Киелі аспап-қобыз тақырыбындағы шығармашылық сабақ

Қорқыт ҮІІІ-ІХ ғасырларда ғұмыр кешкен оғыз-қыашақ тайпаларының ұлы ойшылы, алдағы  күнді болжаған көріпкелі және шебер күйшісі болған. Қорқыт-қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші. Ол қобызды тек бақсы-балгер мен кезбе дуаналардың қолында жүретін жай құрал есебінде емес, нағыз халықтық музыка аспабы ретінде таныта білді. Бүгінгі біздің сабағымыз  қобыз аспабы жөнінде болмақ. Қобыз – ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспатың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіретті күш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз да пайда болды. Бұл қобыздың ішектері сымнан жасалады.
Раздел Музыка
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: №249 мектеп-лицей директоры К. П. Нақан

Күні: 04.12.2014 сынып

Пәні: Музыка 5 б сыныбы

Мұғалімнің аты - жөні: Аяп Гүлнәр Әбілпаттарқызы

Сабақтың тақырыбы Киелі аспап-қобыз

Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

Киелі аспап қобыз арқылы қазақ халқының тарихын,музыкалық мәдениетін, ұлттық музыкасын насихаттай отырып,ұлттық өнерді оқушылардың бойына сіңіру,

музыкалық білімін жетілдіру.

Ә) дамытушылық:

Музыкалық қабілетін , іскер-дағдысын,дүниетаны-
мын байыту

Б) тәрбиелік:

Рухани адамгершілікке, әлемдік этикетке,ұлттық рухта тәрбиелеу.

Әсемдікке,музыканы түсіне білуге баулу.

Сабақтың типі:

Білік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері:

Түсіндіру, талдау,ой қозғау ,тыңдау,салыстыру, сұрақ-жауап

Сабақтың формасы:

Жеке, топтық

Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта,фортепиано, баян, ұрмалы аспаптар, тақырыптық көрнекіліктер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен музыка тілімен амандасу,түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

1.Аспанмен тілдескен музыка туралы білімдерін

сұрау

«Музыкалық турнир» арқылы уй тапсырмасын сұрау

Кім тапқыр?

Кім білгір?

Келіңдер,ән шырқайық!

2.Дауыс жаттығуын жасау

3.«Күн дидарлы Қазақстан» Е.Хасанғалиев- әнін

жатқа сұрау

ІІІ. Өткен материалдар бойынша оқушы білімін тексеру кезеңі:

Арфа,лира,жетіген аспаптары туралы

шығармашылық жұмыстарын тексеру

ІV. Мақсат қою кезеңі



Қорқыт ҮІІІ-ІХ ғасырларда ғұмыр кешкен оғыз-қыашақ тайпаларының ұлы ойшылы, алдағы күнді болжаған көріпкелі және шебер күйшісі болған. Қорқыт-қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші. Ол қобызды тек бақсы-балгер мен кезбе дуаналардың қолында жүретін жай құрал есебінде емес, нағыз халықтық музыка аспабы ретінде таныта білді. Киелі аспап-қобыз тақырыбындағы шығармашылық сабақ

Бүгінгі біздің сабағымыз қобыз аспабы жөнінде болмақ.(Қобыз аспабының шығу тарихы жөнінде айтылады)

Ү. Жаңа материалды түсіндіру




Қобыз - ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспатың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіретті күш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз да пайда болды. Бұл қобыздың ішектері сымнан жасалады.

Киелі аспап-қобыз тақырыбындағы шығармашылық сабақ

Киелі қобыз аспабы жөнінде ғалымдар не дейді?

Қобыз - таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап.

Біреулер оны құс даусына ұқсатады: «Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» - дейді

(П. Паллас).

Енді біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады

(Б. Сарыбаев)

Ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады

(И. Гмелин).

Қобыз аспабы оркестрдегі скрипка аспабының атасы болып саналады. Бұл жайлы батыстық ғалымдар Слави Дончев, Вернер Бачман, қазақтың белгілі өнер зерттеушісі,профессор Әсия Мұхамбетова дәлелдеді

Қобыз аспабының киесі қандай?

  1. Қобыз аспабын бақсылар адам емдеу үшін пайдаланған.

2. ХV-XVII ғасырларда жыраулар қобыз аспабымен ұзақ жырларды орындаған. Жырау қобызды киелі аспап ретінде батырлар мен жауынгерлердің рухын көтеріп жыр орындауда құдіретті күш береді деп сенген. Сонымен бірге қобыз жырауларға болашақты болжап,істің жөнің нұсқауда мол әсерін тигізетін болған.

Қобыз өнерін дамытқан ұлы күйшілер

  • Айрауық

  • Көккесене

  • Кетбұға,

  • Қорқыт ата

  • Ықылас

  • Жаппас Қаламбаев

  • Дәулет Мықтыбаев

Киелі аспап-қобыз тақырыбындағы шығармашылық сабақКиелі аспап-қобыз тақырыбындағы шығармашылық сабақ

Қобыз қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Ол қазіргі кезде ұлтымыздың символы есебінде сый кәделерге ұсынылатын құндылығымыздың бірегейі.

Музыка тыңдау:

  1. Қорқыт «Ұшардың ұлуы»-тыңдау

  2. «Асыл» тобы- попурри-тыңдау

  3. «Қорқыт-қобыз»-Г.Оразымбетова-(клип)тыңдау

Сергіту сәті:

-Ырғақтық жаттығулар жасату.

-«Әуенді тап» ойынын ойнату

Ән үйрену: «Егеменді Қазақстан» әні мен өлеңін жазған Н. Алғашбаев

-«Егеменді Қазақстан» әнінің мағынасын, тәрбиелік мәнін түсіндіру.

-«Егеменді Қазақстан» әнінің авторы Н.Алғашбаев туралы айтып беру

Қорытындылау

  • Қобыз аспабы қалай пайда болды?

  • Киелі қобыз аспабы жөнінде ғалымдар не дейді?

  • Қобыз аспабының киесі қандай?

  • Қобыз өнерін дамытқан ұлы күйшілер кімдер?

Үйге тапсырма

  • Киелі аспан - қобыз - зерттеу жұмысы

  • Қорқыт - күй атасы - мәнжазба жазу

  • Егеменді Қазақстан - Н.Алғашбаев (жаттап алу)

Оқушы білімін бағалау

Оқушылардың біліміне қарай бағалау







© 2010-2022