Ертегілер еліне саяхат үздік тәрбиешілер сайысы

Балалардың «Бауырсақ» ертегісі туралы білімдерін бекіте отырып, тілдерін,                   ойлау қабілеттерін дамыту, ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын                   арттыру.Балаларға заттардың пішінін (дөңгелек, үшбұрыш, шаршы), түсін                   (қызыл, сары, көк, жасыл) ажырата білулерін бекіту. Балаларды                   ұйымшылдыққа, мейірімділікке, қиындықтарды бірге жеңуге, еңбекқорлыққа                    тәрбиелеу. Ой- өрісін, білімділігін дамыту, тапсырманы тиянақты ... Технология: Денсаулық сақтау технологиясының элементтері   Күтетін нәтиже:   Ұғынады: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін.«Бауырсақ» ертегісінің мазмұнын.   Түсінеді: Заттардың пішінін (дөңгелек, үшбұрыш, шаршы), түсін (қызыл, сары, көк,               жасыл) ажыратуды.   Қолданады: Тапсырмаларды тиянақты орындауды.      
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру салалары: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»,

«Әлеуметтік орта».

Бөлімдері: «Дене шынықтыру», «Тіл дамыту», «ҚМҰҚ», «Көркем әдебиет»,

«Мүсіндеу», «Музыка».

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

Мақсаты: Балалардың «Бауырсақ» ертегісі туралы білімдерін бекіте отырып, тілдерін,

ойлау қабілеттерін дамыту, ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын

арттыру.Балаларға заттардың пішінін (дөңгелек, үшбұрыш, шаршы), түсін

(қызыл, сары, көк, жасыл) ажырата білулерін бекіту. Балаларды

ұйымшылдыққа, мейірімділікке, қиындықтарды бірге жеңуге, еңбекқорлыққа

тәрбиелеу. Ой- өрісін, білімділігін дамыту, тапсырманы тиянақты орындауға

дағдыландыру.

Технология: Денсаулық сақтау технологиясының элементтері

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті


Дәлелдеу- ояту





















Ұйымдас- тыру-

Іздену














































































































Рефлексті

түзету

Таңғы шеңбер.Амандасу.

-Балалар қараңдаршы бізге не ұшып келді?

-Шардың түсі қандай?

-Шардың пішіні қандай?

-Балалар қазір бәріміз «Сиқырлы шар» ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның шарты бойынша мен қай балаға шарды берсем, сол бала сұраққа жауап беру тиіс.

1.Қазір жылдың қай мезгілі?

2.Көктемде ауа- райы қандай?

3.Далада не ериді?

4.Сендер қалай киінесіңдер?

5.Көктем мезгілінде неше ай бар?

7.Көктемнің бірінші айы қандай ай?

8.Екінші айы қандай ай?

9.Ал үшінші айы ше?

10.Көктем туралы тақпақ білесің бе?

-Ал көктем туралы ән білесіңдер ме?

Ән айтып болғаннан кейін шар жарылып қалады.Ішінен хат шығады.

-Балалар қараңдаршы қандай ғажап, шардың ішінен хат шықты.Кімнен екен?

-Балалар мынау ненің суреті?

-Бауырсақ қандай?

-Ол не істейді?

-Ол қайда домалап кетеді?

-Орманда ол қандай аңдармен кездеседі?

-Дұрыс айтасыңдар.Сонымен бауырсақ қандай ертегінің кейіпкері?

Хатта жазылғанды оқиды.

-Аяулы менің достарым.Мен орманда әжеме домалап бара жатып адасып қалдым.Маған жолды тауып көмектесіп жіберіндерші өтінемін. Бауырсақ.

-Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе?

-Бірақ бізді жолда көп кедергілер мен тапсырмалар күтіп тұр, барлығын орындап бауырсаққа көмектесеміз бе?

Барлығы көңілді әуенмен ертегілер еліне аттанады.

1-ші кедергі «Көпірден өт»

2-ші кедергі «Жылғалардан аттап өт»

-Балалар айнала қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?

