - күй-аңыз, әңгіме, елестету т.б.

Дархан даланың үні-сыбызғы, табиғатпен сыр шерткен шаңқобыз, саздан туған сазсырнай, аңыздан жаралған аспап-жетіген.

Ұрып ойнайтын аспаптар: тұяқ, мүйіз, дабыл. Оркестр т.с.

Музыка сабағындағы іс-әрекет.

Ән орындау. Балаларды әнді орындау ережелерімен таныстыру. Әншілер ұжымын тәрбиелеу - біркелкі дауыстардың ұласуын, мәнерлілікті қалыптастыру (унисон, фразировка, ансамбль). Дирижердың негізгі қол қимылын түсіне білу: зейін, тыныс алу, әннің басы, аяғы. Дыбысты таза, күш салмай жеңіл меццо-пиано және меццо-форте аралығында орындау. Ортаңғы дауыс диапазонын (ми-ля 1-октава) қалыптастырып, біртіндеп кеңейту. Жыл аяғында (до, ре 1-октава: до 2-октава) жеткізу. Дауыс аппаратымен дұрыс жұмыс жасау. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды мәнерлі орындау, әннің мазмұны мен сипатын түсіну негізінде шығарманы мәнерлеп орындау (көңілді, нәзік, көңілсіз, ойнақы, т.б.). Үйретілетін әндерді және дауыс жаттығуларын сүйемелсіз орындауға дағдыландыру (капелла).

Орындауға арналған әндер «Бала уату»- Қазақтың халық әні. «Бесік жыры» - Қазақтың халық әні. «Әліппе» - Б.Ғизатов. Ж.Нәжімеденов. «Менің Отаным» - Ө.Бәйділдаев. Б.Ысқақов. «Зырлайды шанамыз» - Д.Мацуцин. Қ.Ыдырысов.. «Домбырасыз сән қайда» - И.Нүсіпбаев. Х.Талғаров, «Наурыз» - Қ.Адамбалинов. Ж.Нұрқанов. . «Жаз келеді, алақай» - Қазақтың халық әні.

Музыка тыңдау. Музыка мазмұнының әр түрлілігі жөнінде қарапайым ұғым беру: табиғат көрінісі, қоршаған орта, тұрмыс-салт, төрт-түлік мал, аңыз-ертегі, балалардың халық ойындары. Музыканы сүйемелдейтін музыкалық аспаптардың дыбыс бояуын ажырату (домбыра, қобыз, фортепиано, жетіген, баян және т.б.) музыкалық шығарманы басынан аяғына дейін толығымен тыңдай білу.

Музыкалық сауаттылық.. Музыка сипатын анықтау: көңілді, көңілсіз, нәзік, жұмсақ,ойнақы,жай, т.б. Музыкалық қарапаиым көркемдеуші құралдарды ажырата алу; дыбыс күші - динамика (қатты, жай); дыбыс қозғалысы (бір қалыпты, секірмелі). Ән, күй, би жанрларын ажырата алу. Шығарма құрылымын білу: ән - шумақ, қайырма; музыкалық сөйлем - фраза; күйлердің төкпе және шертпеге бөлінуі. Дыбыс биіктігі - жоғары, орташа, төмен. Ұзақтығы - қысқа, ұзақ. Түрлі әуендік қозғалыс - төмен, жоғары, бір биіктікте. Ер және әйел дауыстарының дыбыс бояуын ажырата алу.

Ұғымдар: халық әні, композиторлық әні, сал, сері, композитор, әнші, ақын, күйші, күйші-композитор, қазақтың халық аспаптары.

