Дыбыс ұзақтылығының белгілері. Фермата

Халық аспаптарбөлімінің оқытушысы Бралиева СветланаНасимқызының ашық сабағы Оқытушысы: С. Н. Бралиеваның дирижерлау негіздері пәні бойынша ашық сабағы Концертмейстер: Асерчева М. Ю.Оқушы: Машенов А.Қатысқандар : ППЦК Құсмағамбетова А. Е, Музаппарова К. Ш, Атиханова К.М, Жумабаева С. К, Кереева Г. Е, Губайдуллин Е. А.Методист: Мұхамбетова Н. Ж.Тақырып: Дыбыс ұзақтылығының белгілері. Фермата Сабақтың мақсаты:1. Дирижерлық аппараттық қойылымын – қол, иық, мойын, басбуындарын босату2. Ек...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Халық аспаптар бөлімінің оқытушысы

Бралиева Светлана Насимқызының ашық сабағы

Оқытушысы: С. Н. Бралиеваның дирижерлау негіздері пәні бойынша ашық сабағы

Концертмейстер: Асерчева М. Ю.

Оқушы: Машенов А.

Қатысқандар : ППЦК Құсмағамбетова А. Е, Музаппарова К. Ш, Атиханова К. М,

Жумабаева С. К, Кереева Г. Е, Губайдуллин Е. А.

Методист: Мұхамбетова Н. Ж.

Тақырып: Дыбыс ұзақтылығының белгілері. Фермата

Сабақтың мақсаты:

  1. Дирижерлық аппараттық қойылымын - қол, иық, мойын, бас буындарын босату

  2. Екі қолдың әр түрлі координациялық қимылдарымен метрмен ырғақтық изимдерін жетілдіру.

  3. Дыбыс ұзақтылығының белгілері. Фермата. Шығарманың мазмұнын ашуда фермата көркемдеуші әдіс ретінде қолданылады.

  4. Орындаушының теориялық талдау негізінде, оқушының музыкалық білімін ой өрісін дамыту.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Жаттығулар, дирижерлау, аспапта ойнау, көрнекті баяндау, сұрақ - жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Әдістемелік және ноталық әдебиет, музыкалық аспап.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Музыкалық сауаттылық: Жаттығулар, шығармаларды, партияларды ойнау, дирижерлау. Е. Брусиловский «Екі жирен», П. Чайковский «Романс».

Ұйымдастыру формасы: Жеке сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Тақырып бойынша жұмыс

Сабаққа кіріспе сөз (оқытушы): Дирижерлеу пәні күрделі да жан - жақты процесті қамтиды. Дирижерлар оркестр басқарушы, яғни музыкалық шығарманы дұрыс орындап шығатын ұйірме жетекшісі. Дирижерлық өнер - өзіне тән кәсіптік көркемдеуші құралдарымен (дирижерлық жест, музыка мазмұнына сай мимикалық қозғалыстар жасау және түсіндірмелі сөздер арқылы) орындаушы ұжыммен бірге шығармашылық жұмыстың пайда болуын қамтуымен және образды суреттерді көркемдікпен жеткізу жағдаятын тудыруымен ерекшеленеді. Дирижерлық аппарат өойылымының негізгі принциптері, қол, иық, мойын, бас буындарын босату туралы айтылады. Сол нотаны немесе науханы өзінің жартысына ұзартады. Тақтаға жазылуын келтірді. Орындалуын аспапта орындады.

Дыбыс деңгейі бірдей көршілес екі нотаны ұзарту үшін фермата нотамен паузаның астына не үстіне сызылады.

Жеке ноталардың, аккордтардың және паузалардың ұзақтығын арттыру үшін фермата нотамен паузаның астына не үстіне жазылады. Шамамен алғанда, ол нотамен паузаның ұзаөтығын екі есе көбейтеді, бірақ тұрақты өлшем жоқ болғандықтан, фермата музыкалық шығарманың характеріне және орындаушының қалауына байланысты орындалады.

Фермата екі түрлі:

  1. Музыкалық ойды аяқтап, әрі қарай жалғасы жоқ сөйлемнің соңында келген фермата - шешілетін фермата деп аталады. Ферматаның алдында берілетін -------- шығарманың характеріне байланысты. Дирижердан белгілі бір күшті талап етеді, шешілетінде шешілмейтінде ферматада. Дыбыстың немесе аккордтың динамикасы өзгермесе қолдың қимылы ферматада қимылсыз қалады. Ал crescendo немесе dimin болған кезде.

  2. Оң қолдың ферматада - қимылсыз, ал сол қол (алақан жоғары) жоғары көтеріледі, diminuendo -оң қол ферматада қимылсыз ал сол қол (алақан төмен) төмен түседі. Шешілетін қай үлесте тұрса, сол үлесте шешіледі. 1-1;2-2; 3-3; 4-4. Егер такттық екі немесе үш үлесіне келетін болса ¾ келесі үлеске шешіледі.

Шешілетін

  1. Шығарманың соңында немесе бөлімнің соңында

  2. Такттың үлестерінде

  3. Үлестің бөлімінде

  4. Пауза - бос тактты дирижерлегендей, үлестерді көрсетеміз немесе күтеміз

  5. Паузаның бөлігінде

  6. Бір тактының ішінде бірнеше фермата 4/4

  7. Такт сызығында фермата (паузадағы сияқты)

  8. Фермата тактының ортасында (паузадағы сияқты).

Шешілметін ферматаларда қолды қойып, келесі үлес ферматаны шешпей жалғаймыз.

  1. Фермата толық тактыға

  2. Бір тактының ішінде бірнеше

  3. Тактының үлесінде

  4. Үлестің бөлігінде осындай үлесті бөлу арқылы дирижерлаймыз.

  5. Әрбір аспапта әр түрлі такт үлестерінде бұнда соңғыға қолдың циклы тоқтайды.

Шешілмейтін фермата халық әндерінде көп кездеседі. Біздің талдағанының музыкалық әдебиетте кездесетін ферматаның негізгі түрлерінің ұзақтығы туралы айтатын болсақ, музыкалық көркемдеуші құрал ретінде әр фермата берілген шығарманың ерекшелігінде байланысты. Әр дирижер өзінің музыкалық базасына, музыкалық ой - сезіміне байланысты ферматалардың ұзақтығын өзі шешеді. Оқытушы аталған негізгі ферматалардың кейбіреумен жұмыс істеп оқушыға көрсетіп, талап қойды, қателерді түзетеді. Бөлімдерімен бөлек жұмыс жасалып шығарма толығымен өтіледі.

Сабақ талдау: сабақтың соңында үй тапсырмасы беріліп, оқушыға тиісті баға қойылды.



© 2010-2022