Менің сүйікті мерекем

Наурыз мерекесі туралы түсінік беру, ¥лыстың ұлы күні Наурызда айтылатын тілектер, бата, берілетін наурыз көже туралы балаларға жалпылама мағлұмат беру. Ұлыстың ұлы күнінде ойналатын ұлттық ойындар туралы түсінік беріп сол ойындарды ойнату.Мысалы Арқан тартыс, қыз қуу,Асық ойындары тағы басқалары.Наурыз мерекесі туралы әндер, күйлер тыңдату. Жарапазан айту. Плакатқа даланың суретін салып қыз қуу ойынын өткізу,бұл ойын сабақ қортындылау ретінде өткізіледі. «Наурыз думан» әнін үйрету арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлерін наси...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:


Пәні :

Музыка

Сыныбы:

1

Уақыты:


Тоқсанның тақырыбы:

Ән көңілдің ажары 9 сағат

Сабақтың тақырыбы:

Менің сүйікті мерекем

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Наурыз мерекесі туралы түсінік беру, наурыздың «Жыл басы» аталу себебін түсіндіру.



Б)Коммуникативтік

¥лыстың ұлы күні айтылатын тілектер, бата, берілетін наурыз көже туралы айту.



В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

¥лт мерекесін қастерлей білуге тэрбиелеу.


Түрі:

жаңа материалды түсіндіру

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік технология

Әдістер:

Музыка тыңдау, ән айту, тапсырмалар, сұрақ- жауап.ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс:

Саз теориясы

Пайдаланылған көрнекілігі:

Үнтаспа, музыкалық аспап

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу;

«Сәламатсыз ба ?-балалар .

Ұстаз еңбегін бағалар »

2.Оқушыларды түгелдеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

3.Дауыс жаттықтыру:

C-dur» гаммасы .Стакатто,лигатто .

Аспаппен жетектейді.

1.Оқытушымен амандасу;

«Сәлематсыз ба ? - ұстазымыз,

Өнер - білімге құштармыз.»

2.Кезекші оқушының есеп беруі;

3. Қосылып орындайды.:

Оқушы бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға дайын

ІІ. Үй тапсырмасы.

Ән және тақырыпқай байланысты сұрақтар қою арқыды қайталанылады .

Оқушы үй тапсырмасын жеткізе білуге бағытталады.

ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі

Жыл мезгілі шуақты, Жердің беті нұрланған. Сайды куып су ақты, Гүлдер өсті ырғалған.

(Көктем)

Аспаннан домалап, Көп моншақ төгілді. Бусанып жон-алап, Терледі, керілді.

(Жаңбыр)

Будақ түтін түсі аппақ, Көк жүзіне тұзақтап. Қойгандай-ақ жылжымай, Тауды өбеді қүшақтап.

(Бұлт)

Ағаштарды шайқайды, Көзге көрінбейді. Шаршаганда сай-сайды, Бір сэт ерінбейді

(Жел)

Аспанды от қамшы осады, Ащы үнін ышқынып қосады.

(Найзаеай)

Дүрліктіріп қырқаны, Шақпақ тастың жарқылы, Бұлт көрпесін жыртады.

(Найзагай)

Р.Рымбаеваның орындауында «Наурыз - думан» әні орындалып тұрады. Күн мен түн теңеліп ,ұлыстың - ұлы күні Наурыз мейрамы да келіп жетті.Наурыз мейрамы мұсылман халқының жаңа жылы болып саналады. Наурыз кезінде әжелеріміз наурыз көже пісіріп , бар халыққа таратады.Ол елде молшылық болсын дегенді білдіреді.

Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүиелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Ән жаттау:

Мұғалім домбырамен айтып көрсетеді .

Бәйшешектер гүлдеді ,

Қорада мал төлдеді .

Наурыз тойын тойлайық ,

Қосыл аққу көлдегі .

Ән айтқан кезде 2 қолымызды тіземізге қойып, денемізді тік ұстап отырамыз, ал тыңдағанда қолымызды партаға қойып, зейін қойып тыңдаймыз

Жаңа ән үйрену.

Музыка тыңдау:

Құрманғазы Сарыарқ

Кұй аяғына дейін тыңдалып талданады .

Ұлттық өнер туралы ұғымы кеңейіп,музыка тыңдайды.

Түрлі түсті суреттер, буклет көрсетіледі қызығушылығын арттыру.

Жаңа сабақты бекіту

Наурыз бата. Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі- осы Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші палуандарға бата беріледі.

Наурыз құтты болсын,

Дендеріңіз сау мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін,

Барлық халық бақытқа кенелсін!

Еліміздің несібесі көп болсын,

Қош, сау болыңыздар, баршаңыз,

Көріскенше күн жарық болсын!

Түсіндірілген тақырып бойынша жауабын ойша іздейді , жауап береді .

Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы бойында проблеманы шешу құзыреттілігі шыңдалады, жаңа материалды қорытындылай-ды

Бағалау

Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру; Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету

Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды. Баға алған оқушы күнделіктеріне бағаларын қойғызады.

Үй тапсырмасы

Ән жаттау , Наурыз бата жаттап келу.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады

Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.


Шындаулетова Нұрлы Жомартқызы

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Жаңа өмір ауылы

Шаған Жалпы орта білім беретін мектебінің музыка пәні мұғалімі



© 2010-2022