Мәңгілік ел ұстаздары мақала

Раздел Музыка
Класс 10 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мәңгілік ел ұстаздары мақала

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы №201 мектеп - лицейінің әуез пәні мұғалімі Құлысбаева Серіккүл Жапбасбаевна.

№201 мектептің әуез пәнінің мұғалімі Құлысбаева Серіккүл Жапбасбайқызы 1971 жылы 15 маусымда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылында дүниеге келген. 1988-1991 жылдар аралығында Жезқазған Мәдени-ағарту училищесінің хорды дирижерлау бөлімін бітіріп,сол жылы Жаңаталап аулындағы №2 балалар әуез мектебінде еңбек жолын бастады.1996 жылы №123 Т.Жүргенов атындағы Дарынды балалар мектебіне әуез пәнінің мұғалімі, 1998 жылы №202 мектепте ,2004 жылдан бастап №201 мектептте қызмет жасап келеді. 2002 жылы Қызылода «Сейхун»академиясының музыкалық білім мамандығы бойынша оқуға түсіп, аталған оқу орнын 2005 жылы бітірді.. Мұғалім болып жұмыс жасағалы Серіккүл өзін білікті маман, тәжірибелі ұстаз ретінде көрсетіп келеді. Әуез пәнінен мектепте оқушылар арасында түрлі танымдық шараларды ұйымдастыруға өз үлесін қосып келеді. Өткізіп жүрген сабақтары, басқа да шаралары мектепішілік, аудандық, облыстық деңгейде насихатталып келеді. Құлысбаева Серіккүл пән мұғалімі ретінде үнемі іздену үстінде. "Үздік мұғалім-2012" Облыстық байқауында облыс әкімінің грантын жеңіп алып, "Үздік нәтиже көрсеткені үшін" шете елге іс тәжірибе алмасуға жолдама алды. Облыс әкімінің Алғыс хаты ( 2012 жыл ) Аудандық «Ең үздік әуез пәні мұғалімі -2009» атты әуез пәні мұғалімдерінің байқауында - ІІорын (2009жыл). «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігінің Алғыс хаты.2011ж маусым .2011жылдан «Бейбітшілік әлемі»Халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігінің шешімімен «Халықаралық ұстаздар» одағының мүшесі. 2009жылы әуез пәнінің мұғалімдері арасындағы аудандық байқауда ІІ орындынды иеленді. «Жалпы білім беретін мектептерде «Мұрагер» бағдарламасын енгізудің маңыздылығы» атты облыстық, республикалық ғылыми-практикалық семинарда үлгілі сабақ көрсетті. Соның нәтижесінде «Мұрагер» домбырашылар ансамблі республикалық «Таланттарды іздейміз» атты өнер байқауында І-орынды иеленді. Серіккүл Аудандық «Сынып жетекшісі-2008» байқауының жүлдегері және «Наурыз шапағаты-2006» , «Наурыз шапағаты-2000» облыстық мұғалімдер арасында өткен өнер фестивалінің жүлдегері атанды.Қызылорда облысы білім қызметкерлерінің "Наурыз шапағаты" өнер фестивалінің 20 жылдық мерекелік төсбелгісімен марапатталды. "Қазіргі заманғы тәрбие мазмұны-тәрбие беру сапасының негізгі факторы" сынып жетекшілерінің облыстық семинар-тренингіне қатысып, "Мен әлемге домбыраны танытамын" тақырыбында үйірме жұмысын көрсеткені үшін Қызылорда облысының білім басқармасы, Қызылорда облыстық оқу орталығының СЕРТИФИКАТЫ берілді. «Сыр елі - өнер ордасы» атты облыстық өнер фестивалінде үздік өнер көрсетті. Аудандық «Алтын арай» ұлт-аспаптар оркестрінің әншісі. Оқушылары халықаралық, республикалық, облыстық аудандық жарыстарда үнемі жүлделі орындарды жеңіп алып келеді. Оқушысы Әбузар Жадыра 2012 жылы Болгария елінде өткен, халықаралық"Речни ноти" атты ән байқауында ІІ орынды иеленді. 2007-2008 оқу жылынан бастап республикалық «Мұрагер» бағдарламасы бойынша жұмыс жасап келеді.

.

Мәңгілік ел ұстаздары мақала

© 2010-2022