«Работа над звуком»

Орындаушы үшін дыбыс- оның музыкалық образын сомдайтын материал. Әндетіп ойнау – дыбыс шығаруда үлкен роль атқарады. Әрбір орындаушы шығарманы орындағанда әндетіп ойнауға тырысуы керек.    Россияның классикалық виолончель ойнау мектебінің негізін салушы К.Ю. Давыдовпен аспапта ойнағанда әндетіп ойнау принципі қойылды. «Әншілер мен скрипкашылардан үйреніңдер» - деген лейтмотив Козолупов класында әрдайым айтылып  отырды. Әндетіп ойнау, дыбыстың әдемілігімен жұмыс жасау С. М. Козолуповтың оқушыларына тән жағдай.     Егер С. М. Козолуповқа күшті, әрі үлкен дыбыс тән болса, оның қызы Г.С. Козолупова(1912- 1992) камералық, дыбысы биязы, романтикалық пландағы музыканы, кіші формаларды ойнады. Алайда ол классикалық шығармаларды да үлкен жетістікпен орындады.  Дыбыспен жұмыс Козолупов үшін сабақтың ең негізгі мағынасы болды. Ол оқушыдарына әрдайым керемет шебер орындаушылар өздерін сырттан тыңдап осындай дәрежеге жеткенін жиі қайталап отырды. Семен Матвеевич оқушыларын өздерін тыңдауға, музыкалық шығармалардың әртүрлілігін түсіну үшін, көркемдік образын жасау үшін өзінің арсеналында кең дыбыс палитрасы болуы керектігін әрқашан міндеттеп отырды.  Козолупов студенттерінің ойынынан 2нәрсені - қарлыққан, мазмұны жоқ piano мен қатқан, тембірсіз, «ұрмалы» forteні түбімен алып тастап отырды. «Виолончельде ойнағанда судырағанды жақсы көрмеймін және аспапты жұлып ойнағанды көтере алмаймын» - деп айтушы еді. Толыққанды  дыбысты pianoмен жұмыста ысқыштың шекпен жанасуына, дыбыстың тығыздығының маңыздылығына онымен үлкен мән берілді. Ол – тек түгел «  «жанасқан» piano ғана төзімді, әрі артқы қатардағыларға да жақсы естіледі,- деп үйретті. Бір жағы...  С. М. Козолупов классиканы  жақсы мәнердің негізін қалаушы деп есептейтін.  Д. Ойстрах оқушының дыбыс мәдениетінің тәрбиесін бірінші орынға қояды.  Ыспалы аспапта ойнайтын орындаушыны дыбыстың сапсы мен мәнерлі «әндету» өзіне қарату керек. «Адамзаттың қолы аспапты интонацияға «дауыс сала алатын» сияқты,-деп жазды Б. В. Асафьев.  «Музыка деген дыбыс болса, әрбір орындаушының басты мақсаты, әрі міндеті дыбыспен жұмыс болып саналады,-деп жазады Г. Г. Нейгауз.- Былай қарағанда бәрі көрінікті сияқты. Алайда, техникамен айналысу (тар мағынада) дыбыспен жұмысты - ең керекті нәрсені екінші планға қалдырып кетеді.»  ММК профессоры С. П. Ширинскидің (1903- 1974) оқушыларға қойған талаптарының бірі ол- « дыбысты ұстау». Ыспалы аспаптардың табиғаты адам баласының үніне ұқсастығына байланысты әдемі музыкалық фразаларды жасау үшін орындаушы әр секунд сайын барлық  психофизикалық кешенін пайдалануы керек. Ол дыбыс алумен, интонациямен, стильді сезінумен көп жұмыс жасады.
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Дыбыс шығарумен жұмыс

Орындаушы үшін дыбыс- оның музыкалық образын сомдайтын материал. Әндетіп ойнау - дыбыс шығаруда үлкен роль атқарады. Әрбір орындаушы шығарманы орындағанда әндетіп ойнауға тырысуы керек.

