Рабочая программа по казахской музыкальной литературе

Раздел Музыка
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Түсініктеме


«Халық музыкалық шығармашылығы және музыкалық әдебиет» пәнінен типтік бағдарламасының жаңа үлгісі болмағандықтан осы жұмыс бағдарламасы ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде (ҚР МЖМБС 4.05.083.Астана 2009);ҚР Білім және ғылым министірлігінің 10.07.2013 жылғы №268 бұйрығы (Астана 2013) негізінде жасалды. Жалпы сағат саны 148.

Пәннің мақсаты.Еліміз егемендік жолына түскелі ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық музыкалық мәдениетімізді тереңірек игеріп оқытудың маңызы барынша артып отыр. Осыған орай бұл пән музыкатарихынан жан-жақты білігі бар,сол білімін келешекте ұстаздық қызметінде мектеп оқушыларына жеткізе алатын, өз бетінше музыкалық әдебиеттерді оқып игеретін жас мамандарды тәрбиелеу мақсатын көздейді.

Пәннің міндеттері- бұл курсты аяқтаған әрбір маман мына талаптарды игеруге міндетті:

Халық музыкасының тарихи арналарына қатысты ұғым алып, курстың мазмұны, тараулар мен бағыт- бағдары туралы тиянақты білімді игеру;

Халық музыкасының қалыптасу кезеңдері, ұлттық музыкалық үніміздің ерекшелігі туралы білігі болу;

Музыка тарихын дәуірлей біліп, әр кезеңге тән елеулі қоғамның әлеуметтік hәм мәдени құбылыстардың сыр-сипатын, жекелеген музыкалық трактаттар мен көне жазбалардың мазмұнын, олардың авторларының шығармашылық қызметін игеріп, еркін талдай білу;

Ұлттық музыка өнеріміздің тарихи тегі генезисі туралы ғылыми методологиялық білім алып, оның өзінің шығармашылық ізденістерінде кеңінен қолдана білу;

«Қазақ музыка әдебиеті» - музыка тарихына арналған тақырыптың жалғасы. Мұнда негізінен ХХ ғасырғы қазақ халқының мәдениеті қарастырылады.

Курстың басты мақсаты- қазақтың кәсіби музыка өнері туып, қалыптасып, өркендеуін, түрлі жанрлық салаларға жіктеліп, классикалық деңгейге көтерілуін, осы жолда жемісті еңбек еткен көрнекті композиторлармен музыка зерттеушілерінің қол жеткен табыстарын оқып, игеру.




Курс мазмұны:

Ән орындаушылардың дауыс түрлері мен ерекшеліктері

Ән салу түрлері: ансамбль, хор музыкасы, аккомпанимент. Музыкалық этнография мен фольклор- қазақ халқының ғасырлар бойы жасалған рухани-мәдени жетістігі. Ұрпақтан ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын фольклор туындылары, бір жағынан салт дәстүрмен байланысты болса, екінші жағынан, салттан тыс фольклор үлгілерімен де сабақтас. Осыған бұл шығармалардың синкреттік сипатын да қосамыз.

Халық әндері және олардың жанрлық, стильдік ерекшеліктері. Тарихи, лирикалық әндер, айтыс өнері, оның музыкалық-поэтикалық құрылымы.

Халық әндері - рухани қазына,ән жанры, оның негізгі сипаттары. Ән мұрасының жанрлары тұрмыс- салт, үйлену, ұлыс, тудырған, жаназалау, нақлият, сатира- юморлық, әлеуметтік - назарлық, эпикалық жырлар, айтыс, лирикалық, тарихи әндер.

Тұрмыс- салт әндері, олардың ел тыныс - тіршілігімен байланысты. Кең тынысты созылмалы және речитатифтік әндер.

Созылмалы лирикалық әндердің негізгі белгілері мен ерекшеліктері. Тарихи және лирикалық әндер, олардың поэтикалық, композициялық ерекшеліктері.

Речитативтік әндер, олардың негізгі белгілері. Жанрлық, тақырыптық ерекшеліктері, музыка мен поэзияның бірлігі.

Айтыс- музыкалық-поэзиялық өнер сайысы. Суырып айту - айтыс өнерінің өзегі. Айтыстың түрлері, синкреттік сипаты. Айтыс жанрының негізгі белгілері, бүгін даму ерекшеліктері.