2.2.1 Музыкалық тәрбие берудің маңызы мен міндеттері

Басқа өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін терең мағыналы, кең ауқымды «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген мақал тегін айтылмағаны жөнінде ойланған артық емес. Егеменді елдің ертеңі - оқу-біліммен өнегелі тәрбиемен өлшенеді. Бала болашағы - бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгінін ертеңімен жалғайтын алтын көпір - асыл мұрат. Бүгінде еліміздің балабақшаларында тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің арасынан болашақ небір майталман өнерпаздар, әншілер, жазушылар, ақындар қайраткерлер бір сөзбен айтқанда талай-талай мамандьщ иелері шығуы әбден ықтимал. «Бұлақ көрсең - көзің аш» - демекші солардың бойындағы әлі бүршік жармаған небір адами қасиеттерін ерте бастан байқап, жақсы нышандарға қарай баулу ең алдымен ата-ана мен тәрбиешілердің сезімталдығы мен ізденімпаздығына көп байланысты. Осы маңызды міндетті орын-дау үшін бшіаның жалпы музыкалык қабілетін дамыту керек. Бірінші мақсат музыкалық шығарманың сипатын сезіну, естігеніне бірге куану не күйіну, музыкалық бейнені түсіне білу. Музыка бөбекті толғандырады, қабылдаушылық қабілетін оятады. Екіншіден баланың тыңдау кабілетін арттыру, неғұрлым жарқын және түсінікті музыкалық құбылыстарды салыстыруға, баға беруге баулу. Мүның өзі ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу мәдениетін, кейбір бейнелеу құралдарына ден қойып, еркін тыңдау қабілетін ояту.

Үшіншіден бала музыканы тыңдай отырып әнді, ойынды, көркем кейіпкерлерді, биді көз алдына елестете отырып өзінше қабылдайды. Мы-салы, бала салтанатты адымдап келе жатқан сарбаздарға, маң-маң басқан аюға, үркек қоянға т.б. тән бейнелі қимылды іздейді, өзі орындайды. Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып адамгершілік бейнесін қалыптастырады, жалпы бейімдеушіліктің дамуына қарай балалардың музыкаға деген әсерлі көзқарасы қалыптасып, есту қабілеті жетіле түседі, шығармашылық елестету сезімі пайда болады. Мысалы, «Туған жер» туралы, «Қазақстан» туралы әндер Отанымызға деген сүйіспеншілік сезімдерін туғызады. Музыканы қабылдау ақыл-ой үрдісімен де тығыз байланысты, яғни балалардың дыбыс үніне зейінді байқағыштықты, тапқырлықты талап етеді. Балалар дыбыс үніне құлақ салғанда, ұқсас және өзгеше дыбыстарды салыстырып, олардың бейнелік мәнімен танысады, көркем бейненің мағыналық ерекшеліктерін байқайды, шығарманың құрылымын түсіне білуді үйренеді. Өнер баланың әлемді тануына, саналылыққа, халықтың мәдени мүрасы байлығынан рухани сусындауына, батылдық сезімдеріне, азаматтық, адамгершілік касиеттеріне бір сөзбен айтқанда жан-жақты адам болып қалыптасуына тәрбиелейді. Күй - қазақтың рухани мәдениетінің аса маңызды саласы. Халық композиторларының күйлері үлы оқиғаларды, өмір шындығын суреттеген. Халық күйшілері әр түрлі ортада, әрқилы тұрмыста өмір сүргендіктен күйлердің айтайын деген ойы-мағынасы сан алуан. Ұлттық мәдениетіміздің түрлеріне: халық билері мен ән-күйлеріне, халық аспаптары арқылы төл мәдениетке ерекше көңіл белдік. Мақсатымыз балалардың бойына музыкалык тәрбие беріп қана қоймай, халқымыздың ғасырлар қойнауында қалыптасқан педагогикалык тәлімімен қиюластыра отырып, үлттық мәдениетіміз бен өнерімізге деген сүйіспеншілігін оята білу.

Ол адам бойындағы барлық асыл қасиеттерді қастерлеп, мәпелеп, аялап баптау арқылы мысқылдап жиналады да біртіндеп кәсіпке, одан шеберлікке ұласады.

2.2.2 Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің негізгі шарттары

Қазақстан Республикасының халыққа білім беру жөніндегі Заң негіздерінде оқыту мен тәрбиелеудің басты принциптері: оқыту мен тәрбиенің бірлігі, балалар мен жастарды тәрбиелеудегі мектептің, отбасы мен жұртшылықтың өзара ынтымағы; жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің, өмірмен байланысы; білімнің ғылыми сипаты, ғылымның, техниканың, мәдениеттің ең жаңа жетістіктері негізінде ұдайы жетілдіріліп отырылатындығы айтылған. Бастауыш сыныптардағы тәрбие жұмысынын, нақты мазмұны мен әдістемесі осы принциптердің негізінде жасалады.

