Аспапта оқыту әдістемесі-жұмыс жоспары

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аспапта оқыту әдістемесінің жұмыс жоспарын құрған Құрманғазы атындағы Орал саз колледжі « Халық аспаптары » бөлімі қобыз пәнінің оқытушысы Мұзапбарова Қалия Шамшиевна

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Оқу жұмысының бағдарламасы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «30»12. 2010 №587-ші бұйрығымен бекітілген үлгілі оқу бағдарламасына сүйене отырып құрылған.

Арнайы аспапта оқыту әдістемесі -пәні біліктілігі жоғары музыкант орындаушының арнайы кәсіби білімін, іскерлік пен дағдыларын қалыптастырушы негізгі пән болып табылады. « Аспапта оқыту әдістемесі» пәні прима-қобыз аспабында ойнауды оқытудың әртүрлі мектептерінің педагогикалық үрдістерін үйренуге, отандық педагогикалық мектептердің қалыптасуы және танымал педагогтардың тәжірибелерін меңгеруді қалыптастыратын пән болып табылады. Халық аспаптар класының міндеті-балалар музыка мектебінің оқытушысы, оркестр, ансамбль әртісі( жетекшісі ) ретіндегі кәсіби жұмысына қажетті көркемдік музыкалық-орындаушылық шеберлігін игерген жоғары кәсіби мамандарды даярлау.

Қобыз аспабын іс жүзінде игеру, педагогтың жас музыкантты тәрбиелеудегі ролі, педагогикалық жұмыстардың тәсілдері, музыкант-орындаушының алғышартының қалыптасуы, білім алушылардың табиғи жаратылысының дамуы мен бағалаудың тәсілдері, музыкалық мектептегі оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру, жасөспірімдер мен балаларға білім беруінің әртүрлі кезеңінде оқылатын түрлі жанрлар мен стильдегі шығармалармен таныстыру, оның көркемдік және техникалық мүмкіндіктерін меңгерумен қатар аталған пәннің міндеттеріне білім алушыларды балалар музыка мектебінің оқытушысы ретіндегі кәсіби жұмысына қажетті аспапқа арнап жазылған шығармалармен таныстыру, оларға тарихи білім және әртүрлі музыкалық стильдер мен жанрлар туралы түсінік беру жүктеледі.

Пәнді игеру - арнайы аспап, орындаушылық өнер тарихы, оркестр класы, фольклорлық ансамбль, БММ репертуарын меңгеру және барлық музыкалық- теориялық пәндер кешенімен тығыз байланыста жүргізілуі тиіс.

Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны

« Аспапта оқыту әдістемесі» бағдарламасы бес негізгі бөлімнен тұрады; шәкіртпен ара-қатынастықтың айрықша мәні, қобыз үйренудің алғы шарттары, қол қойылымы, дыбыс сапасы, ысқыштың техникалық өрістері, негізгі штрихтар категориясы, сыныптар бағдарламасы.

Интонация-дәл интонация музыкалық - көркем орындаудың ең басты шарты, маңызды мәнерлік құралы болып табылады.

Интонациямен жұмыс үш бағытта жүргізіледі.а/ есту қабілетін жаттықтыру және өзін қадағалап отыру қасиетін дамыту,б/ дыбысының сапалы болуы.

Білім алушының техникалық аппаратын жетілдіру техниканың түрлеріне арналған жаттығуларды,гаммалар мен этюдтерді үнемі орындау арқылы жүзеге асырылады.

Осы 5 бөлімнің әрқайсысы да 2 не 3 тақырыптан тұрады.

Жалпы 3-4 курсқа өткізілетін сағат саны 146 сағат

3-ші курс көлемінде өтілетін сағат саны-74.

Пәннің тақырыптық жоспары негізгі 5 бөлімнің 3 бөлімін құрайды. Олардың мазмуны;

1-ші бөлім. Шәкіртпен ара-қатынастықтың айрықша мәні. 1-ші тақырып. Ұстаздың білім алушымен тұңғыш жүздесуі және оның мәні.

2-ші тақырып. Қобыз аспабымен таныстыру, қобыз бұрауы.

3-ші тақырып. Ысқыш туралы түсініктеме.

2-ші бөлім. Қобыз үйренудің алғы шарттары.(Қол қойылымы).

1-ші тақырып. Оң қолдың қойылымы. 2-ші тақырып. Сол қолдың

қойылымы.

3-ші бөлім. Ысқыштың техникалық өрістері. 1-ші тақырып. Әсем

дыбыс шығару тәсілдірі.(вибрация). 2-ші тақырып.Ысқыш жүрілі-

мінің алмасуы.