Россияның классикалық виолончель ойнау мектебінің негізін салушы К.Ю. Давыдовпен аспапта ойнағанда әндетіп ойнау принципі қойылды. «Әншілер мен скрипкашылардан үйреніңдер» - деген лейтмотив Козолупов класында әрдайым айтылып отырды. Әндетіп ойнау, дыбыстың әдемілігімен жұмыс жасау С. М. Козолуповтың оқушыларына тән жағдай.

Егер С. М. Козолуповқа күшті, әрі үлкен дыбыс тән болса, оның қызы Г.С. Козолупова(1912- 1992) камералық, дыбысы биязы, романтикалық пландағы музыканы, кіші формаларды ойнады. Алайда ол классикалық шығармаларды да үлкен жетістікпен орындады.

Дыбыспен жұмыс Козолупов үшін сабақтың ең негізгі мағынасы болды. Ол оқушыдарына әрдайым керемет шебер орындаушылар өздерін сырттан тыңдап осындай дәрежеге жеткенін жиі қайталап отырды. Семен Матвеевич оқушыларын өздерін тыңдауға, музыкалық шығармалардың әртүрлілігін түсіну үшін, көркемдік образын жасау үшін өзінің арсеналында кең дыбыс палитрасы болуы керектігін әрқашан міндеттеп отырды.

Козолупов студенттерінің ойынынан 2нәрсені - қарлыққан, мазмұны жоқ piano мен қатқан, тембірсіз, «ұрмалы» forteні түбімен алып тастап отырды. «Виолончельде ойнағанда судырағанды жақсы көрмеймін және аспапты жұлып ойнағанды көтере алмаймын» - деп айтушы еді. Толыққанды дыбысты pianoмен жұмыста ысқыштың шекпен жанасуына, дыбыстың тығыздығының маңыздылығына онымен үлкен мән берілді. Ол - тек түгел « «жанасқан» piano ғана төзімді, әрі артқы қатардағыларға да жақсы естіледі,- деп үйретті. Бір жағынан «forte "» дыбыстың мөлшері ойнау шегінде акустика жағынан қатты шыққанымен, тембр жағынан кедейленіп, эмоциялық бояудан, мазмұнынан ұтылады. «Виолончель - тромбон емес! Аспаптың мүмкіндігін пайдаланыңыздар - оны зорламаңыздар.» - деп айтушы еді. Ол П. Сарасатенің ысқышының жай тартылған шаштарымен скрипкасының ерекше тембірінің арқасында оркестірдің дыбысын жауып кететінін мысалға келтіретін. «piano- бұл жаман forte емес, бұл алыстан естілетін forte» -деп студенттерін оқытатын.

С. М. Козолупов классиканы жақсы мәнердің негізін қалаушы деп есептейтін.

Д. Ойстрах оқушының дыбыс мәдениетінің тәрбиесін бірінші орынға қояды.

Ыспалы аспапта ойнайтын орындаушыны дыбыстың сапсы мен мәнерлі «әндету» өзіне қарату керек. «Адамзаттың қолы аспапты интонацияға «дауыс сала алатын» сияқты,-деп жазды Б. В. Асафьев.

«Музыка деген дыбыс болса, әрбір орындаушының басты мақсаты, әрі міндеті дыбыспен жұмыс болып саналады,-деп жазады Г. Г. Нейгауз.- Былай қарағанда бәрі көрінікті сияқты. Алайда, техникамен айналысу (тар мағынада) дыбыспен жұмысты - ең керекті нәрсені екінші планға қалдырып кетеді.»

ММК профессоры С. П. Ширинскидің (1903- 1974) оқушыларға қойған талаптарының бірі ол- « дыбысты ұстау». Ыспалы аспаптардың табиғаты адам баласының үніне ұқсастығына байланысты әдемі музыкалық фразаларды жасау үшін орындаушы әр секунд сайын барлық психофизикалық кешенін пайдалануы керек. Ол дыбыс алумен, интонациямен, стильді сезінумен көп жұмыс жасады.

Ұлттық музыка Академиясының профессоры Алма Абатова Н. М. Патрушевада таза дыбыс, интонация, ырғақ, штрихтардың сапасы таңқаларлық, - деп айтады. Оның оқушылары ойнағанда, мұнда педагогтың қолы көрініп тұрады.. Бұл күнделікті, жылдармен, онжылдықтармен тері төгіліп жасалған жұмыс. Жүйе және тәртіп, машықты біртіндеп баулу.

