Ұрмалы аспаптар тобы ашық сабақ 4 сынып

Раздел Музыка
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 4 сынып

Пәні: Музыка

Сабақтың тақырыбы: Ұрмалы аспаптар тобы.

Сабақтың мақсаты: Ұрмалы аспаптар туралы түсінік және білімдерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:1. Аспаптар туралы және музыка туралы білімдерін кеңейту.

2. Симфониялық музыканы тыңдай білуге,ерекшелігін түсінуге баулу.

3. Көркемдік талғамдарын арттыруға, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы

Ой шақыру.

Ұрмалы аспаптар орындауында қандай музыка туралы бейнеролик көрсетіледі. Тамашалаған көрініс туралы шағын әңгіме үйымдастыру.

Оқулықпен жұмыс.

Ұрмалы аспаптар - ерте заманда пайда болған әрі кең тараған аспаптар болып саналады. Ұрмалы аспаптар симфониялық оркестрге ырғақ және өзгеше дыбыс бояуын береді. Бұл аспаптарды қолмен, арнайы таяқшамен қағып,бір-біріне ұрып немесе сілкіп ойнайды. Дыбысы қатты,ширақ шығады. Кейде ұрмалы аспаптарға қоса желдің, судың, теңіз толқынының дыбысын шығару үшін арнайы техникалық құрылғылар қолданылады.

Литавра - пішіні дөңгелек, металдан жасалып,терімен қапталған ұрмалы аспап. Тәрелкелер - дөңгелек металдан жасалған дискі тәріздес екі тәрелкеден тұратын ұрмалы аспап. Оның өлшемдері әртүрлі болып келеді. Симфониялық оркестрдің құрамында бұл аспап біреу ғана болады. Кейде оркестр орындап жатқан музыка қанша ұзақ болса да, тәрелкемен бір-ақ рет ұратын кездер болады. «Жас ұлан» әнін 1-2 рет тыңдап,әнді үйрету. Мақал-мәтелдерді оқып жатайық.

Музыка тыңдау.

Арам Хачатурян «Гаянэ» балетінен қылышпен би. «Жас ұлан» әнін тыңдау.

Сабақты қорытындылау.

1. Ұрмалы аспаптар тобына қандай аспаптар жатады.

2. Бұл аспаптар симфониялық оркестрге қандай үн береді.

3. Ұрмалы аспаптардың басқа аспаптардан айырмашылығы неде.

Үйге шығармашылық тапсырма.

Ұрмалы аспаптар туралы мәлімет іздестір. Ұрмалы аспаптардың суретін бейнеле.

© 2010-2022