Балалар бастауыш мектепте мәдени мінез-құлықтың негізгі ережелері жөнінде аса үлкен көлемдегі білімдерді игеріп, оларды саналы түрде орындауға әдеттенуге тиіс. Бала біртіндеп нақты ережелерді адамгершілік көзқарас түрғысынан орындау қажет екендігін түсініп, бағалай бастайды. Әдет пен дағдының бірлігі тұрақты мінез-құлыққа ие болуға, жеке бастың белгілі бір қасиеттерін қалыптастыруға көмектеседі. Әрқашанда сыпайы, міндетті, дәл болу дегеніміз - сыпайылық, дәлшілдік, міндеттілік сияқты қасиеттерді игергендік деген сөз. Баланын, өз мінез-қүлқын түсінуі мүғалімнің басшылығымен, ұжымның қапыптасып келе жатқан қоғамдық пікірінің әсерімен біртіндеп жүзеге асатын болады.

Адамгершілік тәрбиедегі сабақтастықтың педагогикалық негізі мынада: баланың мектеп жасына дейінгі кезеңде пайда болған мінез-құлық, ересек адамдармен және құрбы-құрдастармен қарым-қатынас формалары, моральдық білімі, қарым-қатынасы және сезімі бастауыш сыныптарда дамуға тиісті жаңа формалардың негізі болып табылады."Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен жетілгендікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз игі, игілікті және қайырымды адам боламыз: біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады" - деп жазған Әл-Фараби. Бастауыш сынып оқушыларының жағымсыз қасиеттері: бір беттілігі, ашушаңдығы, ұяңдығы, әдепсіздігі, тынышсыздығы, тәртіпсіздігі, дөрекі сөйлеуі және т.б. жағымсыз жақтармен ерекшеленеді, мүғалім бұлармен күрес жүргізуі қажет. Бұл сапалардың көбісі әлі берік орнықпаған, тек уақытша психикалық ерекшеліктері болып табылады, бұл салалар келешекте олардың мінез-құлқына сіңісіп кетпеуі тиіс.

Кейбір мектеп оқушылары өтірік айтуға бейім тұрады, бір нәрсені өте өсіріп, әдемілеп, мақтап сөйлейді. Мұның себебінің бірі - ойлап тапқанына өзін сенуге мәжбүр ететін баланың күшті қиялы болып табылады. Бірте-бірте бүл қасиет жоғалады. Кейде оқушы жасаған жағымсыз істердің ізін жауып, өзін кінәлі санамай, жалған үялушылық сезімімен ғана біреуден кешірім сұраудан бас тартады. Осындай себепке байланысты бір беттілік танытып, жан түкпірінде өзін теріс деп есептесе де, өз айтқанынан қайтпайды.

Балалардың тәртіп ережелерін орындамаудың үлкен бір себебі оларды қоршаған ортаға байланысты. Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелейтін үлкендердің өзі тәртібін қатал және міншілдікпен қадағалап, балаларға үлгі болуға тиіс. Мектептегі мұғалімдер оқушаларға қойылатын талаптарға біркелкі қарамайды. Сол сияқты жанұяда да үлкендер де педагогикалық көзқарасқа келгенде өзара ынтымақ емес. Осыдан келіп баланың үйде сыпайы, мектепте дөрекі немесе бұған керісінше болуы мүмкін. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балалардың мінез-құлқына бірдей талап қойып отырса, мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу табысты болады.

2.3 Шығармашылық тапсырмалар.

