Әуенді тап ток шоу

Раздел Музыка
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Әуеңді тап (Ток-шоу)

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру. Ойлау қабілетін дамыту. Эстетикалық тәрбие беру. Сабақта жаңа технологияны пайдалану. Сабақта алған білімдерін жылдам, тез айтуға үйрету.

Көрнекілік: ноутбук, дискілер, интерактивті тақта, нота, слаид шоу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Сайыскерлермен танысу.

  3. Әділқазы алқасымен таныстырып өтейік.

  4. Ойынның шартымен танысу.

  5. Ұпайларын санап, женімпазды анықтау.

1 жүргізуші- Темірғали Бахытжан

2 жүргізуші- Сенгербаева Гульнура

Әуенді тап ток шоуӘуенді тап ток шоу

1-жүргізуші: Армысыздар, ән сүйер қауым!

Бармысыздар, құрметті көрермен!

2-жүргізуші: Бейбітшілігіміздің белгісіне бөленген еліміздің көгіне ән әуелеткен

«Әуеңді тап» ток-шоуымызға қош келіпсіздер!

1-жүргізуші: Ток-шоуымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Олай болса ортамызға

Осы ойынға қатысатын сайыскерлерімізді шақырамыз.

5 «А» Сынып оқушылары.

1 сайыскер- Қалабаева Аружан

2 сайыскер- Ержан Балнұр

3 сайыскер- Тобахан Алмат

4 сайыскер- Оңалбек Эльмира

2-жүргізуші: 5 «ә» Сынып оқушылары.

1 сайыскер- Набиканова Анель

2 сайыскер- Әділғазы Абылайхан

3 сайыскер- Бахтиярқызы Аружан

4 сайыскер- Тәттімбетұлы Бапыш

1-жүргізуші: Ойынымызды бастамас бұрын әділқазы алқаларымен

таныстырып өтейік.

2-жүргізуші: Енді сайыскерлеріміз өздерін таныстырып өтсе

сөз сайыскерлерге беріледі.

Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

  1. Кім тез? (ойнаған әуенді табу)

  2. Кім ойшыл? (әннің сөзін жалғастыру)

  3. Нота сауаты

  4. Сұрақ-жауап

  5. Бәрін білгім келеді. (мектеп әндері, той әндері, ұлттық билер)

Әуенді тап ток шоуӘуенді тап ток шоу

1-жүргізуші: 1 бөлімді бастайық «Кім тез»

Ән төгіліп, сұлу әуен тербетіп, саз сайрайды

Әнге құмар сайыскерлер ән әуенін ойлайды.

Бұл ойында әуен ғана ойналады,

Кәне біздер байқайық қай сайыскер тез?

Ойналған әуенді кім тез тапса сол ойыншымыз ұпайды көп жинайды. Бәріңізге сәттілік тілейміз! 10 ән- орындалады.

2-жүргізуші: 2 бөлім «Кім ойшыл»

Ақ парақта ән шумағы жазылады

Бірақ ән әуені айтылмайды

Шумақтарын әсем әннің оқып тұрып

Ар қарайғы жалғасын тез ойлайды.

Ойында 7 бала қалды. Әнді білмейтің, ұпай саны аз бала ойыннан шығады.

1-жүргізуші: 3 бөлімі «Нота сауаты»

Жүрегіңді жібітіп, толқытып, тербетеді

Әсем әуен сазына не жетеді?

Ноталордын құралып, музыкаға айналар

Сайыскерлер тек қана нота жайлы ойланар. 6 бала қалды.

Тақтадағы ноталардың артында сендерге арналған сұрақтар бар сол сұрақтарға кім дұрыс жауап беретін болса сол ойыншымызға ұпай саны көбірек қосылады. Ұпайы көп ойыншы бастайды. Сәттілік тілейміз.

2-жүргізуші: 4 бөлім «Сұрақ-жауап» карточкамен жұмыс. 5 бала қалды.

Карточкадағы сұраққа жауап беріп ұпай жинайды.

1-жүргізуші: 5 бөлім сонғы сайыс «Бәрін білгім келеді»

ойында 4 бала қалды.

Бұл ойында тақтамыздағы мектеп әндері, той әндері, ұлттық билер

тақырыптары бойынша қалаған ұяшықты таңдап алып, жауап береді.

  • Міне бұл ойынымыз да өз мәресіне жетті. Әділқазыларға сөз береміз.

  • Жеңімпазымызды жеңісімен құттықтаймыз.

  • Ортаға осы ойынға қатысушы сайыскерлерімізді шақырамыз.

2-жүргізуші: Жеңілдім,- деп мойымаңыздар, сіздердің жеңістеріңіз әлі алда.

Ойыннан жеңілсеңіздер де өмірде жеңілмеңіздер деп

ойынымызды тамашалаған сіздерге алғыс айтамыз!

Алматы. Теректі мкр. №184 ЖББМ

Музыка пәнінің мұғалімі: Қойшибаева З.С.

© 2010-2022