-Жерде не өіп тұр?

-Нелер ұшып жүр?

-Біз сендермен қайда келдік?

-Дұрыс айтасыңдар балалар ал енді біздің бауырсағымыз қайда екен қане барлығымыз іздеп көрейік.

Домалап бауырсақ кіреді.

-Бауырсақты алып әжесіне апарайық.

Келе жатып алдарынан қоян кездеседі.

-Балалар бұл қандай аң?

-Қоянның құлағы қандай?

-Қоян не істегенді жақсы көреді?

-Онда бәріміз қоян сияқты секіріп көрейікші.

-Балалар қоянның сендерге тапсырмалары бар егер сендер сол тапсырмаларды орындамасаңдар ол бауырсақты жеймін дейді. Қоянның тапсырмаларын орындаймыз ба?

1 тапсырма.Қоян туралы жаттау білесіңдерме? Қоянға жаттау айтып береміз бе?

2 тапсырма.Қоян би билегенді жақсы көреді екен қоянға би билеп берейік пе?

-Қоян сендерге алғысын айтып жатыр. Енді әрі қарай жүруге болады.

Келе жатып алдарынан аю кезігеді.

-Балалар мынау қандай аң?

-Ол қалай жүреді қане көрсетіңдерші.

-Балалар аюдың сендерге тапсырмалары бар егер сендер сол тапсырмаларды орындамасаңдар ол бауырсақты жеймін дейді. Аюдың тапсырмаларын орындаймыз ба?

1 тапсырма.Балалар аю да қоян сияқты жаттау тыңдағанды ұнатады екен.Сендер аю туралы жаттау білесіңдерме? Аюға жаттау айтып береміз бе?

2 тапсырма.Аюда мында сиқырлы қорапшасы бар екен. Келесі тапсырма сол қорапшаның ішінде.

-Аюдың тапсырмасын орындаймыз ба?

Қорапшаны ашып, ішінен геометриялық пішіндерді алып шығады.

Д\о:«Геометриялық пішіндерді және олардың түстерін ажырат»

-Балалар аю сендерді мақтап жатыр, жарайсыңдар! Аюдың да тапсырмасын орындап шықтыңдар.Енді әрі қарай жүре берейік.

-Балалар қане есімізге түсірейік «Бауырсақ» ертегісінде бауырсақ соңғы қандай аңмен кездеседі.

-Мінекей біз айтып жатқандай бұл қандай аң, балалар?

-Түлкінің түсі қандай?

-Қараңдаршы ұстап құйрығы қандай екен?

-Балалар түлкі бауырсақты жеп қоямын дейді.Не істейміз енді? Бауырсаққа қалай көмектесеміз?

-Балалар мен таптым. Түлкі біздің бауырсақты жемесін десек оған біз көп бауырсақтар мүсіндеп берейік.

Балаларды мүсіндеу орталығына шақырады.

Балаларға ермексазбен жұмыс істеу ережесін еске түсіріп кетеді.

-Балалар сонымен біз сендермен түлкіге не мүсіндейміз?

-Дұрыс айтасыңдар балалар! Енді еске түсірейік бауырсақ бізде қандай?

-Дұрыс, онда бәріміз бауырсақ мүсіндеуге кірісейік.

Әр балаға жақындап жұмыстарын қарайды. Бауырсақтарын мүсіндеп болғаннан соң, түлкіге апарып беруді ұсынады.

-Балалар түлкі қуанып бізді әжемізге жіберді.

-Балалар қараңдаршы анда бір әже бір нәрсесін жоғалтын іздеп жатқаны көрінеді.Барып көмектесейік әжеге.Көмектесеміз бе?

Әжеге барады.Амандасады.

Әже:-Сәлеметсіңдер ме балаларым. Мен үйде бауырсақ пісіріп, әйнекке қойып кетіп ем, бір айналып келсем, бауырсағым жоқ.

Тәрбиеші:- Әже мына бауырсақ емес пе?

