Ән көгінің сұнқары - Шәмші

«Ән көгінің сұнқары - Шәмші«Шәмші Қалдаяқовтың еске алуға арналған ән кешінің сценариі.1 – жүргізуші: Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,Саған шөлдеп, айызым тамсанады.Өкініш пе білмеймін, қуаныш па?Өз - өзімнен жүрегім ән салады.Әнсіз өмір - өмір ме, қаңсымай ма?Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма,Махаббатқа арнап бір ән шығарсынШәміл – ау, Шәмші қайда? Шәмші қайда?Шәмшіге айт, тағы да бір таңдандырсын,Жындандырсын жүректі, жандандырсын. Мәңгі өлмес махаббатым айта жүрерМәңгілік өлмейтұғын ән қалдыр... Шәмші Қалдаяқовтың өмірі туралы 6 «а» класс оқушысы Сапарова Айсұлу баяндап береді.
Раздел Музыка
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7

«Ән көгінің сұнқары - Шәмші»

Шәмші Қалдаяқовтың еске алуға арналған

ән кешінің сценариі.

1 - жүргізуші:

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

Саған шөлдеп, айызым тамсанады.

Өкініш пе білмеймін, қуаныш па?

Өз - өзімнен жүрегім ән салады.

Әнсіз өмір - өмір ме, қаңсымай ма?

Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма,

Махаббатқа арнап бір ән шығарсын

Шәміл - ау, Шәмші қайда? Шәмші қайда?

Шәмшіге айт, тағы да бір таңдандырсын,

Жындандырсын жүректі, жандандырсын.

Мәңгі өлмес махаббатым айта жүрер

Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын.

  • Құрметті өнер сүйер қауым, әнді қадір тұтатын ағайын.

2 - жүргізуші: Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы, өзі елеусіз де аянышты тірлік кешкен қайран Шәмші!

1 - жүргізуші: Бірақ біз - ән сүйер қауым, оның өмірі дәл осылай бақытсыздау өткенін білмедік, ән әлемінің падишасы атанған талант иесі социалистік жүйенің елеусіз құрбанына айналды. «Ештен кеш жақсы» демекші, егеменіміздің арқасында бүгінде «Вальс каролі» атанып отырған бір - ақ адам. Ол - Қалдаяқов Шәмші! Ендеше, сол Шәмшіге арналған «Ән көгінің сұнқары - Шәмші » атты кешін бастауға рұқсат етіңіздер.

2 - жүргізуші:

Кім білсін, қаншама әлі шырқарымды,

Кім білсін, қай күні сен қырқарынды.

Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,

Жоғалтпасам болғаны ұрпағымды, - деп

Мұқағали ақын жырлаған ұрпақтары мына сіздер мен біздер. Мұқағалидің ұрпағы Шәмшінің ұрпағы емес пе? Осылар тұрғанда ұлы адамдардың аттары еш уақытта өшпек емес. Келесі кезекті жас ұрпақтарына берейік.

Ән «Ақ бантик» орындайтындар Толғанай,, Гүлден, Мұратова Әйгерім қабыл алыңыздар

1 - жүргізуші:

Адам жылап туады,

Жатады оны жұбатып.

Және жылап өтеді,

Өзгені де жылатып.

Жылайтыны туа сап,

Жамандар бар қинайтын.

Жылайтыны өлгенде,

Жақсылар бар қимайтын.

Осылай деген уа, Қадыр аға неткен ерсің!

Қазақ халқының біртуар перзенті, вальс падишасы атанған Шәмші Қалдаяқов.

2 - жүргізуші: Дегенмен, ұлы дарын өмірден өткенімен, көңілден кетпеді. Халқымызды әсем әуенімен әлдилеген ұлын, атамекені әлдилеп жүр. Оған дәлел қыстың құлазытар қара суығында жылытатын Шәмші әуендері болмақ.

Шәмші Қалдаяқовтың өмірі туралы 6 «а» класс оқушысы Сапарова Айсұлу баяндап береді.

Бейнебаян «Шәмшінің өмірі»

1 - жүргізуші:

Табады асыл сөзді ер данасы,

Шығады білімдіден сөз сарасы.

Салшы бір әсем әнге шарықтатып,

Тыңдасын мына халық шабыттанып.

Сахнаға Қуаныш Айдананы ортаға шақырайық.Айдананың орындауында Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған ән

«Бақыт құшағында» қабыл алыңыздар.

Көрініс:

Қалқожа Жолдықпаев - Багдаулет 5 «а» кл

Шәмші Қалдаяқов - Мустафин Марат

Қасындағы жігіттер - Нурдаулет,Темирлан,Нурбек

2 - жүргізуші: Бір күні Шәмшіге бір қара торы, дембелше жігіт жолықты да «Мен Қалқожа Жолдықпаевпын» деді

- Е, болсаң бол. Оны маған несін, айтып отырсын?

- Екеуміз де Арыстың бойында туыппыз. Бір өзеннің суын ішіппіз. Артымда Арыс тұрғанда алдымда сескенбеймін. Осы өзеннің жағасында мен өзімнің ең сұлу нақ сүйерімді тауыппын. Шәмші деген атыңыз бар, қалайша осы өзеннің бойында бір сұлу жолықпады сізге?

