Жаңа жылдағы ғажайыптар сценарийі

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дайындық тобына арналған ертеңгілік сценарийі «Жаңа жылдағы ғажайыптар»

Мақсаты:

  • Қысқы табиғаттың әсемділігіне әсерлену, қызығушылығын дамыту.

  • Мерекелік көңіл-күймен әуенге ілесе қыс көріністерін, кейіпкердің ролін бейнелей білуге тәрбиелеу.

  • Әуенге ілесе әнді мәнерлі орындап, ырғақты би қимылдарын жетілдіру.

Залды безендіру: залдың төрі қысқы ормандағы түнді бейнелеп тұр, ортада шырша,

Көрнекіліктер:

Қатысушы кейіпкерлер: Жұлдызшы, Ханзада мен ханшайым, Жарғанат пен шегіртке, Аяз ата мен Ақшақар, Қоян

Балалар «Жаңа жыл» музыка әуенімен ән-күй залына кіреді.

1- бала: Шырша құрып алаңға,

Жылға шашу шашайық.

Тойлап көңіл ашайық,

Әнмен биді бастайық.

2-бала: Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген. Қандай жақсы шыршамыз.

Ән шырқайық, баршамыз!

3- бала: Жүзімізде күлкі ойнап,

Көңілденді жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Жүргізуші: Құрметті балалар, қонақтар! Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын! Отбасыларыңызға зор денсаулық, береке, бақыт тілейміз.

1-бала: Әсем әнге, күміс күйге,

Толтырады ортаны,

Жарқыраған нұр ішінде,

Айналайық шыршаны.

Шыршаны айналып ән айту.

Ән: Кішкентай шырша

Музыка әуенімен Тиін кіреді.(қолында жаңғақтары бар)

Тиін: Сәлеметсіңдер ме, балалар, ққонақтар!

Жаңа жыл меркесі құтты болсын!

Шыршаларың қандай әдемі! Ойыншықтары да әдемі екен.Менде сендердің ойыншықтарыңа тағы да ойыншықтар әкелдім. Ой-балалар, бірақ мен осы ойыншықтарды қалай ілу керектігін ұмытып қалдым? Маған көмектесіңдерші.

Ойын : «Қызықты ойыншықтар»

Ойынның шарты: Қызыл түсті көрсеткенде-шапаплақтау,

Сары түсті көрсеткенде-айналу,

Жасылтүсті көрсеткенде -аспаннан қар жаудыру.

Дұрыс, әдемі жасаған балаға, сыйлыққа Тиін шишкаларын береді.

Тиін: Балалар, мен енді шарларды түсінен танитын болдым.Енді әдемілеп іле қояиын.

Ойыншық іліп жатқанда шырша артынан (Хлопушка) Көңілді ойыншық шығады.

Көңілді ойыншық: Хи-хи-хи Мен мұндамын,

Ха-ха-ха Мен мұндамын.

Мен сендердің шыршаларыңа ілінгім келмейді.

Жүргізуші: Көңілді ойынық, сен әзіре шыршаға ілінгің келмесе балалардың өнерін тамашала!

Көңілді ойыншық: Балалар, менде сендер сияқты өнерлімін. Сендердің мерекелеріңе өз достарыммен би билейіні.

Би: Көңілді ойыншықтар

Тиін: Ой, көңілді ойыншықтар сендер өте өнерлі екенсіңдер, мүмкін шыршаға ілінетін уақытың келген шығар.

Көңілді ойыншық: Иә, иә, келді,келді.

Шырша астынан жұлдыз тауып алады.

Тиін: Мына жұлдыз қайдан келген, қайдан түскен? Жұлдыздар қайда болады? Сонда бұл жұлдыз аспаннан түскен бе? Жүр көңілді ойыншық жұлдызды иесіне апарып берейік. (шығып кетеді)

Музыка әуенімен айналып Жұлдызшы кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Жұлдызшы? Сіз мұнда не істеп жүрсіз?

Жұлдызшы: Мен қайда келдім? Балалар неге мұнда жиналып отырсыңдар?

А- менің есіме түсті. Жаңа жыл мерекесі екен ғой. Сендерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.

Жүргізуші: Жұлдызшы, сіз қолыңызға е ұстап алғансыз, бұл не үшін керек?

Жұлдызшы: Бұл құрал Телескоп деп аталады.

Бұл құралмен жұлдыздарды бақылаймын. Ой, мына жерде бір жұлдыз жоқ! Ол қай да кетті екен ә? Балалар сендер көрмедіңдер ме?

Музыка әуенімен басқа планеталықтар келеді. Тарелкадан Ханзада мен ханшайым түседі.

Ханзада: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Жұлдызшы: Хош келдіңіздер, қонақтар! Сендер басқа әлемнен келе жатқанда жұлдызымды көрдіңдер ме?

