Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары. Мақсаты: Оқушыларды қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен таныстыру. Көрнекілігі: түрлі аспаптар суреттері, бүктемелер. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, әдебиет Түрі: аралас сабақ Барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау. I Үй тапсырмасы. II Үй тапсырмасын қорыту. III Жаңа сабақ IW Жаңа сабақты бекіту  Үйге тапсырма. Бағалау. Екі ішектің бірін қатты бірін  сәл сәл кем бұра Қазақ нағыз қазақ емес, Нағыз қазақ домбыра.   (Қадыр Мырзалиев) Домбыра – қазақтың ежелден келе жатқан музыкалық аспаптарының бірі. Домбыра қағып шертіп ойнайтын ішекті аспап.Қазақтың ән күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар. Олардың тек сырт пішіні ғана емес,ішек және перне саны да әр қилы болып келеді. Шертер-  шанағы терімен қапталған,қазақтың ең көне музыкалық аспаптарының бірі. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған.Ол екі немесе үш ішекті болып келеді.Құрылысы жөнінен домбыра домбыра , қобыз аспаптарына да ұқсас келеді. Шертерде  көбінесе шертпе күйлер орындалады. Жетіген көп ішекті музыкалық аспап.Кейбір ғалымдар жетіген сөзі жеті байлық ,жеті қазына дегенді білдіреді десе кейбір аңыздарда ол жеті хан деген атау тегінде жеті сөздерінің бірігуінен құралуы мүмкін дейтін де пікір бар.Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалып шанағы көн терімен қапталады. Күйге келтіру үшін тиек орнына асық қойылады. Асатаяқ ертеден келе жатқан сілкімелі аспап. Қазақта қоңырау,сақтпан, тұяқтас сияқты сілкіп ойнайтын аспатар да бар. Шаңқобыз бұл көне музыкалық аспап. Ол өңделген аспаптардан жасалады. Шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы тілшесі тербеліске келтіріледі. Сыбызғы қурайдан ,ағаштан кейде жезден жасалынатын көне музыкалық аспап. Ол ертеректе бақташылардың ең сүйікті аспабыболған. Сазсырнай үрлемелі аспаптар тобына жатады. Ол саздан жасалынады. Бұл аспаптың көлемі де түрі де әртүрлі болып келеді. Мүйізсырнай мүштік арқылы үрлеп ойналатын аспап. Ол аспап мүйізден жасалынады.Саздан жасалынған тағы бір музыкалық аспап  үскрік. Үскіріктің үні құстың даусына ұқсас. Бұл аспапта халық әндері орындалған. Ұран үрлеп ойнайтын музыкалық аспап. Оны бұрын жауынгерлер көп пайдаланатын болған. Ұзындықтары әр түрлі екі түтіктің әрқайсысында    үш үштен тесігі бар. Мұндай аспапты музыка зерттеушісі А. Эйхгорн қазақтар арасынан 1880 жылдары көргендігін айтады. Сабақты қорытындылау. 1.Аңыз бойынша домбыра аспабы қалай пайда болған? 2.Домбыра қандай бөліктерден тұрады? 3.Домбыра тарту үшін қандай дене мүшелері көп қызмет атқарады? 4. Музыкалық жанрдың қандай түрлері білесіңдер? 5. Шертер аспабының құрылысы мен түрлері қандай? 6.Жетіген аспабының тиегі неден жасалынады? 7.Шаңқобыз қалай ойналады? 8.Сыбызғы жасалады?  9. Сазсырнай,мүйізсырнай неден жасалады? 10. Халық ұранды қай кезде пайдаланады? Үйге тапсырма :  Тақырыпты оқу. Ашық сабақ Пәні:Музыка Бастауыш сынып мұғалімі: Шайжан Сара Әбсатқызы Жұмыс орны: Қызылорда облысы,Шиелі ауданы,№251 М.Әуезов  атындағы орта мектеп.
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.

