«Қазақтың ұлттық аспаптары» ашық сабақ жоспары

Раздел Музыка
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тезис

Біздің ғылыми жұмыстың тақырыбы: Қазақ аспаптарының шығу тарихы

Ғылыми жұмыстың өзектілігі: (слайдта)

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері: (слайдта)

Ғылыми жұмыстың жоспары: (слайдта)

Ұлттық аспаптардың жіктелу ерекшелігіне келетін болсақ, қазіргі заман музыка зерттеушілері ұлттық аспаптарды төмендегідей жіктеп жүр.

Ұлттық аспаптардың түрлері (слайдта)

Ұлттық аспаптардың даму тарихын қарастыра отырып солардың ішіндегі қазақтың қара домбырасының шығу тегін зерттеуге баса мән бердік. Домбыраның шығу тегі 4-ғасырдан бастау алады. Слайдта көрсетіліп тұрған суретте тасқа қашалған домбыраның бейнесі бар. Бұл өзіміздің осы жақында ғана Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай тауларының бірінен табылған сурет. Бұл суретті Тарбағатай етегінде қой жайып жүрген шопан тапқан көрінеді. Бұл суретті ғылыми жетекші мұғалімім Бауыржан Мейіржанұлы өзі барып суретке түсіріп алып келген болатын. Ғалымдар әлі зерттеу үстінде, бірақ археологтардың айтуынша бұл сурет шамамен 4-ғасырға жатады. Шертіп ойланатын аспаптың бірі домбыраның алғашқы түрі садаққа ұқсас болып келген. XI ғасырдағы араб мәдениетінің мұрасы «Диуани лұғат ат- түрік» ежелгі түріктер пайдаланған музыкалық аспаптардың сегіз түрі аталады. Олар Әлбетте V-XIII жазу-сызу ескерткіштерінде ежелгі түркі музыкалық аспаптарының мән- жайын бізге толық ашып бере алмайды. Ежелгі түркі тайпаларында мұнан да басқа аспаптар болғанын тап басып айту қиын, дегенмен, осы мәліметтердің өзінен- ақ байқауға болады.

Үш ішекті, кейде шанағының ішінде тартылған қосымша ішектері тағы бар, өте көне домбыралар Семей облысының Абай, Шұбартау, Жаңа Семей аудандарында кездеседі.

Семей облысында үш ішекті домбыра тартудың тамаша шеберлері де көп болған. Солардың бірі - Тілеулі Мамырбековтың репертуарында ондаған күйлер болыпты. Мынадай бір домбыраны ұлы ақын - ағартушы Абай Құнанбаев пен досы Долгополов Семей өлкетану музейіне 1885 жылы тапсырыпты. Ол да тұтас ағаштан ойып жасалған. Ағаш шегелермен бекітілген бет қақпақта үш шағын ойық бар. Жоғарғы тиек жоқ. Мойынға бес перне тағылған.

Қойылған мақсатқа жетуде қолданылатын әдістер: салыстыру, тәжірибеден өткізе жүйелеу, музыкалық, көркем ғылыми тұжырымдар жасау, нақтылау, өлшемге келтіру, жинақтау, т.б. көптеген әдіс-тәсілдер пайдалынылды.

Ғылыми және тәжірибелік қорытынды:

Қазақ халқының ұлттық аспаптары аталып, ішкі, сыртқы ерекшеліктері жіктелініп көрсетілді. Ғылыми зерттеу әдебиеттері пайдаланылды. Ұлттық құндылықтары сараланып, талданып, қорытындыланды.

Ғылыми жұмыстың негізгі шешімі: халқымыздың ұлттық мәдени, жоғары құндылығы болып есептелетін ұлттық музыкалық аспаптары ғылыми деңгейінде зерттелінді. Қазақ ұлттыққ аспаптарын зерттеу жұмысы әрі қарай жалғастырмақ мақсатымыз бар. Тыңдағандарыңызға рахмет!


© 2010-2022