Музыкалық- поэтикалық дәстүр (жыр, толғау, терме). Қазақ эпосы,оның поэтикалық, композициялық.

Музыкалық-поэтикалық дәстүр -жыр, толғау, терме, желдірме. Ондағы халық даналығының көріністері.

Эпос- көркем, тарихи және этникалық құбылыс. Эпостың шығу тегі, оны зерттеу әдістемесі, музыкалық мақамы. Эпостану мәселелеріне қатысты түрліағымдар мен бағыттар. Эпос айтушылар:

«бақсы», «ұзан», «жырау», «жыршы», «термеші» атауларының мән мағынасы.

Эпикалық дәстүр- мәдени-этнографиялық құбылыс. Эпикалық дәстүр аясында туған айтушылық өнер, оның негізгі белгілері.

Халық әнші композиторларының шығармашылығы:Ақан сері Қорамсаұлы, Әсет Найманбайұлы, Жаяу Мұса, Кенен Әзербайұлы, Біржан сал, Манарбек Ержанов, Иса Байзақов.

Фольклорлық аспап туралы ұғым. Оның негізгі белгілері. Шығу тегі мен ел, халық тұрмысынан алатын орны. Фольклорлық аспаптардың зерттелуі. Көне замандардан мәлім сыбызғы, қобыз, домбыра, т.б. фольклорлық музыкалық аспаптар табиғаты, олардың сипаттамасы мен классификациясы (идиофон, хордофон, аэрофон). Б.Сарыбаевтың халық аспаптарын зерттеудегі еңбегі. Фольклорлықаспаптардың ел өмірінен алатын орны. Қазақ халық аспаптық музыка. Сыбызғы, қобыз, домбыра атауларының құрылымы мен мән-мағынасы. Домбыраға арналған аңыз күйлер.Тарихи күйлер. Лирикалық күйлер. Қобыз күйлер. Қобызға арналған аңыз күйлер. Эпикалық күйлер. Ықыластың күйлері. Қазақ халқының домбырашылары мен композиторлары: Құрманғазы. Дәулеткерей, Дина, Ықылас Дүкенұлы, Сұғұр Әли. 19-20ғ күйшілер: Рыздық, Мәмен, Сейтек, Түркеш, Қазанғап

Курс мазмұны:

Кіріспе. А.Жұбанов- қазақ кәсіби музыкасының негізін салушы. Өмірі мен шығармашылығы. Қазақ кәсіби музыка өнерінің дамуындағы академик Ахмет Жұбановтың алатын орны. А.Жұбановтың ұйымдастырушылық қызметі. Музыкалық көркем шығармашылығы. «Абай» операсы. Камералық-аспаптық шығармалары («Тәжік билері»).Музыкалық зерттеу еңбектері («Ғасырлар пернесі»), «Замана бұлбұлдары», т.б.).

Е.Г.Брусиловский шығармашылығы.

Өмірі мен шығармашылығы. Опералық туындылары. Алғашқы қазақ опералары («Қыз Жібек», «Жалбыр», «Дударай») Композитор шығармаларындағы «цитаталық» тәсіл мен шығармашылық дәстүр. Симфониялары. Қазақ күйлерін симфониялық шығармаларында қолдану ерекшеліктері.

Л.Хамидидің композиторлық шығармашылығы.

Өмірі мен шығармашылығы. Опералық шығармалары. Вокалдық шығармашылығы.

М.Төлебаев-композитор-классик.

Өмірі мен шығармашылығы. Алғашқы көркем шығармалары. «Коммунизм оттары» кантатасы. Опералық шығармашылығы. «Біржан-Сара» операсы. Композитор шығармаларындағы музыкалық тақырыпты дамыту ерекшеліктері. Музыкалық стиль ерекшеліктері. Вокалды-хор шығармашылығы.

Қ.Қожамьяров-ұйғыр халқының алғашқы кәсіби композиторы.

Өмірі мен шығармашылығы. «Ризвангүл» симфониялық поэмасы. Балет жанрындағы туындылары.

С.Мұхамеджановтың композиторлық шығармашылығы.

