Сабақ жоспары Әлемге әйгілі - опера театры

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Пәні :

Музыка

Сыныбы:4

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы:

Әлемге әйгілі Метрополитен - опера театры

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Еуропа және басқа да елдердегі түрлі жанрлардың, кәсіби музыканың қалыптасуы жайында түсінік беру.

Б)Коммуникативтік

Опера өнерін әлем дәрежесінде түсіндіру арқылы әр елдерде дамыған жанрлардың мазмұнын, көркем ойын түсінуге, оны сезіммен қабылдай білуге, музыканы терең түсіне білуге тәрбиелеу, музыкалық мәдениетін қалыптастыру, музыканы сүйе білуге тәрбиелеу.

В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Оқушылардың шығармылық , көркемдік, сезімталдық қабілеттірен, гармониялық, мелодиялық есту қабілетін жетілдіру.

Түрі:

жаңа материалды түсіндіру

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік технология

Әдістер:

Музыка тыңдау, ән айту, тапсырмалар, сұрақ- жауап.ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс:

Саз теориясы

Пайдаланылған көрнекілігі:

Үнтаспа, нота дәптері

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу;

«Сәламатсыз ба ?-балалар .

Ұстаз еңбегін бағалар »

2.Оқушыларды түгелдеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

3.Дауыс жаттықтыру:

C-dur» гаммасы .Стакатто,лигатто .

Аспаппен жетектейді.

1.Оқытушымен амандасу;

«Сәлематсыз ба ? - ұстазымыз,

Өнер - білімге құштармыз.»

2.Кезекші оқушының есеп беруі;

3. Қосылып орындайды.:

Оқушы бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға дайын

ІІ. Үй тапсырмасы.

Батыр бабам әні Сазды ребустар құру. Мәтіннен түсінгенін айту.

Оқушы үй тапсырмасын жеткізе білуге бағытталады.

ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі

Сабақ жоспары Әлемге әйгілі - опера театрыСабақ жоспары Әлемге әйгілі - опера театрыСабақ жоспары Әлемге әйгілі - опера театры

Метрополитен Опера (Metropolitan Opera) - Америка Ќұрама Штаттарының белгілі опера театры. Нью-Йорк қаласында орналасқан театр 1883 жылы «Фауст» қойылымымен ашылды. 1966 жылы театр «Линкольн орталығына» көшті. Жаңа ғимараттағы театр жұмысы Барбердің «Антоний и Клеопатра» операсымен басталды. Метрополитен театры өз қызметін бастаған кезде көбінесе Вагнердің шығармаларын қойды. Театрда 1884-1891 жылдары дирижёр Дамрош, 1908-1910 жылдары Малер қызмет етті. 1910 жылы кез келген шығарманы түпнұсқа тілінде орындау дәстүрі бастау алды.

Метрополитен Опера сахнасында Альбани, Зембрих, Имс, Мелба сынды атақты әншілерөнер көрсетті. XX ғасырдың бірінші жартысында театрда Галли-Курчи, Дестинова, Джильи, Мельхиор, Пинца, Руффо, Тиббет, Флагстад және т.б. әншілер қызмет етті. Варни, Стибер, Такер сынды танымал әншілер өз шығармашылыќ жолдарын осы театрда бастаған. XXғасырдың екінші жартысында Бастианини, Гобби, Каллас, Гедда, Гяуров, Дель Монако, Доминго, Кабалье, Лондон, Б. Нильсон, Паваротти, Л. Прайс, Сазерленд, Силс, Скотто, Тебальди, Шварцкопф Метрополитен Опера театрында танымал шығармаларды орындады.Метрополитен Опера - Американың ең ірі мемлекеттік емес мәдениет ошағы. Театр «Метрополитен-опера хаус компани» акционерлік қоғамындағы қаржы негізінде құрылған. Метрополитен Опера театрына әлі күнге дейін жеке тұлғалар мен коммерциялыќ мекемелер демеушілік етеді.

Метрополитен Опера театрын «Мет» деп атайды. Театрдың көркемдік жетекшісі - Джеймс Ливайн, бас директоры - Питер Гельб.

Театр қыркүйек-сәуір айларында жұмыс істейді. Мамыр мен маусым айларында театр гастрольдік сапарларға шығады. Шілде айында театр труппасы Нью-Йорк қаласындағы саябақтарда тегін өнер көрсетеді.

Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүйелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Музыкалық сауаттылық:

Такт, такт сызығы

Тақт - музыкалардың белгілі бір өлшемдерге бөлінуі такт деп аталады. Ал сол бөлінген жерге қойылатын белгіні такт сызығы деп атайды.

Сөз қорына жаңа сөз қосылады

Ән жаттау: «Күншуақ» Б.Әлімжан.

Мұғалім домбырамен айтып көрсетеді .

Жаңа ән үйрену.

Музыка тыңдау:

Америка халықтарының опера қойылымынан үзінді .

Ұлттық өнер туралы ұғымы кеңейіп,музыка тыңдайды.

Түрлі түсті суреттер, буклет көрсетіледі баланың танымын кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.

Жаңа сабақты бекіту

«Кім білімді -кім күшті!» ойынын ойнату арқылы сабақ тақырыбының мазмұнын ашатын сұрақтар қойып, сабақ бекітіледі.

Түсіндірілген тақырып бойынша жауабын ойша іздейді , жауап береді .

Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы, жаңа материалды қорытын-ды

Бағалау

Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру; Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету

Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды. Баға алған оқушы күнделіктеріне бағаларын қойғызады.

Үй тапсырмасы

«Күншуақ» Б.Әлімжан.Нота сауаттылығы жаттау , опера театры туралы түсінік.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады

Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.







© 2010-2022