Оркестрмен тілдескен дирижер 6 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Оркестрмен тілдескен дирижер

Мақсаты:

Оқушыларға қазақтың дирижерлік музыкасының қалыптасуын, халықтың ой -арманының музыкада бейнелеуі мен оның өмірімен байланыстылығын түсіндіру .

Халық әндері мен күйлері арқылы өз халқының салт-дәстүрлеріне, туған елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкалық мұрасынан эстетикалық ләззат ала білуге тәрбие

Көрнекілігі: суреттер,плакат,үнтаспа

Сабақтың өту барысы:

Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады:, романс, увертюра, контата, опера, балет. Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен», «Менің Қазақстаным» контатасын), Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын, «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын), «Халық қуанышы»), «Қайрат»), «Жеңіс солдаты») сияқты увертюраларын атауға болады. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. Тілендіұлы Нұрғиса музыкасын жазған М.Әуезовтың, Ш.Аймановтың, Т.Ахтановтың, Ә.Тәжібаевтың пьесалары, сондай-ақ «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ құлан» фильмдері әлдеқашан қазақ сахнасы мен экран өнерінің классикасына айналған. Ол «Әсемпаз болма әрнеге...», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім...», «Ішім өлген, сыртым сау...», «Қызарып, сұрланып...» өлеңдеріне ән шығарған. Сонымен қатар қазақ ақындарының өлеңдеріне «Ғашыққа мойын қой», «Абай арманы», «Әйгерімнің әні», «Ақынның пайғамбары - Абай ата» әндерін жазды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреат

"Отырар сазы", Н.Тілендиев атынд. - Қазақтың мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары оркестрі. Қазақ филормониясы жанынан ж. құрылған. Оның көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері басында шағын ансамбль ретінде ұйымдастырып, 1982 ж. оркестр санатына көтерген. Оркестрдің құрамында басқа қазақтың, , , , т.б. саз аспаптары бар. "О. с." репертуарындағы фольклорлық туындылармен қатар аңыз, шежіре, күйлер сипатында жазылған композиторларының шығармалары ұлттық нақышымен ерекшеленеді. Сондай-ақ оның репертуары кинофильмдер музыкасымен, солистер орындайтын аспаптық шығармалармен толықтырылған. Ұжым қазақтың муз. фольклорының тамаша үлгілерін сақтап қана қоймай, қазіргі мәнерлеу аспаптары мен тембр мүмкіндігіне сәйкес келетін туындыларды өңдеп, жетілдіріп келеді. Оркестр құрамында 65 өнер шебері қызмет етеді өткен дүниежүз. өнер фестивалінде (1994) "Отырар сазы" 1-орынды иеленіп, алтын жүлдемен оралды. 1999 ж. оркестрге Тілендиев есімі, 2000 ж. Академиялық атақ берілді. Оркестрдің репертуарында: халық күйлері- ", халық композиторларының шығармалары "Қосбасар", "Саржайлау", Тәттімбеттің "Сылқылдағы", "Ерденнің күйі", Ықыластың "" және т. б. бар.

Ұйымдастыру кезеңі

Үйге берілген тапсырманы сұрау

Бағалау

Үйге тапсырма.






© 2010-2022