Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары

«Жұлдыз» II-сәбилер тобы

Музыка жетекшісі: Аубакирова Ж.А

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Аяз ата,қаршақыз»

Мақсаты:Қыс кеіпкерлерімен танысу.Музыканы тыңдауға,ілесе айтуға шақыру,би ырғақтарын жасауға талпындыру.

Көрнекі құралдар: қуыршақ аязата,Қаршақыз,кішкентай үстел,шырша,кішкентай шаналар,шамдар.

Сөздік жұмыс: алақай,Аязата,Қаршақыз,шырша,аяз.

Оқу іс- әрекетінің кезкңдері

Музыка жетекшісінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балаларды қарсы алу,амандасу.Б.Бейсенованың»Шырша жыры» әнімен шеңбермен жүруді,дөңгелене тқрып алақан қағудыжасату. -шумақта ортағаадымдайды,артқа адымдайды.Қайырмасында орындарында тұрып екі қолын жоғары көтерңіп,секіреді.Балаларды жайғастырып отырғызып,қыс кейіпкерлерімен кездесетіндерін айтады.

Балалар залға кіріп,амандасады.Музыкамен жүруді,шапалақтарын ырғақпен қағуды қайталайды.

Ортаға адымдауды,секіруді үйренеді.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Үстел үстінде кішкентай сәнді шырша тұрады.»шыршамызға арнаймыз»әнән айтып беру,балалардың көңіл күйін көтере отырып,сөздеріне мән береді шапалақты ырғақпен қағуын сұрайды.Ойыншық шаналарды үстел үстіне қойып,қимылды ойынға шақыру.

Халық әні «Сәулем-ай» әуеніне салып,»Аязата сенбісің?»ойынын мәтініне қарай жасауды ұсынады.оның шартын түсіндіреді.

Жетекші шырша түбіндегі қуыршақ Аязатаны шақырып,балалардың көңілін соған аударады.

Аязата: Аязата,амансыз ба? Бізбен ән айтып,би билеңіз.

«Билейміз Аязатамен»(музыкасын жазған Э.фасхудинова,сөзін жазған Г.Абрахманова)әніне балалардың шеңбермен жүріп билеуін ұсынады.Балалармен бірге шыршаны айналып жүру,кенет қуыршақ Қаршақызды көрсетіп,назарларын соған аударады.

Қаршақыз: Балалар мені тыңдаңдаршы. Мен Қаршақызбын. Сендермен танысайын,ойнайын деп келдім.

Ойнайсыңдар ма?

(Ақ ленталарды қыздарға ұсынады.К.Қуатбаевтың «Көңілді би» әуенімен қимылдар жасауға шақырады).

Аязата:Менің сандықшамда ұлдарға әкелген силығым бар.

Педагог сандықшаның ішнен шамдарды алып,ұлдарға таратады,қолдарына ұстап тұруға үйретеді.

«Шамшырақтар» әніне(музыкасы А.Матмен,сөзін лайықтаған Г.Абдрахманова)қимылдар жасауды ұсынады.

Балалар шыршаны көргендерін айтып,естеріне түсіреді. Балалар әнді ілесе айтуға тырысады,ырғақты тығдап,шапалақты қағуға тырысады.

Балалар әуенмен қимылдарды жасап,түсінуге тырысады.

Балалар амандасады.

Шеңбермен жүреді,тыңдайды,айтуға тырысады.

Балалар қаршақызға қарап қуанады.







Ойнаймыз!

Қыздар ілесе жүріп,ленталармен билеуге тырысады.

Отырған ұлдар қуана сандықшаға жақындайды,шамдарды алып,әнді айтуға,билеуге тырысады.

Рефлекцалық-

түзетушілік

Қуыршақ Аязатамен Қаршақызды екі қолға ұстап,балаларға ризашылық білдіру.

Аязата:Балалар,мен сендерге келесі жолы тағыда келемін,сендер менімен айтқан әндеріңдң,билеріңді ұмытпаңдар. Қандай ән айтып едік? Ұмытып қалдым.(Педагог көмекетеседі).

Қаршақыз: Ал,қыздар,қмытпайсыңдарма? Мен сендерге не әкелдім, немен биледіңдер?

Аязата: мен ұлдарға сиқырлы сандықша әкеліп едім оның ішінде не бар еді,айтыңдаршы.

Аязата: Жарайсыңдар балалар! Сендер бізге өте ұнап қалдыңдар.жаңажылда сендерге көп силық алып келеміз.

Қаршақыз:ол үшін сендер ән-билеріңді ұмытпай айтып,жаттап жүріңдер. Сау болыңыздар.

Балалар қуыршақтарға қарап,оның ойыншық екенін айтады.



«Билейміз Аязатамен»

Жоқ ұмытпаймыз.

Ленталармен.

Сандықшаның ішінде шамдар бар.

Балалар қуыршақ Аязатамен Қаршақызға жауап беруге талпынады,қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканы тыңдауды,сөздерін қайталауды.

Игереді: шананы ұстауды,ленталарды сермеуді,шамдарды ұстауды,қоюды.

Меңгереді: шеңбер бойымен жүруді,аяқ-қол қимылдарын қайталауды,алға-артқа жүруді.






Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары

«Балдәурен» ортаңғы тобы

Музыка жетекшісі: Аубакирова Ж.А

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Қазақстан-кең байтақ елім»

Мақсаты:Әнді тыңдап,сезіне білуге,ән мазмұнын әнгімелеп айтуға дағдыландыру,дыбыс биіктігі, тембрі туралы ұғымын қалыптастыру. Еліне , туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекі құралдар: Қазақстан рәміздерінің суреті, сәулетті қалалар суреттері немесе слайд, паровооз,пойыз.

Сөздік жұмыс: Қазақстан, Елтаңба, Ту, Гимн, рәміз.

Оқу іс- әрекетінің кезкңдері

Музыка жетекшісінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

«Қазақстан»(Қ.Есмұратов, Х.Балшабеков) әнін ойнатып,балалар көңілді қарсы алады. Балаларңа жалаушалар таратып беріп,әуенді қимылға шақырады.

Босқа қарап тұрмаймыз,

Ән айтамыз,жырлаймыз.

Жалалушаны көгілдір,

Оңды,солды бұлғаймыз.

Әуенді қимыл: Жалаушамен жаттығу(Е.Брусиловский орындалып балаларға еркін қимылдауға мүмкіндік береді .

Жаттығуды бірге жасап,жалаушаларды желбірете қозғауларын қадағалайды. Біздің еліміз Елтаңбасы, туы, гимні бар егеменді ел(рәміздерді суретін немесе слайдтан көрсету)

Рәміздер туралы түсінік беріп , өлеңдер оқиды.

Көк аспанда,көкпенбек.

Қазазқстан жалауы,көк емес ол тектентек-

Елдің ашық қабағы. Елтаңбасы елімнің неткен әйбат,әдемі,тұнығындай көңілдің,ортада-аспан әлемі.

Балалар қуана келісіп,жалалушаларды алады,дұрыс ұстауға талпынады.



Жаттығуды өз беттерінше еркін жасайды.

Марш екпінін сезіне қимылдап,жалаушаны желбірете қозғайды.

Рәміздердің суреттерін көріп,ту,елтаңба,гимн туралы тыңдап әнгімелейді. Уйренген тақырыптарын айтып,бір біріне ризашылықтарын білдіріп,қол шапалақтап,қошемет көрсетеді.

Ұйымдастырушылық-

Ізденістік

-Біздің Қазақстанымыз-Кең байтақ жері бар өте үлкен мемлекет әдемі қалалары бар, табйғаты сұлу, таулары, өзендері көрікті(суреттер.көрнекіліктер көрсету). Қазазақстанымыз туралы ән орындап берейін .

Музыка тыңдау:

«Қазақстан» (С.Мұхаметжанов,Ғ.жұмабаев).

-Әннің сипаты қандай?

-Әнде не туралы айтылады?-деген сұрақтар қою арқылы балаларды әнгіімеге тартады.Сендерді Қазазақстанымызды аралап,танысуға саяхатқа шақырамын.Пойыз макеті қойылып,вагондардан орын алу ұсынылады. Паровозға машинист тағайындайды «Пойыз» (Ж.Тұрсынбаев,А.Асылбек) әннің ырғағымен вагондар қозғалады.

Мен паровоз от алам

Астанаға бет алалам.

Пуп-пуп,пыш-пыш

Балаларға әуен ырғағымен вагон дөғгелектерінің қозғалысын қолдарын шынтақтан бүгіп,қимылдарын көрсетуін сұрайды,еркін қозғалып,көңіл көтерулеріне мүмкіндік береді.

-Біз Шымкент қаласына жақындап келеміз. (Қала суретін немесе слайд көрсету) Шымкент жасыл желекті,әдемі қала. Пойыздан түсіп,демалып, көңіл көтерейік. Көңілді ән тыңдайық.

«Бөбектер әні»(Е.Ташенов,О.Колжанов)орындалады. Әнді мұқият тыңдауларын сұрайды..Әуен ырғағын шапалақпен көрсетіп,есте сақтауға үйретеді.

Суреттерді тамашалап,қызығушылықтары артады. Әңімені қызыға тыңдайды. Әнді бар ынталарымен тыңдап,ән мәтінін түсінуге тырысады.

Ән көңілді, әдемі.

Қазақстанымыз туралы айтылады.

Көңілді пойызға жайғасып отырады. Көңілдері көтеріліп,шаттанады.

Әнді тыңдап, ырғағымен қимылдарды көрсетуге тырысады.

Паровоз дауысын салып,көңілденді.



Қала суретін тамашалайды,таңырқайды. Пойыздан түсіп кілемге жайғасып отырады,демалады. Әнді тыңдап әуеніне қосылуға талпынады. Ырғақты шапалақпен дәл көрсетуге тырысады.

Пойызға қайтадан отырып сапарларын жалғастырады.

Рефлекцалық-

Түзетушілік

-қандай рәміздерді білесіңдер?

-Қай мемлекеттерде тұрасыңдар?

-қандай қалаларға бардық?

-Кімге қай қала ұнады?-деген сұрақтар қою арқылы оқу іс-әрекетін қортындылайды.

Балалар естіп -білгендерін,көргендерн айтып жауап береді.

Қуанышты күйде қоштасып шығады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:әнді сезіне тыңдауды, мәтінін әңімелей білуді, әуеннің тембрін ажыратуды.

Игереді: жолаушылармен еркін жаттығулар жасауды, ойын саяхатына белсене қатысуды, ән әуенін, ырғағын шапалақпен келтіруді.

Меңгереді:мемлекеттік рәміздермен танысып, Қазақстан туралы мәліметтерді ұғынуды.



© 2010-2022