Тех карта. Жапсыру. Аққала

МКҚК»Өркен«балабақшасы.Ұйымдастырылган оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Мерзімі:31.01.14жыл.                                                                     Тәрбиеші:Қадырғалиева Г.Б.                                                                                                                      Білім саласы:Шығармашылық. Бөлімі:Жапсыру.                                                                  Тақырыбы:Аққала. Мақсаты:Ермексаздың пішінін,бөлігін созу арқылы мүсіндеу. Билингвалдық компоненттер:аққала-снеговик,қыс-зима. Көрнекіліктер:қыстың және аққаланың суреті,ермексаз,сүлгі,кескіш,тақтайша. Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,шығармашылықпен өз бетімен жұмыс істеу әдістері. Шаттық шеңбері.                                                            Көк аспанда күн күлсін                                                 Бірге күлсін бүлдіршін                                                  Ұл қолында ту жүрсін                                                 Қыз қолында гүл жүрсін
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МКҚК"Өркен"балабақшасы.Ұйымдастырылган оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Мерзімі:31.01.14жыл. Тәрбиеші:Қадырғалиева Г.Б. Білім саласы:Шығармашылық.

Бөлімі:Жапсыру.

Тақырыбы:Аққала.

Мақсаты:Ермексаздың пішінін,бөлігін созу арқылы мүсіндеу.

Билингвалдық компоненттер:аққала-снеговик,қыс-зима.

Көрнекіліктер:қыстың және аққаланың суреті,ермексаз,сүлгі,кескіш,тақтайша.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,шығармашылықпен өз бетімен жұмыс істеу әдістері.


Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері. Көк аспанда күн күлсін Бірге күлсін бүлдіршін Ұл қолында ту жүрсін Қыз қолында гүл жүрсін.

Балалар шаттық шеңберін құрып,өлең жолдарын хормен айтады.

Ұйымдастыру-ізденіс

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?Қыстың басқа мезгілдерден айырмашылығы неде?Адамдар қыста қалай киінеді?Даланы,айналамызды,жерді не басқан?Қыста далаға шығып қандай ойындар ойнаймыз?Дұрыс,балалар,ал кім аққала,қыс мезгілі туралы дақпақ біледі?

Таңғажайып сәт.Топқа аққала келеді.

Сәлеметсіңбе аққала.Нестеп жүрсің?

-Сәлеметсіңдерме балалар.мен өзіме көп дос іздеп жүрмін,өйткені мен жалғыз ойнап ішім пысып кетті.Балалар маған дос тауып беріңдерші.

-Балалар аққалаға көмектесемізбе?

-Ой,рахмет,балалар.Сендер маған дос тауып бергенше мен далаға шығып ойнап келейін.

Ендеше балалар біздер аққалаға өзі сияқты әдемі аққала жасап,мүсіндеп берейік.Балалар аққаланың пішіні қандай фигуралардан құралған?Ал,көзі мен мұрны неден жасалған?Оның түсі қандай?Ал,басына не қондырған?Ендеше бізде солай жасайық. (Тәрбиеші балаларға жасап көрсетеді)Балалар енді қолымызды сүлгіге сүртейік.

Сергіту сәті. Ұлдар менен қыздармыз

Доп сияқты секіріп

Аяқпенен топылдап

Қолымызды соғамыз.

Мальчики и девочки

Прыгают как мячики

Ручками хлопают

Ножками топают.

Топқа аққала кіреді.-Балалар маған дос таптыңдарма?

-Иә,біздің балалар саған көп әдемі достар тауып берді.

-Ой,рахмет балалар.мен сондай қуаныштымын.Менде құр келген жоқпын,сендерге сыртта жүріп көп қар әкелдім.Осы қарлармен ойын ойнап жіберейікші.Мына қарлардың үлкенін үлкен жәшікке,кішісін кішкентай жәшікке салайық.

Қимылдық ойын."Көңілді қарлар"

-Ой қандай ақылды,мейірімді балдарсыңдар.Маған көмектескендерің үшін сендерге сыйлық сыйлағым кеп тұр.Сау болыңдар балалар,мен енді рыммен ойнайын.

-Қазір қыс мезгілі.

-Қыста күн суық,аяз болады.

-Адамдар жылы киінеді.

-Даланы қар басқан.

-Шана тебеміз,аққала жасаймыз.

Балалар білетін дақпақтарын айтады.


Балалар аққаламен амандасады.






-Иә,көмектесеміз.





-Дөңгелек

-Сәбіз бен көмірден

-Түсі ақ

-Басына шелек қондырған.

Балалар тәрбиешінің көрсетуі бойынша мүсіндейді.Қолдарын сүлгіге сүртеді.

Балалар өлеңге қосылып сергіту сәтін жасайды.







-Иә,таптық.



Рефлексиялық-түзету

Балалар бізге бүгін қонаққа кім келді?Біз оған қалай көмектестік?Не жасап көмектестік? Өте дұрыс балалар,жарайсыңдар.

-Аққала келді.

-Оған достар тауып бердік.

-Аққала.


Күтілетін нәтиже:

Бала білуі керек:

Бала игеруі керек:

Бала жасай білуі керек:

© 2010-2022