Өмірі мен шығармашылығы. Опералық туындылары («Айсұлу»). Жанрлық драмматургиялық ерекшеліктері. «Ғасырлар үні» ораториясының көркемдік стильдік ерекшеліктері.

Е.Рахмадиев шығармашылығы.

Өмірі мен шығармашылығы. Опералық шығармалары («Алпамыс», «Песень о целине», «Абылай хан»). «Құдаша думан», «Дайрабай» симфониялық күйлерінің көркемдік қуаты. «Сәлем саған Аястан», «Конституция туралы поэма», «Мұхтар Әуезов туралы реквием». Трубамен оркестрге арналған концерттері. Аспаптық-камералық және вокалды-хор шығармашылығы. Е.Рахмадиевтің қоғамдығ істері мен ұйымдастырушылық еңбектері.

Ғ.Жұбанова шығармашылығы.

Өмірі мен шығармашылығы. Москвада оқуы. Балет шығармалары («Аққұс туралы аңыз», «Херосима»). «Арайлап атқан таң», «М.Әуезовты еске алу» ораториялары. «Жігер» симфониясы. Камералық-аспаптық, хор шығармалары.

Қазақстан жас композиторларының шығармашылығы.

Орта буын композиторлар шығармалары: Б.Жұбаниязов («Махамбет» операсы), М.Сағатов («Әлия»), Ж.Дастенов («Отырар» симфониялық поэмасы),

Рет саны

Бөлімдер мен тақырыптар аттары

Сағат саны


( 3 семестр )


1.

I тарау. Қазақтың кәсіби музыкасының қалыптасуының бастамасы. Жазба дәстүрі 1920-1930 жылдары.

2

2.





II тарау.1920-1930 жылдардағы музыкалық ұжымдардың қызметі.

Алғашқы драмма театры.

Қазақ халық аспап оркестрі.Музыка драма техникумы.

М.Әуезовтың «Еңілік-Кебек» драмасы.

«Айман-Шолпан», «Шұға».

2

2

2

2

2

3.


III тарау. Қазақтың фольклорын алғаш жинақтаушылар.

А.В.Затаевич, Б.Г.Ерзакович.

2

2

4.



IV тарау. Е.Г.Брусиловский өмірі және шығармашылық жолы.

Фортепианалық шығармалары.

«Қыз Жібек» операсы, «Дударай» операсы.Симфониялық шығармалары.

2

2

2

5.


А.Қ.Жұбанов өмірі және шығармашылық жолы.

Аспапты-камералық пьеслары.Оркестрге арналған шығармалары.Ғылыми еңбектері.

2

2

2

6.



Л.А.Хамиди шығармашылық жолы мен өмірі.

Вокалды шығармашылығы опералары.

А.Жұбанов пен Л.Хамиди «Абай» операсы

2

2

2

7.

В.Великанов өмірі және шығармашылық жолы.

2

8.

Бақылау сабағы.

2


Барлығы

38

Б.Бахуянов, С.Кибирова, т.б. Жас композиторлар шығармалары: Ж.Тұрсынбаев, К.Дүйсекеев, С.Еринбеков, Т.Мұхамеджанов, т.б.



Рет саны

Бөлімдер мен тақырыптар аттары

Сағат саны


( 4 семестр )


1.

М.Төлебаев өмірі және шығармашылығы.

3

2.

«Біржан-Сара» операсы.

3

3.

Камералы-вокалды және аспапты муз

3

4.

Б.Байкадамов өмірі және шығармашылығы

3

5.

Ән және хор шығармалары.

3

6.

К.Мусин өмірі және шығармашылығы.

3

7.

С.Мухамеджанов өмірі және шығармашылығы.

3

8.

«Айсұлу» операсы.

3

9.

Ораториялық шығармашылығы,романс әндері.

3

10.

К.Кожамьяров өмірі және шығармашылығы.

3

11.

«Назугум» операсы.

3

12.

Балет және симфониялық шығармалары.

3

13.

Ғ.Жұбанова өмірі және шығармашылығы.

3

14.

Симфониялық шығармалары.

3

15.

Опера,вокалды-хор музыкасы.

3

16.

Е.Рахмадиев.

3

17.

Өмірі және шығармашылығы.Опералық шығармалары.

3

18.

Заманымыздың 1970-2000 жж. Музыка мәдениеті және композиторлар шығармашылығы.