- Неге олай дейсің? Ондай сұлу менің қиялымда осы Арыстың бойында туды.

- Олай болса, әндеріңізде неге Арыс жоқ ? Айналайын ерке өзеннің аруларын неге ән етпедіңіз? Оларды әлде жақтырмайсыз ба?

- Әй, бала, сен қалай - қалай сөйлейсің? Мен кімді ән қылам, кімді....онда шаруаң бар?

- Шаруам бар! Өскен жеріңіздің сұлуларын неге жырламайсыз? Мен Қалқожа, соны айтуға келдім - деді де тайып тұрды.

- Өй, әлгі ит не деп кетті? - деді Қасымдағылар.

- Ол менің нағыз ауру жерімді түртіп кетті, - дедім мен. Шәмшінің

«Арыс жағасында» әннің жазылуына әлгі жігіт себеп болды. Оның көз алдындағы небір аруларды келтіріпті.

Ән «Арыс жағасында» орындайтын Нурбек және Толганай. Қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші:

О, заманда ашқан қазақ өнер сырын,

Шақырған кештеріне бірін - бірін.

Көрейік тамашалап көрермендер,

Жас биші аруларымыздың өнеріне.

Сахнаға 3 «ә» класс оқушыларын шақырайық «Қара жорға»биі

қабыл алыңыздар.

2 - жүргізуші:

40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Шәмші Қалдаяқұлы 300 - ге жуық ән жазған. Ш.Қалдаяқұлының әндері тұнып тұрған лирика, махаббат тақырыбында болған. Бұл әндерді жұртшылық барлық жерде: студенттік және отбасылық кештерде, жұмыс орнында, демалыс кезінде әуелете шырқайтын.

Маратова Айгерим,Толганай,Куаныш Айдананын орындауында Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған ән

«Әнім сен едің» қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші: Әр адамға әлемнің жарығын сыйлаған кім?

2 - жүргізуші: Жер бетіндегі тіршіліктің қайнар бұлағы, нәр беруші сол АНА !

АНА - теңдесі жоқ таусылмайтын жыр. Өнер қайраткерінің қай - қайсысы болмасын өз шығармаларында арнайы сөз етпей кетпейтін болған.

«Ана туралы жырдың» тууы

Әннің шығуына себеп болған Шәмшінің ән дүниесіне жетелеген аяулы анасы Сақыпжамал Бұқарбайқызының мезгілсіз дүние салуы. Ананың арманда кетуі Шәмшіні қатты тебірентті. Жазылмастай дертке шалдыққан анасы Алматыдағы баласын шақыртады.

  • Балам, - деді көзіне жас алып, - жалғыз тілегім сен аман бол. Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып үзілмесін. Ол әнің ұзаққа жетсін. Бақытты бол, балам.

  • Апа, қарыздармын саған....Қарыздармын, апа!...Сенің басыңа кесенеден ескерткіш орнату менің қолымнан келе қоймас. Бірақ саған әсем әннің ең асылынан ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамың, - деді Шәмші.

1959 жылдың 4 қыркүйегі болатын. Шәмші анасына берген уәдесін 2 жылдан соң, 1961 жылы орындады.

Бұл ән ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың төгілген көз жасы еді. Бұл ән аналар туралы Әнұран болатын.

Толганай, Гүлден және хор

Диана,Гулден,Ару,Балжан, Бекзат,Диана,Аяжан

«Ана туралы жыр»

1 - жүргізуші: Бірде бір қуаныш дастарханы әуезді әндерінсіз өтпейтін, ешкімді тосырқамайтын кең пейілді Шәмшінің тағдыры қаталдау болды. Үй - күйсіз жүрген кездері де болған. Шәмші Қалдаяқовтың Жамбылдың түбіндегі дүнгендер ауылында тұрған кезінде шығарған «Дүнген қызы» атты әнін .Жұмабеков Нұрбектің орындауында қабыл алыңыздар.

2 - жүргізуші: Ән де адам секілді өз тағдырымен туады. 1963 жылы Қызылорда облыстық комитетінің хатшысы Жарқымбек Қаржаубаевтың нұсқауымен ән - би ансамблін құру керек болды. Бағдарлама дайын болғанда ансамблдің шыққан тегін, затын, білдіретін, жалау етіп ұстайтын ән жоқ екен. Сол кісінің тапсырмасымен Алматыдан Шәмші Қалдаяқовтың шақырып алып, «Сыр сұлуы» әнін жазғызады. Сөзін Зейнолла Шүкіров жазған.

Маратова Айгерімді шақырайық. Айгерімнің орындауында

ән «Сыр сұлу» қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші: Профессор Құлбек Ергөбектің зерттеулеріне қарағанда Шәмші Қалдаяковтің «Нан», «Арақ», т.б.бірнеше поэма жазған. Бәлкім, қолжазбасы табылып қалар. Жоқтаушысы да жоқ емес. Академик «Халық қаһарманы» М.Әлиев Ш.Қалдаяқов атындағы «Шарапат» қорын құрып, біршама ізгілікті жұмыс атқарды. Көше берілді, ескерткіш орнатылды.

ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Амалбек Тшанов өткізіп отырған Ш.Қалдаяқов атындағы Халықаралық ән фестивальдерінен кейін шоқтығы биік жұлдыздардың пайда болуы ел үшін үлкен жетістік.

2 - жүргізуші:

Әлі де бұл кеудемде толмай арман,

Жас көңіл еш нәрсеге болмай алаң.

Бейхабар жүр едім ғой махаббаттан,

Қол созып құшақ жайған қандай адам?

Жүрегім сәулесінен дірілдеген,

Көктегі күнім бе екен күлімдеген

Әлі бір көктемдегі сандуғаш па?

Жанымды елжіреткен үніменен?

Қалайша жүрегімді алдай алам,

Мен оны жалғыз соған арнай алам.

Бейхабар жүр едім ғой махаббаттан,

Дариға - ай, құшақ жайған қандай адам?

1 - жүргізуші: Шәмші Қалдаяқов тек қана композитор емес, бата беруге де өте шебер болған. Бір ғажабы, оның берген баталары бір - біріне ұқсамайды екен. Осындай біртуар, қазақтың ұлы адамының баталарының біреуін сіздерге біз берейік. (Шәмшінің батасын Темірлан айтып береді:)

Көргенің рахат болсын,

Жүрген жерің рабат болсын.

Екі тойың қабат болсын,

Дастарханың берекелі болсын,

Әр күнің мерекелі болсын.

Шайың қызыл болсын,

Ғұмырын ұзың болсын,

Несібең таса берсін,

Дұшпаның қаша берсін!

Шаңырағың Кремльдің сарайындай биік болсын!

Босағаң - Ақсақ Темірдің дарбазасындай берік болсын

Беттеріңе түскен әжім қасырет табы емес,

Шаттық күлкінің ізі болсын. Әумин

2- жүргізуші:

Шәмші, Шәмші болғалы өтті небір замандар,

Бірін - бірі күндеумен өтіп жатыр адамдар.

Қулар менен зұлымдар өмір сүре біледі,

Қай заманда болса да солар ғана күледі.

Шындықпенен жүрсең сен жексұрын боп қаласың,

Етек - жеңнен тартқылап қайда қазақ барасың?

86 қырғынаң есіңе алшы кешегі,

Желтоқсанды есіңе жастар шыққан көшеге!

1 - жүргізуші:

Мұқағали, Шәмшілер тірі шақта шіркін - ай!

Қошеметін қазақтың көрмеді ғой бір күні - ай!

«Ештен - дағы кеш жақсы» деді қазақ бабамыз,

Егемендік алып ап, гүлдеп жатыр даламыз!

Қолымыздан келгені осы болды біздердің,

Ойыңыздан шықтық па, білмейміз біз сіздердің?!

Осыменен Шәмшіні зерттеп біттік демейміз,

Жалғастырар болсаңыз, біз де сізге келеміз!

1 - жүргізуші: (Ш.Қалдаяқовтың «Поппури» әні орындалады.)

Жумабеков Нурбек, Маратова Айгерим, Мукангалиева Толганай

2 - жүргізуші:

Қош Шәмші!

Қош Шәмші! «Қош!» - деген сөз ауыр қандай!

Жан, жүрек, миың қоса ауырғандай,

Қан тулап, құлақ шулап, көз бұлдырап,

Тал,түсте ақыл - естен жаңылғандай,

«Жоқ» деген «оқ» дегенмен бірдей болып,

Отырмын ой тантырап, әлі нанбай.

Аққудың жерде жүрген бір баласы, -

Жігіт ең өзің қандай, әнің қандай.

Қырық жыл бар қазақты балқытып ең,

Рахат теңізіне малынғандай.

Сен болып бүкіл дала жырлаушы еді

Құдайдан тілегені табылғандай.

Шаршамай шабытыңның ақ сұнқары

Самалда самғаушы еді сабыр қалмай,

О, дүние, ойда жоқта ғайып дүние,

Бұлбұлды күн туды мА сағынғандай!

1 - жүргізуші:

Қош, Шәмші! Көңіл айттық далаға біз,

Ардақтап сен жырлаған анаға біз.

Жастыққа, махаббатқа, сәбилерге,

Алдымен қазақ деген - данаға біз.

Дүниеден жұмсақ қана, жұмбақ қана,

Желдей боп өте шықтың, қайран абыз,

Әлемде ән өлуі мүмкін емес,-

Өлмейді сен туралы қалған аңыз!

2 - жүргізуші:Құрметті өнер сүйер қауым, әнді қадір тұтатын ағайын.

1 - жүргізуші: Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы,Ш.Қалдаяқовтың «Ән көгінің сұнқары - Шәмші» атты кешті жабық деп жариялаймыз. Келгендеріңізге көп - көп рахмет















© 2010-2022