Открытый урок «Нұрғиса Тілендиев»

Раздел Музыка
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақтың тақырыбы: «Нұрғиса Тілендиев»

Сабақтың мақсаттары:

1 Білімділік: қазақ халқының халқымыздың сан ғасырлық тарихында өткен қазақтың әйгілі қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ол туралы мағлұмат беру.Өзіндік ой түйіндеуге, өз идеясын аша алуға, өз пікірлерін білдіре алуға үйрету.

2. Дамытушылық: түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың шығармашылық, ізденпаздық қасиеттерін дамыту, ой белестігін арттыру. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және оймен бөлісу әрекеттерін ұштау.

3. Тәрбиелік: оқушылардың логикалық ой қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа қызығушылығын оятып, өз ойын еркін айтуға, өз ісіне ұқыпты, жинақы болуға тәрбиелеу. Оқушыларды ұлттық қасиеттерге , қазақ халқының тілі мен дәстүрін, өнерін қастерлейтін азамат етіп тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: панорамалық сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекіліктерді жинақтау, баяндау, іздендіру, ойын.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, бейнелеу өнері.

Көрнекіліктер: Н.Тілендиевтің портреті, әдеби оқулық, үн таспа, плакаттар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайдтар, электронды оқулық.

С а б а қ т ы ң б а р ы с ы :

Сабақтың құрылымы:

1. Кіріспе бөлім. (тыңдалым, сөйлесім)

Бейнеклип көру арқылы сабақтың жаңа тақырыбын анықтау.

2.Интерактивті тақтамен жұмыс. (слайдтар, тірек сызбалар).

дәптермен жұмыс.

3. Қорытынды бөлімі.

«Білім биржасы» пен тірек сызба арқылы қорытындылау.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. (сөйлесім)

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

3. Үй тапсырмасын тексеру. (айтылым)

- Балалар, өткен сабақта үйге берілген тапсырма: Халқымыздың сан ғасырлық тарихында өткен қазақтың әйгілі күйші-композиторы Нұрпейіс келіні Дина апайымыздың «16 жыл» күйі туралы түсініктерін айту.

?! Д.Нұрпеисова "Он алтыншы жыл" деген күйің кімге арнап шығарған?

Д.Нұрпеисованың "Он алтыншы жыл" күйің тыңдату.

-Бұл күйдің тақырыбы не жайында?

-Құрманғазы күйлерінен ерекшелігі неде?

-Қандай аспаппен орындалып тұр?

-Екпіні қандай?

Жаңа сабаққа кіріспе. Қызығушылығын ояту.

- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білу үшін бейнеклипті мұқият қарап, тыңдауларыңызды сұраймын.

Бейнеклип көру. 1минут.

- Жаңалықтан не туралы хабардар болдыңыздар?

- Мерекелік шаралар қандай мерекеге байланысты ұйымдастырылған? (Астана күні мерекесіне орай)

- Қандай спектакль сахналанған? ( «Нұрғиса» хореографиялық спектаклі)

- Спектакль қайда сахналанған? (Күләш Байсейітова атындағы опера және балет театрында)

- Қойылымды кімдер сахналаған? ( «Наз» мемлекеттік би театрының әртістері)

- Кім туралы спектакль қойылған? (Н.Тілендиев)

- Талантты композитордың қандай шығармалары шырқалған? («Саржайлау», «Аңсау», «Алтын дән», «Баянауыл» т.б)

Нұрғиса Тілендиев

Қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы, Халық қаһарманы Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев 1925 жылы 1 сәуірде Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылында дүниеге келген. Нұрғисаның өнерге деген құштарлығына ата-анасы ықпал еткен. Әкесі Атабай - күйші, шешесі ән айтуды жақсы көрген. Ол бес жасынан бастап домбырада ойнап, он екі жасында оркестр құрамында болған. «Солақайдың сойынан сақтан» дегендей, Нұрғиса солақай домбырашы болған.Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды.

1968 жылдың «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді.. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен», «Менің Қазақстаным», Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын , «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын атауға болады. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері жұртшылық сүйіп тыңдайды. Қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. Н. Тілендиев сондай ақ «Қыз Жібек», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ құлан» фильмдеріне, Абайдың кейбір өлеңдеріне музыка жазған. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО ның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендиев 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

Мәтінмен жұмыс. «Даналық ағашы» ойыны.

Оқушылар мәтінді жылдам оқып шығады. Оқушылар мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады, жүргізушінің қолында сандықша болу керек, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым дұрыс жауап беруі тиіс. Басқалар сұрақпен жауапты бағалайды, жүргізуші жеңімпазды анықтайды. Әр дұрыс жауапқа фишка беріледі.

Қорытынды бөлімі. Сабақты бекіту. Сұрақтар.

1. Әр түрлі сахнада орындала бермейтін музыканың түрі қандай ?

2. Н.Тілендиевтің қанша музыкалық туындысы бар? (500-ден аса)

3. Төл сөз дегеніміз не?

4. Қазақ халқының музыкалық аспаптарын ата.

5. Қаһарман сөзінің синонимін айт.(батыр, ержүрек)

6. Н.Тілендиев қашан, қайда дүниеге келген? (1925 жылы 1сәуірде Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер деген жерде)

7. Мына сөйлемде сызықша неге қойылған? Бұл фестиваль - өнер мерекесі .

8. Мақалдың жалғасын айт.

9. «Өнерді көп (білетін дана болар, ).................................,

Өнерсіздің .(ісі шала болар)

10. Парижде, Франкфуртте, яғни шетел сахнасында тұңғыш ән шырқаған әнші кім?

11. Н.Тілендиевтің домбыра тартудағы ерекшелігі қандай? (солақай тартады)

12. Н.Тілендиев қай оркестрдің негізін қалаған?(Отырар сазы)

13. ҚР Президентінің Жарлығымен қай жылы, қандай атақ берілді?(1998ж Халық Қаһарманы)

14. Төл сөз автор сөзінің ортасында келсе қандай тыныс белгісі қойылады?

15. Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі қай қазақ киносында орындалады?(«Қыз Жібек»)

Қорытынды сөз. Нұрғиса Тілендиев: «Кейде мен өзімді әке - шешеден тумағандай сезінем. Өйткені, халық алақанына салып, өмір бойы аялап келеді», - деген екен. Сызбасын көрсет, мағынасына түсінік бер. (автор сөзі, төл сөз, автор сөзі)

Үйге тапсырма: «Қазақ мәдениетіне, өнеріне зор еңбек сіңірген тұлғалар» тақырыбына реферат дайындау.

Сабақты бағалау.

Оқушылар өзін-өзі бағалайды:

"3" - ұйып тыңдаушы, көрермен оқушы.

"4" - өнерге құштар, талантты оқушы.

"5" - ұшқыр ойлы, өнерге құштар, талантты оқушы


Открытый урок «Нұрғиса Тілендиев»




3


© 2010-2022