3

3

19.

Бақылау сабағы.

3

Барлығы

60










1 семестр

Тақырып: Кіріспе.Қазақ халқының әншілік өнері.

1) Әнші даусының негізгі қасиеттері.

2) Дауыс биіктігі.

3) Ерлер дауысы.

4) Әйелдер дауысы.

5) Ұлттық әншілік дәстүр.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» Т.Жұмалиева, Д.Ахметбекова, Б.Ысқақова, Ә.Қарамендина, З.Қоспақов. 6-7 бет;

Тақырып: Еңбек және шаруашылық әндері.

Еңбек және шаруашылыққа байланысты туған өлең-жырларға төрт түлік туралы, аңшылық және наурыз әндері жатады.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» 8-12 бет.

Тақырып: Тұрмыс салт әндері. Үйлену тойының әндері.

Сыңсу,Беташар,Жар-жар,Тойбастар әндері.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» 13-18 бет.

Тақырып: Жаназалау әндері.

Жоқтау,көңіл айту,естірту,жұбату ән жырлары.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» 19-20 бет.

Тақырып: Лирикалық әндер.Табиғат лирикасы.

Махаббат, табиғат,сұлулық әндері.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» 21-25 бет.

Тақырып: Қазақтың жыр өнеріндегі поэзия және музыкасының тоғысуы.

Эпос, жырлар.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» 26-37 бет.

Тақырып: Тарихи өлең,жырлар.

«Елім-ай» 1906,1941-1945 жылғы әндер.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» 38-43 бет.

Тақырып: Айтыс әндері.

Бәдік айтысы, Қайымдасу, жануарлар мен адам айтысы, ақ айтыс, сүре, жұмбақ айтыс.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» 44-55 бет.

Тақырып: Бақылау жұмысы.

Өткен тақырыптарды қайталау.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы»

Тақырып: Қазақ ақындарының шығармашылық ерекшелері.

Ақын-композитор әншілердің шығармашылығы

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» 56-70 бет.

Тақырып: Біржан сал Қожағұлұлы.

ХIX ғасырдағы әнші сазгердің өмірі шығармашылығы,әндері,жыр-дастандары.Жанбота,Ақтентек,Адасқақ,Ләйлім шырақ,Біржан сал,Орынбор,Жонып алды,Теміртас.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы». 71-90 бет.

Тақырып: Ақан сері Қорамсаұлы

Ақан серінің өмірі және шығармашылығы.Бозторғай, Құлагер, Маңмаңгер, Балқадиша, Сырымбет, Ақан сері.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы». 91-105 бет.

Тақырып: Жаяу Мұса Байжанұлы.

Әнші сазгердің өмірі және шығармашылығы.Ақсиса,Шормановқа,Толғау,Ләйлім,Көгершін,Шолпан.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы». 106-119 бет.

Тақырып: Мұхит Мералыұлы.

Композитордың өмірі,шығармашылығы.Айнамкөз,Айдай,Балаораз,Алуаш,Иіс,Зәуреш.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы». 226-235 бет.

Тақырып: Абай Құнанбайұлы.

Ақынның өмірі, шығармашылығы.Желсіз түнде жарық ай,Қараңғы түнде тау қалғып,Татьяна сөзі,Сегіз аяқ,Көзімнің қарасы.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы». 200-212 бет.

Тақырып: Кенен Әзербайұлы.

Өмірі шығармашылығы.Бозторғай,Көк шолақ,Құрдасыма,Бұлбұлға,Домбыра,Оразжан,Шаңқетпе,Базар-Назар.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы».236-254 бет.

2 семестр

Тақырып: Қазақтың халық аспаптар музыкасы.

Қазақтың халық аспаптар музыкасы.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы». 255-258 бет.

Тақырып: Үрмелі аспаптар.

Үрмелі аспаптар.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы». 259-265 бет.

Тақырып: Ішекті,үрмелі аспаптар.

Ішекті,үрмелі аспаптар.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы». 277-282,266-276 бет.

Тақырып: Қазақ халық музыкасындағы дәстүрлі жанрлар.

Қазақ халық музыкасындағы дәстүрлі жанрлар.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы». 283-296 бет.

Тақырып: Тұрмыс-салт күйлер.

