Музыка пәнінен сабақ жоспары Қайран Нарын 6 - сынып

Раздел Музыка
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: «Қайран, Нарын»
Сабақтың мақсаты: Махамбет Өтемісұлының өмірімен таныстыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау, ойқозғау, психологиялық тренинг, қызықты тоғыздық әдісі, топтастыру, сұрақ - жауап.
Технология: СТО
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, видео, үнтаспаға жазылған күй
Сабақтың эпиграфы:
Махамбет
Махамбет...
Білмеймін жел ме, сел ме
Жырда онымен бір тұлға теңесер ме?
Әділетсіз дүниенің қабырғасын
Махамбетше сөгер жан кездесер ме?

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Психологиялық тренинг: Қолымыздан ұстап бір бірімізге жылу сыйлайық.
Үй тапсырмасы «қызықты тоғыздық» әдісімен сұралып, бағаланады.


Жаңа сабақ
Махамбет Өтемісұлы «Жұмыр қылыш» күйін - тыңдату

Бүгінгі жаңа сабағымыз «Қайран, Нарын» деп аталады. Нарын - бүкіл поэзиясына ерлікті ту еткен, оны кейінгі ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырған ер Махамбет өмір сүрген киелі топырақ.
«Қайран ел - жұртым, қалың қазағым» деп халқы үшін күрескен Махамбетті білмейтін қазақ баласы бар ма? Махамбет елінің жоғын жоқтап, рухын көтерген күрескер ақын. Жорықты бастаған табанды батыр, хан - сұлтандардан қаймықпай сөз айтқан от ауызды, өткір тілді жырау. Қазақты өзге халықтың билігінен құтқару жолындағы Махамбет пен Исатайдың орыс патша әскеріне қарсы жасалған ұлт - азаттық көтерілісі жиі жеңіліске ұшырап отырды. Осындай бір сәтсәз аяқталған шайқаста Махамбет Исатайдай батыр серігінен айырылып, нағашыларының ауылын паналайды.

Қазақ жерін биліктің астына алған орыс патша әскерінің сөзін сөйлеген Баймағамбет сұлтан Махамбеттің соңына түсіп, тыныштық бермейді. Махамбет бір күні ел ішінде болатын үлкен асқа келеді. Бұл аста Баймағамбет сұлтанмен жолығудың сәті түседі. Махамбет өзіне тігілген ақбоз үйге түспей, тікелей Баймағамбет сұлтан отырған үйге келіп кіреді. Махамбет сұлтаннан да қаймықпай, ашық - жарқын сөйлеп, өзін емін - еркін ұстайды. Баймағамбет сұлтан «Өзің елден қашып - пысып жүріп, еркінсіп сөйлеу не теңің?!»- дейді. Сонда Махамбет: «Тілім улы жыланның тіліндей екі айыр. Бірі сізге тисе, бірі өзіме тиеді», - деп жауап береді. Исатайынан айырылған қамкөңілді ер Махамбет дәл осы жерде Баймағамбет сұлтанға арнап, жырын төгілте жөнеледі:

  • Мен, мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде

Еңіреп жүрген ер едім.

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім,

Қай қазақтан кем едім?

Бір қазақпен тең едім.

Өздеріңдей хандардың,

Қарны жуан билердің,

Атандай дауысын ақыртып,

Лауазымын көкке шақыртып,

Басын кессем деп едім...

Сонда Баймағамбет сұлтан: «Осылай айтпаса, бұл Махамбет бола ма? Оның айтқанына шыдай алмасам, мен Баймағамбет болам ба?» - деп өзінің сөзден ұтылғанын мойындайды.

Интерактивті тақтадан слайд көрсету

Жыр мен күй тыңдайық

Махамбеттің «Мен, мен едім, мен едім» атты толғауын Ғарифолла Құрманғалиевтің орындауында тыңдап көрейік.

Махамбеттің «Қайран Нарын» күйін Қаршыға Ахмедияровтың орындауында тыңдайық.

Ән орындайық!

«Дос туралы жыр». Әнін жазған С.Бәйтереков, өлеңін жазған Т.Молдағалиев.

Сұрақ - жауап

  1. Не себепті Баймағамбет сұлтан Махамбетпен қастасады?

  2. Махамбет «Мен, мен едім, мен едім» толғауын кімге арнайды?

  3. «Қайран Нарын» күйі өмірге қалай келді?


Біліп ал!

Махамбет Өтемісұлы (1804 - 1846) - ақын, батыр, жырау, күйші. Бөкей ордасы Нарын құмы Бекетай аймағында дүниеге келген. Махамбет - 1836 - 1938 жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы. Бала кезінен мұсылманша , орысша оқыған. 10 жасынан бастап өлең жазған. Махамбет «Ереулі атқа ер салмай», «Азамат ердің баласы», «Еріскендей ер болса», т.б. шығармаларында халықтың тағдыры мен арман мұңын жырлаған.



Сабақты бекіту. Топтастыру әдісі.
Махамбет - композитор, күйші, батыр, ақын

Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: 1. Махамбет Өтемісұлының қандай толғаулары бар екенін біліп келу.

Бағалау



© 2010-2022