Әже қуанып, балаларға алғысын айтып, қонаққа шақырады.

- Балалар жарайсыңдар! Қане барлығымыз әжемен бірге қуанып қол соғайық

Шеңберге тұрып тәрбиешімен, келген қонақтармен амандасады.

-Шар ұшып келді.

-Сары түсті.

-Дөңгелек.

Ойынның шартын мұқият тыңдайды.

-Көктем мезгілі.

-Ауа- райы жылы болады.

-Қар ериді.

-Біз жеңіл киінеміз.

-Үш ай бар.

-Наурыз айы.

-Сәуір айы.

-Мамыр айы.

Тақпақ айтады.

«Көктем» әнін орындайды.

Балалар қызыға қарайды.

-Бауырсақтың суреті.

-Ол дөңгелек.

-Бауырсақ домалайды.

-Орманға домалап кетеді.

-Қоянмен, аюмен, түлкімен.

- «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкері.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.


Бауырсаққа көмектесуге келіседі.

Көңілді әуенмен кейіпке еніп жүреді.

Бірінің артынан бірі көпірден абайлап өтеді.

Жылғалардан аттап, бір- бірлеріне кедергі келтірмей өтеді.

Айнала қарайды.

-Гүлдер өсіп тұр

-Құстар ұшып жүр.

-Орманға келдік

Барлығы жан- жақтарына қарай бастайды.

Қызыға қарайды.

Балалар бауырсақты әжесіне апаруға келіседі.

-Бұл қоян.

-Қоянның құлағы ұзын.

-Секіргенді жақсы көреді

Қояндар болып секіреді.

Қоянның тапсырмасын орындауға келіседі.

-Ия, жаттау айтып береміз.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Есіп қалып сыбдырды.

Ойлы- қырлы жерлермен,

Ытқып- ытқып жүгірді.

«Сұр көжегім» биін билейді.

Кейіпке еніп, сапарға аттанады.

-Бұл аю.

Қорбаң- қорбаң аюдың жүрісін келтіреді.

Аюдың тапсырмасын орындауға келіседі.

-Ия, жаттау айтып береміз.

Аю отыр партада,

Екі қолы қалтада.

«А»- деді, «Б»- деді,

«Р»- ға тілі келмеді.

Назарларын қорапшаға аударады.

-Ия, орындаймыз.

Тәрбиеші көрсеткен геометриялық фигураның пішінін және түстерін ажыратады.

Әрі қарай саяхаттарын жалғастырады.

-Түлкімен кездеседі.

-Бұл түлкі

-Қоңыр түсі.

- Құйрығы жұмсақ.

Өз ойларын айтады.

Түлкіге бауырсақ мүсіндеп беруге келіседі.

Барлығы тәрбиешінің артынан орталыққа барады.

-Бауырсақ

-Бауырсақ дөңгелек.

Бауырсақ мүсіндеуге кіріседі.

Түлкіге апарып ұсынады.

Балалар алақай деп қуанады. Жолға аттанады.

Әже жүрген жаққа қарайды.

-Ия, көмектесеміз

Барлығы әжеге барып амандасып, не іздеп жүргенін сұрайды.

Балалар әжеге бауырсақты көрсетеді.

Балалар бауырсақты әжесіне аман есен жеткізгендеріне қуанады.

Барлығы бірге қол соғып, әженің үйіне қонаққа кетеді.

Күтетін нәтиже:

Ұғынады: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін.«Бауырсақ» ертегісінің мазмұнын.

Түсінеді: Заттардың пішінін (дөңгелек, үшбұрыш, шаршы), түсін (қызыл, сары, көк,

жасыл) ажыратуды.

Қолданады: Тапсырмаларды тиянақты орындауды.




МКҚК «Балауса» балалар бақшасы










Тақырыбы:


«Ертегілер еліне саяхат»



«Үздік тәрбиеші» сайысына арналған ашық сабақ




«Жұлдыз» II кіші топ










Тәрбиеші: Хасенова Ә.Б









2014- 2015 ж

© 2010-2022