Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары.

«Балдырған» I-сәбилер тобы 15.01.2015

Музыка жетекшісі: Аубакирова Ж.А 19.012015

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Менің әжем»

Мақсаты:музыканы тыңдауды, еске түсіру қабілеттерін дамыту, ояту, ырғақты сезіну.

Көрнекі құралдар: асық, қамшы, әже суреті, қазан.

Сөздік жұмыс: еркем, наурыз.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Музыка жетекшісі балаларды қарсы алады, амандасады. Әже немересіне қарап тұрған суретті көрсетеді. Өлең оқиды:

«Еркем әнім, ертеңім,

Елжіреткен көркемім.

Ертеңіме ертегі

Шежіремді шертемін,-

Деп әжесі немересіне өлең оқып беріпті.

Балалар амандасады, отырады.



Балалар өлеңді тыңдап, әже суретіне қарайды.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Музыка жетекшісі:

-Ал балалар, балалар,

Шеңберге тұра қойыңдар.

«Кел балақан» әнін айтып,

Қайталайық, балалар.

Әже қолындағы қоржынмен кіреді.

-Амандасыңдар ма, балаларым! Мен сендерге «Наурыз келді» (музыкасын жазған Н.Дүкенбаев, сөзін жазған Қ.Смағұлов) әнін орындап берейін, ал сендер тыңдаңдар.

Музыка жетекшісі әнді қосыла айтып, бірге ырғақпен шапалақтауды ұсынады, «далама, қалама, балама» сөздерін қайталауды үйретеді. Әже:

-Балаларым, балғындарым, тағы қандай өндерлерің бар?

Музыка жетекшісі:

-Біздің ұлдарымыз «Шабандоз» биін үйрегісі келеді,-деп билеуді ұсынады, үйретеді.

Әже:

-Онда қыздарым маған келсін, мен оларға «Қамажай» биін үйретейін. Ал енді менің қоржынымда не бар екенін өздерің алып көріңдер.

Балалар ілесе шеңберге тұрып, «Кел, балақан» әнін қуана айтуға тырысады.

Балалар орындарынан тұрып амандасады.

Отырып тыңдайды.

Балалар әнге қол шапалақтайды, сөздерін әнімен қайталайды.





Балалар билегісі келгенін көрсетеді, шабады, қамшыны ұстауды, орындыққа отырып шабуды үйренеді.

Қыздар әженің қасына отырып қимылдап, қолмен, басымен иілуді үйретеді.

Рефлекцалық-

түзетушілік

Әже:

-Мен сендерге қазан алып келдім, асықтарыңды қазанға салыңдар, әуенмен шабасыңдар, тоқтағанда бір бірден аласыңдар.

-Сау болыңдар, сендер жақсы биледіңдер, ойнадыңдар, менің «Наурыз келді» әнімді қайталап жүріңдер.

Музыка жетекшісі балалардың жақсы қатысқанын айтып мақтайды.

Балалар кезекпен өз қолдарымен асықты шығарады.



Балалар жақсы қатысып, көңіл күйлері көтеріледі.

Балалар әжемен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әуенді қайталауды, тыңдауды, әнді айтуды.

Игереді: қамшы ұстауды, асық алуды, салуды.

Меңгереді: шабуды, орнына отыруды, қолдарымен қимыл жасауды.





© 2010-2022