Ашық сабақ гармония пәні бойынша Негізгі үш үндестіктердің жалғамдары

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: «Гармония»

Сабақ тақырыбы: «Негізгі үш үндестіктердің жалғануы».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Негізгі үш үндестіктердің жалғануына түсініктеме беру.

Дамутышылық: гармония музыканың табиғи және заңдылық құрылысын, әуенді идеялық, эмоциялық жақтарының теңдестігінің зерттеп дамыту.

Тәрбиелілік: оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, музыкаға қызығушылығын арттыру, табиғат әсемдігін сезінуге тәрбиелеу

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасымен жұмыс.

Алдынғы сабақтарда өткен үш үндестіктердің тар және кең орналасуларын ла мажор және фа минор тональдіктерінде жазбаша түрде және фортепианода құрастырып орындау


  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Негізгі үш үндестіктердің жалғануы.

Әр бір дауыстардың жылжуы жәй және секірмелі болады. Жәй жылжуына - прима, секунда және терция интервалдары жатады, ал секірмелі жылжуына - кварта, квинта секста, септима интервалдары жатады.


  1. АККОРДТАР АРА ҚАТЫНАСЫ. ОРТАҚ ДЫБЫС.

Аккордтардың ара қатынасы деп, аккордтың негізгі дыбысындағы интервал аралығын айтамыз. Аккордтардың ара қатынасында кварта, квинта, терция және секунда қатынастары болып келеді.

Ортақ дыбыс деп, бір аккордты келесі басқа бір аккордпен жалғағанда кейбір дыбыстары қайталанып сәйкес келуін айтамыз.

Сонымен, ортақ дыбыс кварта, квинта аралығында бір дыбыстар, терция аралығында екі дыбыстан болады, ал секунда аралығында ортақ дыбыстар болмайды.


  1. ДАУЫСТАРДАҒЫ БІРІККЕН ЖЫЛЖУЛАР

Біріккен екі дауыстағы жылжулар: тікелей, қарама-қарсы және жанама болып үшке бөлінеді.

1. Тікелей деп, дауыстардың бір бағыттағы жоғары немесе төмен жылжуын айтамыз.

Ашық сабақ гармония пәні бойынша Негізгі үш үндестіктердің жалғамдары

2. Қарама-қарсы деп екі дыбыстың алшақтай жылжуын немесе бір-біріне қарама-қарсы жылжуын айтамыз.

Ашық сабақ гармония пәні бойынша Негізгі үш үндестіктердің жалғамдары

3. Жанама деп бір дауыс бір орнында дыбысталып, келесі дауыстын жоғары немесе төмен жылжуын айтамыз.


Ашық сабақ гармония пәні бойынша Негізгі үш үндестіктердің жалғамдары



  1. НЕГІЗГІ ҮШ ҮНДЕСТІКТЕРДІҢ ӨЗАРА ГАРМОНИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘУЕНДІ ЖАЛҒАНУ ТӘСІЛДЕРІ

Үш үндестіктер (аккордтар), бір бірімен гармониялық және әуенді болып екі түрде жалғанады.

1. Гармониялық жалғам дегеніміз, қандайда болмасын екі аккордты бір бірімен жалғағанда, ортақ дыбысының сол дауыста (бір орнында) қалғанын айтамыз.

Гармониялық жалғам, кварта, квинта ара қатынасында мынадай әдісте орындалады: а/ бас квартаға немесе квинтаға аттайды, ә/ ортақ дыбыстар орнында қалады, б/ қалған екі дыбыс, тікелей қатарласқан жылжуын жасайды.

Ашық сабақ гармония пәні бойынша Негізгі үш үндестіктердің жалғамдары

2. Әуенді жалғам дегеніміз, қандайда болмасын екі аккордты бір-бірімен жалғағанда, ортақ дыбыстардың орнында қалмауын айтамыз.

Әуенді жалғамдар, кварта, квинта және секундалы жалғану ара қатынасы мынадай әдісте орындалады: а/ кварта, квинта аралық жалғамында ( T - D, D - T, T - S, S - T), бас қозғалысы квартадан артық аралыққа аттамауға тиісті; ә/ қалған үш дауыс қарама қарсы жылжиды, яғни -мысалда көрсетілгендей үш дауыс жоғары көтерілсе бас квартаға төмен түсіп, ал үш дауыс төмен жылжыса, бас квартаға жоғары көтерілуге тиісті; б/ секунда аралық жалғамында, бас қозғалысы секунда аралығына аттауға тиісті (септимаға болмайды). Жоғарғы үш дауыс бас дауысына қарсы жылжуға тиісті.

Сонымен әуенді жалғамдар, қандай аралықта болмасын (кварта, квинта, терция, секунда), барлық дауыстардың еркін жылжуын, еркін өркендеуін туғызып отырады, яғни осындай жалғамдарды жиі қолданған дұрыс.

Ашық сабақ гармония пәні бойынша Негізгі үш үндестіктердің жалғамдары

3. Сабақты бекітіп, қорытындылау:

Білім алушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап алу. Жана тақырыпқа тақтада және дәптерде есеп шығару, аспапта үш үндестіктердің жалғануын құрастыру.

4.Оқушыларды мадақтап, бағалау:

Үй тапсырмасы мен жаңа тақырып бойынша оқушыларды бағалау.

Сабақта белсенділік танытқан оқушылар бағаланды:

5.Үйге тапсырма беру:

1) F-dur, e-moll, G -dur, d-moll - тональдіктерінде гармониялық және әуенді жалғамдарын тақтада құрастыру және аспапта орындау.

2) Секвенциялар: № 1,2 бір саты төмен немесе жоғары қарай ойнау.



© 2010-2022