Мақсаты: Оқушыларды қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен таныстыру.

Көрнекілігі: түрлі аспаптар суреттері, бүктемелер.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, әдебиет

Түрі: аралас сабақ

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.

I Үй тапсырмасы.

II Үй тапсырмасын қорыту.

III Жаңа сабақ

IW Жаңа сабақты бекіту

Үйге тапсырма.

Бағалау.

Екі ішектің бірін қатты бірін сәл сәл кем бұра

Қазақ нағыз қазақ емес,

Нағыз қазақ домбыра. (Қадыр Мырзалиев)

Домбыра - қазақтың ежелден келе жатқан музыкалық аспаптарының бірі. Домбыра қағып шертіп ойнайтын ішекті аспап.Қазақтың ән күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар. Олардың тек сырт пішіні ғана емес,ішек және перне саны да әр қилы болып келеді.

Шертер- шанағы терімен қапталған,қазақтың ең көне музыкалық аспаптарының бірі. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған.Ол екі немесе үш ішекті болып келеді.Құрылысы жөнінен домбыра домбыра , қобыз аспаптарына да ұқсас келеді. Шертерде көбінесе шертпе күйлер орындалады.

Жетіген көп ішекті музыкалық аспап.Кейбір ғалымдар жетіген сөзі жеті байлық ,жеті қазына дегенді білдіреді десе кейбір аңыздарда ол жеті хан деген атау тегінде жеті сөздерінің бірігуінен құралуы мүмкін дейтін де пікір бар.Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалып шанағы көн терімен қапталады. Күйге келтіру үшін тиек орнына асық қойылады.

Асатаяқ ертеден келе жатқан сілкімелі аспап. Қазақта қоңырау,сақтпан, тұяқтас сияқты сілкіп ойнайтын аспатар да бар. Шаңқобыз бұл көне музыкалық аспап. Ол өңделген аспаптардан жасалады. Шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы тілшесі тербеліске келтіріледі.

Сыбызғы қурайдан ,ағаштан кейде жезден жасалынатын көне музыкалық аспап. Ол ертеректе бақташылардың ең сүйікті аспабыболған. Сазсырнай үрлемелі аспаптар тобына жатады. Ол саздан жасалынады. Бұл аспаптың көлемі де түрі де әртүрлі болып келеді. Мүйізсырнай мүштік арқылы үрлеп ойналатын аспап. Ол аспап мүйізден жасалынады.Саздан жасалынған тағы бір музыкалық аспап үскрік. Үскіріктің үні құстың даусына ұқсас. Бұл аспапта халық әндері орындалған.

Ұран үрлеп ойнайтын музыкалық аспап. Оны бұрын жауынгерлер көп пайдаланатын болған. Ұзындықтары әр түрлі екі түтіктің әрқайсысында үш үштен тесігі бар. Мұндай аспапты музыка зерттеушісі А. Эйхгорн қазақтар арасынан 1880 жылдары көргендігін айтады.

Сабақты қорытындылау.

1.Аңыз бойынша домбыра аспабы қалай пайда болған?

2.Домбыра қандай бөліктерден тұрады?

3.Домбыра тарту үшін қандай дене мүшелері көп қызмет атқарады?

4. Музыкалық жанрдың қандай түрлері білесіңдер?

5. Шертер аспабының құрылысы мен түрлері қандай?

6.Жетіген аспабының тиегі неден жасалынады?

7.Шаңқобыз қалай ойналады?

8.Сыбызғы жасалады?

9. Сазсырнай,мүйізсырнай неден жасалады?

10. Халық ұранды қай кезде пайдаланады?

Үйге тапсырма : Тақырыпты оқу.

Ашық сабақ

Пәні:Музыка

Бастауыш сынып мұғалімі: Шайжан Сара Әбсатқызы

Жұмыс орны: Қызылорда облысы,Шиелі ауданы,№251 М.Әуезов атындағы орта мектеп.

© 2010-2022