Тұрмыс-салт күйлер.Той бастар.Өтті-кетті,Салауат күй.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы». 297-299 бет.

Тақырып: Тартыс күйлер.

Тартыс күйлер. Тартыс күй (Дәулеткерей)

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы». 300-301 бет.

Тақырып: Тарихи күйлер.

Тарихи күйлер.Сырым сазы,Қазақ-Ноғайдың айрылысуы күйі,Ел айырылған,Жеңіс.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы». 301-308 бет.

Тақырып: Лирикалық күйлер.

Лирикалық күйлер,Жайлау күй (Қазанғап), Сары Арқа,Алатау.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы». 308-309 бет.

Тақырып: Арнау күйлер.

Арнау күйлер.Исатайдың Ақтабаныай (Махамбет), Құдаша (Дәулеткерей), Соқыр Есжан.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы». 309-321 бет.

Тақырып: Қазақ халқының атақты күйші-композиторлары.Құрманғазы Сағырбаев.

Қазақ халқының атақты күйші-композиторлары.Құрманғазы Сағырбаев. Балбырауын,Сарыарқа,Кішкентай,Көбік шашқан.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы». 322-341 бет.

Тақырып: Дәулеткерей Шығаев.

Дәулеткерей Шығаев. Қыз Ақжелкен, Бұлбұл, Қос алқа, Құдаша, Қоңыр, Желдірме, Ысқырма т.б.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы». 342-351 бет.

Тақырып: Дина Нұрпейісова.

Дина Нұрпейісова. Бұлбұл, Қарақасқа ат, Әсем қоңыр, Той бастар, Жеңіс, Байжұма.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы». 352-363 бет.

Тақырып: Тәттімбет Қазанғапұлы.

Тәттімбет Қазанғапұлы. Қосбасар, Көш жанаған, Бес төре, Бозайғыр.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы». 364-372 бет.

Тақырып: Ықылас Дүкенов.

Ықылас Дүкенов. Аққу, Қасқоңыр, Қазан күй.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы». 373-387 бет.

Тақырып: Қазанғап Тілепбергенұлы.

Қазанғап Тілепбергенұлы. Тентек Ақжелкен, Көкіл.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы». 388-394 бет.

Тақырып: Сейтек Оразалыұлы.

Сейтек Оразалыұлы. Заман-ай, Он алтыншы жыл, Сексен ер, Ортпа.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы». 395-402 бет.

Тақырып: Сүгір Әлиұлы.

Сүгір Әлиұлы. Телқоңыр,Аққу,Бес жорға,Шалқыма.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы». 403-409 бет.

Тақырып: Қазақтың қазіргі кезеңдегі халық аспаптары музыкасы.

Қазақтың қазіргі кезеңдегі халық аспаптары музыкасы. Ә.Хасенов,М.Ержанов,Ж.Қаламбаев,Д.Мықтыбаев.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы». 459-483 бет.

Тақырып: Бақылау сабағы.

Өткен тақырыптар бойынша.

3 семестр

Тақырып: I тарау. Қазақтың кәсіби музыкасының қалыптасуының бастамасы.Жазба дәстүрі 1920-1930 жылдары.

1920-30 ж Қазақ кәсіби музыкасының дамуы, Жазба дәстүрінің қалыптасуы,дамуы.

Үй тапсырмасы: Қазақтың кәсіби музыкасының қалыптасуының бастамасы,Жазба дәстүрі 1920-30 ж 5-8 бет.

Тақырып: II тарау.1920-1930 жылдардағы музыкалық ұжымдардың қызметі.Алғашқы драмма театры.Қазақ халық аспап оркестрі.Музыка драмма техникумы.М.Әуезовтың «Еңілік-Кебек» драммасы.«Айман-Шолпан», «Шұға».

Кәсіби композиторлардың шығармашылығының қалыптасуы,халық музыкасының мәні,алғашқы драмма театрының құрылуы,қазақ халық аспаптар оркестрінің ұйымдастырылуы.

Үй тапсырмасы: Алғашқы драмма театры 9-11 бет қазақ халық аспаптар оркестрі 13-15 бет. М.Әуезов «Еңілік Кебек» драммасы 15-16 бет. «Айман-Шолпан» 17-19 бет. «Шұға» музыкалық драммасы 19 бет.

