Презентация по музыкии на тему Арнау күй

Раздел Музыка
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Презентация по музыкии на тему Арнау күйПрезентация по музыкии на тему Арнау күйПрезентация по музыкии на тему Арнау күйПрезентация по музыкии на тему Арнау күйПрезентация по музыкии на тему Арнау күйПрезентация по музыкии на тему Арнау күй2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Арнау күй

Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ халқының ән мен аспаптың музыкасы туралы нақты және тиянақты білім беру.

2. Халық музыкасы арқылы туған еліне, өз халқының салт-дәстүріне құрметпен қарауға, қоршаған ортадағы сұлулықты түсінуге тәрбиелеу.

3. Оқушылардың музыкалық ырғақты сезінуін, есте сақтау мен есте білу қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже:

Ақпарат беру: Қобызшы Ықыластың өміржолынан түсінік беру

Қабылдау: Ықыластың «Жез киік» күйін тыңдау

Орындау: «Ақ әжем» әнін орындаймыз

Сабақтың типі: Әдеби-сазды

Түрі: Жаңа білімді меңгерту

Әдісі: Түсіндіру, тыңдау, сұрақ-жауап, баяндау, ой қозғау, талдау, ән айту.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі, ана тілі, тарих.

Пайдаланылатын құрал-жабдықтар: Жаңа сабақ мәтіні, баян, Күйші композитор Ықыластың суреті, интерактивті тақта арқылы слайдтар

Қолданылған әдебиеттер: «Мен адаммын», «Заман-ай»

I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау: «Ойнайық та,ойлайық» ойыны

1. Құрманғазының қандай күйлері бар?

2. «Сылқылдақ» күйін шығарған кім?

3. Дәулеткерейдің күйлерін атап шығарыңдар?

4. Мектеп туралы қандай ән үйрендік?

5. Қазанғаптың күйлерін ата?

Жаңа сабақ: А р н а у к ү й

1.Музыка тыңдау: Ықыластың «Жез киік» күйін тыңдау

2.Музыкалық сауат: Қобыз аспабы

2.Жаңа ән: К.Қуатбаев «Ақ әжем»

I. Ой толғаныс кезеңі: жаңа тақырыпты 3 тақырыпшаға бөліп,3 топқа тарату.

А) Ықыластың өміржолы мен шығармашылығы

Ә) Қобыз аспабының құрылымы

Б) «Жез киік» күйінің шығу тарихы Ықылас Дүкенұлы (1843-1916)

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Ықыластың атасы Алтынбек қобыз,домбыра жасаған,ал әкесі Дүкен асқақ күйші,қобызшы болған. Ықылас 7-8 жасынан бастап әкесінен қобыз үйренді. Ықыластың ұлы Түсіпбек те қобызшы болған. Ықыластың «Жез киік», « Шыңырау», «Ерден», т.б көптеген күйлері бар. Қазақ қобыз аспабын қасиетті киелі санаған. Бақсылар адамдарды емдеген кезде Қобыз аспабын пайдаланған. Шанағының ішінде айнасы бар, темір салпыншақтары бар, ысқышы садақ сияқты иілген. Ең алғаш қобыз аспабын шығарған Қорқыт ата.

II. Жаңа мағынаны тану кезеңі

Әр топтан шығып, берілген тақырып бойынша мазмұнын айту.

III. Дәптермен жұмыс

IV. Сергіту сәті

Анаграмма

Қ А Е Ж М Ә

1 2 3 4 5 6

V. Жаңа ән: К.Қуатбаев «Ақ әжем»

1.Дауысқа жаттығу жасату

2.Әнді мұғалімнің орындауында тыңдау

3.Әннің сөзімен жұмыс

4.Әнді орындату

3 топқа «Әже» туралы тапсырма беру

1.Топ-топтастыру

2.Топ-тірек сөз арқылы өлең жазу

3.Эссе жазу

Жаңа сабақты бекіту

1.Кім деген күйшімен таныстық. Ол қандай аспапта ойнаған.

2.«Жез киік» күй не туралы? Көңіл-күйі қандай?

3.Қандай ән үйрендік? Ән кімге арналған?

Сабақты қорытындылау: Сынып оқушыларын мадақтап, сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: 1. Тақырыпты оқу,мазмұндау. «Ақ әжем» әнін жаттау.











