Шығармадағы қағыс түрлерімен жұмыс

Раздел Музыка
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі



Ашық сабақ

«Шығармадағы қағыс түрлерімен жұмыс»



Өткізген: Ыбрашева Г.Д

2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Шығармадағы қағыс түрлерімен жұмыс

Оқушы: Байқазақ Жанерке 2 сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Домбыра ойнауда кездесетін қағыс түрлерімен таныстыру. Оқушының музыкалық сауаттылығын жетілдіру

Дамытушылық: Оқушының музыкаға деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелігі: Музыкалық шығарманы өз мәнінде орындауға үйрету, түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Н. Тілендиев туралы буклет

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру: Хроматикалық жаттығу.

В dur гаммасы штрихтармен ойнау

Қазанғап «Учитель»

Мұғалім сөзі: «Учитель» күйін қара қағыспен орындап отырмыз. Қара қағыс дегеніміз-оң қолдың сұқ саусағымен бас бармағы арқылы домбыраның қос ішегін төмен, жоғары қағып ойнау. Қара қағыс бағытына қарай төмен және және жоғары қағыстар болып бөлінеді. Бүгінгі сабақта қағыстың басқа да түрлерімен таныс боламыз.

Жаңа сабақ: Оң қол саусақтарымен ішекті шертіп қағу пиццикато қағысы деп аталады. Ол екі әдіспен орындалады.:

  1. Бас бармақпен төмен қарай қағу

Қағыстың тағы бір түрі-тремоло. Тремоло дегеніміз бір немесе бірнеше дыбыстың өте жиі қайталануы. Ол дыбысты ұзақ ұстап тұру үшін немесе әуенді әрлеу үшін қолданылады. Негізінен оның екі түрі бар.

  1. Сұқ саусақпен бас бармақ арқылы қолдың әртүрлі қимыл-қозғалысымен орындау

  2. Жеке сұқ саусақпен орындау.Тремолаға арналған жаттығу

Бұл қағыс түрлері фортепионаныңсүйемелдеуімен орындалатын шығар маларда кездеседі. Бүгін біз Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің шығармасымен танысатын боламыз.

Сергіту сәті: Шығармасымен таныспас бұрын Нұрғиса ағамыздың анімен попури айтайық.

Нұрғиса Тілендиев Атабайұлы

(1 сәуір, 1925 ж - 15 қазан, 1998 ж)

Қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Қазақ КСР халық әртісі, КСРО халық әртісі, халық қаһарманы .

Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырақ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі.

Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында, қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай ақ, 1968 жылдың «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО ның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендіұлына 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

Олай болса «Құстар әні» шығармасын жақсылап тыңдап алайық.

Құстар әні: B dur гаммасында жазылған. Альтерация белгілері си, ми бемоль бар. Ән асықпай ойналады. Өлшемі 6/8.

Дамыту: Шығарманы нота бойынша талдау.

Бекіту:

- Қандай қағыс түрлерін білесің?

-Тремоло қағысы шығармада не үшін қолданылады?

-Пиццикато қағысы қандай әдістермен орындалады?

-Н. Тілендиев туралы не білесің?

Қорытындылаубөлімі:

Музыка-адам өмірінің серігі. Әр адамның сүйіп тыңдайтын музыкасы болады. Бугін біз сабақта қағыс түрлерімен, олардың орындалуын үйрендік. Біз музыканың қыр-сырын үйрену арқылы музыканы терең түсіне аламыз.

Үйге тапсырма: Н. Тілендиевтің «Құстар әнін» берілген жерге дейін нота бойынша жүргізіп ойнау.

Бағалау:



© 2010-2022