Музыкант- орындаушының дыбыстық идеалы тарихта өзгеріп отырды. Егер өз уақытында ағылшындық немесе француздық гамбист қазіргі виолончельдің дыбысын, әрі оның шектерінің сымнан жасалғанын көрсе, ол онда өзінің жақсы бір сезімдерінде қорланып қалушы еді. Гамбының дыбысы қазір біздің құлағымыздың құрышын қандыра қоймас.

Қазіргі ыспалы аспаптарда орындаушы акустикалық таза, тығыз дыбысқа ұмтылады. Бұл әлі піспеген материал - көркемдік жағын іске асыру кезінде бұл өңделеді, өзгереді, обертондармен байиды және түрлі түстерге боялады. Бәрінен бұрын ыспалы аспапта орындаушы көркемдік жағынан бай, сапалы дыбыс алуы керек.

Акустика, таза, еш қоспасы жоқ бірқалыпты қозғалысқа келген дыбысты шек береді дейді. Осы жайға келіп, дыбыс шығарудың бірінші қағидаларын бекітеміз. Кезеңді көлденең тербеліс(дыбыс тербелісі деп атаймыз) ысқышты шекте перпендикулярлы жүргізудің нәтижесінде пайда болады.

Музыка дыбыстың үлкен тембрлік және реңдік алуан түрлілігін қажет етеді. Бірақ бұның бәрін таза ешбір қоспасы жоқ сапалы дыбыстың негізінде қол жеткізу керек. Сондықтан ысқыштың шекте перпендикулярлы жүргіздірілуі дыбыс шығарудың негізгі және міндетті ережесі болып есептеледі.

Әлбетте, дыбыс шығарудың 3 факторының бір- бірімен байланысы сұрағы қиынырақ: ысқышты жүргізудің жылдамдығы, ысқышты басу және «ойнау нүктесі». Барлық динамикалық және тембірлік алуан түрлілік осы факторлардың бір- бірімен қарым- қатынасында құрылады. Терең теориялық анализге берілмей -ақ, жалпы осы облыстағы қарым-қатынасты қалыптастыруға тырысайық.

Ысқыштың жылдамдығы музыканың текстімен байланысты; яғни, темпіне, ноталардың ұзақтығына, штрихқа және динамикаға; бұдан жылдамдық әрқашан өзгеріп отырады.Егер, мысалыға, орындаушы кантиленалық adagio немесе largo темпінде ұзақ ноталарды орындаса, ысқыштың жылдамдығы минималдыққа жақындайды және керісінше- кең detache штрихы майда ұзақтықтарда және тез темпте барынша тез жылдамдықты қажет етеді. Осы екі полюстің арасында жылдамдықтың барлық градациялары орналасқан.

Егер ысқыштың жылдамдығы шектің тербелісіне қатаң сәйкес келсе, шектің ағымдық тербелісі бұзылмайды.

Дыбыстың күшіне сұқ саусақтың тростьқа күш түсіруі әсер етеді. Соған байланысты, осы саусақтың орналасуы қатты басқанда - ол тростьті тереңірек қамтиды- 2- буынға дейін және ортаңғы саусақтан едәуір алшақтайды.

Күш түсіру, біз тәжірибеден білетініміздей, ол «ойнау нүктесімен» тығыз байланысты. Сонымен, соңғысының тиекке жақындаған сайын бізге шектің серпінділігін жеңу үшін күш қосуға тура келеді. Одан басқс біз бір ғана «ойнау нүктесінде» күш түсіруді шектеулі ғана мөлшерде өзгерте аламыз. Күш түсіруді ұлғайту ысқыштың жүру жылдамдығына әсер етеді, соған байланысты «ойын нүктесі» де орын ауыстырады. Осы жазылғанның бәрін орындаушы өз аспспабында ойнап тексере алады.

Дыбыс алуға жоғарыда айтылған «ойын нүктесінің» айтарлықтай әсері бар. Дыбыс бояуының алуан түрлілігі және байлығы «ойын нүктесін» дұрыс пайдаланылуымен тығыз байланысты. Осы саладағы шектеу ойынды мәнерсіз және әсерсіз етеді.