Тақырып: III тарау.Қазақтың фальклорын алғаш жинақтаушылар.А.В.Затаевич, Б.Г.Ерзакович.

А.В.Затаевич пен Б.Г.Ерзаковичтің шығармашылығы.

Үй тапсырмасы: А.В.Затаевич. 21-27 бет; Б.Г.Ерзакович. 27-34 бет.

Тақырып: IV тарау. Е.Г.Брусиловский өмірі ж/е шығармашылық жолы.Фортепианалық шығармалары.«Қыз Жібек» операсы, «Дударай» операсы.Симфониялық шығармалары.

Композитордың өмірі шығармашылығы,опералары, шығармашылығы.

Үй тапсырмасы: Е.Г.Брусиловский өмірі және шығармашылығы 36-41 бет. Фортепианалық шығармалары. 42-46 бет. «Қыз Жібек» операсы 46-58 бет. «Дударай» операсы. 58-66 бет. Симфониялық шығармалар. 66-73 бет.

Тақырып: А.Қ.Жұбанов өмірі ж/е шығармашылық жолы. Аспапты-камералық пьеслары.Оркестрге арналған шығармалары.Ғылыми еңбектері.

А.Қ.Жұбанов өмірі ж/е шығармашылық жолы. Аспапты-камералық пьеслары, оркестрге арналған шығармалары ,ғылыми еңбектері.

Үй тапсырмасы: А.Қ.Жұбанов өмірі ж/е шығармашылық жолы. 74-78 бет. Аспапты-камералық пьеслары. 79-82 бет. оркестрге арналған шығармалары 82-83 бет. ғылыми еңбектері. 83-85 бет.

Тақырып: Л.А.Хамиди шығармашылық жолы мен өмірі.Вокалды шығармашылығы опералары.А.Жұбанов пен Л.Хамиди «Абай» операсы.

Л.А.Хамиди шығармашылық жолы мен өмірі. А.Жұбанов пен Л.Хамиди «Абай» операсы.

Үй тапсырмасы: Л.А.Хамиди шығармашылық жолы мен өмірі. 86-90 бет. А.Жұбанов пен Л.Хамиди «Абай» операсы. 95-104 бет.

Тақырып: В.Великанов өмірі ж/е шығармашылық жолы.

В.Великанов өмірі ж/е шығармашылық жолы.

Үй тапсырмасы: В.Великанов өмірі ж/е шығармашылық жолы. 106-112 бет.

Тақырып: Бақылау сабағы.

Өткенді қайталау.

Үй тапсырмасы: Өткенді қайталау.

4 семестр

Тақырып: М.Төлебаев өмірі және шығармашылығы.

М.Төлебаев өмірі және шығармашылығы.

Тақырып: «Біржан-Сара» операсы.

«Біржан-Сара» операсы.

Тақырып: Камералы-вокалды және аспапты муз.

Камералы-вокалды және аспапты муз.

Үй тапсырмасы: «Қазақ музыкалық әдебиеті» 113-129 бет.

Тақырып: Б.Байкадамов өмірі және шығармашылығы.

Б.Байкадамов өмірі және шығармашылығы.

Тақырып: Ән және хор шығармалары.

Ән және хор шығармалары.

Үй тапсырмасы: «Қазақ музыкалық әдебиеті» 134-137 бет.

Тақырып: К.Мусин өмірі және шығармашылығы.

К.Мусин өмірі және шығармашылығы.

Үй тапсырмасы: «Қазақ музыкалық әдебиеті» 139-150 бет.

Тақырып: С.Мухамеджанов өмірі және шығармашылығы.

С.Мухамеджанов өмірі және шығармашылығы.

Тақырып: «Айсұлу» операсы.

«Айсұлу» операсы.

Тақырып: Ораториялық шығармашылығы,романс әндері.

Ораториялық шығармашылығы,романс әндері.

Үй тапсырмасы: «Қазақ музыкалық әдебиеті» 151-156 бет.

Тақырып: К.Кожамьяров өмірі және шығармашылығы.

К.Кожамьяров өмірі және шығармашылығы.

Тақырып: «Назугум» операсы.

«Назугум» операсы.

