Ұландар күніне арналған салтанатты жиын

7 мамыр мерекесіне арналған салтанатты жиын (Музыка әуенімен балалар саппен қолдарына шар, гүл, жалау ұстап алаңға келіп тұрады) Музыка жетекшісі: Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер мен бүлдіршіндер! Бүгінгі 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын. ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалсын.  Музыка жетекшісі: Балалар, бүгін біз Отан қорғаушылар күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!! Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер, яғни сендерсін...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 мамыр мерекесіне арналған салтанатты жиын

(Музыка әуенімен балалар саппен қолдарына шар, гүл, жалау ұстап алаңға келіп тұрады)

Музыка жетекшісі: Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер мен бүлдіршіндер! Бүгінгі 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын.

ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалсын.

Музыка жетекшісі: Балалар, бүгін біз Отан қорғаушылар күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!
Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер, яғни сендерсіндер.

Енді, сөз кезегі біздің бөбекжайымыздың меңгерушісі Ровда Любовь Ивановнаға беріледі.

Жүргізуші: Соғыс болмас үшін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтау үшін бүкіл әлем мен біздің Отанымыздың шекарасында Отан қорғаушылар тұрады, олар қазақстандық әскерде қызмет етеді және де оларға арнап біз тамаша ән орындап берейік.

Ән: «Ұландар күні»

Жүргізуші:Енді, келесі кезекті ересек «Раушан» тобының білдіршіндерінің құттықтауларына береміз.

Тақпақ Раушан тобы

Жүргізуші: Енді, келесі кезекті ортаңғы «Ақбота» тобының білдіршіндерінің құттықтауларына береміз.

Тақпақ Ақбота тобы

Жүргізуші:

Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Жеңіс күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!, - дей келе, ортада болашақ сарбаздарымыз «Алға, қазақ жігіттері» әнін орындап берсін.

Ән: «Алға, қазақ жігіттері»

Жүргізуші: «Жемчужинка» тобының бүлдіршіндеріне кезек берейік.

Тақпақ Жемчужинка тобы

Жүргізуші:

Туған жерім, теңдесі жоқ мекенім!
Қазір де мен қадіріңе жетемін.
Қуанамын әр гүлденген гүліңе,
Сен тұрғанда керек емес өзге елдің, - дей отырып, «Қазақстан» әнін орындайық.

Ән: «Қазақстан»
Музыка жетекшісі: Осымен бүгінгі 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймын.

Оңға бұрыл! Алға бас!

(Балалар саппен алаңнан шығып кетеді)

Музыка жетекшісі: Рахмет сіздерге! Сау болыңыздар!



© 2010-2022