3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Оркестрдегі дирижердің міндеті

Сабақтың мақсаты: 1. Дәстүрлі қазақ музыкасының өткен және қазіргі замандағы адам өмірімен байланысы және оның композиторлық шығармашылығындағы рөлі туралы білім беру.

2. Музыкалық талғамды және эстетикалық қажеттілікті дамыту.

3. Баланың музыкалық қабілетінің дамуына себепші болу, ырғақты сезіну, ести білу және есте сақтау қасиетін тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Ақпарат беру: Оркестрдегі дирижердің міндеті туралы және атақты дирижерлер туралы түсінік беру.

Қабылдау: Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйін тыңдау

Орындау: Ахмет Жұбанов «Ақ көгершін» әнін орындау

Сабақтың типі: Әдеби-сазды

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: топтық, жұптық, сын тұрғысынан ойлау, ән айту.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі, тарих.

Пайдаланылатын құрал-жабдықтар: интерактивті тақта арқылы слайдтар, Ахмет Жұбанов туралы бейнетаспа, баян аспабы, басқа да аспаптар.

I.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал туғызу

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Балаларды 4 топқа бөліп отырғызу

I топ. «Домбыра» тобы

II топ. «Қобыз» тобы

III топ. «Үрмелі аспап» тобы

IV топ. «Ұрмалы аспаптар» тобы

II. Үй тапсырмасын «Жылдам тест» арқылы сұрау.

1.Алғашқы оркестр құрамындағы неше адам болған?

А)17 Ә)11 Б)8

2.Алғашқы ұлт аспаптар оркестрін кім құрды?

А)Болат Сарыбаев Ә)Латиф Хамиди Б)Ахмет Жұбанов

3.Көп өзгеріске ұшыраған қандай аспап?

А)Қобыз Ә)Гобой Б)Литавра

4.Ұрмалы аспапты ата?

А)Сыбызғы Ә)Дауылпаз Б)Домбыра

5.Үрмелі аспапты ата?

А)Жетіген Ә)Асатаяқ Б)Флейта

III. Жаңа сабаққа дайындық. Жұмбақ шешу

Еш аспап қалмайды,

Оркестр ойнайды.

Басқарып тұратын,

Табайық ағайды. (Дирижер)

IV. Жаңа сабақ. Оркестрдегі дирижердің міндеті.

Ой-қозғау кезеңі. Топтық жұмыс.

1-топ. «Домбыра» тобы. Оркестрдегі дирижердің міндеті.

2-топ. «Қобыз» тобы. Ахмет Қуанұлы Жұбанов

3-топ. «Үрмелі аспаптар» тобы. Василий Васильевич Андреев.

4-топ. «Ұрмалы аспаптар» тобы. Оркестрді құрайтын негізгі аспаптар.

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. Балалардың Жауаптарын нақтылай отырып, А.Қ.Жұбановтың өмір жолынан бейнетаспа көрсету. Шығармаларын айта отырып, Абай операсы және Абайдың туғанына 170 жыл толуына орай мағлұмат беру. Енді «Қобыз» тобы қорғаған В.В.Андреевтің «Коробейники» шығармасынан үзінді тыңдау.

V.Жеке жұмыс.

- Балалар, ұлттық оркестрдің орындауында мына бір күйді тыңдап көрейік, көз алдарыңа не елестетесіңдер, соны сурет арқылы бейнелеңдер. Күйді тыңдап болғасын балалар өз ойларын айтады.

Бұл күй бізге 2 сыныптан бері таныс Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйі.

VI. Семантикалық карта.

Тақырыбы

Табиғат туралы күй шығарған

Орыс композиторы оркестрді басқарған

Зерттеуші, «Абай» оперсын жазған

Музыкалық шығарманы бірге бастап, бірге аяқтау үшін көмек беретін

Дирижер

+

А.Жұбанов

+

Тәттімбет

+

В.Андреев

+

VII. Сергіту сәті: Дирижерлеудің ең оңай түрі 2/4 өлшемін дирижерлеу.

VIII. Ән үйрету. Көгершіннің дыбысын тыңдатамын.

-Балалар, мынау қай құстың дауысы?

-Көгершін.

-Ендеше, біздің үйренетін Ахмет Жұбановтың «Ақ көгершін» әні.