Орындау барысында «ойын нүктесі» көркемдік талаптарға сай жиі ауысып отырады. Алайда, «ойын нүктесін» саналы ауыстыру мен - көркемдік мақсатқа қызмет ететін, және музыканың мәнімен еш байланысы жоқ - «ысқыштың шектің ойнау кеңістігінде» адасуын ажырата білу керек. Осы кемшілік көп оқушыларда бар. Олардың «ойнау нүктесінің адасуы» ешқандай мәнерлеп ойнау амалы болып есептелмейді, тек ысқышты жүргізудің кемшілігінің куәсі.

Егер ысқыштың перпендикулярлы жүргізілуі таза және ашық дыбыс тудырса, ысқыштың қозғалыс кезінде бірдей айнымай жантаюы дыбыстың динамикалық түзулігіне көмектеседі. Дыбыстың күші қылдың жабысқақ жерімен шекті қоздыруына байланысты.

Сонымен, дыбыс шығаруға қатысты қылдың саны дыбыстың түзулігіне әсер етпеуі мүмкін емес.

Қобызда аспаптың және оң қолдың орналасуына байланысты ысқыштың еңкею жағы скрипкаға қарама- қарсы бағытта болады. Ысқыш төмен жүргенде еңкею ұлғаяды, яғни, ысылу азаяды.Сондықтан, қобызшыларға дыбыстың табиғи азаюын қылдың азаюымен ары қарай тереңдетпеу үшін( колодкадан ұзаған сайын), ысқыштың ұдайы еңкюлі болуын қамтамасыз етуі керек.

Ысқыштың дұрыс ұсталуы оң қолдың дыбыс шығаруына және техникасына үлкен әсер етеді. Ысқыштың қалай алынғанынан оның қалай жүретіні байланысты.

Қазіргі заманғы әдістеме өзін-өзі құртқан «қатып ұстаудан» (жесткая хватка) толық бас тартты. Жаңа озық мектептердің бергені сол - ұстаудың ауыспалы немесе қозғалысты әдісін қолданып дыбыс алудың жаңа сапасына қол жеткізді. Ысқышты қозғалысты әдіспен жүргізуді пайдалана бастағаннан бастап оң қолдың қозғалысын акустика заңына байланысты ыңғайлы етіп қолдана бастады.

Иықтың маңызды функциясы- ысқышты жүргіздіру, құлашты кең сермеу. Құлашты сермеудің маңыздылығын бағалау қиын. Ол ысқышқа қозғалыстың үлкен инерциясын хабарлайды және дыбыстың тербелісінің дұрыс және мезгілімен болуына себеп болады.

Құлашты бос және кең сермеу үшін, иықтың бұлшық еттері қандай да болсын қысымнан арылуы керек.

Бірінші сабақтан бастап оқушыға ысқыштың жүргіздіру функциясын, яғни, иықтың бос болуын және күш түсіру функциясын, иықтың бұлшық етінің еркін қозғалуы тростьтқа сұқ саусақ пен шынашақ арқылы берілетінін үйрете беру керек.

Ысқыштың түзу жүруі үшін бізге 2 буыннан басқа- шынтақ пен иықтан- саусақтар мен буындардың түзулеу, дұрыстау қозғалыстары керек. Тек буынның түзулеу қозғалысы едәуір жетіспеушіліктерге әкеліп соқтырады.

Күш түсірудің, жылдамдықтың және «ойын нүктесі» заңдарының қатынасын білетін орындаушы бұл міндеттің шешуін тезірек табады. Алайда тұрақты және биік меже болып жақсы тәрбиеленген және дамыған дыбысты қабылдау болып есептеледі.Есту қабілеті техникалық және акустикалық тапсырманы шешуде шешуші роль атқарады.

Осы орайда оқушының есту қабілетін тәрбиелеудің ролін тағы да атап өту керек. Дыбыс әлемін елестету неғұрлым бай болса, соғұрлым музыкалық естү қабілеті сезімтал болады, тапсырманың шешімі дұрыс табылады.

© 2010-2022