Әлімбек Қонысбековтың «Наурыз» күйі туралы

Раздел Музыка
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әлімбек Қонысбековтың «Наурыз» күйі туралы

қазақша ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы : Әлімбек Қонысбековтың «Наурыз» күйі . Сабақтың мақсаты : Білімділік : Күйші Ә.Қонысбековтың Наурыз күйін оқушыларға үйрете отырып , ұлттық өнердің құндылығын насихаттау. Дамытушылығы : Жас тұлғаның ойнау шеберлігін арттырып , есте сақтау және сауаттылығын жетілдіру . Тәрбиелік : Күй арқылы шәкірттің ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін және патриоттық рухын көтеру. Сабақтың типі : аралас Әдісі : Көрнекілігі : Ә.Қонысбековтың портреті , кітабы «Ғұмыр перзент» нотасы , аспап слайд , интератифті тақта. Сабатың барысы : Ә.Қонысбековтың өмір баянына тоқталу . Күйдің шығу тарихымен таныстыру . Наурыз күйін оқушыға үн таспа арқылы тыңдатып сосын күйдің шығу тарихын өзім айтып бердім. Күйдің өлшемі 2 4 қағысы : ПVПV , ПVП екпіні : көңілді динамикалық белгілері : mf , P , f Альтерация белгілері : Ь, # Осының бәрін оқушыға түсіндіріп , алдымен оқушыға бірден оқытып үйретемін . Сосын домбыраға салып ойнатамын. Сабақты қорытындылау : Бағалау. Үйге Ә.Қонысбековтың «Наурыз» күйін жаттау. Қазақ күй мәдениетін дамытуға өз үлесін қосқан Өзбекстан Республикасының Әндіжан облысының тумасы Қонысбеков Әлімбек Тұрсынбекұлы қасиетті Созақ өңірінде діни медресседен білім алған адам . Кешегі кеңес дәуіріндегі Голощикин үстемдік құрған тұстағы зомбылықтың тұсында әкесі қуғын көріп , отыз жылдай уақыт Қырғыстан , Өзбекстан , Тажікстанды паналауға мәжбір болды . Әкесі Қонысбек Ұлы Отан соғысында екі мәрте ауыр жараланып , көрсеткен ерлігі үшін ІІІ- дәрежелі «Даңқ» орденімен , бірнеше ерлік медалдарымен марапатталған.Әлекең П.И.Чайковский атындағы консерваторияны бітірген . Әлімбек Қонысбеков кезінде Асанәлі Әшімов , Раймбек Сейтметов білім алған Ы.Алтынсарин мектебінің түлегі . Отбасылық « Қонысбековтер ансамблінің» көркемдік жетекшісі ретіндде де танымал болған. Сонымен қатар Кентау қаласындағы №1 балалар саз мектебінде халық аспаптар бөлімінің жетекшісі болды. Содан кейін облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының бөлім меңгерушісі қызметін атқарды . Бүкілодақтық ІІ-ші және ІІІ - ші халық шығармашылығы фестивальінің лауреаты атанды. Жоғары дәрежелі ұстаз , Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі атағына ие болған және кезінде кеншілер мәдениет сарайының халық аспаптар оркестірінің ұйымдастырушысы болған. Күйдің шығу тарихымен таныстыру . Наурыз - өте көнеден келе жатқан шығыс халқының көпшілігінің жаңа жыл мейрамы . Наурыз парсы тіліндегі нау - жаңа , руз - күн деген сөздерден қалыптасқан . Көшпенділердің байырғы астрономиялық түсінігі бойынша әрбір жыл алты ай жаз бен алты ай қысқа бөлінеді . Демек Наурыз жаз бен қыстың жамандық пен жақсылықтың суық пен жылының қайрымдылықпен қатыгездіктің күрестартысының тоғысқан жері. Енді қайта құру уақытының, демократиямен жариялылықтың салтанпатты нәтижесінде 1988 жылдың көктемінен Наурыз ұлттық қана емес , татулық мерекесі болып тойлануда . Наурыз күйі еліміздің Егемендік алып салт-дәстүріміз қайта жаңғырып , әдеп-ғұрпымыз оралып халқымыз қуанышқа бөленген тұста 1991 жылы дүниеге келді. Күйде жыл басы Наурыз бен қайта қауышқан халықтың ақжарқын пейілі шаттық көңілі көрініс тепкен. Наурызды ислам дінінің беделін арттыру үшін пайдалануды мақсат етіп , Наурыз мерекесі халифатты басқарып отырған Әли иманының құрметіне тойланатын той , ал 22 наурыздағы берілетін тағам Мұхаммед пайғамбарға бағышталған қасиетті тағам болып жарияланады. Наурыздың 21-22 -не қараған түннен жақсылық женген күн «Наурыз келді» «Ұлыстың ұлы күні келді» деп халық қуанышка бөленген. Сабақты қорытындылау : Бағалау. Үйге Ә.Қонысбековтың «Наурыз» күйін жаттау.


© 2010-2022