Урок по музыка на тему Африка халықтарының музыкасы

Батыс, Шығыс,Оңтүстік славян халықтарының музыка өнері мен музыка аспаптарында ұқсастық аз емес. Орыстың музыкалық аспаптарының түрлері : гусли,балалайка, домра, барабан, буден, рожок, свирель, жалейка, баян т.бОрыстың халық музыкасында жеке ән айту, батырлар жыры, коп дауысты хор әндері, аспаптық каппеллалар жанрлары болған.Украинның музыкалық аспаптарына мыналар жатады: шертіп тартатын ішекті-кобза, бандура; ысқышпен ойналатын-скрипка, басоля; үрмелі – сопилка, трембита, волынка; Ұрмалы-бараба...
Раздел Музыка
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Күні:________

Сыныбы: 5 а,ә,б,в

Сабақтың тақырыбы: Африка халықтарының музыкасы

Сабақтың мақсаты:

а)білімділігі: Африка халықтарының музыкасы туралы толық мағлұмат беру.

ә)дамытушылығы: Оқушылардың ән - күйлер тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту.

б)тәрбиелігі: Елімізді құрметтеуге, өзін - өзі ұстауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Музыкалық аспаптар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: сұрақтар арқылы алу

Т.Момбеков өмір шығармалары мен жаттығулар үйрену №1

№3 Сөзжұмбақ орындап келу (105 бет).

ІІІ.Жаңа сабақ

Африка халықтарының музыкасына орталық, батыс және оңтүстік бөліктерінде тұратын халықтардың музыкалық өнері жатады. Африка халықтарының өмірінде музыканың алатын орны ерекше.

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып мерекелері музыка аясында өтеді. Әуенді әуелі жеке әнші бастап, оған хор жалғасады екен. Оларда ұрмалы аспаптар кең таралған, бұл аспаптар бамбуктен, ағаштың қабығынан, саздан жасалады. Және піл сүйегінен, көкқұтанның қанатынан, асқабақтан, мүйізден жасалған ішекті аспаптар бар: китембе, ингараба, цитра, чизезе атты гитара, африкалық скрипка және т.б.

Солтүстік Америка халықтарының музыкасы- 17 ғасырдың аяғынан басталды. Оның ерекшелігі Еуропа, Азия, Африка халықтарының фольклорлық музыка дәстүрлеріне жаңа бағыт берді.

Музыкалық аспаптары- гитара,крар,бэгэна, зумбара, банджо және т.б.

Латын Америкасы халықтарының музыкасы- Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американың оңтүстік бөлігінде орналасқан елдердің музыка өнері. Ол үндістік, еуропалық және африкалық болып келетін үш негізден тұрады. Оның ең көнесі- ацтек, майя, кечуа, аймара музыкасы. Кейін оған Испания, Португалия және Африка музыкасы қосылған екен.

ІV. Бекіту:

Сұрақ - жауаптар арқылы

  1. Африка халықтарының қандай аспаптарын білесіңдер ?

(китембе, ингараба, цитра, чизезе атты гитара, африкалық скрипка)

  1. Солтүстік Америка халықтарының музыкасы қай ғасырдан бастау алған екен ? (17 ғасырдың соңында)

V. Сабақты қорытындылау.

VІ . Бағалау: Белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: Африка халықтарының музыкасы оқып келу.



© 2010-2022