Өмірді күймен өрнектеген сабақ жоспары (2-класс)

 Сабақтың тақырыбы  Өмірді күймен өрнектеген Сабақтыңмақсаты:Дәулеткерейшығармашылығыментаныстыру. 1.Білімділік: Дәулеткерейдің«Қосалқа» күйіментанысу. 2Әнүйрену:  Халық әні. «Гүлдерайым» 3.Тәрбиелік: Сұлулық пен әдептілікті қастерлеуге баулу. Сабақтың көрнекілігі:аспап,тыңдату құралы,оқулық,суреттер Сабақ түрі:Сахналау сабағы                                           Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру    - Оқушылармен амандасу    - Оқушыларды түгендеу    -Үй тапсырмасын сұрау Жаңа сабақты меңгерт...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы Өмірді күймен өрнектеген

Сабақтың мақсаты: Дәулеткерей шығармашылығымен таныстыру.

1.Білімділік: Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйімен танысу.

2Ән үйрену: Халық әні. «Гүлдерайым»

3.Тәрбиелік: Сұлулық пен әдептілікті қастерлеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі:аспап,тыңдату құралы,оқулық,суреттер

Сабақ түрі: Сахналау сабағы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

- Оқушылармен амандасу

- Оқушыларды түгендеу

-Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақты меңгерту.

Дәулеткерей Шығайүлы -1820-1887 жылдар аралығында өмір сүрген қазақтың ұлы күйші-композиторы.Дәулеткерей Орал облысы Орда ауданында дүниеге келген.Дәулеткерей атақты хан тұқымынан шыққан төре. Дәулеткерей күйші - композиторлығымен қатар,ел билігіне де араласқан. Дәулеткерей күйлері - терең мазмұнды күйлер.Оның «Көркем ханым», «Қыз Ақжелең», «Құдаша», «Қосалқа», «Жігер», «Көрұғлы», «Топан», «Желдірме», «Қос ішек» атты күйлері бар.

Оқушыларды сабақтың қызықты өтуі үшін сахналық қойылымға қатыстырамын./Дайындап әкелген мәтіндерді үлестіремін/ Күйшінің «Қосалқа» күйінің шығу тарихы туралы сахналап береді.

Күй тыңдау !

«Қосалқа» күйін тыңдатамын.Иін ағашпен су әкеле жатқан келінінің сылдырлаған алқасының дыбысын күйге қосқан Дәулеткерейдің бұл күйінде қазақ қыздарының сыпайы,сабырлы мінезін бейнелеген.

Ән орындау!

Халық әні: «Гүлдерайым»

Музыкалық сауаттылық: Музыка-ән, әуен, ырғақтардан тұрады. Әуендер әртүрлі болады. Бірде көңілді болса, бірде мұңды болып келеді. Көңілді әуендер - жылдам, шапшаң орындалады. Мұңды әуендер - созылмалы, жай ырғақпен орындалады.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

-Дәулеткерей қандай адам?

-Қандай күйлері бар?

- «Қосалқа» күйі кімге арналған?»Қосалқа» күйіне билеуге бола ма?

- Күйдің ырғағына қандай қимылдар жасауға болады?

-«Қосалқа» күйін қандай әуен түріне жатқызамыз?

Қорытындылау:

Міне,оқушылар біз бүгін атақты күйші-композитор Дәулеткерей туралы мағлұмат алып, оның әсем күйін тыңдап,таныстық.

«Қосалқа» күйі - қазақ қыздарының сыпайы,сабырлы мінезін бейнелеген.

Сыңғырлаған алқаның дыбысын күйге қосқан Дәулеткерейдің күй тарту шеберлігін анық байқаймыз.

Бағалау: Сабаққа араласып отырған,үй тапсырмасына дайындалған оқушыларды бағалаймын.

Үйге тапсырма:

«Халық композиторы-Дәулеткерей» тақырыбын оқып келу,Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйіне би қимылдарын ойлап табу.

© 2010-2022