Ашық сабақ: Музыканың бастауы-халық әуендері

Раздел Музыка
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ: Музыканың бастауы-халық әуендері.

Күнделікті сабақ жоспары

Пәні: Музыка

Күні: 18.04.2015.

Сабақтың тақырыбы:Музыканың бастауы-халық әуендері.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың мақсаты: Жаңа материалдарды игеруге қажетті білім, дағды деңгейін анықтау. Бұл сабақта музыканың сипатын ажырату, мазмұнының өмірмен байланысын түсіндіру және ән легінің бағытын айыру туралы сөз болады.

Міндеттері:1) Білімділік: көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер А.Жұбановпен танысу.
2) Дамытушылық : ойын, қиялын, сөйлеу, есту, еске сақтау, ән айту қабілеттерін дамыту.

3) Тәрбиелік: бабадан - бабаға, атадан - балаға саф алтындай сақталып келген бай мұраны түсініп бағалауға, көне көзінің бағамын білуге үйрету.

Көрнекіліктер:үнтаспа,музыкалық аспап - баян, домбыра,сылдырмақ,видео ролик,А.Жұбановтың еңбектері, презентация.

Сабақтың әдісі:дауыс ашу,түсіндіру, тыңдау, үйрету, салыстыру, сұрақ-жауап.

Музыкалық шығарма: Н.Мұстафанов «Наурыз тойы тамаша»

Халық әні :«Еркем-ай»орындау.

Халық әні: «Елім-ай»тыңдау.

Халық әні: «Гүлдерайым»үйрену.

М. Ілиясов «Қазақтың дастарханы»орындау.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:кіріспе, амандасып оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.

Оқушылармен музыка тілінде амандасу.

Дауыс жаттығуларын орындау.

Мақал-мәтелді нотаға салып, әндетіп үйрену.

Ө - нер - ді үй - рен , үй - рен -де жи - рен.

( до - ре - ми- фа - соль, соль- фа- ми -ре - до )

Үй тапсырмасын тексеру:Музыка, тамшы сияқты там-тұмдап жүрекке енеді, жаныңды желпіндіреді. Музыканы сезіну барда, түсіну бар. Оданда жақсы түсіну үшін музыкалық сауаттылық қажет - ақ.Олай болса үй тапсырмасына кезек беріп,сұрақтарға жауап берейік.

1.Вокалды музыканы орындаушы әншілер тобын кім дейміз?- Хор.

Қане онда,балалар,хормен ән шырқайық.«Наурызтойы»әнін шырқайық.

3.Музыкалық шығарманы бірнеше музыканттың бірігіп орындауын қалай атаймыз?(ансамбль) олай болса біз өзіміздің шағын ансамбльіміз бен «Еркем-ай»әнін орындап көрейік.Ашық сабақ: Музыканың бастауы-халық әуендері.

Балалар біз жаңа шағын ансамбль құрап,әнімізді айтып орындадық.Енді осы айтқан әннің авторы кім?Ия балалар бұл ән халық әні.Олай болса өздерің тақтадан көріп тұрғандай,бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы

Жаңа сабақ:Музыканың бастауы-халық әуендері.

Қазақ халқының музыкалық мұрасы өте бай.

Халық музыкасы - халқымыздың сан ғасырлық өмірімен сабақтасып жатқан тарихын бейнелейтін замана парақтары.

Халық әндері- авторы ұмытылған, ауыздан ауызға жатталып, таралып, біздің күнге жеткен әндер. Халық күйі - ұлттық музыкалық аспаптарға арналып шығарылған, ауызша таратылып, бізге жеткен музыка.

Музыка өнері - халық тарихының шежіресі. Халық әндері мен күйлері қазақ халқының өмір тіршілігін -адамдар мен достық, табиғат, жан-жануар мен құстар,туған жер туралы жырлайды.

Музыка тыңдау:халық әні «Елім-ай» бейне ролик көрсетіледі.

Балалар ,сендер жаңа көрген бейне роликтен не түсіндіңдер?Әр бала өз ойын ,кім қалай түсінгенін айтып берсін.

Г

И

М

Н

Ү

С

К

І

Р

І

К

А

Л

Ь

Т

Д

А

Б

Ы

Л

Е

Р

К

Е

М

А

Й

Қ

Ұ

Р

М

А

Н

Ғ

А

З

Ы

А

С

А

Т

А

Я

Қ

Д

И

Н

А

Шығармашылық жұмыс:

Сөз жұмбақты дұрыс шешкенде қазақтың халық

әні «Гүлдерайым» шығады.

