Конспект по музыке «Польская народная музыка»

"Описание материала: "Би өнері-музыка өнерімен сабақтас халық өнерінің бір түрі. Би-сөзсіз өнер,оның негізі –би.Би қадамын – па деп аталады. Оның қайнар көзі-халық билерінде. Қазақтың ұлттық би өнері ерте заманнан бастау алып,күні бүгінге дейін өркендеп келеді. Бұл өнер халқымыздыңсалт-дәстүрін,тұрмыс- тіршілігіне байланысты туындаған. Қазақтың ежелгі би өнері үлгілері жөнінде дастандарда,ертегілерде,батырлар жырларында да айтылып отырады. Белгілі музыкалық шығармалар,күй әуендері биді сүйемелдеу үшін пайдаланылған. Мысалы: «Сакүрең», «Қамажай», «Қара жорға», «Бүркіт биі», «Насыбайшы», «Құсбегі-дауылпаз», «Аю биі», «Киіз басу», «Өр... -Қазір балалар сендер екі топқа бөлініп көрсетілетін видеороликтің - 1-ші топ биге суреттеме жазады,ал 2-ші топ би қимылдарын келтіреді, содан кейін екі топ алмасады.
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарағанды облысы

Сәтбаев қаласы, «№19 жалпы орта білім беретін»КММ

Музыка пәнінің мұғалімі

Тлегенова Асем Салимовна

5 -сынып.

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық би өнері.

Сабақтың мақсаты: қазақтың ұлттық би өнерімен таныстыра отырып,шығу тарихына тоқталу және би өнеріндегі өнер қайраткерлері жайлы ,олардың өнерге қосқан үлестері және өнер жолдары туралы мәлімет беру.

Сабақтың міндеті:

1. ұлттық би қимылын қолдана отырып,әр оқушы өз денсаулығын күтуге ,дене бітімін жетілдіруге ,спорттық икемділігінің артуына жағдай жасау.

2.есту,есте сақтау,сезіну қабілеттерін өз білімдерін тереңдету үшін қолдануға машықтандыру.

3.дені сау,салауатты,жаны таза ,қоғамға пайда келтіретін,өнерлі де,мәдениеттіұрпақты тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу ,би қимылдарын көрсету,өздерінің білетін би түрлерін билету,дауыс ашу,ән айту ,видеоролик көру.

Сабақтың көрнекілігі: кітап,суреттер,слайд,видеоролик,үнтаспа.

• Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу,түгендеу,көңілдерін сабаққа аудару.

• Үй тапсырмасы сұрау: -Африка,Солтүстік Америка,Латын Америка халықтарының музыка өнерітуралы сұрау,жазып әкелген мәліметтерін оқыту.

Жаңа білім:

Би өнері-музыка өнерімен сабақтас халық өнерінің бір түрі. Би-сөзсіз өнер,оның негізі -би.Би қадамын - па деп аталады. Оның қайнар көзі-халық билерінде. Қазақтың ұлттық би өнері ерте заманнан бастау алып,күні бүгінге дейін өркендеп келеді.Бұл өнер халқымыздыңсалт-дәстүрін,тұрмыс- тіршілігіне байланысты туындаған.Қазақтың ежелгі би өнері үлгілері жөнінде дастандарда,ертегілерде,батырлар жырларында да айтылып отырады.Белгілі музыкалық шығармалар,күй әуендері биді сүйемелдеу үшін пайдаланылған.Мысалы: «Сакүрең», «Қамажай», «Қара жорға», «Бүркіт биі», «Насыбайшы», «Құсбегі-дауылпаз», «Аю биі», «Киіз басу», «Өрмек тоқу», «Аққу», «Ортеке» және т.б билер сондай әдіс-тәсілмен орындалған.19ғ-а өмір сүргенбелгілі өнер иесі ел аузында Ағашаяқ атанған Рахымберді шөктірілген 9 түйенің үстінде секіріп жүріп,би қимылдарын жасайтын болған. Ал 20- ғ-ң , 20- жылының бас кезінде Диуана атанған ,ел жұртқа белгілі өнерпаз Зәрубай «Қоянды» жәрменкесінде қоян болып киініп,күлкілі «Қоян биін» орындаған.

Қазақстанның халық артисі Шара Жиенқұлова-қазақтың кәсіби өнердегі дара дарындардың бірі. Ол 1912 жылы 18 тамызда Алматы қаласында д.к-н. Азан шақырып қойған аты-Гүлшара. Әкесі-Бимолда күллі Жетісу өңіріне белгілі молда болған. Шара 16 жасында «Биші қыз» атанған. Ол пединстетуттың тарих факультетінде оқып жүріп Бейімбет Майлиннің пьесасында Пүліш ролін сомдаған.Олдрам театрында актер,одан соң опера театрында биші болды.Оның би өнеріне деген ұлттық және кәсіби би өнеріне қосқан үлесі өлшеусіз.Ол бұл салада көптеген ұрпақтар легін тәрбиелеп шығарды.Шара кино өнеріне де еңбек сіңірген дарынды актер , билерін асқан шеберлікпен орындаған.Оның өнеріне тамсанып , сусындап өскен- Болат Аюханов балетмейстер, балет би өнерінің ,хореографиялық көріністердің авторы, қоюшысы.Шара Жиенқұлова «Қазақ биі», «Сымбат», «Өмірім менің-өнерім», «Би құпиясы» атты кітаптардың авторы. Ол 1991 жылы 21 мамырда 80-ге қараған шағында дүниеден өтті.

