Жаңа жылға арналған сценарий

Жаңа жылдық сценарий   «Бегім Ана» балабақшасының музыка жетекшісі Еспенбетова Ақзира Нағыметуллақызы   Үнтаспада ойналған сазды әуен ырғағымен ортаға «ұлпақарлар» билеп кіреді.   1ұлпақар: Мен бүгін ерекше бір күйдемін 2ұлпақар: Иә,иә, мен де сондай күйге ендім 3ұлпақар: Құрбылар-ау, бар емес пе, себебі-                    Бүгін мұнда, жаңа жылдың қарсаңында                    Ақшақар мен Аяз ата 4ұлпақар:Сыйлық беріп қалта-қалта                         Қуантпақшы бізді қайта.                  ...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңа жылдық сценарий

«Бегім Ана» балабақшасының музыка жетекшісі Еспенбетова Ақзира Нағыметуллақызы

Үнтаспада ойналған сазды әуен ырғағымен ортаға «ұлпақарлар» билеп кіреді.

1ұлпақар: Мен бүгін ерекше бір күйдемін

2ұлпақар: Иә,иә, мен де сондай күйге ендім

3ұлпақар: Құрбылар-ау, бар емес пе, себебі-

Бүгін мұнда, жаңа жылдың қарсаңында

Ақшақар мен Аяз ата

4ұлпақар: Сыйлық беріп қалта-қалта

Қуантпақшы бізді қайта.

Барлығы бірге: Тез, тез онда асығайық

«Қуаныштың» балаларын

Ортамызға шақырайық.

Би «Жаңа жылдық полька» орындалады.

Тамсандырып талайды,

Шырша неге жанбайды?

Жарқыраса шамдары

Қуаныш бізге сыйлайды.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасың, Димаш. Бізге қуаныш сыйлау үшін, шырша

шамын нұрландыру үшін сахна төріне балабақша меңгерушісі -

Зафура Шаршыбекқызын шақырамыз.

Шырша шамын жағу сәті


Тәрбиеші: Ал, балалар, балалар

Ортамызда жарқыраған шырша бар

Шыршамызға арнап өлең айтайық

Сұлу көркін мадақтайық, мақтайық.


Жап-жарық қып бар маңды,

Шыршамызға шам жанды

Әніміз бен биіміз

Әрі қарай жалғанды.


Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне, сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.


Өзгермейді қыс келсе де,

Бояуын да оңдырмайды.

Аяз шымшып тістесе де,

Жапырағын да тоңдырмайды.

Көрікті шыршамыз

Шамдары самсаған

Көңілді ортамыз

Айтамыз шырқап ән.


Ән «Вот какая елка» хор


Сиқырлы әуен ырғағымен ертегі ханшайымы келеді.


Тәрбиеші: Балалар, ертегі әлемінен бізге ханшайым келді.


Ертегі ханшайымы: Саламатсыңдар ма, балалар! Келе жатқан жаңа жылдарың

құтты болсын! Мен сендерді жаңа жыл қарсаңында ертегі

әлеміне еніп, көңілдеріңді көтеріп, ғажайып күйге

бөлегім келеді. Ертегіні жақсы көресіңдер ме?


Балалар: Иә, жақсы көреміз.

Ертегі ханшайымы: Олай болса, бүгін сендердің қалалаған ертегілеріңді мына

сиқырлы таяқшамның күшімен, сиқырлы сөздің

көмегімен көрсетуге әзірмін. Қандай ертегі көргілерің келеді?

Балалар: Қызыл телпек пен қасқырды көргіміз келеді.

Ертегі ханшайымы: Қане, бірге сиқырлы сөзді қайталайық

Сиқырлы таяқ

Сиқырлы таяқ

Қалмашы бізден

Сиқырды аяп.

Тілегіміз орындалсын

Сенеміз саған сиқырлы таяқ.


Музыка әуенімен ортаға қызыл телпек келеді. Артынша қорқынышты әуенмен қасқыр келеді. Қызыл телпек қорқып кетеді.

Қасқыр: Қызыл телпек, қорықпа

Мен көңілді қалыпта

Тек жақсылық жасауға

Бет бұрдым соны ұмытпа!

Қызыл телпек: Рас па, қасқыр, біз онда дос болайық

Балалармен қосылып, бірге ойнайық

Қасқыр: Қызыл телпек, сенің себетіңде не бар?

Қызыл телпек: Мен әжеме арнап шырша инелерін жинадым.

Қасқыр: Онда, осы шырша инелерінен әжеңе шырша құрастырып берейік.Балалар,

көмектесесіңдер ме?

Балалар: Әрине, көмектесеміз.

Ойын «Әсем шырша құрайық»

(Музыка ойналып, шырша құрастырылады)

Тәрбиеші: Міне, әп-сәтте дайын болды.Көрдің ғой, Қызыл телпек, біздің балалар

сондай жылдам,епті.