Тақырып: Балет және симфониялық шығармалары.

Балет және симфониялық шығармалары.

Үй тапсырмасы: «Қазақ музыкалық әдебиеті» 157-178 бет.

Тақырып: Ғ.Жұбанова өмірі және шығармашылығы.

Ғ.Жұбанова өмірі және шығармашылығы.

Тақырып: Симфониялық шығармалары.

Симфониялық шығармалары.

Тақырып: Опера,вокалды-хор музыкасы.

Опера,вокалды-хор музыкасы.

Үй тапсырмасы: «Қазақ музыкалық әдебиеті» 180-201 бет.

Тақырып: Е.Рахмадиев.

Е.Рахмадиев.

Үй тапсырмасы: «Қазақ музыкалық әдебиеті» 203-235 бет.

Тақырып: Өмірі және шығармашылығы.Опералық шығармалары.

Өмірі және шығармашылығы.Опералық шығармалары.

Үй тапсырмасы: «Қазақ музыкалық әдебиеті» 237-256 бет.

Тақырып: Заманымыздың 1970-2000 жж. Музыка мәдениеті және композиторлар шығармашылығы.

Заманымыздың 1970-2000 жж. Музыка мәдениеті және композиторлар шығармашылығы.

Үй тапсырмасы: «Қазақ музыкалық әдебиеті» 257-268 бет.

«Қазақ музыка әдебиеті» пәніне арналған тест сұрақтарының үлгісі.


Тест сұрақтары 1 нұсқа.

1. 1936 ж. Парижде дүниежүзілік көрмеге қатысып, үлкен жетістікке жеткен халық музыканты:

А) Жамбыл

В) Д. Нұрпейісова

С) Т. Құрманғалиев

Д) Абай

Е) А. Қашаубаев

2. «Еңлік-Кебек» музыкалық драмасының авторы?

А) Е. Г. Брусиловский

В) Д. Мацуцин

С) А. Жұбанов

Д) Л. Хамиди

Е) Ғ. Жұбанова

3. Орал музыкалық мектеп және музыкалық училище түлегі, әнші?

А) Б. Тулегенова

В) Р. Жаманова

С) Х. Калиламбекова

Д) Р. Жұбатырова

Е) Н. Үсембаева

4. «Шұға» музыкалық драмасының басты кейіпкерін бірінші орындаған?

А) С. Камалов

В) М. Әуезов

С) Б. Майлин

Д) Ғ. Мүсірепов

Е) А. Хангельдин

5. «Қазақ халқының 1000 әні», «500 қазақ әндері және күйлері» жинақтарының авторы?

А) А. Жұбанов

В) С. Мұхамеджанов

С) Е. БрусиловскийД) А. В. Затаевич

Е) Л. Хамиди

6. «Қыз-Жібек» либреттосының авторы?

А) М. Әуезов

В) А. Хангельдин

С) Р. Тайчиков

Д) Ғ. Мүсірепов

Е) Б. Майли

7. Е. Брусиловский кәсіптік білім алу үшін қай композитордан жеке сабақ алды?

А) Б. Ерзакович

В) А. Затаевич

С) А. Х. Животов

Д) А. М. Давыдова

Е) А. Жұбанов

8. «Ер Тарғын» операсы қандай жанрға жатады?

А) Әлеуметтік

В) Лирикалық

С) Психологиялық

Д) Эпикалық

Е) Трагедиялық

9. А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсының премьерасы қай жылы болды?

А) 1944 ж

В) 1953 ж

С) 1960 ж

Д) 1950 ж

Е) 1951 ж

10. Л. Хамидидың қай өлеңі Д. Абиловтың сөзіне жазылған?

А) Ақбай

В) Айтыс

С) Отан

Д) Айжанқыз

Е) Сиротқа

11. В. В. Великановтың қойған ұлттық сюжетті бірінші балеті?

А) Жар-жар

В) Қаракөз

С) Қалқаман Мамыр

Д) Қамбар Назым

Е) Ақ құс туралы аңыз

12. М. Төлебаевтың шығарған операсы?

А) Қыз Жібек

В) Біржан-Сара

С) Шұға

Д) Жігер

Е) Ер Тарғын

13. Д. Нұрпейісованың танымал күйі?