Пәннің тақырыптық жоспары

1. Кіріспе. 2с

2. Әдістеме сабағының негізгі мақсаты мен міндеті. 2с

3. Арнайы аспапта оқытудың ерекшеліктері. 2с

4. Қобыз аспабында орындаушылық өнерінің тарихы. 2с

5. Оқушының музыкалық қабілеті. 2с

6. Ұстаздың білім алушымен алғашқы кездесуі және оның мәні. 2с

7. Оқушыны қобыз аспабымен таныстыру. Қобыз бұрауы. 2с

8. Ысқыш туралы түсініктеме. 2с

9. Қобыз үйренудің алғашқы шарттары,қол қойылымы. 2с

10. Қобыз аспабының шығу және даму тарихы. 2с

11. Жаппас Каламбаев. Шығармашылық өмір жолы. 2с

12. Дәулет Мықтыбаев .Шығармашылық өмір жолы. 2с

13. Ысқыш жүргізуді, оның бөлшектерін пайдалана білуді үйрету. 2с

14. Оң қолдың қойылымы. 2с

15. Сол қолдың қойылымы. 2с

16. Позиция туралы жалпы түсінік.1-2 позицияларды меңгеру. 2с

17. Ашық ішектерде жүргізіп, жаттығулар ойнату. 2с

18. Екі қолды қосып ойнағандағы ысқыштың техникалық өрістері. 2с

19. Оқушының қабілетін дамыту. 2с

20. Сапалы да қою дыбыс шығару тәсілдері. 2с

21. Ф.Балғаева.Творчестволық өмір жолы. Қобыз аспабын үйретудегі

негізгі ұстанымы. 2с

22. Оқушының аспап ойнауға қызығушылығын арттыру. 2с

23. Дыбыс шығара білу. Таза дыбыс шығару тәсілдері. 2с

24. Музыкалық шығармалармен жұмыс жасау. 2с

25. Оқушының есте сақтау қабілетін жетілдіру. 2с

26. Шығарма ішіндегі бөлімдерді, тыныс алу сәттерін айыра білу. 2с

27. Нота бетінен оқи білуді үйрету. 2с

28. Позициядан позицияға ауысу жолдарын меңгеру. 2с

29. БСМрепертуарын талдай білуді үйрету 2с

30. Оқушының жылдық жеке жоспарын құру. 2с

31. Гамма, этюдтармен жұмыстану әдістері. 2с

32. Рең. Динамика. 2с

33. Үй жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу. 2с

34. Дыбысты әсемдеп шығару әдістері, вибрация. 2с

35. Ойын барысындағы оң және сол қолдардың жүргізу қимылдарының

өз ара үйлестігі. 2с

36. Оқытушының беделі. 2с

37. Қорқыт. 2с

Оқытудың жоспарланған нәтижелерін бақылау.

« Аспапта оқыту әдістемесі» пәні оқыту циклының 5-8 семестрінде жүргізіледі және оны бақылаудың түрлері;

Аралық аттестаттау-емтихандар(6-шы сем),сынақ (5-ші сем).

Қорытынды аттестаттау-(ҚА) 8-ші семестр.

Үшінші курсқа арналған міндетті минимум;

Реферат тапсыру. Арнайы дайындалған билет сұрақтарына жауап беру. БММ оқушыларына арналған кішкентай шығармаларды талдай білу.

Реферат тақырыптары;

Халық композиторларының, қобызшылардың өмірбаяны мен күйлері.

Мысалға келтірілген билет сұрағы;(емтихан үшін)

1.Қобыз аспабымен таныстыру. Қобыз бұрауы.

2.Ысқыштың дұрыс жүрілімі және оны дұрыс кескіндеу.

3.А.Жұбанов. Қарлығаш. Талдау.

Ал аралық сынақтар үшін өтілген тақырыптардың барлығы сұралады.

4-ші курс көлемінде өтілетін сағат саны-72.

Бұл курс негізгі 5-бөлімнің соңғы екі бөлімін құрайды.

4-ші бөлім Негізгі штрихтар категориясы. 1-ші тақырып;- Әсем дыбыс шығару тәсілдері (Вибрация), 2-ші тақырып;- ысқыш жүрілімінің алмасуы,негізгі штрихтар, аралас штрихтар.

5-ші бөлім. Сыныптар бағдарламасы.

1-ші тақырып; -Кішігірім жаттығулар және этюдтар.