Орындалатын музыка ырғағын және әуендік қозғалысты қолмен, сатлай немесе қол шапалақтап көрсету, тыңдалған және орындалған музыкаға сурет салу, жұмбақтар шешу, ертегі тыңдап, тақпақтар оқу, әннің, күйдің шығу тарихы жөнінде әңгімелеу, т.б. Бірінші сынып оқушыларының жас ерекшеігін ескере отырып (тұрақсыз зейін, еріксіз есте сақтауының басым болуы, ойынға бейімділігі, т.б.) музыка сабағында би қимылдары, бейнелеу, ойын элементтері, тақпақтар, жұмбақтар енгізілген. Сипатын ажыратып, қандай сезімді білдіреді, есту арқылы дыбыстарын биіктерін ажырату, қандай көркемдік, мәнерлік құралдар

3 ЖАС ҰРПАҚТЫ МУЗЫКА АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУ

3.1 Музыка пәні мұғалімінің музыка сабағында оқушыларды ұлттық тағылым арқылы өнерге баулуындағы, кәсіптік шеберлігі

Қандай мамандық болсын өзіне тән ерекшеліктері бар. Музыка пәні мұғалімінің де жеке тұлға ерекшеліктері бар. Негізгі міндет: оқу, тәрбие жұмысын атқарып, оқушылардың көзқарастарын сендіруі қажеттілігін, мұратын қалыптастырады. Ол жай ғана білікті адам емес, өз пәнін жақсы меңгеріп және жоғары тұлғалы дәрежелі мұғалім болу керек. Музыка мұғалімі өз сабағында шығармашылықпен ұйымдастыра отырып, әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік міндетін, оның мақсатын алдын-ала бағдарлай біліп, қажетті әдіс-тәсілдерді таба білу, оқушының белсенділігін арттыру үшін өз сабағында баланың музыкалық музыкалық шығармашылық қабілетін қалыптастыратын рухани байытатын құрал ретінде қарау мәселесін сезіне білуге дағдылануы тиіс. Мұғалім туралы қазақтың аса көрнекті қайраткері, ақын, аудармашы-ғалым Ахмет Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керек білімді, әрі педагогика, әдістемеден хабардар, оқытып білетін мұғалім» - деп баға бергені бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ.

Музыка мұғалімінің қызметі - ұйымдастырушылық, танымдық, эмоционалдық т. б. біршене бағытта жүргізіледі.

Ұйымдастырушылық бағыт - мұғалімнің оқыту, тәрбиелеу процесін жоспарлау және ұйымдастыруға құрылады. Бұл оқу материалын іріктеу, оқу және тәрбие жұмыстарының түрлі формаларын, сабақ жүргізу барысын ұйымдастыру т. б. Бұл үшін мұғалім мынадай заңдылықтарды білуге тиіс:

а) мектептегі музыкалық қызметті ұйымдастырудың негізгі формаларын;

ә) ұлттық бағдарламаның мазмұнын, оның идеялық-теориялық негізін, дидактикалық принциптері мен әдістерін; б) музыкалық шығарманың көркемдік және тәрбиелік мәнін; в) оқушылардың жас ерекшеліктерін білуге;

г) оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың ормалары мен дістерін әр сынып деңгейіне байланысты таңдай білуге;

Танымдық бағыт мұғалімнің, оқушылардың ой-қызметін басқаруына байланысты құралады.

Бұл үшін мұғалім: а) ғылыми-теориялық, әдіснамалық және психологиялық- педагогикалық негіздерін білуге; ә) білім мен дағдының дидактикалық принциптерінің қалыптасуын қадағалауға; б) танымдық процестердің мүмкіншіліктерін және ақыл-ой қызметін бірте-бірте жетілдіру арқылы басқаруға;в) оқытуды анық психологиялық түсініктемелер арқылы құра білуге; г) пәнаралық байланысты қолдана отырып жүйелі білім беруге;