1.Қ.Р салтанатты әні.

2.Қазақтың үрмелі аспабы.

3.Әйелдердің төменгі даусы.

4.Қазақтың ұрмалы шулы аспап.

5.Халық әні.

6.Атақты күйші.

7.Қазақтың сілкімелі ұрмалы аспап.

8.Құрманғазының шәкірті.

Н

А

У

Р

Ы

З

М

У

З

Ы

К

А

9.Ұлыстың ұлы күні.

10.Әуен,ән,ырғақ.

Ашық сабақ: Музыканың бастауы-халық әуендері.Ашық сабақ: Музыканың бастауы-халық әуендері.



Сергіту сәті:«Кім жылдам»ойыны ойналады.Үш топқа ,қағаздан қиып әзірленген домбыра суретінің қиылған бөлшектерінен домбыраны құрастырып,суретін салады.Ашық сабақ: Музыканың бастауы-халық әуендері.Ашық сабақ: Музыканың бастауы-халық әуендері.



Ән үйрену:қазақтың халық әні:«Гүлдерайым»әнді нақышына келтіріп,балаларға бірнеше рет қайталатып,әуені мен айттыру.










Шығармашылық жұмыс:

«Кім тапқыр» ойыны.Өтілген сабақтардан сұрақтар қойылады.

- Балалар, мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойын «Кім тапқыр» деп аталады.Бұл ойын сендер көріп жүрген «Миллион кімге бұйырады»ойын жүйесімен сұраққа жауап беру.Берілген сұрақ қиындаған сайын,ұпай саны арта түседі.Ұпай саны 100-1000 аралығында болады.
Қойылған сұраққа толық, анық, барынша нақ жауап беруге тырысыңдар.

-Жарай ма?

-Ойнаймыз ба?

- Бастадық онда!
1.Күйге шешен ? (Қазанғап)

2.Оркестр немесе хор ұжымын басқаратын адам?

3.Әйелдердің жоғарғы даусы ? (сопрана)

4«Әсемқоңыр» күйінің авторы? (Дина Нұрпейісова)

5.Ұрмалы , аспапты ата (тұяқ,)

6.Динаның ұстазы кім? (Құрманғазы)

6. Анансына арнап күй арнаған күйші кім? (құрманғазы)

7. Шертпе күйдің шебері? (Тәттімбет)

8.Төрт орындаушы қалай аталады? (квартет)

9.Ерлердің жоғарғы даусы? (тенор)

10.Күй нешеге бөлінеді және ата ?(2-ге бөлінеді,шертпе күй және төкпе күй)








Ашық сабақ: Музыканың бастауы-халық әуендері.Ашық сабақ: Музыканың бастауы-халық әуендері.






Cабақты қорытындылау: Сұрақтар қою арқылы тақырыпты қорытындылау.

1.Неліктен халық әні?

2.Өмірі мен қайғысын суреттеп кеткен композиторлар кімдер?

3.Дарынды композиторлардың күйлерін және әндерін нотаға түсірген кім? 4.Қандай халық әндерін білесіңдер?

Үйге тапсырма: «Гүлдерайым» әнін жаттау,халық әндері жайлы оқып келу.

Бүгінгі сабағымызды М.Ілиясовтың «Қазақтың дастарқаны» әнімен аяқтаймыз.

Бағалау: Ән орындаған, сұраққа жауап беріп, белсенділік танытқан оқушыларды

5 4 3Ашық сабақ: Музыканың бастауы-халық әуендері.Ашық сабақ: Музыканың бастауы-халық әуендері.

Ашық сабақ: Музыканың бастауы-халық әуендері.



Ашық сабақ: Музыканың бастауы-халық әуендері.

«НҰРОРДА» мектеп-лицейі» мекемесі

Бекітілді:

Лицей директоры

______ О.Озтомсук

«16» сәуір 2015ж

Ашық сабақ «Музыканың бастауы-халық әуендері»Ашық сабақ: Музыканың бастауы-халық әуендері.





Өткізілген: 2 «а»сыныбы

Өткізген:музыка пәні мұғалімі

Тулебаева.А.А

Астана 2015

© 2010-2022