Ханшайым: Жоқ, көрмедік!

Жүргізуші: Сіз мұңаймаңыз, Біздің мерекенің қадірлі қонағы болыңыз. Басқа әлемнен келген қонақтардың өнерін тамашалайық.

Би: Роботтар

Ән: Жаңа жыл келді

Музыка әуенімен Жарғанат кіреді.

Жарғанат:Неге мұнда жап-жарық? Бұл жерде менің әмірімді естімеген бе?Бұл жерде қараңғы болуы керек.

Ханзада:Жоқ бұл жерде мереке болып жатыр! Күн болады.

Жарғанат: Жоқ, түн болсын!

Ханзада: Жоқ,жоқ, күн болады. (Екеуі қылыштасады.)

Ханшайым: Қойыңдар, достар, бұл Жаңа жыл мерекесі ғой.Оданда бір-бірімізбен достасып,мерекені бірге тамашалайық.

Жарғанат: Жоқ, мен балалармен дос болмаймын. Менің достарым Ормандағы аңдар ғана....

Аңдар: Жарғанат, досым, біз мұндамыз!Келіңдер, бәріміз дос болайық.

Би: Көңілді аңдар

Жүргізуші: Балалар мерекеге барлығымыз жиналыппыз. Бірақ, Ақша қар мен Аяз ата неге кешігіп жатыр екен. Кәне достар,балалар Бәріміз бірге Аяз атаны ақырайықы.

Барлығы: Аяз ата, Ақша қар!

Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар келеді.

Аяз ата: Армысыздар, ұлдарым,

Армысыздар қыздарым,

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем әндерің.

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан,

Аталарың сендерге ,

Шаршап келді алыстан.

Ақшақар: Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жылда барлық балалардың арманы орындалсын! Келе жатқан жаңа жыл мол табыс әкелсін!

Жүргізуші: Ата, осы жыл басы кім болады екен?

Аяз ата: Бізге жолды көрсеткен, аппақ қардай ақ қоян,

Еш жамандық ойламайтын, пәк қоян!

Жыл басын саған береміз,

Мерейлі , мол табысты,

Жыл болатыныңа сенеміз!

Жүргізуші: Төрлетіңіз, Аяз ата, Төрлетіңіз, Ақшақар! Біздің балалардың өнерін тамашалаңыздар.

Ән: Аяз ата.

Тақпақтар:Жауды, жауды ақшақар

Жердің беті жаңарды.

Жаңа жылда айнала,

Ақ мамықтай ағарды.

Әсем әнге, күміс күйге

Толтырамыз ортаны..

Жарқыраған нұр ішінде,

Айналамыз шыршаны.

Ойын: «Қатып қал»

Ойынның шарты:Музыка әуенімен балалар билеп жүреді. Музыка әуені тоқтағанда, сүйікті мултьфильм кейіпкерінің бейнесін жасап қатып қалады.

Аяз ата: Шыршаларың неге көңілсіз? Шамдары неге жанбаған? Кәне, сиқырлы сөзді менімен айтыңдаршы,

Қуант, бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат!

Ақша қар: Әсем шыршада жарқырап тұратын жұлдыздарымыздың өнерін тамашалайық.

Би: Жұлдыздар

Ақшақар: Мен көңілді ойыншық пен тиіннің берген жұлдызын ұмытып кетіппін ғой.

Жұлдызшы: Ой, бұл менің жұлдызым, Рахмет саған Ханзада, Ханшайым ертегілер әлеміне осы жұлдызды ала барарсыз.

Ханзада мен Ханшайым :ертегі елінен бізбен бірге келген достарыммен ағылына ән айтып,би билееп береміз. Тамашалаңыздар!

Ертегі ән: ағылшынша (Джингл бенс әуенімен)

Ханзада:Бізді өте көңілді қарсы алғандарыңызға рахмет! Өз елімізге қайтатын уақыт болып қалды. Сау болыңыздар!

Аяз ата :Ертегілер елінен келген қонақтардың өнері қандай тамаша! Сүйсініп тұрмын!

Жүргізуші: Аяз ата, біздің балаларда өте өнерлі, балалардың өлең-тақпақтарын тамашалаңыз!

Тақпақтар:

Ақшақар: Аяз ата, қоңыыраудың үні естіледі. Басқа бала бақшаларда бізді асыға күіп отыр ғой. Жолғаа шығайық!

Аяз ата: Балғын балаларым өнерлеріңе ризамын! Сендерге әзірлеген силығым топтарыңда тұр! Хош, сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз, Аяз ата,Ақшақар!

Музыка әуенімен Аяз атамен Ақшақар шығып кетеді.

Жүргізуші: Осымен Жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды. Мерекені топта жалғастырамызЖаңа жылдағы ғажайыптар сценарийі

© 2010-2022