Сабақтың тақырыбы: Шар өлеңі

Раздел Музыка
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шағын орталық II сәбилер «Қарлығаш» тобында ұйымдастырылған

оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

Өтілетін күні: Музыка жетекшісі: Мырзағалиев Сакен Амангелдиевич

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Музыка

Тақырыбы: «Шар»

Мақсаты: әнді айта отырып түстерді ажырата білуге үйрету. Есту қабілетін дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: әр түрлі шарлар, шығыршықтар.

Әрекет

кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу ояту

Көңілді музыка әуенімен балаларды музыка залында қарсы алады.

Балалар санына сай түсті шарларды дайындау.

Балалар музыка әуенімен залға кіреді. Шеңбер бойымен жүреді,жүгіреді. Орындарында тұрып айналады. Тізені бүгіп, серіппеле қимылдар жасайды.

Ұйымдастыру іздену

Балалардан шар туралы сұрау:

-Түсі қандай? Қалай ұшады?

Ал енді осы шар туралы ән тыңдаймыз.

Ән айту: енді өткен сабақта үйренген «Кір қуыршақ» әнін еске түсіреміз. Әнді алдымен әуенін еске түсіріп, содан кейін сөзін қайталату.

Ән айту кезінде дауысты дұрыс шығаруы, бірін-бірі тыңдап айтуы қажет.

Ән тыңдау: «Шар» (Б.Дәлденбай,Ж.Әбдірашев)

Қызыл,сары,көк шар,

Қолымызда көп шар.

Балалар қолдарындағы шарларын кезек кезек көтереді. «әуеде қалқиды» деген жерлерде шарларын қалықтатат бұлғауы керек.

«әннің сөзін қайталап, әуенге қосылып, айтулары қажет. Алдымен әуенді бірнеше рет қайталайды. Одан кейін түгел шумақты айтулары қажет. Екінші шумағы осы әдіспен үйретіледі.

Ойын: «Өз түсіңді тап» (музыкасы Г.Омаров)

Балалар төрт топқа бөлініп, төрт түрлі шарлар ұстайды. Ортаға төрт түске боялған төрт шығыршық қойылады.

Музыка аяқталғанда әрқайсысы өздерінің түстеріне сәйкес шығыршыққа жиналуы қажет. Қай топ тезірек жиналса, сол топ жеңіске жетеді.

Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады. Әнді тыңдай отырып, қолдарын көтереді. Шарларын қалықтатады. Әннің әуенін дұрыс тыңдап, таза айтуға тырысады. Сөздің екі жолын үйренеді, әуен есте қалған кезде келесі екі жолын үйренеді. Артынан шумақты түгел айтады.

Әнді айғайламай, айтуға тырысады.

Әнді бірге айтуға тырысады.

Балалар залда еркін қимылдар жасап, өз түстеріне лайық шығыршықты табуға тырысады.

Музыканы тыңдай жүріп, музыка аяқталғанда тез жиналуға әрекеттенеді.

Рефлекстік түзету

Балаларды мақтау, мадақтау, қорытындылау.

Балалар қоштасып шығады.

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: әннің сөзін анық, әуенін нақышына келтіріп айтуды.

Игереді: түстерді ажырата білуді

Меңгереді: музыка әуенімен еркін жүгіріп, музыка тоқтағанда өз түстерін таба білу дағдыларын дамытуды.



© 2010-2022