Ұрмалы аспаптар 4 сынып жоспары

Сабақтың тақырыбы:                  Ұрмалы аспаптар тобы. Мақсаты: -Оқушылардың жезді аспаптар туралы алған білімдерін қорытып, халқымыздың ұрмалы аспаптары, олардың түрлері мен ұлттық өнеріміздегі алатын орны жайлы түсінік беру. –Ұлтымыздың бай мәдени мұрасы жайлы танымдарын  тереңдеу. -Ата –бабамыздан қалған мәдени мұраны қастерлей білуге тәрбиелеу   Көрнекіліктер: Слайдтар,  электрондық оқулық музыка аспаптары . Пәнаралық байланыс: Әдебиет музыка   Сабақтың барысы: -Психологиялық  дайындық....
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні. 10.12

4 сынып. Музыка

Сабақтың тақырыбы: Ұрмалы аспаптар тобы.

Мақсаты:

-Оқушылардың жезді аспаптар туралы алған білімдерін қорытып, халқымыздың ұрмалы аспаптары, олардың түрлері мен ұлттық өнеріміздегі алатын орны жайлы түсінік беру.

-Ұлтымыздың бай мәдени мұрасы жайлы танымдарын тереңдеу.

-Ата -бабамыздан қалған мәдени мұраны қастерлей білуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Слайдтар, электрондық оқулық музыка аспаптары .

Пәнаралық байланыс: Әдебиет музыка

Сабақтың барысы:

-Психологиялық дайындық.

Үй жұмысын тексеру

Өткен тақырып жезді аспаптар туралы оқушылар дайындығын тексеру.

Жаңа тақырып:

- Сөз жүмбақ арқылы тақырыпты ашу сұрақтары.

- Күй атасы ? (Құрманғазы)

- «Нағыз қазақ қазақ емес нағыз қазақ» (Домбыра)

- Бірінші сызық үстінде тұрады қандай нота:( Ми)-

-«Тойбастар» «Әем қоңыр» күйлерінің авторы. (Дина)

- Екінші сызықта орналасқан нота.(Соль)

-Қорқыт ата жасаған аспапты ата ? (Қобыз)

Ұрмалы аспап Ертеде адамдар аңшылықпен айналысқан.Аң аулауға шығарда алдын ала дайындалатын болған.Сол үшін тасты тасқа ұрып, аңшылық әдістерін шыңдаған Сөйтіп ең алғашқы ұрмалы аспап пайда болған.Ұрмалы аспаптар ұзақ уақыт бойы музыкалық аспап емес,хабар беруші аспап ретінде танылған. Дауылпаз, дабыл, тұяқтас т.б.түрлері бар.Қазір ұрмалы аспаптар қай жерде қолданылады? Суреттерін көрсету.

- Дауыс жаттығу гамма орындау тақтаға, ноталар жазамыз ән детіп оқимыз.

- Туған жер туралы қысқаша әңгімелеу оқушылар мақал-мәтел айтады.

- Ән орындау Бота Бисенбаева әні «Туған жер»

Қандай халық әнін білеміз? Ұрмалы аспап және домбыра мен сүйемелдей отырып Гүлдерайым және Бипыл әндерін орындау.

Сергіту сәті

Сабақты пысықтау: Не үйрендік? Не түйдік?

  1. Қазақ халық аспаптарын ата?

  2. Ұрмалы аспартарды ата?

  3. Ұрмалы аспаптар қалай пайда болды

Бағалау:

Үйге тапсырма «Туған жер» әнінің сөзін жаттау.Ұрмалы аспаптар туралы мәлімет.



© 2010-2022