2-ші тақырып; Кіші формадағы шығармалар (пьесалар)

Пәннің тақырыптық жоспары

38. Оқушының шығармашылық ынтасын дамыту. 2с

39. Жеке сабақ өткізу барысын жоспарлау. 2с

40. Штрихтар. Негізгі штрихтар. 2с

41. Аралас штрихтар. 2с

42. Қобыз аспабында пайдаланылатын позицияларды үйреніп,

толық меңгеру. 2с

43. Орындаушының психологиялық ерекшеліктері. 2с

44. Қылқобыз. Дыбыстық кеңістігі. Құлақ бұрауы. 2с

45. Оқушыларды қазақ ұлт аспаптарында оқытудың мән-мағынасы. 2с

46. Сахналық қобалжу. 2с

47. Оң қолды жүргізу қимылдарының түрлері. 2с

48. Сапалы дыбыс шығарудың кейбір ережелері. 2с

49. Қос нота және аккордтармен жұмыстану. 2с

50. Музыкалық мектепке арналған әдістемелік оқулықтар мен

көркемдік музыкалық шығармаларға шолу жүргізу. 2с

51. Ықылас Дүкенұлы.Өмірбаяны мен күйлері. 2с

52. Қобызға арналып өңделген күйлермен жұмыстану. 2с

53. Сүгір Әлиев.Өмірбаяны мен күйлері. 2с

54. Құрманғазы. Өмірбаяны мен қобызға өңделген күйлері. 2с

55. Оқушының музыкаға және қобыз аспабына қызығушылығын

арттыру,тәрбиелеу. 2с

56. Қысқа,жұлқыма,өткір -(матле басыңқы стаккато), секіртпелі - (спиккато, ұшпалы стаккато) штрихтары. 2с

57. Әртүрлі штрихтар қосылымын дұрыс пайдалану. 2с

58. Штрихтық техниканың әр түріне арналған жаттығулар. Штрихтық

нұсқаулар. 2с

59. Дыбыс әсемділігі барысындағы көркемдік және техникалық

кезеңдер туралы. Дыбыс мәдениеті. 2с

60. Оқушының ырғақ сезімін тәрбиелеу. 2с

61. Музыка шығармаларының құрылысы. 2с

62. А.Жұбанов. " Қарлығаш" Талдау. 2с

63. Балалар музыка мектебінің алға қойған мақсаты. 2с

64. Дыбыстарды әсемдеу белгілері. (Форшлаг,мелизмы т.б.) 2с

65. Оқушыға жылдық жоспар құруды үйрету. 2с

66. Ыхлас. « Жез киік ». Талдау. 2с

67. Педагогикалық практика сабағының мақсаты мен маңыздылығы .2с

68. Қысқаша музыкалық сөздіктер. 2с

69. Н.Бакланова. « Хоровод». Талдау. 2с

70. Кішігірім этюдтар, жаттығулармен жұмыстану. 2с

71. Кіші формадағы шығармалар( пьесалар ) 2с

72. Л.Хамиди. « Романс» Талдау. 2с

73.К.Күмісбеков.«Поэма». Талдау. 2с

Оқытудың жоспарланған нәтижелерін бақылау.

« Аспапта оқыту әдістемесі» пәні оқыту циклының 5-8 семестрінде жүргізіледі және оны бақылаудың түрлері;

1.Аралық аттестаттау-емтихандар(6-шы сем),сынақ (5-ші сем).

2.Қорытынды аттестаттау-(ҚА) 8-ші семестр.

Төртінші курсқа арналған міндетті минимум;

Реферат тапсыру. Арнайы дайындалған билет сұрақтарына жауап беру. БММ оқушыларына арналған кішкентай шығармаларды талдай білу.

Реферат тақырыптары;

Халық композиторларының, қобызшылардың өмірбаяны мен күйлері.

Мысалға келтірілген билет сұрағы;(емтихан үшін)

  1. Этюдтар, жаттығулармен жұмыстану.

  2. Позициялар олардың жүйелі түрде алмасуы.

  3. Ықылас. Жез киік. Талдау.

Ал аралық сынақтар үшін өтілген тақырыптардың барлығы сұралады.

Әдебиеттер және оқыту құралдары.

1.Әубәкіров.М « Қобызға арналған пьесалар». Алматы; 1997ж.

2.Бисембаева.З. «Қобыз бен фортепианоға арналған Қазақстан композиторларының шығармалары» Алматы; 2008ж.

3.Коган.И.Б « Штриховая техника кобызиста» А.Кітап,1981ж.

4.Қосбасаров.Б. Қобыз өнері. Алматы. Санат,2001ж.

5.Лесман.И Очерки по методике обучения игры на скрипке.Музгиз,1964ж.

6. Молдакаримова.Ғ. Қобызға арналған хрестоматиялар

7. Мавриди.Ф.В.Методические указания « Слуховой метод обучения игре на скрипке».А; Кітап,1981ж.

8.Оразалиева.Ғ. « Қобыз аспабын сатылай үйрену» 2007ж.

9.Флеш.К. Искусство скрипичной игры.М;Музыка,1964ж.

Оқу құралдары

Толық жинақтағы музыкалық аспаптар, қосалқы бөлшектері,оқу-әдістемелік әдебиеттер-құралдар,ноталар кітапханасы,интернет-технология.


© 2010-2022