Конспект мероприятия на тему Патриоттық әндер

Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Облыстық арнаулы №3 мектеп-интернат












«Алтын бесік, Қазақстан, әз әнім»

(патриоттық әндер байқауы)










Өткізген: музыка пәнінің

мұғалімі Б.Сахипов








Атырау-2014

«Алтын бесік,Қазақстан, әз әнім» атты патриоттық әндер байқауының бағдарламасы


1. Ә.Еспаев «Бақытты балалық шақ» орындайтын Модағалиева Іңкәр

2. И.Нүсіпбаев «Біздің ауыл» орындайтын Кабдуалиева Анель

3. Б.Қоқаманов «Атырау-арман» орындайтын Уахитова Салтанат

4. Р.Гайсин «Туған жерім» орындайтын Серікқалиева Әсетай

5. С.Бәйтереков «Қазақстан» орындайтын Тсамағанбетов Нұрлан

6. Л.Аманов «Қарабауыр қасқалдақ» орындайтын Сидеғалиев Нұрсұлтан

7. М.Құралов «Бұлқынды жүрек» орындайтын Жұманов Абылайхан

8. Б.Тілеуханов «Жерім менің» орындайтын Жайжанов Әліби




«Алтын бесік, Қазақстан, әз әнім»

(патриоттық әндер байқауы)

Мақсаты: Талантты оқушыларды жарыққа шығару, ән айтуға және әнді шын

жүрегімен жеткізе білуге, сахна мәдениетіне дұрыс көңіл бөлуге

тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру.

Коррекциялық мақсаты: Әнді кең тыныспен асықпай және түсінікті етіп айтуға

дағдыландыру.

Түрі: ән байқауы

Көрнекілігі: Қазақстан туралы өлең шумақтары, суреттер, мультимедия

Жүру барысы:

Қайырлы күн қадірлі қонақтар, аяулы ұстаздар, балғын оқушылар!

Біз ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз, ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз.

Біз алтын күн бедерленген көк байрағын әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматтарымыз, кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт-ұлыстардан тұратын біртұтас халықпыз.

«Алтын бесік, Қазақстан, әз әнім» атты патриоттық әндердің байқауына қош келдіңіздер! Өнерлі оқушыларға қолдау көрсетейік.

Талапты да, таланатты оқушыларды бағалайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.Әділ-қазылар алқасының төрайымы мектеп-интернат директоры

Аманғалиева Б.Т.

2.Оқу ісінің меңгерушісі С.С.Хасанова

3.Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Каукенова А.Б.

Алты алаштың баласы

Қауымдасқан күні- бұл

Бір-бірімен жарасып,

Бауырласқан күні -бұл.

Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

1.Өмірдің гүл жайнаған көркем бағы,

Бақыттың сарқылмайтынен бұлағы

Туған жер саяңда өскен ұланыңның

Қызықты, қуанышты жастық шағы.

Ә.Еспаевтың әні «Бақытты балалық шақ» әнін Молдағалиева І. орындауында қабыл алыңыздар.

2.Туған жер, маған таныс бар алабың,

Алаңсыз аңсадым да араладым.

Қатесіз түсіре алсам суретіңді

Арман не, ал үңіл де қара бәрін.

И.Нүсіпбаев «Біздің ауыл» орындайтын мектебіміздің ең белсенді де, озат оқушысы Кабдуалиева Анель

3.Атырау арқа сүйер тірегімдей,

Көңілі, құшағы ыстық күн еліндей.

Қос құрлық қол созады бір-біріне,

Табысқан ғашықтардың жүрегіндей.

Б.Қоқамановтың әні «Атырау-арман» орындайтын мектептің бітіруші түлегі Уахитова Салтанат.

4.Балғын өлкем баулары маужырған,

Қырларында қызыл гүл жаудырған

Аңқиды жұпар иісі кең даланың,

Әр белден, әр төбеден, әр қиядан

Р.Гайсиннің «Туған жерім» әнін мектебіміздің өнерпаз оқушысы Серікқалиева Әсетайдың орындауында қабыл алыңыздар.

5.Азат елім! Тәуелсіз азаматым

Сенсің ертең мінберде сөз алатын.

Аттан Бейбарыс бейнелі болашаққа,

Барша әлемге шығаршы Қазақ атын!

Алтын бесік, ұлы Отанға арналған С.Бәйтерековтың «Қазақстан» әнін орындайтын Н.Тасмағанбетов.

5.Өсер елдің қай сәтте бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.

Л.Аманов «Қарабауыр қасқалдақ» орындайтын мектебіміздің белсенді оқушысы Н.Сидеғалиев

7. Мектебіміздің озат, белсенді, әнші оқушысы А.Жұмановтың орындауында М.Құраловтың «Бұлқынды жүрек» әні.

8.Мен сені қалай дейін, анам демей,

Кіміңмін сенің туған балаң емей?!

Қадірмен күн сәулелі Қазақстан,

Сыйлайын саған даңқ, саған мерей.

Б.Тілеухановтың әні «Жерім менің» орындайтын Жайжанов Әліби

Қорытынды. Жарасқан байрақтың мәні бар:

Көк аспан, күн, қыран-сәні бар.

Көк байрақ-ашық көк кең ісім,

Алтын күн-белгісі жеңістің.

Байрағың биікте желбірей жайнасын,

Бұлбұлың орманда сескенбей сайрасын

Уа, халқым, қуаныш құтты боп жасай бер,

Басыңнан мәңгілік бақытың таймасын!

Сөз кезегі әділ-қазылар алқасына беріледі.

(м а р а п а т т а у)

Осымен «Алтын бесік, Қазақстан, әз әнім» ән байқауы аяқталды. Оқушылар жеңістерің құтты болсын!


© 2010-2022