-Қазір балалар сендер екі топқа бөлініп көрсетілетін видеороликтің - 1-ші топ биге суреттеме жазады,ал 2-ші топ би қимылдарын келтіреді, содан кейін екі топ алмасады.

Видеоролик көрсету: Шара Жиенқұлованың орындауындағы.

Үнтаспада: «Қаражорға» әуені қойылады .

-Бұл қандай би әуені ?

- Бәрекелді , ендеше кезінде драмалық театрдың артисі болған Рахым Асылбекұлы да «Қара жорға», «Қазақ биі» , «Ортеке» билерін шығарған.Ал соның ішінде «Қара жорға» биіне тоқтала кетейік. Бұл бидің ғұмырына көз салсақ бидің тарихына 7 ғасырдан асатынын зерттеушілер. Оның тарихы тереңде жатыр : ертеде бір байдың ешкімге бәйге бермейтін тайпалған керемет қаражорға аты болыпты .Күндердің күніндебайдың жалғыз қызына біреулер құда түсіп келеді.Қыз кетерінде әкесіне :

- Әке, қалың малымның өтеуі болсын,маған Қар ажорғаны берші - депті.Жорғаны берейін десе,тұлпарын қимайды,бермейін десе жалғыз қызын қимайды.Ақырында бермек болады. Қызы кетіп бара жатқанында әкесі.

-Қызым ,Қаражорғаны бір тайпалатып жорғалатшы,жат жұртқа алып кетіп бара жатырсың ғой,бір көріп қалайын-деген екен. Сонда атты ноқталы ұзын арқанмен бос қоя береді. Сонда ат су төгілмес жорғасына сала жөнеледі. Сонда ноқтаға байланған ұзын арқан толқындалып атпен бірге жорғалап бара жатқандай болады. Осы көріністі бақылап тұрған бір күйші «Қаражорға» күйін шығарады.Бұл күйдің әсерлі болғаны сонша оны естіген қазақ қимылсыз қала алмады.Бидің әуені халық күйі «Салкүреңмен» басталады.Бүгінде солай, қимылсыз тұра алмайсың..Кейіннен күйге лайықтап сөз жазып,оны ән қылып айтып жүрміз.

- Ал, жаңағы екі топтың оқушыларынан осы биді білетін бір ұл бала және бір қыз бала шығып билеп берсін.

Үнтаспада: «Қаражорға» әні қойылады.

Видеоролик : экраннан «Гүлдер» би тобының биінен үзінді көрсету.

-Енді, мына көрініске көңіл аударайық.( видеоролик көрсетіліп тұрады )Бұл - «Гүлдер» би ансамбльінің биі.Бұл топ - 1969 жылы құрылған.

-Бишілер қандай әуенге билеп жүр, қай би түріне жатады , бұл топ туралы естіген, білгендеріңді дәптерге жазыңдар.

Дауыс ашу жаттығуы: нота тізбегі,ля,ле , а, о, у.

Ән үйренейік: Ән: «Биші болам өскеде». Сөзін жазған:Х. Талғаров. Әнін жазған:И.Нүсіпбаев.

( әннің сөзі экранда жазылып тұрады )

Сергіту сәті: -Балалар бүгін біз «Ұтыс биі» ,яғни, ұтыс би-ойын түрімен танысамыз.Сонымен мына ұяшықтарды ашу арқылы түрлі ұлттың биін әр топтан бір-бір бала шығып,билеп беруі тиіс.

1.Өзбек. 2.Қамажай. 3. Оппа гаммам стайл. 4.Лезгин. 5. Орыс. 6. Джентельмен.

Т

А

Л

О

БСабақты қорытындылау:-Мына торкөздерді дұрыс шешсеңдер , өнерге қатысты белгілі бір сөз шығады.

А

П

Ң

Е

Р

Л

А

С

Ү

К

Р

Е

Й

Е

М

Т

С

Л

А

Б

Т

Е

Г

Е

Д

Л

Ү

Р

1.Биші Аюхановтың аты.

2. Би қадамы қалай аталад?

3. «Қаражорға» әні басталмас бұрын қандай халық күйі орындалады?

4.Қандай би тобымен таныстық?

5.Би қимылын шығарушы адамды қалай атайды?

Үй тапсырмасы: тақырып туралы мәлімет жазу,би қимылдарын күнделікті жаттығу ретінде қолдану,әнді әуеніменжаттау.



© 2010-2022