Дастурли ан айту онери

  5-сынып.        Қызылорда обылысы.   Шиелі ауданы.        №156 Н.Бекежанов мектебі.        Әуез пәні мұғалімі:    Сардарбекова Құралай. Сабақтың  тақырыбы:     Дәстүрлі ән айту өнері.                                                 «Жорық  жыры» Н.Тілендиев. Мақсаты:  1.Білімділік:  Дәстүрлі ән айту өнері жайлы білімдерін кеңейту. Музыкалық сауаттылықтарын                                   ашу,  халық музыкасымен ,сазгерлер шығармаларымен танысу.     2.Дамытушылық: Оқушылардың музыкалық қаб...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5-сынып. Қызылорда обылысы. Шиелі ауданы.

№156 Н.Бекежанов мектебі. Әуез пәні мұғалімі: Сардарбекова Құралай.

Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі ән айту өнері.

«Жорық жыры» Н.Тілендиев.

Мақсаты:

1.Білімділік: Дәстүрлі ән айту өнері жайлы білімдерін кеңейту. Музыкалық сауаттылықтарын

ашу, халық музыкасымен ,сазгерлер шығармаларымен танысу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың музыкалық қабілетін дамыту. Эстетикалық және рухани ой-

өрісін дамыту.

3.Тәрбиелік: Музыка өнері дамуының түп негізі ретінде халық музыкасына

құрметпен және сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жорық сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,өткенді жаңғырту,еске түсіру және түсіндіру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет пәні

Көрнекілігі: мультимедия, композиторлар суреттері, үнтаспа

Сабақтың барысы:

І. 1.Ұйымдастыру кезеңі: дауыс жаттығуын жасау, до-мажор дыбыс қатары,

Тұрақты және тұрақсыз дыбыстар.

Ырыс алды - ынтымақ.

Бірлік түбі - игілік,

Тірлік түбі - бірлік.

ІІ. 2. Үй тапсырмасы: «Дос болайық бәріміз» И.Нүсіпбаев.

ІІІ. Музыка өнеріне: ӘН, КҮЙ, ТЕРМЕ, АЙТЫС, БИ.

Ата-бабамыздан мұра болып қалған әндерді не дейміз?

ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ

Бипыл , Маусымжан, Жайдарман, Үкілім-ай, Еркем-ай , Қоғалы-ай, Қамажай.

Қазақтың халық әнін домбыраға немесе басқа аспапқа қосылып айтатын әншілік дәстүрін ән айту өнері дейміз. Атадан балаға ауысып келе жатқан ән айту өнері ғасырлар бойы қалыптасып,дамып ән айту шеберлігі барынша жетіліп,классикалық үлгіге дейін жетті.

Түрлі аспаптармен өзі сүйемелдеп,өзі ән айтатын дәстүрлі өнерімізді небір тарлан таланттар үлкен көркемдік деңгейге көтеріліп,әлемдік ән айту өнерінің өзіндік ірі саласы ретінде қалыптастырды.

Х1Х ғасырда дәстүрлі ән айту өнеріне зор үлес қосқандар:

Мұхит, Үкілі Ыбырай , Әсет, Естай, Ақан сері, Жаяу Мұса, Біржан сал, Майра, Абай, Нартай.

Дәстүрлі әншілік өнер өзінің айтылуы және құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты түрлі мектептерге бөлінеді.

1.Қазақстаның Орталық және Солтүстік өңіріне тән мектеп:

СЕГІЗ сері, БІРЖАН сал, АҚАН сері. т . б.

. 2.Оңтүстік және Жетісу өңіріне тән әншілік мектеп:

ЖАМБЫЛ, КЕНЕН. т .б.

3.Батыс өңіріне тән әншілік мектеп:

МҰХИТ, ҒАРИФОЛЛА ҚҰРМАНҒАЛИЕВ. т . б.

4.Шығыс өңіріне тән әншілік мектеп;

АБАЙ т . б .

5.Сыр өңіріне тән әншілік мектеп:

НАРТАЙ т . б.

Нотаға түсіріп жинақтаушылар;

А.ЗАТАЕВИЧ. Б. ЕРЗАКОВИЧ , А.ЖҰБАНОВ.

Дәстүрлі ән айту өнерінің ауылдарына жорыққа шығып жинақтаған білімдерімізді ортаға салайық.

Біржан сал. Ақан сері. Абай. Нартай.

1834-1897жж 1843-1913жж 1845-1904жж 1880-1954жж

Бурылтай, Сырымбет, Сегіз аяқ , Жастарға өсиет,

Жанбота, Құлагер, Айттым сәлем, Өздерің білер

Адасқақ, Маңмаңгер, Қаламқас , Нартаймын.

Көкек , Мақпал , Көзімнің қарасы,

Айтбай . Қараторғай, Өзгеге көңілім

тоярсың,

Ауылдың алты ауызын орындау

«Көкек», «Қараторғай», «Өзгеге көңлім «Жаса Қазақстаным»

тоярсың»

Қазіргі таңда дәстүрлі ән өнерін насихаттаушылар: Сәуле Жанпейісова, Айгүл Қосанова,

Рамазан Стамғазиев. Қарақат Әбілдина т.б.

Қонақ кәдеге жол берейік. Рамазан Стамғазиев Біржан салдың «Жанбас сипар» әнін орындайды. Әр ауылдан бір-бір қонақ шығып «Үкілі қыз» халық әнін орындаса.

-Жақсы, Рахмет!

Жорыққа шығып, жинақтаған білімдеріңді достарыңмен бөлістіңдер. Олай болса «Жорық жыры» әнін үйренейік.

Композиторы: Н. Тілендиев жайлы мәлімет.

«Жорық жыры».

Н.Тілендиев.

1.Таудың биік басында,

Мөлдір бұлақ қасында.

Таңды қарсы аламыз,

Түнде алау жағамыз.

2.Туған үйдей ну орман,

Адаспаймыз тұманнан.

Ықпаймыз да жауыннан,

Қаймықпаймыз дауылдан.

3.Көрген өзі көзімен,

Қасиетті сезілген.

Біледі елін бағалай,

Сүйеді елін анадай.

ІY.Үйге тапсырма: Жорық жырын жаттап келу

V. Қорытынды: Дәстүрлі ән айту өнері жайлы біраз мағлұмат алдық .

Төмендегі сөз жұмбақтағы дауыссыз дыбыстардың арасына дауысты дыбыстарды қойсақ,

ғұлама кісінің даналық сөзі шығады

Қ Л Қ Т Н К Р П Ұ А А І І

Б Й Д Л Р О Ы А А

Ж Қ С Н М Н Т Т К Й А Ы Ә Е Ә І У

К Ң Л Г Т Р Л Й С Л Р Ө І Е Ү І О А А

Н Д С Й С Ң М Н Ш С Й Ә І Ү Е Е Е Ү.

Б Й А А.


© 2010-2022