Сценарий на темуОтаным саған жыр арнаймын

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 12.12.2015ж.

Тақырыбы: «Отаным, саған жыр арнаймын...!»

Жүргізуші; Қазақ елі!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын қымбаттым,

Туған күннің құтты болсын, алыбым

Саламатсыздарма қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Міне бүгін 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 24 жыл толуына орай дәстүрге айналған мектепішілік «Отаным, саған жыр арнаймын...!)» атты патриоттық ән байқауына қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз.Тәуелсіздікке қантөгізссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегінің дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз ,себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата- бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Бүгінгі байқауымыздың мақсаты:

  • Дарынды балаларды тауып, шығармашылық қабілеттерін толығырақ ашу:

  • Өнерді құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеуге, үлес қосу және патриоттық сезімдерін арттыру :

  • Эстетикалық тәлім- тәрбие бере отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Бүгінгі байқауда 1-11 класс оқушылары сайысқа түседі. Қатысушыларымыз <<орта топ >> және <<жоғарғы топ>> болып екіге бөлінеді.Орта топта 1-6 класс, ал жоғарғы топта 7-11 класс оқушылары өз өнерін көрсетеді.

Ал енді бүгінгі байқаудың әділқазыларымен таныс болыңыздар.

1.Тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары: Кушербаева Гүлнар апай.

2.Мектебіміздің хареографы Жұмабаева Фарида апай.

3.Ақтөбе облыстық Құрайлы мектеп интернатының музыка пәні мұғалімі Медина Гаухар апай.

Байқауымызды бастамас алдын сахнаға бүгінгі байқаудан тыс, 2013 оқу жылы өткен «Отаным,саған жыр арнаймын...!» ән-байқауынының І-орын иегері, «Жас толқын 2014» ән байқауының 1-орын иегері, «Бірлігіміз жарасқан-2015» қалалық ән байқауының І-орын иегері Хабдрахманов Алтынбекті «Алға Қазақстан» әнімен қабыл алыңыздар!

Ал енді қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып байқауымызды бастаймыз.

Бүгінгі байқауымызды шымылдығын ашатын;

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра.

Тарихымызда таланттылар көбейсін,

Бас иемін ата-баба рухына.

1.Ән: «Бақытты балалық» орындайтын 4 «ә»класс оқушысы Сәрсенбаева Аружан.

2.Ән: «Бал балалық» орындайтын 1 «а»класс оқушысы Алтынбаева Инабат.

3.Ән: «Ақ бұлақ» орындайтын 3«а»класс оқушылары Аманғосова Ақбота Нұрғайырова Ұлжан.

Кең байтақ,көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман,жасыл жайлау көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан - елім менің.

4.Ән: «Өз елім» орындайтын 2 «а» класс оқушысы Әлібекова Құралай.

5.Ән: «Гүлдерайым» орындайтын 3«ә»класс оқушысы Джақсыбаева Інжу.

6.Ән: «Қазақстан» орындайтын 3 «ә» Орынбасарова Ақмаржан.

7. Ән: «Домбыра» орындайтын 4 «а» класс оқушылары Абаева Жаннұр Оразмағанбе Ару.

8.Ән: «Саржайлау» орындайтын 5 «ә» класс оқушылары Жарасова Айсара Бисекенова Ақерке.

О,халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан.

Асыл елім жан-жүректі ұғысқан,

Ата бабам аңсап өткен шығыстан,

Айналайын,Қазақстан - Гүлстан!

9.Ән: «Күн дидарлы Қазақстан» орындайтын 5 «ә» класс оқушылары Умешова Асима Қангереева Айдана .

10.Ән: «Ақ тілек» орындайтын 4«а» класс оқушысы Болатбекқызы Еркеназ .

11. Кіші топты аяқтайтын ән: «Туған жер» орындайтын 5 «а» класс оқушысы Дюсипова Нұршат.

Қымбатты әділқазылар мен достар 1-6 класс арасындағы «кіші топтың» өнерпаздарының өнерін тамашаладыңдар қол соғып қөшеметтеп қояйық. Ал енді кезекті жоғарғы топқа береміз.Бұл топта 7-11 класс арасындағы үміткерлеріміз сайысқа түседі.

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,

Нендей күйге жүрегімді бөледің.

Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем,

Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.

12.Ән: «Туған жер» орындайтын 8 «ә» класс оқушысы Айбек Шынар.

13.Ән: «Қазақстан бақытты» орындайтын 8 «а» класс оқушылары Бертағина Гүлденсін мен Әлібекова Жазира.

14.Ән: «Астана» орындайтын 8 «ә» класс оқушысы Нұрлан Асылжан.

15.Ән: «Сәлем саған туған ел» орындайтын 7 «ә»класс оқушысы Қуанышева Айжан.

16.Ән: «Қазақ елі осындай» орындайтын 7 «ә» класс оқушысы Сейталина Сабина.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап,

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана,

Ырыс,бақыт,татулық пен ынтымақ.

17.Ән: «Қазақ елі» орындайтын 7 «ә» класс оқушысы Серғалы Салтанат.

18.Ән: «Қазақстан» орындайтын 8 «а» класс оқушысы Әлбергенова Аружан Әлібекова Индира.

19.Ән: «Жаса Қазағым» орындайтын 8 «а» класс оқушысы Айнаш Жандаулет.

20.Ән: «Егемен ел» орындайтын 7 «а» класс оқушысы Нұғметтулина Назгүл.

21.Ән: «Астана» орындайтын 8 «ә» класс оқушысы Жанқабылов Жанасыл.

22.Ән: «Әлия,Мәншүк» орындайтын 7 «а» класс оқушысы Есенжолова Аягүл.

23.Ән: «Ризамын» орындайтын 9 «а» класс оқушысы Асқар Толғанай.

24.Ән: «Байтақ елім Қазағым» орындайтын 10 класс оқушысы Нұртасова Гүлжанат.

Осымен қымбатты көрермендер үміткерлеріміз өнерлерін тамашаладыңыздар,ал енді кезекті әділқазылар қорытынды бағасын шығарамыз дегенше әсем әнмен жалғастырамыз;

Ән: «Өсиет» орындайтын Нұғметтулина Назерке

Ән: «» орындайтын НұрланАсылжан мен Жанқабылов Жанасыл.

Сөз кезегін әділқазыларға береміз, қөшеметпен сахна төріне шақырамыз. Марапаттау.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.Осымен Тәуелсіздік күніне арналған «Отаным, саған жыр арнаймын...!» атты патриоттық ән-байқауы өз мәресіне жетті,келесі кездескенше сау салматта болыңыздар!

Сценарий на темуОтаным саған жыр арнаймынСценарий на темуОтаным саған жыр арнаймын





Сценарий на темуОтаным саған жыр арнаймын







Ақтөбе қалалық білім бөлімі

Елек орта мектебі



Тәуелсіздік күніне арналған 1-11 класс

аралығындағы «Отаным, саған жыр арнаймын...!»

атты патриоттық ән байқауы.



Өткізген музыка пәні мұғалімі: Аманов С.А.



2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022