Мәдени мұра. Мұхит Мералиев

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

М Ә Д Е Н И М Ұ Р А

Ұрпақтан ел еркесі алыстай ма?

Бабамен баяғыша табыспай ма ?

Мұхиттың дәл өзіндей шырқайтұғын

Шіркін-ай,шығандаған дауыс қайда?

Сағынғали Сейітов.

Қазақ халқының бір тума өнер иесі, Батыс өлкесі топырағынан нәр алған,өнері ел есінде мәңгі сақталған ерекше тұлға Мұхит бабамыз. Кіші жүз аймағын әнімен мойындатып,өз мектебін қалыптастырған ақиық өнер иесінің мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып

келе жатыр.

Өмірін өнерге арнаған осы ірі тұлғаның өскен ортасына келсек ештеңеден мұқтаждық көрмей төрелер ауылында туып өскен екен. Жастайынан құйма құлақ болған Мұхит бір естіген әнін дереу қайталап, нашына келтіріп айта білген. Ауылына келген әнші,жыршы, күйшілерді сағалап,олар кеткенше қастарында жүреді екен.Өсе келе әкесі Мерәлі - ұлының бұл қылықтарын балалық деп біліп, оның атқа мінер ақын болғанын қалайды.

Мұхитты ауылнай етіп сайлайды. Бірақ, өнерге деген құштарлығы бой бермей,бүкіл құжаты мен мөрді ауылдасына беріп,сал-серілік құрып,асқақтата салған әнімен ел ортасына кеткен екен.

Немере інісі Бақытжан Қаратаевтың айтуынша--жас күнінде ақжарқын, әңгімешіл, қай ортаның да сыйлысы болып, көрікті келбетіне сұлулар сұқтанған ақиық әнші-композитор қартайған шағында да кең пейілді, парасатты абызға айналып,елдің құрметтісі болған екен.

Әрі әнші,әрі композитор Мұхит ел аралап жүріп асқақтата ән салып,өзінің дүние танымын кеңейтіп, өмірге деген көзқарасын өзгертіп,алған әсерлерін өз туындыларында бейнелей білді. Елді көп аралағаны, көпті біліп көргені келешек шығармаларына да әсер етті.

Мұхит бабамыздың әр шығарған өнер туындысының өзіндік шығу тарихы болған. Көп әндері адамдарға немесе себеп-құбылыстарға арналып шығарылған. Көптеген танымал әндері; «Айнамкөз», «Алуаш», «Зәуреш», «Ақиіс», «Қилым», «Бала Ораз», «Жылқышы», «Кіші Айдай», «Үлкен Айдай», «Паңкөйлек», «Кербез»,--.т.б.

Мұхит бабамыздың өнерін бізге әкеліп жеткізген өз ұрпақтары,немерелері болды. Тумысынан домбырашы,әнші болған балалары Шон,Нау, немерелері--Шайхы,Лұқпан,Ғұбайдолла--әке өнерін жалғастырып, ел арасына насихаттады.Қазіргі заманда Қазақтың алпақ даласының қай жерінен де асқақтай шырқалған Мұхит әндерін естуге болады.

Республикалық дәрежеде көптеген мәдени шаралар,сайыстар өткізіліп,ақиық әншінің есімі де өнері де қайта жаңғырылуда.Аса көрнекті әнші -композитордың рухани ұрпақтары көбейіп келеді.

1991 жылы Егемендік алған мемлекетіміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұлттық мұрамызды жинақтап,тарихымызды анықтап,толтырып жазуға, көзіміздің қарашығындай сақтау бағытында

жұмыстар басталды. Осы жылы Мұхит бабамыздың мұрасын сақтап,елге жеткізіп, кейінгі ұрпақтарды тәрбиелеу негізінде Құрманғазы атындағы Орал музыкалық колледжінде арнайы Мұхит класы ашылды.Бұл класта----- Қ Р еңбегі сіңірген мәдени қызметкері Хатимолла Бердіғалиев дәріс беріп, қазіргі таңда көптеген әншілер тәрбиелеп шығаруда.Шәкірттері Халықаралық,Республикалық сайыстардың жүлдегерлері.Колледж қабырғасынан дәріс алып,Мұхит бабамыздың өнерін насихаттаушылар; Кәкімов Қайрат,Қуанышқалиева Күләш,Бақтығұлов Мирас,Ислямғалиев Армат,Қажғалие Бейбіт,Сұлтанов Жалғас.

Мұхит әндерін әр әнші өздерінше бұрмаламай,ұлттық өнердің өзіндік құндылығын сақтап қалу үшін көптеген әндері қазіргі заман талабына сай нотаға түсіріліп,жазылды.Бұл еңбекті ҚР еңбегі сіңірген мәдени қызметкері Хатимолла Бердіғалиев пен музыкалық теория бөлімінің оқытушысы Батырова Алтын Айтқалиқызы -« Ән мұра» - деген кітап етіп жазып шығарды. Бұл кітап әнші болуға талпынған, Батыстың дәстүрлік әншілік стилін ұстанған жас талаптарға жол сілтейтін өте қажет оқу құралы болып табылады.

"....Кім білер,кімдер келер мейірім қанар,

Рухым өшкен менің қайта жанар.

Еңіреп Мұхит бабам өтіпті-ау деп,

Кейінгі ұрпақтарым есіне алар "-----

десе дегендей, қазіргі ұрпақтарымыз Мұхит бабамыздың әндерін асқақтата шырқап, ел арасына насихаттап, ел алғысына бөленуде. Оралдан ән оздырған Ұлы әнші-композитор, дарабоз дарын Мұхит Мерәліұлының аты өлмейді, рухы өшпейді

дегіміз келеді.


  • --- Мұзапбарова Қалия Шәмшіқызы

  • Батырова Алтын Айтқалиқызы

    Құрманғазы атындағы Орал саз колледжі.


2016 жыл.



© 2010-2022