А) Әнді мұғалімнің орындауында тыңдату.

Ә)Дауысқа жаттығу жасау.

Б) Әннің сөзімен жұмыс.

В) Әнді балалар орындайды.

IX. Жаңа сабақты бекіту.

Төрт топтан оркестр құру. Бір оқушыны дирижер қылу. «Ақ көгершін» әнін орындату.

X. Бағалау. Үйге тапсырма беру.

Оркестрдегі дирижердің міндеті туралы мағлұмат жинап келу.

«Ақ көгершін» әнін жаттау.



4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Симфониялық оркестрдегі ішекті-ыспалы аспаптар

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың музыкалық аспаптар туралы білімдерін кеңейтуге көмектесу.

2. Музыкалық дүниетанымын дамыту 3. Білікті оқушыны анықтау.

Күтілетін нәтиже:

Ақпарат беру: Симфониялық оркестрдегі ішекті-ыспалы аспаптар түсінік беру.

Қабылдау: И.С.Бахтың «Шуткасын» тыңдау

Орындау: Л.Хамиди «Туған ел» әнін орындау

Сабақтың типі: Әдеби-сазды

Түрі: Біріктірілген сабақ

Әдісі: топтық, жұптық, сын тұрғысынан ойлау, ән айту.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі, ана тілі, тарих.

Пайдаланылатын құрал-жабдықтар: интерактивті тақта арқылы слайдтар, Ахмет Жұбанов туралы бейнетаспа, баян аспабы, басқа да аспаптар.

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау.

1.Симфониялық оркестрге кіретін аспаптар?

А)домбыра Ә)скрипка Б)шаңқобыз

2.Ұрып ойнайтын аспаптар?

А)контрабас Ә)сыбызғы Б)даңғыра

3.Оркестрді кім басқарды?

А)дирижер Ә)композитор Б)ақын

4.Ішекті аспап?

А)асатаяқ Ә)туба Б)виолончель

5.Симфониялық оркестрде ойнайтын шығарма?

А)халық әні Ә)балаларға арналған әндер Б)опера

III. Талқылау кезеңі

Симфониялық оркестрге кіретін музыкалық аспаптар

Симфониялық

оркестр



IV. Жаңа сабақ.

1.Скрипка-ысқышпен ойналатын 4 ішекті,жіңішке дауысты аспап

Альт-скрипка тәрізді, бірақ одан үлкенірек,қоңыр дауысты музыкалық аспап

Виолончель-ышқышпен ойналатын,сыртқы пішіні скрипкаға ұқсас,бірақ одан 3-4 есе үлкен, төрт ішекті,әдемі төменді қоңыр дауысты аспап.

Контрабас-ішекті аспаптардың ішіндегі ең төмен дауысты, көлемі жағынан үлкен,ішекті аспап.

2.Жоба қорғау

1.Скрипка тобы. Скрипканың үнін тыңдату.

2.Альт тобы. Альттың үнін тыңдату.

3.Виолончель тобы. Виолончельдің үнін тыңдату.

4.Контрабас тобы. Контрабастың үнін тыңдату.

V. Сергіту сәті: И.С.Бахтың «Шуткасын» тыңдату.

VI. Жұптық жұмыс.

Семантикалық карта

Аспаптардың атауы

Дыбысы көмескі болып шығатын

«Музыка патшайымы»

Дыбысы ең төмен қоңыр

Қайғы мен мұңды жеткізе алатын

Скрипка

+

Альт

+

Виолончель

+

Контрабас

+

VII. Жеке жұмыс

Ә н ү й р ет у.

Л.Хамиди «Туған ел» II-шумақ

А) Әнді мұғалімнің орындауында тыңдату.

Ә)Дауысқа жаттығу жасау.

Б) Әннің сөзімен жұмыс.

В) Әнді балалар орындайды.

VIII. Жаңа сабақты бекіту.

1. Симфониялық оркестрдегі ішекті-ыспалы аспаптарды атаңдар?

2.Бір-бірінен айырмашылығы қандай?

IX. Бағалау:

Сынып оқушыларын мадақтап, сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.

X. Үйге тапсырма беру:

1. Тақырыпты оқу,мазмұндау.

2.Әнді жаттап келу.









© 2010-2022