А) Балбырауын

В) Бұлбұл С) Адай Д) Қос алқа

Е) Желдірме

14. Б. Байқадамовтың хорлық күйі?

А) Ғасырлар дауысы

В) Сары арқаС) Аманкелді Д) Қамар

Е) Ақбай

15. Қ. Мусиннің шығармашылығындағы басты жанр?

А) Симфония

В) ОпераС) Балет

Д) Хорлық музыкалық

Е) Камералық музыка

16. С. Мұхамеджановтың «Жұмбақ қыз» операсының негізіндегі әдебиеттік жанр?

А) Роман

В) ПоэмаС) ЭпосД) Аңыз

Е) Ертегі

17. Қ. Құжамьяровтың симфониялық поэмасы?

А) Қаракөз

В) Чин Томур

С) Ризвангуль

Д) Ақсақ - құлан

Е) Еңбек мейрамы 18. чапаевтың басқаруымен болған оқиға Ғ. Жұбанованың қай шығармасында суреттеледі?

А) Қаракөз

В) Ақсақ құлан

С) Жігер

Д) Дала үстіндегі арай

Е) Мұхтар ертегісі

19. «Чин Томур» балетінің кейіпкері?

А) Айсұлу

В) Махтум

С) Назугум

Д) Ажар

Е) Шолпан

20. «Еңлік және Кебек» операсының авторы?

А) Ғ. Жұбанова

В) М. ТулебаевС) Е. РахмадиевД) Қ. Құжамьяров

Е) С. Мухамеджанов

21. «Ақ құс туралы аңыз» балетінің 1 бөлімі қалай аяқталады?

А) Түнгі әңгіме

В) Аққанат

С) Красный сокол

Д) Қобланды

Е) Алтай

22. Е. Рахмадиевтің туған жері?

А) Алматы

В) Қарағанды

С) Семей

Д) Ақтөбе

Е) Көкшетау

23. Жұманиязовтың шығармашылығына жататын опера?

А) Любимая Маву

В) Махамбет

С) Қамар сұлу

Д) Дударай

Е) Айсұлу

24. Дәстүрлі музыкалық айту?

А) Терме

В) Жыр

С) Күй

Д) Ән

Е) Жырау

25. Күнделікті тұрмыста айтылатын әндер?

А) Салттық

В) Тұрмыстық

С) Әлеуметтік

Д) Тарихи

Е) Эпикалық


«Қазақ музыка әдебиеті» пәніне арналған емтихан билеттерінің үлгісі.

1-билет

1 Еңбек және шаруашылық әндері

2 М. Төлебаевтың шығармашылық жолы. «Біржан - Сара» операсы

2-билет

1 Лирикалық әндер. Табиғат лирикасы

2 Ғ. Жұбанованың шығармашылық жолы. «Ақсақ құлан» симфониялық поэмасы

3-билет

1 Қазақ ақындарының шығармашылық ерекшеліктері

2 Қ. Мусин шығармашылық жолы. Симфониялық шығармашылығы «Жайлауда»

4-билет

1 Біржан сал Қожағұлұлы шығармашылығы

2 Е. Брусиловский шығармашылық жолы. «Қыз Жібек» операсы

Оқулықтар

1.Т.Жұмалиева,Д.Ахметбекова,Б.Ысқақова,Ә.Қарамендина,З.Қоспақова. Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы. Алматы-2005.

2.Ү.Жұмақова,Н.Кетегенова. Қазақ музыкалық әдебиеті 1920-1980. Алматы-2000.

Қосымша әдебиеттер

ЭХО... Узбекали Джанибеков. Алма-Ата «Өнер» 1991.

Лекции по истории казахской музыки. С.Кузембаева,Т.Егинбаева. Алматы-2005.

Ахмет Жұбанов. Замана Бұлбұлдары. Алматы-1975.

Ахмет Жұбанов. Ғасырлар пернесі. Алматы-1975.

Бес ғасыр жырлайды. М.Байділдаев,М.Мағауин. І том Алматы-1989.

Бес ғасыр жырлайды. М.Байділдаев,М.Мағауин. ІІ том Алматы-1989.

М.Төлебаев. Н.С.Кетегенова. Алматы-1993.

Құддыс Қожамьяров. К.Кирина. Москва-1980.


© 2010-2022