ҚОРЫТЫНДЫ Халық тағылымы арқылы музыкалық өнер - балаларды тәрбиелеу құралы. Халық музыкасы сезімді, көңіл-күйді оятады, ал көңіл-күй психологиялық күйді тұрақтатады. Психологиялық күй адам санасында өмірге деген белгілі дәрежелі қатынасты бекітеді. Музыка өмір қозғалысында даму динамикасында шындықты бейнелейді. Музыканың мазмұны сезім, эмоцияға көңіл-күй болып табылады. Рухани дүниетанымын дамыту және пән әдістемесін үйрету дегеніміз ол балалармен музыкалық тұрғыдан жұмыс жасайтын, мақсат-міндеттерден, мазмұны, нысандары мен әдіс-тәсілдерді үйрететін пән. Ол музыканың өмірі мен байланысын ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін, әдебиет пен халық ауыз әдебиетін, бейнелеу өнері мен тарихтың байланысын сол аймақтың, халықтың тұрмысы мен салт-дәстүрінің байланысын оқып үйрететін пән. Әдістеме - дидактикалық қағидалар негізінде әдіс-тәсілдер, мақсаттар мен міндеттер оқу-тәрбие үрдісін құратын педагогиканың бір саласы болып табылады. Халық музыкасы, халық әуені мен әуезі - тұлғаны оның сана-сезімін, құндылық қондырғысын, мінез-құлқын, адамгершілік қабілетін қалыптастырудағы ең күшті құрал. Қазақ халқының музыкалық мәдениеті - ұлттық ерекшелік болып саналады. XX ғасырдың музыка - тануында бүкіл дүниежүзінің музыкалық мәдениеті дамуы жағынан алуан түрлі екендігі бәрімізге мәлім, әрбір мәдениеттің музыка феномені әр түрлі болады да, тарихи жағында да әр түрлі болды. Мысалы, Еуропада ортағасырлық кезеңде тек шіркеулік музыканы қаласа, жаңа дәуірде шіркеулік музыкамен қатар театрлық музыка таныла бастады. Қазақ музыкасы - ислам дүниесіне жақын болғандықтан, оның концептуалдық жанры-күй, жыр және айтыс. Жалпы қорыта келе айтқанда оқушыларда музыка өнеріне дүниетанымын қалыптастыруда, халық қазынасын, халық тағылымын халық музыкасын тыңдатудың үлкен маңызы бар. Ал балалардың қаншалықты музыканы қабылдай алу дәрежесі мұғалімнің шеберлігіне және сабақта әдістемелерді дұрыс қолдана білуіне байланысты. Оқушылар музыканы қоршаған ортаны, өмір мен адамның сезімін бейнелейтін құралы ретінде түсінеді.

Әдебиеттер тізімі 1. Асқарбекова Ғ. Қазақстан мектебі «Айтыс өлеңдерінің тәрбиелік мәні» 2001 ж, №2, 40-43 б. 2. Ғабдуллин Ж. Таңдамалы 2 бас. - А., «Жазушы» 1985, 177 б. 6.. 3.Есжанов Г. «Музыка сабағының тәрбиелік маңызы. Бастауыш мектеп». 2000 ж. №3 9-10 б. 4.Жұбанов А. «Ғасырлар пернесі». Алматы, 1969, 15 б. 5.Жұмабаев М. «Педагогика». Алматы, 1992.

6. Казыханова Б.Р. «Эстетическая культура казакского народа. Алматы, 1973». 7. Қалиев С., Базилов Ж. «Қазақ халқының салт дәстүрлері және демократ ағартушылары», Алматы, РБК, 1993.. 8.Қалиев С., Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім - тәрбиесі», Алматы, «Санат», 1995. 9. Қалиев С, Ш.Майғаранова,Г.Насынбаева «Жеке тұлға.Оның ерекшелігі қандай?», «Ұлағат», 200-№40-58 б. 10. Қалиұлы С. «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы», Алматы, «Білім», 2003. 11. Қалиев С. «Халық педагогикасын насихаттаудың маңызы мен мәні». Мұрагер, 1992, том 2, 24-38 б. 12. Музыкалық-эстетикалық тәрбие туралы. //Қазақстан мұғалімі. 1989 ж. 21 апрель. 13. Мұқанов С. «Халық мұралары», Алматы, «Қазақстан», 1994. 14. Нилибаев «Педагогические взгляды Абая», Халық мұғалімі, 1946. 15. Райымбергенов А., Райымбергенова С., «Мұрагер бағдарламасы» Алматы, 1994. 16. Скатеризиков В. Х. Табылдиев Ә.«Қазақ этнопедагогикасы», Алматы, «Санат», 2001. 17. Табылдиев Ә. «Халық тағылымы», Алматы, «Санат», 1992 ж. 18.Ұзақбаева С. «Тамыры терең тәрбие», Алматы, «Білім», 1995. 19. Ұзақбаева С.А. Оқушыларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру. Алматы, 1998. 20. Ұлт тағылымы №3. 2004. 25-бет. 21.Ұлт тағылымы №4. 2004. 45-бет.


© 2010-2022