Музыка пәніне сабақ жоспары Сал-серілік дәстүр 4 сынып

Раздел Музыка
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Музыка

Сабақтың тақырыбы: Сал-серілік дәстүр және кәсіби музыка

Сабақтың мақсаты:

  1. Музыкалық білімін жетілдіру. Сал - серілік дәстүрді насихаттау, ерекшелігімен таныстыру. Серілік шығармашылығымен, өмірімен таныстыру

  2. Баланың музыкалық талғамын ашу. Ән жырға деген сүйіспеншілігін арттыру

  3. Адамгершілікке, Отанды сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу

Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау, көрнекілік

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакат

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

  • Сабаққа дайындықтарын тексеру, сабақтың тақырыбын айтып, мақсаттарын түсіндіру.

ІІ Үй жұмысын тексеру

ІІІ Негізгі бөлім

Оқулықпен жұмыс

« Сал-серілік дәстүр және кәсіби музыка» мәтіні оқылады. Әннің қасиетін қазақ халқы бағалай білген. Ойларын «Жігітке өнер де, өлең де өнер», «Өнерленің өзегі талмас», деген сияқты данышпан сөздермен айтып кеткен.

Ақын - жыршылар, әнші - күйшілер қазақ тарихының әр кезеңінде өмір сүрген, олар халқының шын жанашыры, нағыз жоқтаушысы болған. Тілге шешен, сөзге тапқырлығымен, әншілігімен атағы жайылған Ақан сері, Біржан сал, Сегіз сері, Шашубай т.б.тарихта өнерімен аты қалған адамдар.

Музыка тыңдау: Ақан серінің «Құлагер» әні

Е.Брусиловский « Жалбыр» операсынан үзінді

Халық әні « Айнамкөз»

Үш шығарманы тыңдай отырып, оқушылар домбыра аспабымен айтылған ән мен симфониялық оркестр үнін және фортепианолық музыканы салыстыру. Халық әні мен кәсіби музыканың байланысын, ерекшелігін байқатады. Қазақ кәсіби музыкасының қалыптасып, дамуына халық әндері мен күйлері негіз болғанына көз жеткізеді. Бұл шығармалардан қазақ халқының ұлттық музыкалық өнерінің сыры, құрылысы, темб ерекшелігі, ғажайып иірімдері, ашық та айқын әуезділігі анық байқалады.

Ән үйрену: К.Дүйсекеев « Ана тілін сүйеміз»

Ән үштен төрт өлшемде жазылған. Әннің әуені жұмсақ, вальс екпінінде орындалады. Үштен - төрт дирежерлауды еске түсіру.

Шығармашылық жұмыс: тіл туралы мақал - мәтелдер

Тіл - қылыштан өткір

Өнер алды-қызыл тіл

Қызыл тіл - жанның мияты

Абырой-ердің қуаты

Сабақты қорытындылау

Оқулықтағы сұрақтарға жауап бере отырып, берілген кесте толтырылады.





© 2010-2022