Қызыл телпек: Рахмет сендерге.Алақай, әжем енді қуанатын болды ғой!

Қасқыр, саған да рахмет.

Қасқыр: Оқасы жоқ. Жаңа жыл да жақындап қалды.Тезірек,шыршаны әжеңе

жеткізейік.Сау болыңдар, балалар!

Балалар: Сау болыңдар!


Ән «Жаңа жыл» хор

Үнтаспадан аттың пысқырған дыбысы естіледі.

1ұлпақар: Естисіңдер ме, тықырды

Жақыннан ат пысқырды

2ұлпақар: Иә,иә мен де естідім

Жолдан ұзақ келді кім?

Екеуі бірге: Неге тұрмыз, қарсы алайық балалар

Келіп жетті көптен күткен Аяз ата,Ақшақар!

Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар келеді.


Аяз ата: Армысыңдар, бармысыңдар халайық

Барша жұртқа иіліп сәлем салайық.

Жаңа жылды қарсы алуға жиналған

Балалардың өнеріне қанайық.

Аяз ата, Аяз ата

Сізді күтіп жүрдік біз.

Ақ көңілменайтылатын

Әнге құлақ түріңіз.


Аяз ата: Құлағым сендерде, балаларым.

Ән «Аяз ата» хор

Аяз ата: Бәрекелді, балақандарым.Сендерді көріп қуанышым қойныма сыймай тұр.

Жолдан қатты шаршаппыз.

Демалайық бір сәт біз.

Тәрбиеші: Аяз ата, отырып, тынығыңыз

Дайын ба бізге арнаған сыйлығыңыз

Балалар тақпақ айтып жарысады

Үлестіріп сыйлық беріп үлгіріңіз.

Аяз ата: Ап, бәрекелді, тыңдайық

Балалардың бал тіліне тоймайық.


Таяғы бар қолында

Қар борайды соңында

Қандай сыйлық бар екен

Арқалаған қабында


Сақаланы ұзыны ай

Саудыраған мұзын-ай

Жарқыраған оттары -ай

Жаңа жылдың қызығы-ай


Борандатып аққарлатып,

Аяз ата келіп тұр.

Ақ көңілмен, пәк көңілмен

Бізге сәлем беріп тұр.


Сақалы ақ, мұрны қызыл

Жылы екен жүзі де.

Кірпігі ақ, ерні қызыл

Мейірімді екен көзі де

Аяз ата: Балалар, расында да өте жылдам екен,жарысып бір-бірінен қалар емес.

Сыйлық беруге де мұрша келтірмеді ғой.Жарайды, бәріңе де

сыйлық жетеді.

Ақшақар: Аяз ата, ұлпақарлар бізден бұрын келіпті,

Өздері сондай сұлуланып кетіпті

Дөңгелене би билеп бір ән салсын

Өнеріне барша бала таң қалсын!

Ән «Ақшақарлар әні»

Тәрбиеші: Думаны жаңа жылдың жалғасады

Көрсетіп өнерлерін таласады

Бубенмен би билейді өнерпаздар

Мерекенің шырайын би ашады

Би «Көңілді бубен биі» орындалады.



Тәрбиеші: Қыс қызығы тамаша

Ойнаймыз біз таласа

Аққаланы шебер жасай білетін ойынпаз әншілеріміз «Аққала» әнімен!

Үнтаспадан түрлі дыбыстар естіледі.


Аяз ата: Бұл кім болды екен? Кішкентай аяқтың дыбысы естіледі ме, қалай?

(Балалар аң-таң болады)

Аяз ата: Оу, бұл кім десем, кішкентай гномдар екен ғой.Көңілді гномдарды

қошеметтеп қояйық.

«Гномдар» биі орындалады


Тәрбиеші: Күміс көмей әншілер де бізде бар

Әсем әні шыршамызға арналар

Бүгінгі күн бар өнерін салады

Алдарыңызда өнерлі әнші жұлдыздар!


Ән «Қандай әсем шыршамыз»


Сағат тырсылы естіледі.


Аяз ата: Уа, халайық, өткен жылмен қоштасайық,

Жаңа жылмен достасайық.


Ұлу мен жылан келеді.


Өткен жылға ырзамыз

Өсе түсті бойымыз

Қандық талай сырға біз

Ұлу жылға мың алғыс!


Ұлу: Жылан досым, жаңа жыл иесі өзіңсің, жаңа жыл кілтін қабыл ал!


Жылан: Рахмет, досым.

Ұлу: Сау болыңдар, балалар! Келесі кездескенше!


Жылан: Мен жаңа жыл -Жыланмын

Жаңалыққа құмармын

Жамандықты қуамын

Уәдемде тұрамын

Мереке жыл болсын деп

Ойын-сауық құрамын

Биылғы жыл-тоқшылық

Болмайды еш жоқшылық.

Балалар: Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін

Ортақ ойы арманы

Жақсы дәстүр көбейсін!


Ән «Кел, жаңа жыл» хор






© 2010-2022